
- •Бухгалтерлік есептің концепциясы, стандарттары және қағидалары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Дәріс-3. Шоттар жүйесі және екі жақты жазу
- •Шоттар жүйесі және екі жақты жазу
- •Негізгі әдебиеттер
- •Дәріс - 4. Кірістер мен ақша қаржаттар есебінің тәртібі
- •Тақырып 6. Айналымнан тыс активтер: есебінің тәртібі, тозуы мен амортизациясы
- •Табыстар мен шығындарды анықтау, тану критерийлері
- •Негізгі қызметтің табыстары мен шығындарының есебі
- •Өнімдерді сатудан (жұмыс, қызмет) түскен табыстар мен шығындар есебі
- •Кезең шығындарының есебі
- •8 Тақырып. Меншікті және тартылған капитал есебінің тәртібі
- •Тақырып 9. Қаржылық есептілікті дайындаудың тәртібі
Дәріс-1. Бухгалтерлік есептің концепциясы, стандарттары және қағидалары
Қарастырылатын сұрақтар:
Шаруашылық есептің жалпы сипаттамасы және оның түрлері.
Бухгалтерлік есептің мақсаты мен міндеттері.
Есеп ақпаратын пайдаланушылар және есепте қолданылатын өлшемдер.
ҚР-дағы бухгалтерлік есеп пен есептіліктерді реттеудің нормативтік жүйесі.
Бухгалтерлік есептің әдісі және негізгі элементтері.
Бухгалтерлік есептің концепциясы, стандарттары және қағидалары
Шаруашылық есептің жалпы сипаттамасы және оның түрлері
Шаруашылық есептің бір тұтас жүйесіне оперативті (жедел), статистикалық және бухгалтерлік есептер кіреді.
Оперативті (жедел) есеп – кәсіпорынның іс-әрекетін күнделікті бақылауға мүмкіндік береді, белгілі бір шаруашылық операциялардың жекеленген деректерін сол болған сәтінде, тікелей орнында өндіріс барысы (жұмысқа шығу, шықпау есебі, автокөлік, оның жүру есебі) туралы жүйелі ақпарат алу мақсатымен тіркеу жүйесі болып табылады. Оперативті есептің негізгі талабы- мәліметтерді алудың шапшаңдығы. Есепті бухгалтерлер, диспечерлер, бақылаушылар және тағы басқа қызметкерлер жүргізеді.
Статистикалық есеп – экономиканың әртүрлі салаларында жалпылама-көпшілік сипаты бар құбылыстарды, жалпы құбылыстарды олардың сапалық жағынан ажырамас байланыстағы сандық жағын зерттейді. Статистика оперативтік (жедел) және бухгалтерлік есептің мәліметтерін пайдаланады.
Бухгалтерлік есеп – кәсіпорынның шаруашылық қызметін үздіксіз құжаттық байқау мен оны бақылау жүйесі болып табылады. Бұл Қазақстан Республикасының бухгалтерлік және қаржылық есеп беру туралы заңдарымен, бухгалтерлік есеп стандарттарымен, сондай-ақ кәсіпорынның есеп саясаты мен реттелетін кәсіпкерлер, кәсіпорындардың операциялар жайлы ақпаратты жинау, тіркеу және жинақтап қорыту жүйесі. Есеп қатаң түрде, әр жазба тек арнайы рәсімделген құжат негізінде ғана жүргізіледі, бұл бухгалтерлік есептің бақылаушылық мәнін, оның күмәнсіз сенімділігін, шыншылдығын және тағы басқаларын арттырады.
Салықтық есеп – бухгалтерлік есептің салық заңдарының талаптарына сәйкес түзетілген мәліметтерін пайдаланады.
Бухгалтерлік есептің мақсаты мен міндеттері
Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты-барлық кәсіпорындарда орындалатын операциялардың уақтылы есепке алынып, олардың қазіргі күнгі уакыт талаптарына сай орындалуына, яғни жүзеге асырылуына бақылау жасау. Қоғамдық дамудың қай кезеңінде болмасын бухгалтерлік есеп кез келген кәсіпорында, яғни өнім өндіру мен оларды сату, пайдалану, бөлу үдерістері мен айналысу барысында жүргізілгендігі бүгінгі танда белгілі болып отыр. Бухгалтерлік есептің негізгі бағыты – кәсіпорындардағы есеп жұмысының сапасын артгыруға, есептеу жұмысының барысында қолданылатын, яғни толтырылатын құжаттардың қарапайым әрі түсінікті болуына және ондағы көрсеткіштердің пайдаланушыларға ыңғайлы болуына реттеліп жүргізіледі.
