- •Бухгалтерлік есептің концепциясы, стандарттары және қағидалары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Дәріс-3. Шоттар жүйесі және екі жақты жазу
- •Шоттар жүйесі және екі жақты жазу
- •Негізгі әдебиеттер
- •Дәріс - 4. Кірістер мен ақша қаржаттар есебінің тәртібі
- •Тақырып 6. Айналымнан тыс активтер: есебінің тәртібі, тозуы мен амортизациясы
- •Табыстар мен шығындарды анықтау, тану критерийлері
- •Негізгі қызметтің табыстары мен шығындарының есебі
- •Өнімдерді сатудан (жұмыс, қызмет) түскен табыстар мен шығындар есебі
- •Кезең шығындарының есебі
- •8 Тақырып. Меншікті және тартылған капитал есебінің тәртібі
- •Тақырып 9. Қаржылық есептілікті дайындаудың тәртібі
Тақырып 6. Айналымнан тыс активтер: есебінің тәртібі, тозуы мен амортизациясы
Негізгі құралдардың түсінігі және олардың жіктелуі.
Негізгі құралдардың бағалануы.
Негізгі құралдарға амортизация есептеу әдістері.
Негізгі құралдарды түгендеу.
Материалдық емес активтер туралы түсінік және олардың түрлері. Материалдық емес активтердің бағалануы. Материалдық емес активтердің амортизациясының есебі.
Негізгі құралдардың түсінігі және олардың жіктеуі
Бухгалтерлік есеп тұрғысынан қарағанда негізгі құралдар - өдірістік процеске жылдар бойы өз қызметін көрсететін, алдағы кезеңдерде табыс келтіруге арналған және өндірілген жаңа өнімдер, жұмыстар, қызметтер үшін жұмсалған шығындар кұрамына өзінің бастапқы құнын амортизациялық аударым түрінде біртіндеп беріп отыратын активтер-негізгі құралдар деп аталынады.
Негізгі құралдар кәсіпорын мүліктерінің негізін құрайтын және енбек құралдары сапасында өнімдер өндіруге, жұмыстар және қызметтер көрсету процесіне 12 айдан артық мерзім пайдаланылуы ке ре к..
Негізгі құралдар есебі №16 «Негізгі құралдар» халықаралық стандартына сәйкес жүргізіледі.
Бухгалтерлік есептің №16 «Негізгі құралдар» деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес негізгі құралдар дегеніміз – кәсіпорында өнім өндіру, тауарларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін, басқа кәсіпорынға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар пайдаланылатын және бір кезеңнен (бір жылдан) артық мерзім ішінде пайдаланылады деп болжанатын материалдық активтер делінген.
ХҚЕ №16 «Негізгі құралдар» стандартының мақсаты:
активтерді тану сәтін белгілеу;
олардың баланстық құнын анықтау;
олардың баланстық құнына сай амортизациялық аударымдар есептеу;
олардың құнының төмендеуінің есебін анықтау;
ақпараттар мазмұнын ашу талаптары бойынша түсініктер береді.
Негізгі құралдарға - өндірістік ғимараттар, басқада ғимараттар, тасымалдау құралдары, құрылғылар, станоктар, жұмыс және күш беру машиналары, жұмыс малдары және өнім беруші малдар тағы сол сияқтылар жатады.
Негізгі құралдардың есебі типтік шоттар жоспарында 2400 «Негізгі құралдар» кіші бөліміндегі төмендегі күрделі, активті шоттар бойынша жүргізіледі:
2410 - Негізгі құралдар;
2420 - Негізгі құралдардың амортизациясы;
2430 - Негізгі құралдардың құнсыздануынан шеккен зиян.
Кәсіпорын меншігіндегі негізгі құралдар- құрамына және атқаратын міндетіне қарай әр түрлі нысанда болады. Негізгі құралдар есебін жүргізу үшін, олардың түрлеріне, атқаратын міндетіне, өндірістік процеске қатысу сипатына, шаруашылық саласына, пайдалану дәрежесіне және меншік түріне қарай топтастыру немесе жіктеу қажет.
Негізгі кұралдар есебін жүргізудің байырғы тәжірибесіне сай негізгі құралдар түрлеріне карай мына төмендегіше жіктелуі мүмкін:
1. Жер учаскелері, ғимараттар;
2. Құрылғылар;
3. Күш беру құралдары;
4.Машиналар және жабдықтар;
5.Тасымалдау кұралдары;
6.Саймандар;
7.Өндірістік мүліктер және қажеттіліктер;
8.Шаруашылык мүліктері;
9.Өнім және жұмыс малдары.
