3. Каталогтар
Файл атаулары каталогтарда (немесе директорияларда) дисктерде тіркеледі. Windows-та каталогтарды бума деп атайды.
Каталог – бұл файл аттары, файл өлшемі туралы мәліметтер, олардың соңғы жаңартылуы, файл атрибуттары (құрамы) және т.б. сақталатын дискідегі арнайы орын.
Егер каталогта файл атауы сақталса, онда бұл файл берілген каталогта орналасқан. Әрбір дискте бірнеше каталог болуы мүмкін.
Барлық каталогтар арнайы түрдегі файлдар болып табылады. Әрбір каталогтың өз аты бар және ол басқа каталогта тіркелуі мүмкін. Егер X каталог Y каталогта тіркелген болса, онда X - подкаталог (немесе бағыныңқы каталог), ал Y – надкаталог немесе Х үшін аналық каталог.
Әрбір дискте бір басты немесе түпкі каталог болады. Мұнда файлдар мен подкаталогтар тіркеледі.
Түпкі каталогтан бастап, ағаш бұтағы тәріздес қажет файлға немесе подкаталогқа дейін түсуге болады.
Әрбір каталог келесілерден тұрады:
тек файлдардан
тек подкаталогтар
файлдар мен подкаталогтар
бос
Түпкі каталогтың аты пайдаланатын дискілік құрылғының атауымен бірдей болуы керек. Егер қатты диск бірнеше бөлімшелерге C:, D:, ... бөлінген болса, онда оның әрбіреуінде бір-бірімен байланыспаған өз файлдық құрылымы құрылады.
4. Файл спецификациясы
Жол – бұл "\" символмен бөлінген каталог атауы немесе ".." символының жиынтығы. Бұл жол дискінің ағымды каталогынан немесе түпкі каталогынан керек файл сақталған каталогқа маршрут береді. Егер жол "\" символынан басталса, онда маршрут дискінің түпкі каталогынан басталады, әйтпесе ағымды каталогтан.
Файлдың толық атауы мына түрде беріледі ([ ] жақшалармен қажет емес элементтер белгіленеді):
[дисковод:] [жол\]файл-атауы
яғни файл сақталған каталогқа жол және "\" символымен бөлінген файл аттарынан тұрады.
Файлдардың толық аттарына мысал:
С:\DOS\RAB\PROG1.exe |
- prog1.exe файлы қатты дискіде (C: бөлігі) DOS каталогына кіретін RAB подкаталогында жазылған |
D:\DOKUMENT\tablica.txt |
- tablica.txt файлы қатты дискіде (D: бөлігі) DOKUMENT каталогында сақталған |
A:\file1.txt |
- file1.txt файлы осы уақытта сәйкес құрылғыда орналасқан дискеттің түпкі каталогында |
5. Файл атрибуттары
Атрибуттар – файл құрамын анықтайтын қосымша параметрлер. Операциялық жүйе оларды бақылауға және өзгертуге мүмкіндік береді.
Негізгі атрибуттар төртеу:
тек оқуға арналған – R (Read only)
Тек қана оқуға арналған атрибут файлмен жұмыс істеу мүмкіндігін шектейді. Мұнда файлды жаңарту немесе жою кезінде жүйелік әдістермен қате іс-әрекет жасалғаны туралы шығады. Файл атрибуты кездейсоқ өзгертулер немесе жоюдан файлды қорғау үшін орнатылған.
жасырын – Н (Hidden)
Жасырын атрибуты фалдық операциялар жүргізу кезінде экранға берілген файлды көрсетпеу керектігі туралы операциялық жүйеге сигнал береді. Бұл шара файлдың кездейсоқ бүлінуіне қарсы іс-әрекет.
жүйелік – S (System)
Жүйелік атрибутымен операциялық жүйенің жұмысында маңызды функциялары бар файлдар белгіленеді. Оның ерекшелігі, операциялық жүйе мүмкіндіктерімен оны өзгертуге болмайды. Жүйелік атрибуты қойылған көптеген файлдарда Жасырын атрибуты қойылған файлдар да бар.
архивтік – A (Archive)
Архивтік атрибуттар резервті көшіру программаларының жұмысы үшін пайдаланылған. Файлды өзгертетін кез келген программа осы атрибутты автоматты түрде қою керек, ал резервті көшіру әдісі оны қабылдамайды деп есептелінген. Демек, келесі резервті көшіруге атрибуты орнатылған файлдар ғана жатты
Осы атрибуттардың әрқайсысы орнатылуы немесе орнатылмауы мүмкін.
Файлдарды архивтеуден басқа келесі іс-әрекеттерді жүргізуге болады:
құру
жою
атын өзгерту
бір каталогтан екінші каталогқа көшіру
файл атымен дискіден және ондағы символдар жолынан табу (Norton Utilities-тен filefind программасы)
егер файл байқаусыздан жойылса (Norton Utilities-тен unerase программасы), онда кейбір жағдайдарда қалпына келтіруге болады
Бұл әрекеттерді жеке файлдармен және файл топтарымен орындауға болады.