Бухгалтерлік есеп ұйымның есеп беру мен басқару, сондай-ақ экономикалық талдау жұмыстарының нақгы түрде жүзеге асырылуын қажетті ақпараттармен қамтамасыз етіп отырады. Бухгалтерлік есеіптің тексеру, қадағалау, жинақгау принциптерін жүзеге асыру арқылы меншік заңдылығы мен қаржы және қаржыландыру тәртібі, үнемдеу шаралары тиісті зандарға сай іске асырылады. Шаруашылық жұмыстарын әрі қарай дамыту, өнім өндірудің көлемін ұлғайту мақсатыңда бухгалтерлік есеп көрсеткіштері мен экономикалық талдау әдістерін кеңінен қолдана отырып, кәсіпорын бойынша іске асылмай келген резерв қорларын анықгап, оларды іске қосу үшін қажетті шаралар белгіленді. Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметгері мен көрсеткіштеріне сүйене отырып, экономикалық талдау кестелері жасалынады. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп жұмысының қорытынды құжатгары мен мәліметтеріне қарай әрбір ұжымның әлеуметтік дамуына және ондағы жұмысшы-қызметкерлердің материалдық ынталануына шаралар белгілеу жұмыстары іске асырылады. Бухгалтерлік есептің басты ерекшелігі сол, ол тек қана бастапқы және арнайы құжаттарға жазылып тіркелген нақтылы көрсеткіштер негізінде жүргізіледі. Кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың тиімділігі мен олардың заңдылығы, шығындардың орынсыз жұмсалынбауы, материалдық кұндылықгардың қатаң тәртіппен ұқыпты да тиімді жұмсалынуы бухгалтерлік есеп жұмысын жургізудің міндеті болып табылады. Бухгалтерлік есептің мәліметгері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті-халықшаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізу. Қоғамымыздың даму кезеңдерінің қай сатыларында болмасьн дамудың объективті экономикалық зандылықгарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.
Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты — ұйымның өз экономикалық және саяси жағдайына тән шаруашылык қызметін тиімді жолдармен басқаруға қажетті акпараттық мәліметтермен қамтамасыз ету. Қорыта келгенде, бухгалтерлік есептің негізгі басты мақсатына кәсіпорын жұмысының экономикалық тиімді түрғыдан орындалуы, ұйымның өзін-өзі қаржыландыруы мен табыс (пайда) табуы жатқызылады.
Есеп ақпаратын пайдаланушылар және есепте қолданылатын өлшемдер
Бухгалтерлік есеп кәсіпорындар мен ұйымдардың пайдаланушыларға берілетін қаржылық-ақпаратгық мәліметінің көлеміне және мінездемесіне қарай ұйымдастырылады. Бұл ақпараттық мәліметті пайдаланушылардың қатарына қаржы салымшыларын (инвесторларды), несие берушілерді (банк немесе банктен тыс мекемелер) және бірлесіп экономикалық қызмет жасаушыларды жатқызуға болады. Осы жоғарыда аталған кәсіпорындардың ақпаратын пайдаланушылар маңызды басқарушылық шешім қабылдау барысында кәсіпорынның қаржылық есебіне сүйенеді. Негізінен кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық-ақпараттық мәліметін пайдаланушыларды төмендегідей екі топқа бөліп қарастырады:
ішкі пайдаланушылар;
сыртқы пайдаланушылар.
Ішкі пайдаланушыларға осы кәсіпорында қызмет атқаратын тұлғалар, ал сыртқы пайдаланушыларға осы кәсіпорында қызмет атқармайтын, бірақ оның қаржылық жағдайына қызығушылығы бар заңды немесе жеке тұлғалар жатқызылады.
Сондай-ақ осы қаржылық-ақпараттық мәліметтерді пайдаланушылардың өзі төмендегідей санатқа бөлінеді:
• кәсіпорынды басқарушылар (басшылар);
кәсіпорыннан тыс орналасқан, бірақ оның қаржылық жағдайына тікелей қызығушылы бар тұлғалар;
кәсіпорынның қаржылық қызметіне жанама қызығушылығы бар тұлғалар.