Көп жылдық жеміс ағаштары;
Жер өндеудегі күрделі шығындар;
Баскадай негізгі құралдар.
Негізгі құралдарды түрлеріне қарай жіктеу негізгі құралдар есебін жүргізуді және олардың қолда бары мен қозғалысы жөніндегі есептілік жасау үшін қажет.
Өндірістік және шаруашылықтық міндет атқаруына қарай негізгі құралдар - өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді.
Өндірістік сипаттағы негізгі құралдарға машиналар, станоктар, аспаптар, саймандар, есептеу техникалары, сондай-ақ өндірістік процеске арналған негізгі және көмекші қызмет көрсету ғимараттары немесе кәсіпкерлік қызметке байланысты қоймалар ғимараттары, тасымалдау құралдары, шаруашылық мүліктері, жиһаздар және басқада табыс келтіруге, пайда табуға арналған негізгі құралдар жатады.
Өндірістік емес сипатттағы негізгі құралдар өндірістік процеске тікелей қатыспайтын, бірақта кәсіпорын еңбеккерлеріне мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін (тұрғын үй - коммуналдық, емдеу, дәрігерлік көмек көрсету, мәдениет үйі, спорт алаңы, бала бақшалар т.с.с.) негізгі құралдар жатады.
Салалық экономикаға байланысты негізгі құралдар -өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, көлік, байланыс, құрылыс, сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, денсаулық сактау, білім, мәдениет, т.б. салалар бойынша жіктеледі.
Өндірістік және шаруашылықтық процесте дәрежесіне қарай негізгі құралдар - қор құрамында пайдаланудағы, кызметі тоқтатылған, жалдағы болып бөлінеді.
Негізгі құралдардың осылайша бөлінуі, олардың жекелеген түрлеріне амортизация есептеу ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, қор кұрамында тұрған, қызметі тоқтатылған негізгі құралдарға амортизация есептелінбейді. Сонымен қатар кәсіпорын балансында көрсетілмеген, жалға берілген негізгі құралдарға да амортизация есептелінбейді.
Негізгі құралдар меншікті және жалдағы болып та бөлінеді. Меншікті негізгі құралдар кәсіпорынның балансында, ал жалдағы негізгі құралдар белгілі дәрежеде жал төлемін төлеу негізінде уакытша пайдалану үшін басқа кәсіпорынға беріледі. Жалдағы негізгі құралдар есебі баланс сыртындағы шоттарда жүргізіліп, оларға амортизация есептелінбейді.
Негізгі құралдардың бағалануы
Негізгі құралдар есебін сенімді және түсінікті жүргізудің ең басты шарты, оларды дұрыс және тура бағалауға байланысты. Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде негізгі құралдар әр түрлі құндармен бағаланады:
бастапқы (өзіндік) құн;
амортизацияланушы (тозу) құн;
жойылу құны;
әділетті (сатып-өткізу) құны;
қалдық (баланстық) құн;
қалпына келтіру құны.
Бастапқы (өзіндік) құн осы кәсіпорындағы негізгі құралдарды пайдалануға жіберу сәтінен бастап бағаланады. Негізгі құралдар объектілерін бастапқы құнмен бағалаудағы баға, осы объектілер кәсіпорын меншігінде есепте тұрған мерзімнің барлығында көрсетіледі.
Негізгі құралдардың қайдан және келіп түскен көздеріне байланысты, олардың бастапқы кұны деп - кәсіпорынның өзінде дайындалған негізгі құралдар құнын, сондай-ақ басқа да кәсіпорындармен жеке тұлғалардан сатылып алынған негізгі құралдарға жұмсалған шығындардан туындайтын нақтылы өзіндік құнды айтады.
Нақтылы шығындар құрамына немесе бастапқы құнға мына төмендегі сомалар қосылады:
жабдықтаушыларға (сатушыларға) келісім-шарт негізінде төленген сомалар;
орындалған құрылыс жұмыстары үшін құрылыс мердігерлігі келісім-шарт, басқа да келісім-шарттар негізінде басқадай кәсіпорындарға төленген сомалар;
негізгі құралдарды сатып алуға байланысты ақпараттық қызметтер құнын төлеу және консультациялық кеңес берушілерге төленген сомалар;
делдалдық қызмет көрсетуші кәсіпорын арқылы сатылып алынған негізгі құралдар үшін сыйақы төлеу сомалары;
негізгі құралдар объектілеріне құкықтық иелік ету үшін тіркеу жиынын, мемлекеттік баж жиынын төлеу және осыларға ұқсас басқадай төлемдер төлеу сомалары;
кедендік баж салығы;
негізгі құралдарды сатып алуға байланысты сомасы жабылмайтын салықтар төлеу сомалары;
негізгі құралдар объектілерін сатып алуға тікелей байланысты және құрылыс объектілерін салуға және дайындауға (мысалға, қарызға алынған қаражаттарды қайтарудың пайыздары, егер мұндай қаражаттар негізгі құралдар сатып алуға, салуға алынған болса) жұмсалған басқадай шығындар.
