Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-апта.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38.18 Кб
Скачать

3. Төмендегі сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз.

  1. «Қызды қырық үйден тию» дегенді қалай түсіндіресіз?

  2. «Оң жақта отырған қыз» деп кімді айтады?

  3. Қазақта қызға әкесі мен ағасының қарым-қатынасы қалай болған?

  4. Төркін дегенді қалай түсінесіз?

  5. Төркіндеп келу дегеніміз не?

4. Берілген тірек сөздермен суреттегі қазақ қызының портретін жасаңыз.

Тірек сөздер: қазақ қызы, аты, жасы, оң жақта отырған, тұрмыс құрмаған қыз, сыпайы, әдепті, қылықты, жәрдем береді, үлкендерді, дөрекі сөйлемеу, сөлекет қылық көрсетпеу5. Диалогты жаныңызда жұбыңызбен оқыңыз, қарамен белгіленген сөздер мен мақалдың мағынасын түсіндіріңіз.

  • Әже, «Қызға қырық үйден тию» деген не?

  • Қызым, оның мағынасы қызға тыйым көп деген сөз.

  • Тыйым деген не?

  • Тыйым деген – істеуге болмайтын нәрселер.

  • Әже, сіздің төркініңіз бар ма?

  • Әрине, ботам. Қанатбай, Қанатай, Сарқытбай аталарыңды білесің бе?

  • Иә. Олар сіздің бауырларыңыз ғой.

  • Иә. Менің бауырларым, туғандарым – менің төркінім.

  • Әже, сізді қанша жасыңызда ұзатты?

  • Он сегіз жасымда ұзатты.

  • Сонда сіз университетте оқыған жоқсыз ба?

  • Мен енемнің университетінде оқыдым, айналайын.

  • Әже, «оң жақта отырған қыз» деген не?

  • Ол – тұрмысқа шықпаған қыз. Мысалы, Айжан әпкең оң жақта отырған қыз.

6. «Отбасылық құндылықтар: бұрын және қазір» деген тақырыпта эссе жазыңыз.

3-сабақ

Отбасы және ұлттық дәстүрлер

1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қазақ отбасындағы ұлттық дәстүрлер деген не?

2. Отбасылық дәстүрлерге не жатады?

2. Мәтінді оқып, түсінгеніңізді айтыңыз.

Ер жігіттің үш жұрты

Қазақ халқының дәстүрі бойынша әр азаматтың үш жұрты болады. Олар: өз жұрты, нағашы жұрты және қайын жұрты. Бұл үшеуі де сүйеніш, қорғаныш болып саналады. Халық осы үш жұртына былай деп баға берген.

Өз жұрты (ағайын) деп әр адамның өз жұртын, яғни бір туған, қаны бір, жеті атаға дейінгі рулас, аталас туыстарын айтамыз.

Ағайын немесе туыс деп бір рудан өрбіген ұрпақтар қауымы мен бірілігін айтады. Бұлар бір қауым, бір ауыл болып, бір-бірікне қамқорлық жасап, қиын сәтте қол ұшын беруге міндетті.

Туыстар жеті атаға дейін туыстықты үзбейді және қыз алыспайды. Қазақтың бұл заңының ғылыми-генетикалық жағынан да дәлдігі анықталып отыр. Жеті атаға толғаннан кейін ру ақсақалдары, дін басшылары жиылып, боз бие сойып, баталасып, қыз алысып, қыз беруге рұқсат етеді. Бұл дәстүр бүгінге дейін сақталып әрі жалғасып келеді.

Қайын жұртқа жігіт үшін әйелінің, әйел үшін күйеуінің ата-баба әулеті және оның туысқандары жатады.

Нағашы жұрт – туған ананың әке-шешелерінен бастап, барлық аталас ағайын-туыстары мен оның үрім-бұтақтары.

Нағашы (ер, әйел) – ананың төркін жұрты. Нағашы – үш жұрттың ішіндегі ең сыйласы. Олар жиенін әрқашан еркелетіп, сұрағанын беріп отырады. Тек туған нағашысы ғана емес, сол рудың барлығы да жиенге нағашы боп саналады. Нағашының жолы үлкен. Нағашылық жасқа қарамайды. Кейде жиен нағашыдан үлкен болуы да мүмкін.

Нағашы жұрттың еркек-әйелдері тиісінше нағашы ата, нағашы аға, нағашы іні, нағашы әже, нағашы апа, нағашы жеңге, нағашы қарындас деп аталады.

Есте сақтаңыз!

Глоссарий:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]