- •Сызықтық құрылымды алгоритмді бағдарламалау
- •Жұмыстың орындалу тәртібі
- •Теориялық бөлім
- •Жұмысты орындау үлгісі
- •Жеке нұсқалар бойынша тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Тармақталған құрылымды алгоритмді бағдарламалау
- •Жұмыстың орындалу тәртібі
- •Теориялық бөлім
- •If шарт Then 1-әрекет Else 2-әрекет;
- •Жұмысты орындау үлгісі
- •Жеке нұсқалар бойынша тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Шартты алдын-ала тексеру арқылы циклдік құрылымды алгоритмдерді бағдарламалау
- •Жұмыстың орындалу тәртібі
- •Теориялық бөлім
- •Жұмысты орындау үлгісі
- •Жеке нұсқалар бойынша тапсырмалар
- •Орындалатын тапсырмалар нұсқалары
- •Бақылау сұрақтары
- •Келесi шарт бойынша циклдік құрылымды алгоритмдерді бағдарламалау
- •Жұмыстың орындалу тәртібі
- •Теориялық бөлім
- •Жұмысты орындау үлгісі
- •Жеке нұсқалар бойынша тапсырмалар
- •Жұмысты орындау үлгісі
- •Жеке нұсқалар бойынша тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Екі өлшемді массивтермен жұмысты ұйымдастыру
- •Жұмыстың орындалу тәртібі
- •Теориялық бөлім
- •Var массив атауы : array [а1..Аn,b1..Bn] of элемент типі;
- •Var массив атауы : массив типінің атауы;
- •Жұмысты орындау үлгісі
- •Жеке нұсқалар бойынша тапсырмалар
- •Жұмысты орындау үлгісі
- •Жеке нұсқа бойынша тапсырмалар
- •Жұмысты орындау үлгісі
- •Жеке нұсқа бойынша тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Символдық қатарлар және оларға қолданылатын функциялар мен процедуралар
- •Жұмыстың орындалу тәртібі
- •Теориялық бөлім
- •Жұмысты орындау үлгісі
- •Жеке нұсқалар бойынша тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Аралас типті мәліметтермен жұмыс. Жазбалар
- •Жұмыстың орындалу тәртібі
- •Теориялық бөлім
- •Жұмысты орындау үлгісі
- •Жеке нұсқалар бойынша тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Жиын типтес мәліметтерді қолданып бағдарламалау
- •Жұмыстың орындалу тәртібі
- •Теориялық бөлім
- •Жұмысты орындау үлгісі
- •Жеке нұсқа бойынша тапсырмалар
- •Var ‹айнымалы›: ‹файл аты›
- •Var dan:File Of Integer; {бүтін сандардан тұратын файл}
- •Жұмысты орындау үлгісі
- •Жеке нұсқа бойынша тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Типтелген файлдармен жұмыс
- •Жұмыстың орындалу тәртібі
- •Жұмысты орындау үлгісі
- •Жеке нұсқа бойынша тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Графиктік операторларды қолданып бағдарламалау
- •Жұмыстың орындалу тәртібі
- •Теориялық бөлім
- •Жұмысты орындау үлгісі
- •Жеке нұсқа бойынша тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Әдебиет
Жеке нұсқалар бойынша тапсырмалар
Екі өлшемді массивтерді өңдеуге арналған есептерді шешу үшін алгоритмнің блок-схемасын және бағдарламасын құру керек.
Төмендегі тапсырмаларды орындау барысында әртүрлі қайталау операторларын қолдану керек.
Тапсырма нұсқалары:
А[n,m] екі өлшемді массиві берілген. Массивтің тақ қатарларында орналасқан элементтердің ең кішісін анықта.
А[n,n] екі өлшемді массиві берілген. Бас диагоналдан жоғары орналасқан жұп оң элементтердің көбейтіндісі мен санын есепте.
А[m,m] екі өлшемді массиві берілген. Қатарлардағы оң элементтердің қосындысын тап және оларды сәйкес қатардың жанама диагоналінің элементіне меншікте.
А[n,n] екі өлшемді массиві берілген. Бас және жанама диагоналдағы ең үлкен элементті анықтыңыз және оны осы диагональдардың қиылысуында тұрған элементпен орын ауыстырыңыз.
А[n,n] массивінің теріс элементтерінің көбейтіндісін табыңыз.
А[n,n] массивінің ең кіші элементін табыңыз.
А[n,m] массивінің ең үлкен элементін табыңыз.
А[m,m] массивінің жұп элементтерінің қосындысын табыңыз.