Нақтылы шығындар құрамына әкімшілік басқару шығындары және осыларға ұқсас шығындар қосылмайды. Егер мұндай шығындар негізгі құралдардың нақтылы жекелеген түрлерін сатып алуға тікелей жұмсалса, онда әкімшілік шығындары шығындар құрамына қосылуы мүмкін.
Жарғылық капиталға құрылтайшылардың косқан үлесін ақшалай бағалау, қатысушы жақтардың келісіміне сай анықталып бағаланады.
Сыйға тарту сипатында алынған және тегін алынған негізгі құралдардың бастапқы кұны бухгалтерлік есепке алу кезіндегі нарықтық бағамен бағаланады.
Келісім-шарт бойынша алынған негізгі кұралдар құнын акша қаражатына жатпайтын құныдылықтармен өтеу міндеттемесін орындау жолымен алынған негізгі құралдардың бастапқы құны - берілген немесе беруге жататын құныдылықтар құнымен бағаланады. Берілген немесе беруге жататын құндылықтар құнын анықтау мүмкін болмаған жағдайда, кәсіпорынның алған негізгі құралдарының құны осы объектіге ұқсас басқадай объектілер құнымен салыстыру арқылы анықталуы мүмкін.
Ақша қаражаттарына жатпайтын басқадай құндылықтар беру жолымен алынған негізгі құралдардың бастапқы құнына негізгі құралдарды тасып жеткізу және оларды пайдалану дәрежесіне жеткізу шығындары қосылады.
Негізгі құралдарды алу және салу шығындарының нақтылы көлеміне бағамдық айырымдар (не азаяды, не көбейеді) қосылуы немесе шегерілуі мүмкін.
Көп жылдық өсімдіктер өндіруге, жер құнарлылығын жақсартуға жұмсалған шығындар есепті жыл ішінде пайдалануға берілген жер учаскелерін жыл сайын негізгі құралдар құрамына қосудағы шығындармен бағаланады.
Негізгі құралдардың. бастапқы құны - қосымша құрылыстар салу, қайта конструкциялау, қосымша жабдықтау, бөлшектеп жою және қайта бағалау кездерінде өзгеріске түседі.
Өндірістік процеске және басқа да мақсаттарға пайдалану барысында негізгі құралдар тозады, олардың бастапқы құны азаяды. Өзінің физикалық қасиетін, техника - экономикалық сапасын жоғалтудағы немесе төмендеудегі негізгі құралдардың тозуын ақшалай бірлікпен өлшеу негізгі құралдардың амортизациясы деп аталынады.
Амортизацияланушы (тозушы) құн - жойылу құнын алып тастағаннан кейінгі активтің өзіндік құны немесе өзіндік құнының орнына қаржылық қорытынды есепте көрсетілетін басқа сома.
Ал, жойылу құны негізгі құралдың тиімді қызмет ету мерзімінің аяғында оны кәсіпорынан шығаруға байланысты жұмсалатын шығындарды алып тастағаннан кейінгі алынады деп күтілетін таза сома.
Негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған амортизациялық соманы шегергендегі нәтиже негізгі құралдардың қалдық құнының сомасын көрсетеді.
Әділетті (сатып-өткізу) құны-бір-бірінен жақсы хабардар тәуелсіз жақтардың арасында операцияны жүзеге асыру кезінде активті (негізгі құралдарды( айырбастауға болатын сома.
Әр түрлі мерзімде пайдалануға қабылданған бірдей нысандағы негізгі құралдарды бағалау нәтижесі әр түрлі болуы мүмкін. Мұндай әр түрлілік - мерзімге, орынға және құрылыс салу әдістеріне негізгі құралдарды сатып алу жағдайларына, құнсыздану дәрежесіне байланысты. Сондықтан, негізгі құралдарды қалпына келтіру құнын анықтауға және қалпына келтірілген құнды амортизациялық аударым сомаларын есептеуде қолдану керектігі туындайды.
