6. Файлдар мен каталогтарды (бумаларды) көшіру, тасымалдау және жою
Графиктік емесе операциялық жүйелерде файлдарды көшіру және тасымалдау операциялары командалық жол өрісінде нақты команданы енгізумен орындалады. Осы кезде команда аты, каталогқа кіру жолы көрсетіледі.
Графиктік операциялық жүйелерде осы командаларды орындауға мүмкіндік беретін позиция құрылғысымен жұмыс істеу әдістері бар.
Мәліметтерді жоюдың екі режимі бар: жою, қалпына келтірмейтіндей жою.
Файлдарды жою уақытша болып табылады. Windows 9S және Windows 98 операциялық жүйелерінде Қоржын деп аталатын арнайы бума көмегімен ұйымдастырылған. Файлдар мен бумаларды жою кезінде олар Қоржынға тасымалданады. Бұл операция операциялық жүйенің файлдық құрылымы деңгейінде жүреді. Қатты дискінің файлдық жүйесі деңгейінде файлдар қай жерде жазылса, сол секторларды қалады.
Қалпына келтірмейтіндей жою оларды MS-DOS операциялық жүйесіндежою кезінде немесе Windows 95/98 операциялық жүйелерінде Қоржынды тазалау кезінде жүреді. Бұл жағдайда операциялық жүйенің файлдық құрылымынан файл түгелдей жойылады, бірақ дискінің файлдық жүйе деңгейінде тек біршама өзгерістер ғана болады.
Бума (folder) экранда каталогтарды және программалық топтарды белгілеу үшін қолданылады. Мұның мағынасы мынада: каталог пен программалар тобы белгілі бір обьектілерді орналастыруда қолданылатын контейнер болып табылады. Бума- каталог, директори ұғымының баламасы болып табылады. Каталог – файлдарға арналған контейнер, программалық топ – жеке программаларға арналған контейнер, т.с.с. Әрине мұндай контейнерлер әр обьект үшін әр түрлі болуы мүмкін. Бірақ олармен атқарылатын біртектес бола береді
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
«Шет тілі» кафедрасы Барлық мамандықтардың студенттері үшін «Информатика» пәні бойынша
ӨЗІНДІК ЖҰМЫС МАТЕРИАЛДАРЫ Күндізгі/сырттай оқу формасы
Қабылдаған: Анафина Айша Ермекқызы Орындаған: Есдәулет Қымбат Тобы: ШТА-а
Павлодар 2014 ж
|