А[m,m] массивінің тақ элементтерінің қосындысын табыңыз.
A[n,m] массивінің әр жолының ең үлкен элементін табыңыз.
A[n,m] массивінің әр бағанының ең кіші элементін табыңыз.
А[m,m] массивінің бас диагоналы бойында орналасқан элементтерінің қосындысын табыңыз.
В[n,n] массивінің бас диагоналынан төмен орналасқан элементтерінің санын табыңыз.
В[n,m] массивінің бас диагоналынан жоғары орналасқан элементтерінің санын табыңыз.
В[m,m] массивінің бас диагоналда орналасқан оң элементтерінің қосындысын табыңыз.
В[n,m] массивінің бас диагоналынан жоғары орналасқан тақ элементтер санын табыңыз.
В[m,m] массивінің әр жолының ең үлкен элементтерінің индексін табыңыз.
В[n,n] массивінің әр бағанының ең кіші элементтерінің индексін табыңыз.
B[n,m] массивінің ең үлкен элементі мен ең кіші элементінің орындарын ауыстыр.
С[n,n] массивінің әр жолының оң элементтер санын табыңыз.
С[n,m] массивінің әр жолының жұп элементтерінің қосындысын табыңыз.
С[m,m] массивінің әр бағытының теріс элементтер санын табыңыз.
С[n,n] массивінің әр бағытының тақ элементтерінің көбейтіндісін табыңыз.
С[n,m] массивінің 3-ке еселі элементтер санын табыңыз.
Бақылау сұрақтары
1. Массив деген не, оның элементтеріне қалай байланыс жасауға болады?
2. Массивті не үшін сипаттайды?
3. Бір өлшемді массив деген не?
4. Массивті енгізу-шығару әдістері қандай?
5. Екі өлшемді массив деген не?
6. Массив индекстері деп нені айтамыз?
7. Массив қандай қызметші сөз арқылы сипатталады?
№8- зертханалық жұмыс
КӨМЕКШІ БАҒДАРЛАМАЛАР. ПРОЦЕДУРАНЫ ҚОЛДАНЫП БАҒДАРЛАМАЛАУ
Жұмыстың мақсаты: бағдарламалауда функциялармен жұмыс істеу принциптерімен танысу және функцияны қолдануды меңгеру
Жұмыстың орындалу тәртібі
1. Теориялық мәліметтермен танысу.
2. Жеке нұсқадағы тапсырмаларды орындау.
3. Бақылау сұрақтарына жауап беру.
4. Орындаған жұмыс туралы жазбаша есеп беру.
Теориялық бөлім
Бағдарламалау барысында көптеген бір типті есептеулерге бірнеше бір-біріне ұқсас бағдарлама фрагменттерін қайта-қайта жазуға тура келеді. Осындайда артық жұмыс жасамай, барлық есептеулерді бір ғана фрагмент ішінде орындау үшін, көмекші бағдарламалар – процедуралар мен функциялар қолданылады. Мысалы, бағдарламаларды орындау барысында бірнеше рет ұқсас есептеулер кездеседі, онда есептеу блогын бір-ақ рет көмекші бағдарламаға жазып қойып, бағдарламаның кез-келген нүктесінен көмекші бағдарламаны шақырып, осы блог арқылы есептеуді шақыруға болады. Сонымен, көмекші бағдарламалар деп бағдарламаның орындалу барысында бірнеше рет шақырылып орындалып тұратын операторлар блогынан тұратын көмекші блогын айтамыз.
Көмекші бағдарламалар стандартты және пайдаланушылар көмекші бағдарламалар болып екіге бөлінеді. Стандарты функциялар мен процедуралар Turbo Pascal тілінің құрамында тұрақты системалық атпен аталып орындалады. Оларға арнаулы USES пайдаланушылар кітапханасында орналасқан – SYSTEM, CRT, GRAPH, GRAPH3, OVERLAY, PRINTER, TURBO3, TURBO VISION модульдерінің барлық функциялары мен процедуралары жатады. SYSTEM модульдерінің функциялары мен процедуралары Turbo Pascal бағдарламасымен бірге автоматты түрде іске қосылады, сондықтан оны пайдаланушылар бөлімінде көрсетпесе де болады. SYSTEM модулінен өзге модульдер процедуралары мен функцияларын қолдану үшін бағдарламаның басында міндетті түрде олардың аттарын USES пайдаланушылар бөлімінде жазу керек, мысалы:
PROGRAM Komek;
USES Graph, Crt;
Мұндағы, Graph, Crt модульдеріндегі стандарты процедуралар мен функцияларды бағдарламада пайдалану үшін ашу.
