Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-апта.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38.18 Кб
Скачать

1-апта

Тақырып атауы: Отан – отбасынан басталады

Тақырып мазмұны:

1. Отбасы – шағын мемлекет

2. Отбасы және ұлттық құндылықтар

3. Отбасы және ұлттық дәстүрлер

4. Көшеде жүру тәртібі

1-сабақ

Отбасы – шағын мемлекет

1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. «Қара шаңырақ» дегеніміз не?

2. Қазақтың отбасылық тәрбиесі туралы не білесіз?

Есте сақтаңыз!

Глоссарий:

қара шаңырақ → юрта главы большой семьи (дом отца по отношению к сыновьям)

арна1) русло (реки); 2) перен. колея; направление; русло

сүйеніш-поддержка

ерлі-зайыптылар –супруги

отбасының панасы – защитник семьи

асыраушы-1. содержатель, 2.кормилец

тілеуқор-1. сочувствующий; солидарный; 2. доброжелатель; единомышленник

ақ ниетті-честный; чистосердечный

өмір тұтқасы –опора жизни

мейірбан-милосердный

ақылшы-советник

ананың ақ сүтін ақтау -выполнить сыновний долг перед матерью (букв. оправдывать материнское молоко), оправдать заботы матери

қарсы келу-противодействовать; сопротивляться

қайны-младший брат или родственник мужа или жены; шурин

қайнаға-старший брат или сородич жены или мужа

балдыз-1) свояченица (младшая сестра жены); 2) шурин (младший брат или иной младший родственник жены)

қонақасы-специально устроенный обед (по случаю)

кекету-насмехаться

қайын ата-тесть

күшік күйеу- зять, проживающий в доме тестя

келін-сноха невестка

иілу-гнуться сгибаться склоняться

ене-1. свекровь; 2.тёща

келін қайын ененің топырағынан жаралады → сноха из того же теста, что и теща (т.е. они по характеру, по складу ума

қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда → этн. дочка, говорю тебе, а ты сноха прислушивайся (свекор или свекровь не может непосредственно обращаться к снохе или делать ей замечания, а говорит своей дочери, чтобы сноха поняла)

2. Мәтінді оқып, түсінгеніңізді айтыңыз. Отбасындағы қарым-қатынастар

Ата-ана – бір отбасының екі арнасы, бала-шағаның тірегі, сүйеніші. Ұрпақтары үшін ата әке, ана шеше деп аталады. Ата-ана парызы – өмірге ұрпақ әкеліп, оны тәрбиелеп өсіру. Бұл екеуін халық ерлі-зайыптылар деп атайды.

Қазақ отбасында әйелі күйеуінің атын атамай, «отағасы» десе, күйеуі әйелін «бәйбіше» деген. Үйдің қожайыны ер адам болғандықтан, ол жеке шешім қабылдай алған, ал әйел адам ерінің келісімінсіз шешім қабылдай алмаған.

Әке – отбасының панасы, айбары, асыраушысы және тәрбиешісі. Бала үшін әке сөзі қашанда – заң.

Ана – өмір тұтқасы, өмірге адам әкелуші, тәрбиеші, тілеуқор, ақ ниетті, мейірбан жан. Ол – отбасының берекесі, ырысы, ақылшысы. Ана алдында батыр да, ақын да, ғалым да кіші. Қазақта «ананың ақ сүтін ақтау» деген аса қасиетті ұғым бар. Бұл әр ұл мен қыз ата-анаға мәңгі қарыздар, ұрпақтары бұл адамдарды айрықша сыйлауға, құрметтеуге тиіс, оларға қарсы келуге, ренжітуге, айтқанын орындамауға болмайды дегенді білдіреді.

Ер адам әйелінің туыстарына күйеу немесе күйеу бала болады. Ер адамның күйеу ретінде атқаратын рөлінің де өзіндік ерекшеліктері бар. Қайнылар алдында күйеудің жолы кіші болғанмен, ол – сыйлы адамдардың бірі.

Әйелінің ағалары күйеуге қайнаға (олар күйеуден жас, кіші болса да) болады. Күйеу әйелінің апаларын қайын апам деп, сіңлілері мен інілерін балдызым деп, олармен әзілдесіп ойнай береді.

Қонақасы бергенде күйеуге төс тартылады. Күйеу төрге отырмайды, бас ұстамайды. Жас күйеу табаққа бата бермейді.

Егер күйеу қайын атасының қолында тұрса, оны ел кекетіп, күшік күйеу деп атайды.

Әйел адам күйеуінің әке-шешесіне, т.б. жасы үлкендеріне келін болады. Келіннің де өзіндік міндеттері бар. Келін – бүкіл ауылдағы жолы кіші адам. Дәстүр бойынша ол кездескенде өзінің күйеуінен үлкендердің бәріне де орнынан тұрып, иіліп сәлем жасауға тиіс және ең төменгі орынға отырады. Мұндай жасты ел ибалы, әдепті келін деп, жақсы көрген. Күйеуінің анасы келінге ене болады. «Келін қайын ене топырағынан» дейді халық, бұл келіннің басты тәрбиешісі оның енесі, келіннің қандай болатыны енесіне байланысты дегенді білдіреді. Көргенді ене келінінің кемшілігін бетіне айтпай, «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда» деп тұспалмен жеткізген. Бұл да отбасы тыныштығын, береке-бірлігін сақтаудың бұлжымас заңдарының бірі.

Қазақ қашанда ағайынның арасындағы татулықты, ынтымақты дәріптеген халық. Әулеттің тұтастығын бір ауыз сөзбен «Ағайын тату болса, ат көп, абысын тату болса, ас көп» деп жеткізген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]