Кәсіпорынды басқарушыларға осы .ұйымның алдына қойған мақсатына жетуіне және оның қызметіне толыктай жауапты адамдар жатқызылады.Бұндай адамдарға-кәсіпорынның иесі, кәсіпорынның басшысы, директорлар кеңесінің мүшелері, менеджерлер, бөлім басшылары және тағы да басқалар жатқызылады. Бұл аталған санатқа жататын адамдарды кәсіпорынның:
соңғы есепті жылдағы таза пайдасының көлемі (мөлшері);
нақты алынған табыс көлемінің жоспармен сәйкестілігі;
өндірген әрбір түрлі өнімнің өзіндік құны;
қызметтің қандай түрінен табыс көбірек алынатындығы және тағы да басқа жағдайлар қызықтырады.
Кәсіпорыннан тыс орналасқан, бірақ оның қаржылық жағдайына тікелей мүдделі тұлғалар болып: қаржы салымшылары (инвесторлар), несие берушілер, жабдықтаушылар және басқалар есептелінеді. Бұл тұлғалар өздерінің салған салымдары мен сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ берген несиелерінің уақтылы қайтарылатындығын білу ушін ұйымның қаржы тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігін зерттейді. Ал кәсіпорынның қаржылық қызметіне жанама мүдделі тұлғалардың қатарына: салық органы, министрліктер мен агенттіктер, аудиторлар, сақтандыру компаниялары, сатып алушылар мен тапсырыс берушілер және тағы да басқа занды немесе жеке тұлғалар жатқызылады. Кәсіпорынның бюджет және бюджеттен тыс мекемелерге берешек төлемдерін уақтылы төлейтіндігін, қаржылық ақпараттық мәліметтерінің дұрыстығын және өз жұмысшы-қызметкерлерімен еңбекақы бойынша уақтылы есеп айырысатындығын қадағалау осы, яғни кәсіпорынның қаржылық қызметіне жанама мүдделі тұлғалардың жұмысы болып табылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық-ақпараттық мәліметтерін пайдаланушылардың әр түрлі топтарының болуы, біртұтас бухгалтерлік есеп жүйесін екі бөлікке бөлді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы күнделікті болып отыратын барлық операцияларды, шаруашылык үдерістері мен шаруашылық құралдарының қозғалысын олардың өнім өндіруге катысуы мен оның нәтижесін есептеу үшін үш түрлі өлшем қолданылады.
Сандық (натуралдык) елшем.
Еңбек өлшемі.
Ақшалай өлшем.
Сандық (натуралдық) өлшем кәсіпорынның кіріске алынуға, есептен шығаруға және сонымен қатар түгендеуге тиісті өнімдері мен заттарын, материалдары мен негізгі құралдарын өлшеу, санау, көлемін анықтау үшін қолданылады. Бұл сандық (натуралдық) өлшемнің өзі өлшенетін шаруашылық құралдарының түріне қарай әр түрлі болып келеді.
Мысалы: ағашты өлшеу үшін - текше метр (куб/м), жерді өлшеу үшін - гектар, астықты өлшеу үшін - центнер және тағы да басқа өлшемдер қолданылады.
Бұл сандық (натуралдық) өлшемді қолдану санау, өлшеу арқылы есеп жұмысын жүргізу барысында қажет. Алайда өндірілген өнімдерді сандық (натуралдық) өлшемді пайдалану арқылы өлшеумен қатар олардың сапасына және түріне қарай есеп жүргізудің маңызы зор. Сандық (натуралдық) өлшеммен коса өнімнің сапасын сипаттайтын сапалық өлшемдерді пайдалану арқылы өндірілген өнімнің теменгі және жоғары дәрежедегі сапасын анықтауға болады. Бірақ та тек қана сандық (натуралдық) өлшем арқылы жүргізілген есеп мәліметтері негізінде ұйымның жұмысына толық және жан-жақты талдау жүргізуді жүзеге асыру мүмкін емес.
Мысалы: тоннамен есептелінген 100 (бір жүз) тонна отынға (көмірге) текше метрмен есептелінген 150 (бір жүз елу) текше метр отынды (мұнайды) қоса салып, 250 (екі жүз елу) тонна немесе 250 (екі жүз елу) текше метр отын деп есептеу мүмкін емес.
