
- •Бухгалтерлік есептің концепциясы, стандарттары және қағидалары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Дәріс-3. Шоттар жүйесі және екі жақты жазу
- •Шоттар жүйесі және екі жақты жазу
- •Негізгі әдебиеттер
- •Дәріс - 4. Кірістер мен ақша қаржаттар есебінің тәртібі
- •Тақырып 6. Айналымнан тыс активтер: есебінің тәртібі, тозуы мен амортизациясы
- •Табыстар мен шығындарды анықтау, тану критерийлері
- •Негізгі қызметтің табыстары мен шығындарының есебі
- •Өнімдерді сатудан (жұмыс, қызмет) түскен табыстар мен шығындар есебі
- •Кезең шығындарының есебі
- •8 Тақырып. Меншікті және тартылған капитал есебінің тәртібі
- •Тақырып 9. Қаржылық есептілікті дайындаудың тәртібі
Дәріс-3. Шоттар жүйесі және екі жақты жазу
Қарастырылатын сұрақтар:
Бухгалтерлік есеп шоттарының мәні мен маңызы.
Шаруашылық операцияларын шоттарға жазу тәртібі.
Шоттардың сызбасы және шоттардың түрлері.
Бухгалтерлік есептің шоттар жоспары.
Шоттар жүйесі және екі жақты жазу
Бухгалтерлік есеп шоттарының мәні мен маңызы
Кәсіпорынның іс - әрекетін оперативті басқару үшін кәсіпорында бар ресурстар, олардың жағдайы, орналасуы мен пайдалануы, сондай - ақ олардың пайда болу көздері жайлы мәліметтер жеткіліксіз.Шаруашылық қызмет пен жоспарлы тапсырмаларды орындауды бақылау үшін шаруашылық құралдарының жекелеген түрлерінің қозғалысын, олардың шығу көздерінің өзгеруін, шаруашылық процестердің және т.б. нәтижелерін күнделікті білу қажет. Сондықтан ағымдағы кезең ішінде орындалған шаруашылық операцияларын мазмұнына қарай жүйелеп жинақтау үшін бухгалтерлік шоттар пайданалылады.
Бухгалтерлік шоттар деп-шаруашылық операцияларын кәсіпорын активтері мен олардың құралу көздерінің (міндеттемелер, капитал) экономикалық мазмұны жағынан біртекті объектілері бойынша жүйелеп топтастыруды айтады. Шоттардың көмегімен есептің бір текті объектілерін, сондай–ақ ағымдағы бақылау экономикалық топтастыруды жүзеге асырады. Әрбір жекелеген шотта есепке алынған объектінің бастапқы жағдайы, кейіннен оның өзгеруі тіркеледі. Бұл экономикалық біртекті құралдар құралы мен олардың шығу көздерінің, шаруашылық іс-әрекет процестері мен қорытындаларының жаңа жағдайын кез- келген сәтте анықтауға мүмкіндік береді.
Шоттардың сызбасы және шоттардың түрлері.
Сыртқы түрі жағынан шот Т әріпі бейнесіндегі екі жақтан тұратын кесте. Кестенің сол жағы «Дебет» деп, ал оң жағы «Кредит» деп аталынады.
«Дебет» және «Кредит» деген терминдер латын сөздерінен шыққан: debet-берешек, kredit-сену деген мағынаны білдіреді. Кестенің жоғары жағына шоттың атауы жазылады.
Шоттың схемасы:
Дт Шоттың атауы Кт
Бухгалтерлік шоттардағы қалдықты бейнелеу үшін «сальдо» (С) деп аталатын терминді пайдаланады. С1 - бастапқы сальдо-есеп беру мерзімінің басындағы, яғни операциялар орындалмай тұрған кездегі есеп объектісі бойынша қалдықты көрсетеді, ал есеп беру мерзімінің соңындағы, яғни операциялар орындалғанан кейінгі қалдық С2 арқылы көрсетіледі.
Есепті кезеңнің (айдың) басында есеп объектілері бойынша шоттар баланс баптары негізінде ашылады. Сондықтан балансқа қатысты бухгалтерлік шоттар активті және пассивті болып бөлінеді. Кәсіпорын активтерінің әрбір жекелеген түрлерінің нақты бары мен олардың қозғалысының есебін жүргізу үшін пайдаланылатын шоттарды активті шоттар деп атайды.
Активті шоттың дебет жағында –есеп объектісі бойынша есепті кезеңнің басы мен аяғындағы сальдо және бастапқы сальдоны көбейтетін шаруашылық операцияларының сомалары, ал кредиті жағында бастапқы сальдоны азайтатын шаруашылық операцияларының сомалары жазылады.
