
- •«Астана медицина университеті ақ» «Еңбек гигиенасы мен коммунальды гигиена кафедрасы»
- •Астана 2014 Жоспар.
- •III.Қорытынды.
- •IV.Қолданылған әдебиеттер тізімі.
- •1. Ауруханалық, ана мен бала денсаулығын қорғау ұйымдары, епм оепрациялық блоктағы желдету жүйесі.
- •2. Денсаулық сақтау объектілерін желдетуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар.
- •Қорытынды.
- •Әдебиеттер:
Қорытынды.
Қорытындылай келетін болсақ оепрациялық блоктағы желдеткіш жүйесі күрделі механизм екеніне көз жеткіздік. Ауаны тазалау, кодициялау, сүзгіден өткізу , желдету талаптары мен нормаларымен танысып шықтық. Денсаулық сақтау объектілерінің үй-жайларындағы микроклимат пен ауа ортасының тиімді жағдайлары желдету, ауа баптау және жылыту жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Сору-сыртқа таратудың желдеткіш жүйелері тазалық сыныбына сәйкес үй-жайлар топтарына қызмет көрсетеді.
Желдеткіш және ауа өткізгіштердің ауа баптау жүйелерін профилактикалық тексеру, жөндеу, механикалық сору-сыртқа тарату желдеткіші және ауа баптау жүйелерін тазарту және дезинфекциялау бекітілген кестеге сәйкес жүргізілетінін білдік. Операция жасайтын блоктрада ауа бактерицидтік сүзгіш арқылы тазартылып, берілуге тиіс.
Операция жасайтын бөлмелерде жүргiзiлген медициналық-технологиялық үдерiстер барысында ауаға бөлінiп шығатын зиянды заттарды сору үшiн қажеттiлiгiне қарай жергiлiктi сорғыш құралдармен немесе сору шкафтарымен жабдықталуы тиіс.
Денсаулық сақтау ұйымдарында желдеткіш жүйелерін тазарту және дезинфекциялау тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
Сонымен қатар гигиенист дәрігер қандай ереже, норма мен бұйрық, қаулыларға сүйенуі, жүгіуі керек екеніне көз жеткіздік. Мысалға: «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі, "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 87 Қаулысы т.б.
Әдебиеттер:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі.
"Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 87 Қаулысы.
"Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 шілдедегі N 533 Бұйрығы.
"Ауруханалық, ана мен бала денсаулығын қорғау ұйымдарының құрылымына және оларды пайдалану барысына қойылатын талаптар" санитарлық ережелері мен нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық бас дәрігерінің 2002 жылғы 24 маусымдағы N 23 бұйрығы.