Еңбек өлшемі өнім ендіруге және қызмет көрсетуге жұмсалынған жұмыс уақытын өлшеуге арналған. Басқаша айтатын болсақ еңбек өлшемі бір дана өнімді өндіруге қажетті уақытты анықгауға немесе белгілі бір уақыт (мезгіл) аралығында өндіріліп шығарылатын өнім санын анықтауға арналған. Бұл еңбек өлшемі жұмыс күнінің саны, сағаты және минуты сияқты уақыт өлшемдерін қолдану арқылы жүргізіледі. Жұмыс уакытының көрсеткіштері кәсіпорындағы жұмысшылар мен қызметкерлерге тиесілі еңбекақы сомаларын және еңбек нормалары мен оның өнімділігін есептеу үшін қажет. Алайда еңбек өлшемі жұмсалынған еңбек күшінің нақты санын анықтауға немесе өлшеуге толық түрде нәтиже бере бермейді. Олар көп жағдайларда сандық (натуралдық) өлшеммен бірге қосылып қолданылады.
Мысалы: жұмысшының өнімді өндіруге, жасап шығаруға кеткен уақыты (адам күні, сағаты) мен сол уақыттағы өндірілген өнімінің санын анықтау арқылы еңбек өнімділігі көрсеткішін есептеуге болады. Мұндағы өндірілген өнім саны сандық (натуралдық) өлшемге, ал оны өндіруге кеткен уақыт (адам/сағат) еңбек өлшеміне жатқызылады. Еңбектің ой еңбегі мен қол еңбегі болып бөлінуіне және еңбекті атқаратын адамдардың жұмысының түріне байланысты оларға жұмсалған барлық еңбекті ақшалай өлшемге айналдыруға тура келеді.
Ақшалай өлшем кәсіпорындағы жұмсалған шығындар мен алынған табысты, өндірілген өнімдер мен тағы да басқалардың есебін жүргізу үшін қажет. Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу барысында ақшалай өлшем көбіне сандық (натуралдық) өлшем және еңбек өлшемімен бірігіп барлық мәліметтерді жинақтап қорытындылау үшін қолданылады.
Мысалы: құрылысты салуға кеткен барлық шығынның құнын анықтау үшін, сонымен қатар өндірілген өнімдерді, сатылып алынған тауарды сату, бағалау және тағы басқалары үшін ақшалай өлшем көп қолданылады. Кәсіпорынның балансын құру барысында да тек қана ақшалай өлшем қолданылады.
Бухгалтерлік есептің әдісі және негізгі элементтері
Кәсіпорындар мен ұйымдарда болып отыратын күнделікті операциялардың, үдерістердің маңызы әр түрлі. Осы үдерістермен операцияларды бухгалтерлік есептің көмегімен бақылап, тексеріп олардың дұрыс орындалғандығын немесе орындалмай жатқанын қарап, одан нәтиже шығарып отыруға болады. Осы айтылғандардың орындалуы барысында бухгалтерлік есепте әр түрлі тәсілдер қолданылады. Сол барлық қолданылатын тәсілдердің жиыны және олардың ғылыми тұрғыдан басқарылатындай бір жүйеге келтірілуі бухгалтерлік есептің әдістері болып саналынады.
Бухгалтерлік есептің әдістері келесідей түрлерден тұрады: құжатгау, түгендеу, шоттар, екі жақты жазу, бағалау, калькуляциялау, бухгалтерлік баланс, есеп беру. Құжаттау. Барлық ұйымдарда өздерінің күнделікті жұмысы барысында әр түрлі шаруашылық операциялары орындалады. Ал бүл операцияларды бухгалтерлік есепке алу үшін оларға алдымен құжаттар толтырылуы қажет. Құжат орындалған операцияның жазбаша түріндегі анықтамасы болып табылады. Құжатқа орындалған операцияның аталуы, мазмұны, орындалған уақыты, өлшем бірлігі, орыңдаушы немесе тапсырушы мен қабылдап алушы адамдардың аты-жөні және тағы басқа дерекгер толтырылады. Құжаттар занды түрде белгіленген дәлелді ақпаратық мәлімет болып есептеледі. Қүжатта міндетгі түрде көрсетілуге тиісті мәліметтерді деректеме (реквизит) деп те атайды.