Негізгі құралдарды қалпына келтіру құны деп - негізгі құралдарды ұдайы өндіріске қосу құнын, яғни негізгі құралдарды алу немесе құрылысын салу кезіндегі қолданылған бағамен қайта бағалауды айтады. Негізгі құралдарды қайта бағалау Қазақстан Республикасы үкіметінің қабылдаған шешімі негізінде қайта бағаланады.
Негізгі құралдарға амортизация есептеу әдістері
Негізгі құралдар өндіріс үдерісінде бірте-бірте тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы сапсын жоғалтады. Олар белгілі бір уақыт өткеннен кейін пайдалануға жарамай қалады да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі құралдар сатып алуға тура келеді.
Негізгі құралдардың тозуы дегеніміз – олардың табиғи және сапалық сипаттарын жоғалтуы деп те айтуға болады.
Бухгалтерлік есептің №16 «Негізгі құралдар» деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес, тозу деп-негізгі құралдардың тозушы (тозған бөлігінің) құнын оның тиімді қызмет ету мерзімі ішінде жүйелі түрде бөліп таратуды айтады. Яғни, негізгі құралдар объектісінің тозған бөлігінің сомасы оның тиімді қызмет ету мерзімі ішінде жүйелі түрде есептен шығарылуға тиісті.
Ескерілетін жағдай негізгі құралдардың ішінде мына төменде аталған активтерге тозу дәрежесі анықталмайды және оларға амортизация есептелмейді:
жерге;
кітапхана қорларына;
фильм қорларына;
архитектуралық және өнер ескерткіштеріне;
өнімді малдарға;
мұражайлық құндылықтарға.
Амортизациялық мөлшер дәрежесіне есепті жылдағы амортизациялық соманы анықтауда төмендегідей факторлар әсер етеді:
негізгі құралдардың бастапқы құны;
негізгі құралдардың жойылу құны;
амортизацияланған құн;
пайдалы қызмет көрсету мерзімі.
Негізгі құралдардың бастапқы құны - таза сатып алу бағасынан және объектіні іске косуға байланысты жеткізу, орнату шығындарынан құралады.
.Негізгі құралдарды қайта қалпына келтіру үшін олардың тозған бөлігінің құны дайын өнімнің өзіндік құнына амортизациялық аударым ретінде қосылады.
Амортизациялық аударым дегеніміз-негізгі құраладрдың амортизацияланушы құнынан есептеп шығарылған амортизацияның жылдық сомасы.
Негізгі құралдарды тиімді пайдалану мерзімінің барлығында жылдық амортизациялық сома мына төмендегі әдістердің бірімен есептеледі:
түзу сызықты (бірқалыпты) есептен шығару;
орындалған жұмыстың көлеміне пропорционалды түрде есептеу (өндірістік) әдісі;
азайып отыратын қалдық әдісі.
Есепті жыл бойынша есептелінген 12/1 амортизациялық шаруашылық нәтижесіне қарамастан ай сайын бірқалыпты есептелініп отырады. Амортизация есептеу негізгі құралдарды бухгалтерлік есепке алғаннан кейінгі келесі айдың 1-нен басталып объектілердің бастапқы құны толығымен жабылғаннан кейінгі немесе объектілерді есептен шығарғаннан кейінгі келесі айдын 1-інде тоқтатылады. Амортизацияны есептеу-негізгі құралдарды қалпына келтіру (жөндеуден өткізу, модернизациялау және қайта жабдықтау) немесе қызметін тоқтату (консервация) кезінде кәсіпорын басшысының шешіміне қарай үш айдан артық емес мерзімге тоқтатылуы мүмкін.
Амортизация есептеу шығындарына, яғни қаржылық қорытындыға тікелей әсер ететіндігіне қарай амортизация есептеу тәсілдері кәсіпорын есеп саясатының маңызды элементтеріне жатады. Енді жоғарыда көрсетілген амортизация есептеу әдістерінің әр қайсысын жеке қарастырамыз.
Түзу сызықты (бірқалыпты) әдісі, яғни объектінің құны оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі апарылады.Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуы оның қызмет ету мерзімінің ұзақтығына байланысты деп пайымдауға негізделген және ол бухгалтерлік есептің тәжірибесінде кеңінен қолданылып жүрген әдіс.
Әрбір мерзім (жыл) үшін амортизациялық жарна сомасы амортизацияланушы құнды (объектінің бастапқы құнынан оның жойылу құнын алып тастағандағы) объектіні пайдалану мерзіміне бөлу арқылы есептеледі.Амортизациялау нормасы тұрақты болады.
