
- •Бухгалтерлік есептің концепциясы, стандарттары және қағидалары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Дәріс-3. Шоттар жүйесі және екі жақты жазу
- •Шоттар жүйесі және екі жақты жазу
- •Негізгі әдебиеттер
- •Дәріс - 4. Кірістер мен ақша қаржаттар есебінің тәртібі
- •Тақырып 6. Айналымнан тыс активтер: есебінің тәртібі, тозуы мен амортизациясы
- •Табыстар мен шығындарды анықтау, тану критерийлері
- •Негізгі қызметтің табыстары мен шығындарының есебі
- •Өнімдерді сатудан (жұмыс, қызмет) түскен табыстар мен шығындар есебі
- •Кезең шығындарының есебі
- •8 Тақырып. Меншікті және тартылған капитал есебінің тәртібі
- •Тақырып 9. Қаржылық есептілікті дайындаудың тәртібі
Негізгі қызметтің табыстары мен шығындарының есебі
Шаруашылық субъектісінің негізгі қызметтен алатын табыстары деп-кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі өндірісі шығарған тауарларды сатудан, көрсеткен қызметтерден, сондай-ақ орындалған жұмыстардың барысында табыстары саналады. Сондай-ақ басқадай кәсіпорындардыңосы ұйым активтерін пайдаланғандығы үшін төленген пайыздары, дивидендтері, лицензиялық төлемдері, жал төлемдері жатады.Негізгі қызметтен алынған табыстар есебі 6010-«Өнімді сатып өткізуден және қызмет көрсетуден түскен табыс» пассивті шотында жүргізіледі.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі емес қызметінен түскен табыстары деп-субъектінің нақтылы негізгі қызметтерінен басқа жұмыстарды (қызметтерді) орындауы (атқаруы) барысында тапқан табыстарын айтады. Оларға: материалдық емес активтерді, негізгі құралдарды, құнды қағаздарды,инвестицияларды сатудан алынған табыстар, акциялар бойынша дивиденд алудан түскен табыстар, бағамдық айырымнан түскен табыстар, атқарушы органдардың берген көмегі, негізгі қызметке жатпайтын басқалай жатады.Шаруашылық субъектісінің мұндай қызметтерді атқаруы, жұмыстарды орындауы барысында алған табыстары 6110-6280 шоттарында жүргізіледі.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың сатқан өнімдерінің, тауарларының басқа да активтерінің өзіндік құны, сондай-ақ оларды сату, есептен шығару барысында пайда болатын шығындар сомасының жиынтығы субъектінің шығыстары болып табылады.
Шаруашылық субъектісіндегі шығыстардың есебі типтік шоттар жоспарындағы №7 бөлім «Шығыстар» бөліміндегі 7010-7710 шоттарда жүргізіледі.Атап айтқанда, 7010 -’’Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құнын, 7110 - ’’Өнімдерді сатып-өткізу және қызметтер көрсету бойынша шығыстар, 7210 - ’’Әкімшілік шығыстар’’, 7310- ’’Сый-ақылар бойынша шығыстар’’, 7510 - ’’Тоқтатылған қызметпен байланысты шығыстар’’, 7710 - ’’Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар’’ шоттарында есептелінеді.
Өнімдерді сатудан (жұмыс, қызмет) түскен табыстар мен шығындар есебі
Өнімдерді сатудан (жұмыс, қызмет) түскен табыстар нақтылы сатылған объектілердің өзіндік құнымен салыстырылады. Шығындар жұмсау мен табыстар алудың мерзімі бірдей кезеңде теңдей бола бермейді. Жұмсалынған шығындар – бастапқыдағы өндірістік ресурстарды және қызметтерді ақшалай өлшеммен жұмсау, ал өзіндік құн өндірістік процестің соңғы нәтижесі болып танылады. Өзіндік құн өндірістен өндірілген өнімдермен бірге өндірістік процестен өтіп, айналысқа түседі. Өндірілген өнімдердің (жұмыстар, қызметтер) өзіндік құнын есептеп шығару үшін жұмсалған шығындарды кезеңдік шығындар мерзіміне (уақытына) қарай ажырату немесе сәйкестіккекелтіру керек. Яғни белгілі бір кезеңде шығарылған өнімдерге (оның өзіндік құны) қандай шығындардың жұмсалғандығын, қандай шығындар басқа кезеңдерге (басқадай өнімдердің өзіндік құнына) жатқызылатындығын есепке алу қажет.
Сатылған өнімдерден (тауарлар, қызмет, жұмыс) алынған табыстардың 6010 - «Өнімді сатып-өткізуден және қызмет көрсетуден түскен табыс» пассивті шотында жүргізіледі.
Белгілі бір мерзімде кәсіпорынның қолда бар тауарларының көлемін тауар босалқылары деп атаймыз. Сатуға араналған тауарлардың өзіндік құны екі фактор – жыл басындағы тауар босалқыларына жыл ішіндегі таза сатылып алынған тауарлар құнын қосу арқылы анықталады.
Егер есепті осы кезең ішінде кәсіпорын өз тауарын ғана сататын болса, онда сатылған тауарлардың өзіндік құны сатуға арналған тауарлар сомасымен бірдей болар еді. Алайда, көптеген жағдайларда тауарлар қалып отырады. Сондықтан, сатылған тауарлардың нақтылы өзіндік құнын есептеп шығару үшін жыл ішіндегі сатуға арналған тауарлардың жалпы сомасынан жылдың соңында қалған тауар босалқыларының құнын шегеру керек.
Сатылған өнімдердің (тауарлар, қызмет, жұмыс) өзіндік құндарының есебі 7010 - «Сатып-өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтің өзіндік құны» шотында жүргізіледі.