Түгендеу. Ұйымның шаруашылық операцияларының орындалуы барысында барлық операцияларын сол сәтінде құжатқа жазуға мүмкіндік бола бермейді. Тіпті құжаттар толтырылғанның өзінде де қателіктер кетуі мүмкін және материалдарды сақтау кезінде олар табиғи кеміп азайып отырады. Соған байланысты кәсіпорындағы өндіріліп шығарылған дайын өнімдерді, басқа ұйымдардан алынған заттарды, сондай-ақ басқа да қолда бар құралдарды, мүліктерді тексеріп, түгендеп тұрмаса олардың жоғалуына немесе ұрлануына жол берілуі мүмкін. Сондықтан түгендеу әдісі аркылы кәсіпорын өзінің нақты қолда бар материалдық құлдылықгары мен ақшаларын және тағы да басқа мүліктерін есептегімен (құжаттағымен) салыстырып отырады.
Шоттар. Бухгалтерлік есеп шоттары дегеніміз - шаруашылық құралдары мен олардың қорлану көздерін белгілі бір ұқсастықтарына және маңызы мен көрсеткіштеріне сәйкес жинақтап топтау құралдары болып табылады. Жалпы шоттар ұйымның шаруашылық үдерістерінің, сондай-ақ активтермен олардың қорлану көздерінің түрлеріне қарай ашылады. Шоттар кәсіпорында күнделікті болып отыратын операцияларды үздіксіз жазып отырмай, оларды экономикалық маңызына қарай топтап жазу үшін пайдаланылады. Жалпы айтқанда ұйымның активтері мен міндеттемелеріндегі және меншікті капиталындағы әрдайым болып отыратын операцияларды бір жүйеге келтіріп топтап, ақшалай түрде есептеу үшін бухгалтерлік есепте қолданылатын әдісті шоттар деп атайды.
Екі жақты жазу әдісі. Шаруашылық үдерістері барысында орындалатын әрбір операция негізінде кәсіпорынның қаржылары мен олардың пайда болу көздерінде екі жақты және тең өзгерістер болып отырады. Олар екі жақты жазуды керек етеді, яғни бір шоттың дебетінде, екінші шоттың кредитінде бірдей сомада көрсетілуі қажет. Ұйымдардағы мүндай күнделікті болып отыратын операцияларды, үдерістерді бір шоттың дебетіне және екінші шоттың кредитіне жазып есептеп отыру үшін қолданылатын әдіс бухгалтерлік есепте екі жақты жазу әдісі деп аталады.
Калъкуляциялау әдісі. Қандай ұйым болмасын белгілі бір қызметпен айналысатындығы белгілі (өнім өндіру, қызмет көрсету, сатып алып-сату тағы басқалары сияқты). Осы үдерістерді орындау барысында кәсіпорын жұмысшы күшін, еңбек қүралын және материалдық құндылықтарды пайдаланатын болғандықтан барлық кеткен жұмсалған шығындардың жиынтығын анықтауына тура келеді. Бұл шығындардың жиыны өндірілген өнімнің, көрсетілген қызметтің өзіндік құнын құрайды. Сондай-ақ ол ұйымды басқару үшін қажетті ақпараттық мәлімет болып табылады. Бухгалтерлік есепте оны, яғни өндірілген өнімнің, көрсетілген қызметтің нақты өзіндік құңын анықгау әдісін калькуляциялау деп атайды.
Бағалау әдісі. Бухгалтерлік есепте материалдық құндылықтар ақшалай өлшеммен есептелінеді. Кәсіпорындағы мүліктердің (активтердің) және міндеттемелердің құнын ақшалай өлшемге айландырып есептеу әдісін бухгалтерлік есептің бағалау әдісі деп атайды.
Бухгалтерлік баланс. Кәсіпорынның активтерімен (шаруашылық қорларымен) олардың қорлану көздерінің белгілі бір мерзімге бір жүйеге келтіріліп, ақшалай өлшем түрінде теңестіріліп екі жақты кестеде бейнеленуін бухгалтерлік баланс деп атаймыз. Оның сол жағында кәсіпорынның активтері, ал оң жағында қорлану көздері, яғни міндетгемелері мен меншікті капиталы бейнеленеді.
Қорытынды есеп. Ұйымның қандайда бір өткен уақыт аралығындағы, есепті кезеңдегі операцияларының, шаруашылық үдерістерінің қорытындыланып, белгілі бір есеп беретін күнге бір жүйеге келтірілуі қорытынды есеп деп аталады. Қорытынды есептің құрамына кәсіпорынның бухгалтерлік балансы, меншікті капиталының өзгерісі туралы есебі, қаржы нәтижесі туралы есебі, ақшаларының қозғалысы туралы есебі, түсініктемелік хаты (жазбасы) және басқа да бухгалтерлік есеп стандарттарында көрсетілген ақпараттық мәліметтері кіреді.