Пайдаланушылар көмекші бағдарламалары деп бағдарламалаушының өзі құрып, аты да өзіне ыңғайлы идентификатормен белгіленетін процедуралар мен функцияларды айтады. Олар PROCEDURE және FUNCTION қызметші сөздерімен жазылады.
Көмекші бағдарлама құрылымы:
<Көмекші бағдарлама қызметші сөзі> <көмекші бағдарлама тақырыбы>;
<Көмекші бағдарлама кездесетін индентификаторларды сипаттау бөлімдері>;
<Көмекші бағдарлама денесі>.
Көмекші бағдарламалардың жазылу тәртібі де негізі бағдарлама сияқты бірнеше бөлімдерден тұруы мүмкін,мысалы:
1) Тұрақтылар бөлімі;
2) Типтер бөлімі;
3) Айнымалылар бөлімі;
4) Операторлардан тұратын бағдарлама денесі.
Көмекші бағдарламаның аты идентификатормен белгіленеді. Бағдарламада бірнеше процедура мен функция болуы мүмкін. Сол сияқты, көмекші бағдарламаның да өзінің көмекші бағдарламасы болуы мүмкін. Оларды ішкі бағдарламалар деп атайды. Негізі бағдарламада сипатталған идентификаторларды көмекші бағдарламалардың ішіне де сол сипатталған типпен қолдануға болады. Олармен белгіленген айнымалылар ауқымды деп атайды. Ал көмекші бағдарламада сипатталған идентификаторларды тек өзінің ішкі бағдарламасында ғана қолдануға болады. Ол айнымалыларды жергілікті деп атайды.
Көмекші бағдарлама өздерінен орындалмайды, оның орындалуы үшін негізі бағдарламаның аты мен параметрлерін жазып шақырады, ол жерде көмекші бағдарламаны шақыру нүктесі деп атайды. Көмекші бағдарламалардың орындалу саны шақыру нүктелерінің санына байланысты болады.
Егер негізі бағдарламада бір шақыру нүктесі болмаса, онда көмекші бағдарлама орындалмайды. Бағдарлама орындалу барысында алдымен негізі бағдарлама орындалады да, керек кезде көмекші бағдарлама шақырылады. Көмекші бағдарламаны шақыру нәтижесінде негізі бағдарлама уақытша тоқтайды да, басқару бағдарламаға барады. Көмекші бағдарлама денесі, негізі бағдарламадан алған барлық деректерді толық өңдеп, орындалғаннан кейін, басқаруды шақыру нүктесінде өңделген жаңа деректермен бірге қайтарып береді де, негізі бағдарлама орындалуын ары қарай жалғастырады.
Негізі бағдарламадан деректер қабылдау және көмекші бағдарламадан өңеделіп жаңарған деректерді негізгі бағдарламаға қайтару көмекші бағдарламалар параметрлері көмегімен атқарылады. Процедуралар мен функциялардың нақты және формальды параметрлері болады. Бағдарлама орындау барысында есептелген нақты деп, ал көмекші бағдарламалардың тақырыбында көрсетілген параметрлер формальді деп аталады. Нақты және формальды параметлердің типі, саны, реттілігі сәйкес болуы тиіс. Олар бірдей белгіленуі де мүмкін. Нақты параметрлер тұрақтылардан, айнымалылардан және өрнектерден тұруы мүмкін. Кей жағдайларда көмекші бағдарламаның формальды параметрлерін көрсетпесе де болады.
Turbo Pascal бағдарламалау тiлiнде процедураның жалпы құрылымы:
PROCEDURE PROC_NAME(a1,b1,…: type_1;a2,b2,…:type2);
[Процедурада қолданылатын айнымалыларды сипаттау бөлiмi]
BEGIN
процедураның негiзгi бөлiгi
END;
мұндағы proc_name – процедура атауы. Процедура атауында бос орын белгiсi қолданылмай символдар тiзбегiнен құралады. Процедура атауы әрiптен басталуы тиiс (мысалы: matrix, box1, window2);
a1,b1,a2,b2 – қосалқы бағдарламада қолданылатын айнымалылар тiзбегi. Негiзгi бағдарламамен байланыс ретiнде қолданылатын айнымаллар сипатталады;
type_1,type2 – айнымлылар типi (мысалы: х:integer; y:real және т.б.);
begin – процедураның басы;
end; - процедураның соңы.