Келесі әдіс орындалған жұмыстың көлеміне пропорционалды түрде есептеу (өндірістік) әдісі, негізгі құралдардың тозуы (амортизациясы) тек пайдалану нәтижесі болып табылады және оны есептеу процессінде уақыт бөліктері ешқандай рол атқармайды деген пайымдауға негізделген.
Осы тәсіл есепті жыл ішінде өндірілетін өнімдердің натуралды көлемі мен негізгі құралдардың бастапқы құнының ара қатынасы аркылы есептелінеді. Амортизация есептеу негізгі құралдарды пайдаланудың нәтижесін көрсетеді. Негізгі құралдарды пайдаланудың мерзімі ешқандай рол атқармайды
Келесі әдіс негізгі құралдардың құнын жеделдетіп есептен шығару әдісі, яғни азайып отыратын қалдық әдісі - негізгі құралдарды өздерінің мөлшерленген пайдалану мөлшерінен бұрын есептеп шығару үшін қолданылады.
Осы әдісті қолдану барысында негізгі құралдарды алғашқы пайдалану жылдарындағы есептелінген амортизациялық аударым сомасы, оның соңғы пайдаланатын жылдарындағы есептелетін амортизациялық аударым сомасынан анағұрлым асып түседі. Өйткені, негізгі құралдардың алғашқы пайдалану, яғни жұмыс істеу жылдарындағы өнім өндіру қаблеттілігі соңғы жылдарға қарағанда едәуір жоғары болып табылады. Осыларды ескеретін болсақ амортизациялық аударым есептеудің жоғарыда аталған жылдамдатып есептен шығару әдісі өндірілген өнімнің өзіндік құнына сәйкестендіріліп есептеу принципіне негізделген.
Амортизацияның негізгі мақсаты- жыл сайын негізгі құралдардың белгілі бір дәрежесінің тозуын жұмсалған шығындар құрамында есептеу.
Негізгі құралдарды түгендеу
Негізгі қүралдарды түгендеуге келетін болсақ, ол мына жағдайларда жүзеге асырылады:
жылдық бухгалтерлік баланс жасау алдында;
акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер құру алдында немесе мемлекеттік ұйымдарды акционерлік қоғамға айналдыру барысында;
материалды жауапты адамдар ауысуы кезінде;
ұйымдасқан қылмыс, қызмет бабын өрескел пайдаланған, ұрлық, алдау фактілері анықталған кезде, сондай-ақ табиғат апаты, төтенше жағдайларға байланысты негізгі құралдар міндетті түрде түгенделуі керек.
Негізгі құралдарды түгендеу үшін кәсіпорын басшысының бұйрығымен түгендеу комиссиясы құрылады. Комиссия орналасқан орындары бойынша нақтылы саналған қолда бар негізгі құралдар мен бухгалтерлік есептегі негізгі құралдардың саны мен салыстырылып тексеріледі. Тексерудің нәтижесі «Негізгі құралдарды түгендеу нәтижесінің салыстыру ведомосіне» жазылады. Қолда бар негізгі құралдар және олардың қысқаша техникалық сипаттамасы «Негізгі құралдарды түгендеу тіркемесінде» көрсетіледі. Түгендеу тіркемесіне объектінің аталуы, техникалық сипаты т.б. мәліметтер жазылады.
Түгендеу комиссиясы түгендеу жұмысын бастау алдында мүліктік карточкалардағы мәліметтерді, техникалық төлқұжаттардың және басқалай техникалық құжаттардьң қолда бары мен жағдайын, жалға алынған және жалға берілген, жауапкершілікке берілген негізгі құралдар жөніндегі құжаттардьң дүрыс рәсімделуін мұқият тексереді.
Кәсіпорын бухгалтериясында соңғы түгендеуден кейінгі есептен кем шыққан негізгі құралдар қайтадан кіріске алынады. Есепке алынбай қалған негізгі құралдар құны сараптау жолымен бағаланады.