Егер шоттың дебеті бойынша айналым сомасын-ДТ айналым, ал кредиті бойынша айналым сомасын –КТ айналым деп белгілейтін болсақ, онда активті шот бойынша ақырғы сальдо сомасы төмендегі формула арқылы анықталады:
С2=С1+ДТ айналым - КТ айналым
Кәсіпорын активтері құралу көздерінің әрбір жекелеген түрлерінің нақты бары мен олардың қозғалысының есебін жүргізу үшін пайдаланылатын шоттарды пассивті шоттар деп атайды.
Пассивті шоттар есепті кезеңнің басында баланстың «Міндеттемелер» және «Капитал» бөлімдерінің баптары бойынша ашылады. Есеп объектілері бойынша бастапқы және ақырғы сальдо пассивті шоттардың кредитіне жазылады.
Пассивті шоттың кредиті жағында-есеп объектісі бойынша есепті кезеңнің басы мен аяғындағы сальдо және бастапқы сальдоны көбейтетін шаруашылық операцияларының сомалары, ал дебеті жағында –бастапқы сальдоны азайтатын шаруашылық операцияларының сомалары жазылады.
Пассивті шоттар бойынша ақырғы сальдо сомасы төмендегі формула арқылы анықталады.:
С2=С1+КТ айналым - ДТ айналым.
Дт
Активті шот Кт
Д
т
Пассивті шот Кт
С1-бастапқы сальдо С1-бастапқы сальдо
Көбею (+) Азаю ( -) Азаю (-) Көбею (+)
ДТ айналым КТ айналым ДТ айналым КТ айналым
С2- ақырғы сальдо С2- ақырғы сальдо
Есепті кезеңнің аяғында кәсіпорын активтері көрсетілетін активті шоттар және олардың құралу көздері (міндеттемелер, капитал) көрсетілетін пассивті шоттар бойынша қалдықтар баланстыңтиісті бөлімдеріне жазылады. Бухгалтерлік есепте шоттардың екі: синтетикалық және аналитикалық түрлері егжей- тегжей тәптіштелу, жинақталып қорыту дәрежесі әр түрлі ақпарат пен көрсеткіштерді алу үшін қолданылады.
Синтетикалық шоттарда шаруашылық құралдары мен олардың қозғалысы туралы жинақталып қорытылған көрсеткіштері болады. Олар тек қана ақшалай түрде көрсетіледі.
Аналитикалық шоттар есептің тиісті объектілеріне түгел, толық сипаттама береді, олар синтетикалық шоттардың дамуына орай ашылады. Материалдық құндылықтарды бейнелеп көрсететін аналитикалық шоттар тек қана ақшалай емес, заттай түрде де жүргізіледі. Синтетикалық және аналитикалық есеп шоттындағы жазбалар сол бір құжаттар негізінде жасалады.
Синтетикалық шоттың дебеті мен кредиті бойынша айналымдар аналитикалық шоттарды біріктіретін айналымның жалпы сомасына тиісінше тең болуға тиіс.
Мысалы, «Қызметкерлердің және басқа адамдардың берешегі» шоты синтетикалық шот болып табылады, оған қызметкерлердің аты-жөні бойынша аналитикалық шот ашуға болады.
Іс жүзінде синтетикалық және аналитикалық шоттардан басқа ішкі шоттар (субшоттар), яғни синтетикалық және аналитикалық шоттар арасындағы аралық буын қолданылады, олардың көмегімен осы синтетикалық шот ішіндегі жекелеген объектілер қорытындыланған мәліметтерді алу үшін аналитикалық шот мәліметтерін қосымша топтастыру іске асады.
Шаруашылық операцияларын шоттарға жазу тәртібі
Шаруашылық операцияларының әсерінен кәсіпорын активтері мен олардың құралу көздерінің құрамында болатын екі жақты өзгерістербухгалтерлік есептің екі объектісіне өзгеріс енгізеді, яғни кәсіпорында орындалған шаруашылық операциялары бухгалтерлік шоттарда екі жақты көрініс табады. Ол екі жақты жазу әдісін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Екі жақты жазу деп – орындалған шаруашылық операциясының бір мезгілде бірдей сомаға екі шотта көрініс табуын, яғни бір шоттың дебетінде екіншісінің кредитінде жазылуын айтады. Мысалы: есеп айырысу шотынан 10000 теңге банктің қысқа мерзімді несиесі қайтарылды. Бұл сома есеп айырысу шотының кредитіне, ал банк несиесі шотының дебетіне жазылады.
Кәсіпорында орындалған әрбір шаруашылық операциясын екі жақты жазу әдісінің көмегімен шоттарға жазу кезінде сол шоттардың арасында өзара байланыс пайда болады.Бұл байланысты шоттар корреспонденциясы деп атайд, ал екі жақты жазудың көмегімен бір-бірімен өзара байланысқан шоттарды коррепонденцияланушы шоттар дейді.
