- •Сызықтық құрылымды алгоритмді бағдарламалау
- •Жұмыстың орындалу тәртібі
- •Теориялық бөлім
- •Жұмысты орындау үлгісі
- •Жеке нұсқалар бойынша тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Тармақталған құрылымды алгоритмді бағдарламалау
- •Жұмыстың орындалу тәртібі
- •Теориялық бөлім
- •If шарт Then 1-әрекет Else 2-әрекет;
- •Жұмысты орындау үлгісі
- •Жеке нұсқалар бойынша тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Шартты алдын-ала тексеру арқылы циклдік құрылымды алгоритмдерді бағдарламалау
- •Жұмыстың орындалу тәртібі
- •Теориялық бөлім
- •Жұмысты орындау үлгісі
- •Жеке нұсқалар бойынша тапсырмалар
- •Орындалатын тапсырмалар нұсқалары
- •Бақылау сұрақтары
- •Келесi шарт бойынша циклдік құрылымды алгоритмдерді бағдарламалау
- •Жұмыстың орындалу тәртібі
- •Теориялық бөлім
- •Жұмысты орындау үлгісі
- •Жеке нұсқалар бойынша тапсырмалар
- •Жұмысты орындау үлгісі
- •Жеке нұсқалар бойынша тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Екі өлшемді массивтермен жұмысты ұйымдастыру
- •Жұмыстың орындалу тәртібі
- •Теориялық бөлім
- •Var массив атауы : array [а1..Аn,b1..Bn] of элемент типі;
- •Var массив атауы : массив типінің атауы;
- •Жұмысты орындау үлгісі
- •Жеке нұсқалар бойынша тапсырмалар
- •Жұмысты орындау үлгісі
- •Жеке нұсқа бойынша тапсырмалар
- •Жұмысты орындау үлгісі
- •Жеке нұсқа бойынша тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Символдық қатарлар және оларға қолданылатын функциялар мен процедуралар
- •Жұмыстың орындалу тәртібі
- •Теориялық бөлім
- •Жұмысты орындау үлгісі
- •Жеке нұсқалар бойынша тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Аралас типті мәліметтермен жұмыс. Жазбалар
- •Жұмыстың орындалу тәртібі
- •Теориялық бөлім
- •Жұмысты орындау үлгісі
- •Жеке нұсқалар бойынша тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Жиын типтес мәліметтерді қолданып бағдарламалау
- •Жұмыстың орындалу тәртібі
- •Теориялық бөлім
- •Жұмысты орындау үлгісі
- •Жеке нұсқа бойынша тапсырмалар
- •Var ‹айнымалы›: ‹файл аты›
- •Var dan:File Of Integer; {бүтін сандардан тұратын файл}
- •Жұмысты орындау үлгісі
- •Жеке нұсқа бойынша тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Типтелген файлдармен жұмыс
- •Жұмыстың орындалу тәртібі
- •Жұмысты орындау үлгісі
- •Жеке нұсқа бойынша тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Графиктік операторларды қолданып бағдарламалау
- •Жұмыстың орындалу тәртібі
- •Теориялық бөлім
- •Жұмысты орындау үлгісі
- •Жеке нұсқа бойынша тапсырмалар
- •Бақылау сұрақтары
- •Әдебиет
Жұмысты орындау үлгісі
-5-тен 5-ке дейінгі сандар берілген. Осы сандардың оң сандарының қосындысын табатын бағдарлама құру.
Program prim1;
Var х:integer;
S:real;
Begin
S:=0;
For x:=-5 to 5 do
If x>0 Then S:=s + x;
Writeln(S);
End.
Бағдарламада х параметр мәні -5-тен 5-ке дейінгі сандарды қарастырады. Осы аралықтағы оң сандардың қосындысын тауып, баспаға шығарады. Қосындыны тапқан уақытта қандай санды 0-ге қосса да, сол санның өзі шығады. Сондықтан S-тің бастапқы мәнін S=0 деп аламыз. Осыдан кейін x>0 шарты тексеріледі. Егер шарт қанағаттандырса, S=s + x амалы орындалады. Бұл формула бойынша орындалу былай жүреді:
S1=s + x1=0+1=1
S2=s1 + x2=1+2=3
S3=s2 + x3=3+3=6
S4=s3 + x4=6+4=10
S5=s4 + x5=10+5=15
Жауабы 15-ке тең болады.
Жеке нұсқалар бойынша тапсырмалар
Төменде берілген есептерді FOR операторын қолданып бағдарлама құру керек.
S=
Бақылау сұрақтары
1. Қайталанбалы алгоритм дегеніміз не?
2. “Цикл-әзiр” қалай орындалада?
3. “Цикл –дейiн” қалай орындалады?
4. Алдын ала шартты тексеру операторы қандай?
5. Repeat операторының жалпы жазылуы және орындалуы қалай?
6. Параметрлi қайталану операторының жазылуы және орындалуы қандай?
7. Циклдiң денесi деп ненеі айтамыз?
8. Күрделi циклдер деп нені айтады?
№ 4 - зертханалық жұмыс
Шартты алдын-ала тексеру арқылы циклдік құрылымды алгоритмдерді бағдарламалау
Жұмыстың мақсаты: алгоритмдердің циклдік құрылымдарын бағдарламалауды үйрену, WHILE DO операторларын бағдарламада пайдалануда дағды қалыптастыру
Жұмыстың орындалу тәртібі
1. Теориялық мәліметтермен танысу.
2. Жеке нұсқадағы тапсырмаларды орындау.
3. Бақылау сұрақтарына жауап беру.
4. Орындаған жұмыс туралы жазбаша есеп беру.
Теориялық бөлім
Алдын-ала берiлген шартты тексеру арқылы циклдi ұйымдастыруға WHILE операторы қолданылады. WHILE операторын циклдiң қайталану саны белгiсiз болғанда пайдаланған ыңғайлы. Қайталанушы процесс қойылған шартты тексеру арқылы жүзеге асады. Яғни, шарт ақиқат болса цикл қайталанады да, шарт жалған болса циклдан шығу орындалады. WHILE оператор екi бөлiктен тұрады: циклдiң тақырыбынан және циклдiң денесiнен. Жалпы жазылуы:
WHILE <шарт> Do
<циклдiң денесi>;
мұндағы, қызметшi сөздердiң қазақша мағынасы: WHILE – “әзiр”, DO – “орында”. Ал, шарт – логикалық өрнек түрiнде жазылады. Берiлген шартқа тәуелдi бiрнеше рет қайталанып орындалатын операторды – циклдiң денесi деп атаймыз.
WHILE операторында, әрбiр қайталанудың алдында берiлген шарт тексерiледi. Шарт ақиқат болса цикл денесi орындалады. Егер, шарт орындалмаса, цикл денесi де бiрде-бiр рет орындалмайды.
Егер, цикл денесi екi немесе екiден де көп операторлардан тұрса, оларды операторлар жақшасының iшiне жазамыз.
WHILE <шарт> DO
BEGIN
<циклдiң денесi>;
END;
Орындалу ережесі: Begin және Еnd сөздерінің арасында жазылған операторлар шарт ақиқат болғанда орындалады. Шарт жалған болса орындалмайды. Егер алғаш рет тексерілгенде шарт жалған болса, онда операторлар бір рет те орындалмайды.