1) Есепке алынбаған негізгі құралдар объектісінің баланстық құны:
Дт Кт
2410- «Негізгі құралдар» 75000
6220- «Негізгі қызметке жатпайтын табыстар» 75000
2) Олардың амортизациялық тозу сомасына:
Дт Кт
2410- «Негізгі құралдар» 23000
2420- «Негізгі құралдардың амортизациясы» 23000
Түгендеу барысында жоғалған, бүлінген негізгі құралдарға жауапты (кінәлі) адам табылып және ол тұлға төлейтін болған жағдайда төленетін сома төмендегдей бухгалтерлік жазумен көрсетіледі:
Дт Кт
1250- «Жұмыскерлердің қысқа мерзімді дебиторлық
борыштары» 152000
2410- «Негізгі құралдар» 152000
Түгендеу комиссиясы бастапқы құжаттардың сенімді рәсімделуімен қатар, есептен ауыткушылық себептердің қайдан және қалай туындағандығын зерттеп, арнайы шешім қабылдауға міндетті. Қабылданған шешімдер нәтижесі қаттама актісімен рәсімделіп, кәсіпорын басшысының бекітуіне ұсынылады. Бекітілген шешімге сай орын алған ауытқушылық фактілері, яғни бухгалтерлік есеп мәліметтерін нақтылы саналған мәліметтерге келтіру жөніндегі түгендеу комиссиясының рәсімдеген құжаты кәсіпорын бухгалтериясына тапсырылады. [kql]
|
|
Негізгі құралдардың есебі 2400 «Негізгі құралдар» кіші бөліміндегі төмендегі күрделі, активті шоттар бойынша жүргізіледі:
|
Өндірістік және шаруашылықтық міндет атқаруына қарай негізгі құралдар - өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Негізгі құралдар кімнің иелігінде екендігіне қарай меншікті және жалдағы болып та бөлінеді. |
Салалық экономикаға байланысты негізгі құралдар - өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, көлік, байланыс, құрылыс, сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, денсаулық сактау, білім, мәдениет, т.б. салалар бойынша жіктеледі. |
Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде негізгі құралдар әр түрлі құндармен бағаланады:
|
Амортизациялық мөлшер дәрежесіне есепті жылдағы амортизациялық соманы анықтауда төмендегідей факторлар әсер етеді:
|
Ескерілетін жағдай негізгі құралдардың ішінде мына төменде аталған активтерге тозу дәрежесі анықталмайды және оларға амортизация есептелмейді:
|
|
Негізгі құралдарды түгендеу мынадай жағдайларда жүргізіледі:
|
Негізгі әдебиеттер
1. Кеулімжаев Қ.К. "Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері" Алматы, 2006
2. Радостовец В.К. Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. «Бухгалтерский учет на предприятии», Алматы, 2002
3. Әбдіманапов Ә., Раимов С. Бухгалтерлік есеп принциптері және қаржылық есеп беру. Алматы 2005
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты кәсіпорындар мүлкінің құрамында материалдық емес активтер деп аталатын активтердің жаңа түрі пайда болды. Олар кәсіпорынның бухгалтерлік балансында ұзақ мерзімді активтер баптарының екінші тобында көрсетіледі.
Материалдық емес активтер деп-белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, ақша немесе зат түріндегі активтер қатарына жатпайтын, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан кәсіпорынға өнім өндіруде, тауарларды сатуда, қызмет көрсетуде, негізгі құралдарды жалға беруде немесе әкімшілік қызмет барысында үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) қосымша табыс (пайда) әкеледі деп күтілітін активтерді айтамыз.
Кәсіпорындарда материалдық емес активтердің қатарына мыналар жатады:
лицензиялық келісімдер;
патенттер;
бағдарламалық жабдықтар;
Ұйымдастыру шығындары;
сауда маркалары;
авторлық құқық;
гудвилл (фирма бағасы);
Ноу-хау;
франчайзинг және т.б.
Кәсіпорындарда материалдық емес активтер басқа заңды немесе жеке тұлғалардан сатылып алыну, басқалардың субъсидия ретінде немесе сыйға беруі барысында, сондай-ақ кәсіпорынның өз ішінде ойлап табуы негізінде пайда болады.
Объектілерді материалдық емес активтердің қатарына кіргізу (жатқызу) тәртібі және олардың құрамы белгіленген заңдарға сәйкес тиісті нормативтік актілерде қарастырылған.
Материалдық емес активтер кәсіпорынның балансында бастапқы құны бойынша кіріске алынады. Осы активтердің бастапқы құны төмендегіше анықталады:
құрылтайшылар мен үлес қосушылардың кәсіпорынға жарғылық қорына қосқан үлесі есебінен келіп кіріске алынған материалдық емес активтердің бағасы екі жақты нақты келісім бойынша бағаланады;
заңды тұлғалар мен жеке адамдардан тегін (қайтарымсыз), сый ретінде алынған материалдық емес активтер сол уақыттағы нарықтық баға бойынша бағаланады;
басқа заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке адамдардан сатылып алынған материалдық емес активтер, ол объектілерді сатып алуға және оларды пайдалану үшін жұмсалған шығындар сомаларының қосындысы бойынша бағаланады.
Бұл материалдық емес активтердің баланстық бағасын анықтаудың жалпы әдісі болып табылады.