Шоттар корреспонденциясы қарапайым және күрделі болады.
Орындалған шаруашылық операциясын бейнелеуде белгілі бір сомаға бір шот дебеттеліп, екінші шот кредиттелінетін шоттар корреспонденциясын қарапайым корреспонденция деп атайды. Мысалы, есеп айырысу шотынан кассаға нақты ақша алынды.
Орындалған шаруашылық операциясын бейнелеуде белгілі бір сомаға бір шот дебеттеліп, бірнеше шоттар кредиттелетін немесе керісінше, бірнеше шоттар дебеттеліп бір шот кредиттелінетін шоттар корреспонденциясын күрделі корреспонденция деп атайды. Мысалы: негізгі өндіріске кәсіпорын қоймасынан шикізаттар мен қосалқы бөлшектер босатылды.
Бухгалтерлік есептің шоттар жоспары
Шоттарды жіктеу бухгалтерлік есеп тәсілінің маңызды элементі ретінде шоттар жүйесін сипаттайды, қаражат пен шаруашылық процестерін жүзеге асыру үшін оларды дұрыс қолдануға мүмкіндік береді. Бухгалтерлік есепте қолданылатын шоттар оларда есепке алынатын объектілерінің экономикалық мәні жағынан, міндетті , құрылымдық ерекшеліктері және тағы басқа белгілері бойынша бірдей емес. Осыған байланысты оларды сапалық біртекті топтарға бөліп жіктеу, топтастыру талап етіледі. Бұл шоттардың әрбір жекелеген топтарына тән ерекшеліктерді анықтауға, олардың мазмұны мен есепте қолданылу тәсілдерін түсінуге мүмкіндік береді.
Шоттарды екі белгісі бойынша жіктейді: Экономикалық мәні жағынан, қаражат пен шығу көздерін жіктеу негізге алынған.Бұл жіктеу сол немесе басқадай щоттарда не есепке алынатынын анықтауға, нәтіжесінде, есеп объектілері туралы жүйелі экономикалық ақпарат алуға мүмкіндік береді;
Міндеті мен құрылымы жағынан, назардағы объекті туралы сондай немесе басқадай экономикалық көрсеткіштерді алу үшін қандай шоттар қолданылуға тиісті екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Екі жіктеу де өзара тығыз байланысты және өзара шарттасылған. Шоттарды құру, оның құрылымы айналымдардың дебет пен кредит бойынша сипатын, оның сальдосын анықтайды. Шоттарды құру тек экономикалық мәні жағынан емес, оның міндетіне де байланысты. Кейбір шоттар материалдық құндылықтарды қозғалысы мен жағдайын көрсету үшін, басқалары - өнім өндіруге жұмсалатын шығынды есептеу үшін, үшіншілері – кірістерді анықтау үшін қолданылады.
Бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары деп- шоттарды олардың экономикалық мазмұны бойынша жіктеу негізінде жасалынған бухгалтерлік есеп шоттарының жүйеленген тізімі.
Бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары 8 бөлімнен тұрады:
Қысқа мерзімді активтер;
Ұзақ мерзімді активтер;
Қысқа мерзімді міндеттемелер;
Ұзақ мерзімді міндеттемелер;
Капитал және резервтер;
Табыстар;
Тақырыбы: Шоттар жүйесі және екі жақты жазу
|
|
Бухгалтерлік шоттар дегеніміз –шаруашылық операцияларын кәсіпорын активтері мен олардың құралу көздерінің (міндеттемелер және капитал) экономикалық мазмұны жағынан біртекті объектілері бойынша жүйелеп топтастыруды айтады. |
|
|
Активті шоттар бойынша соңғы қалдық мына формуламен анықталады: С2=С1+ДТайналым-КТайналым;
Пасивті шоттар бойынша соңғы қалдық мына формуламен анықталады: С2=С1+КТайналым-ДТайналым;
|
Алынатын ақпараттардың түріне және мәліметтермен қамтамасыз етілуіне қарай бухгалтерлік шоттар екіге бөлінеді:
|
Екі жақты жазу дегеніміз- орындалған шаруашылық операцияларының бір мезгілде бірдей сомаға екі шотта көрініс табуын, яғни бір шоттың дебетінде екіншісінің кредитінде жазылуын айтады. |
Шоттар корреспонденциясы дегеніміз- шаруашылық операцияларының екі жақты жазу әдісінің көмегімен жазылуы нәтижесінде шоттардың арасында пайда болатын байланыс. |
Шоттар корреспонденциясының екі түрі бар:
|
Бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары деп- шоттарды олардың экономикалық мазмұны бойынша жіктеу негізінде жасалынған бухгалтерлік есеп шоттарының жүйеленген тізімі. |
Бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары:
|