Материалдық емес активтерді тиесілігіне, пайдалану мақсатына және атқаратын міндетті қызметіне байланысты топтастыруға болады.
Тиесілігі бойынша материалдық емес активтер мынадай топтарға бөлінеді:
өндіріспен байланысты материалдық емес активтер (ұйымдастыру шығындары, ноу-хоу, бағдарламалық жабдықтау, табиғат ресурстарын пайдалану құқығы);
коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтер (тауар белгілері, сауда маркілері);
пайдалану құқықтарымен байланысты материалдық емес активтер (патенттер, лицензиялық келісімдер, өндірістік үлгілер);
басқалары (гудвилл, интеллектуалдық меншік).
Пайдалану мақсаты және атқаратын міндетті қызметі бойынша:
интеллектуалдық меншік (патенттер, лицензиялық келісімдер, өндірістік үлгілер, тауар белгілері, ноу-хоу, бағдарламалық жабдықтау, гудвилл)
табиғат ресурстарын пайдалану құқығы (жер учаскесін, қазба байлықтарын пайдалану құқығы, қазба байлықтар жөніндегі геологиялық және басқа ақпараттарға құқық);
кейінге қалдырылған шығындар (ұйымдастыру шығындары, ғылыми-зерттеу және конструкторлық-тәжірибе жұмыстары бойынша шығындар).
Материалдық емес активтердің нақты бары мен олардың қозғалысының есебі типтік шоттар жоспарындағы 2700 – «Материалдық емес активтер» бөлімшесінің активті шоттарында жүргізіледі. Бұл шоттың дебетінде материалдық емес активтер құнының өскендігін, ал кредитінен олардың есептен шығарылғандығын,яғни азайғандығын көреміз.
Материалдық емес активтердің бағалануы
Кез-келген нысандағы кәсіпорындарда Материалдық емес активтердің есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды бағалау принципі үлкен роль атқарады.
Материалдық емес активтер есебі Халықаралық қаржылық есеп стандарттарына сәйкес №38 «Материалдық емес активтер» стандартында қаралған. Осы стандарт талабына сай материалдық емес активтердің бухгалтерлік есебі мына төмендегі сабақтастық мәселелерді іске асыруға арналған. Бухгалтерлік есепті жүргізу стандарттарында материалдық емес активтерді бағалаудың мынадай түрлері белгіленген:
бастапқы (өзіндік) құн;
амортизацияланушы (тозушы) құн;
баланстық (әділетті) құн;
сатып-өткізу құны.
Ең әуелі материалдық емес активтер ұйымның өз ішінде жасалып, дайындалғанына немесе сырттан алынғанына қарамастан бастапқы (өзіндік) құнымен бағаланып кіріске алынады. Яғни, бастапқы (өзіндік) құн- материалдық емес активтерді сатып алу немесе жасау кезінде төленген ақшаның немесе оның эквивалентінің сомасы не болмаса басқадай компенсациялардың ағымдағы бағамен бағаланған құны.Бұдан соң, материалдық емес активтерді бастапқы қалпына келтіру және техникалық сипаты мен қызметін сақтау үшін жұмсалған шығындар материалдық емес активтердің жекеленген түрлері бойынша, олардың бастапқыдағы өзіндік құнына қосылып жазылады.
Баланстық (әділетті) құн- материалдық емес активтердің бастапқы құны мен жинақталған амортизация сомасының айырмасы ретінде анықталып, қаржылық қорытынды есепте көрсетілетін сома. Бұл құнды әділетті құн деп те атайды. Баланстық құнмен әділетті құн терминдерінің арасында айырмашылық жоқ. Алайда баланстық құн термині бухгалтерлік балансқа тән.
Материалдық емес активтердің құны амортизацияланып, амортизацияланған шығындар сомасы оларды пайдалану мерзімі ішінде немесе пайдалану мерзімі аяқталғанға дейінгі жұмсалынған шығындар жалпы шығындарқұрамына жазылуы керек. Егер материалдық емес активтерді пайдалану мерзімі арнайы жасалған келісім-шартта қаралмаса, онда оларды пайдаланудың ең жоғарғы мерзімі (АҚШ-та) 40 жылдан (патенттер үшін 17 жыл) аспауы керек.
Нарықтық қатынастар мен жеке меншіктік ұйымдардың және бәсекелестік процестердің өрістеуіне қарай әрбір жекелеген кәсіпорындар материалдық емес активтерді тиімді пайдаланудың нәтижесінде түсетін пайда мен зиянды зерделей отырып, өздері материалдық емес активтерді пайдаланудың мерзімін белгілеуге құқылы. Алайда салық салу мақсатын іске асыру тұрғысында материалдық емес активтер құны 10 жыл ішінде жұмсалған шығындар құрамына жазылып аяқталуы керек.
Материалдық емес активтердің амортизациясының есебі
Кәсіпорындарда материалдық емес активтер өздерінің пайдаланылуы барысында біртіндеп сапалық жағынан тоза бастайды.Осы активтер тозғанға дейін, яғни кәсіпорында пайдаланылған уақыт аралығында пайда әкелуі қажет. Егер бұл материалдық емес активтерді пайдалануда кәсіпорын табыс таппайтын болса, оларды актив қатарында есептеудің қажеті де болмайды және ондай жағдайда оларды сатып алуға кеткен немесе басқадай шығындар жиынтығы кәсіпорынның зияны болып табылады.
Кәсіпорындарда материалдық емес активтерді пайдалану барысында олардың құнының бір бөлігі ай сайын, яғни оның пайдалану мерзімінде өндіріс шығындарына қосылып отырады. Яғни, материалдық емес активтердің құнына амортизациялық аударым есептеліп тұрады.Амортизациялық аударым мөлшері материалдық емес активтердің бастапқы құнымен олардың пайдалану мерзіміне қарай анықталады. Материалдық емес активтердің пайдалану мерзімі кәсіпорынның қызмет атқаратын уақытынан аспауы керек.Егер олардың пайдалану мерзімін анықтау мүмкін болмаған жағдайда, амортизациялық аударым он жылға есептеледі. Бірақ ол кәсіпорынның қызмет атқару уақытынан аспауы керек.
Материалдық емес активтерге амортизация есептеу үшін әр түрлі тәсілдер қолданылады: бір қалыпты (түзу сызықты), азайып отыратын қалдық әдісі және өндірістік әдіс.Амортизация есептеу тәсілдерін қолдану кәсіпорынның есеп саясатында белгіленуі және бекітілуі керек. Материалдық емес активтерге амортизация есептеу оларды пайдалануға қабылдаған мерзімнен бастап есептеледі.
Негізінен кәсіпорындарда материалдық емес активтерге амортизация есептеудің бір қалыпты әдісі қолданылады.
Материалдық емес активтердің амортизациясының есебі типтік шоттар жоспарындағы 2740-«Басқа да материалдық емес активтердің амортизациясы» шотында жүргізіледі.
Тақырыбы: Материалдық емес активтердің есебі |
|
Материалдық емес активтердің пайдалы қызмет ету мерзімін анықтау мүмкін болмаған жағдайда 10 жылдан аспайтын мерзім алынады. |
Материалдық емес активтер деп-белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, ақша немесе зат түріндегі активтер қатарына жатпайтын, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан кәсіпорынға өнім өндіруге, тауарларды сатуда, қызмет көрсетуде, негізгі құралдарды жалға беруде немесе әкімшілік қызмет барысында үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) қосымша табыс әкеліп тұратын активтерді айтады. |
Материалдық емес активтерді 4 топқа бөлуге болады: 1) өндіріспен байланысты материалдық емес активтер (ноу-хау, бағдарламалық жабдықтау, ұйымдастыру шығындары, табиғат ресурстарын пайдалану құқығы); 2) коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтер (тауар белгілері, сауда маркілері); 3) пайдалану құқықтарымен байланысты материалдық емес активтер (патент, лицензиялық келісімдер, франчайзинг, өндірістік үлгілер); 4) басқа материалдық емес активтер (гудвилл, интеллектуалдық меншік). |
Материалдық емес активтердің есебі №38 «Материалдық емес активтер» деп аталатын Халықаралық қаржылық есеп стандартында қаралған. |
|
Материалдық емес активтерді бағалау түрлері: бастапқы құн, амортизацияланған құн, баланстық құн, сатып-өткізу құны. |
Материалдық емес активтер есебі бойынша қолданылатын құжаттар:
|
Материалдық емес активтердің есебі төмендегі активті шоттарда жүргізіледі:2710-2730 шоттар. |
|
Материалдық емес активтердің амортизация есебі 2740 пассивті шотта жүргізіледі:
|
Материалдық емес активтерге амортизация есептеудің мынадай әдістері бар:
|
Тақырып 7. Шығыстар есебінің тәртібі
Табыстар мен шығындарды анықтау, тану критерийлері.
Өнімдерді сатудан (жұмыс, қызмет) түскен табыстар мен шығындар есебі.
Негізгі қызметтің табыстары мен шығындарының есебі.
Кезең шығындарының есебі.
