Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алгоитмдеу_зертханалык.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.38 Mб
Скачать

Аралас типті мәліметтермен жұмыс. Жазбалар

Жұмыстың мақсаты: жазбалармен жұмыс істеуде RECORD типін қолданып бағдарламалар құрып үйрену

Жұмыстың орындалу тәртібі

1. Теориялық мәліметтермен танысу.

2. Жеке нұсқадағы тапсырмаларды орындау.

3. Бақылау сұрақтарына жауап беру.

4. Орындаған жұмыс туралы жазбаша есеп беру.

Теориялық бөлім

Паскальда түрлі типті элементтерден құралған күрделі типті мәліметтік берілгендер ерекше орын алады. Көптеген есептерде және кеңселік қағаздарында ведомосттарды, құжаттарды, тізімдерді өңдеуге тура келеді. Өңдеу кезінде әртүрлі типтегі мәліметтерді бір топқа біріктіру қажеттігі туындайды. Мәліметтер тобымен жұмыс істеу үшін Паскаль тілінде жазбалар түсінігі енгізілді. Жазба – әртүрлі типтегі мәліметтердің шектеулі жиынтығынан тұрады. Ал жазуды құрайтын элементтерді жазба өрістері деп атайды. Жазбалар басқа мәліметтер сияқты сипаттамалар бөлімінде сипатталып, операторлар бөлімінде пайдаланылады. Жазбаның сипатталуы:

type <тип атауы> = record

<өріс атауы>:<өріс типі>;

* * *

<өріс атауы>:<өріс типі>;

end;

var <жазу атауы>:<тип атауы>;

Мысалы: Бір студент туралы ақпарат (жазу) енгізу. Жазба 4 өрістен тұрады.

1-өріс: 5246 (студенттің шифры)

2-өріс: Маратов А. (аты-жөні)

3-өріс: қазақ (ұлты)

4-өріс: 1993 (туған жылы)

Мұндағы Record (жазба), end қызметші сөздері жазуды анықтайтын синтаксистік шектеулер. Record сөзі операторлық жақшаны ашады, end операторлық жақшаны жабады. Операторлық жақшаның ішінде жазбаның элементтері сипатталады. Жазбаның аты ретінде үтір арқылы ажыратылған атаулар тізімін пайдалануға болады.

Сипаттау алдында жазудың, өрістердің, типтің атауларын оқуға ыңғайлы етіп, түсінікті түрде таңдап алған жөн.

Басқа атаулар сияқты өрістің аты да бірнеше символдардан тұруы мүмкін. Сондықтан операторларда өріс айнымалыларын толық түрде жазу күрделі бағдарламаларды оқуға қиындық тудырады. Оны оңайлату үшін With (қосу, біріктіру) операторын қолданады. Ол бағдарламада өрістік элементтерді өріс белгілері бойынша ғана өрнектеуге мүмкіндік береді. Жалпы жазылу түрі:

with <жазу атауы> do

begin

жазу өрістерінің белгілері енгізілген операторлар

end;

1-ші мысал: Жазбаны тікелей VAR бөлімінде жариялау.

VAR Adress: record

NumberHome: Integer;

NameStreet: String;

CityName: String;

ApertName: Integer

End;

Соңғы өрістен кейін (;) нүктелі үтір символы қойылмайтынына назар аударыңыздар.

2-ші мысал. Жазбаны TYPE тарауында жариялау.

TYPE Person=Record

Name: string

Famile: string;

BrthDay: Date

End;

WITH операторы. Жазба өрістерінің мәндеріне өту үшін жазба типті айнымалының және өрістің аттарын қоса көрсету керек, мысалы Tauar: жазбасының өрістеріне өту былай жазылады: Tauar.R, Tauar. Name,Tauare.V, Tauar.Art. Бір тауар туралы мәліметі экранға шығаратын бағдарлама үзіндісін келтірейік:

. . .

Tauar. R=1;

Tauar. Name: =’кездеме’;

Tauar. V:=1860;

Tauar. Art:=’0199-215’;

Write(Tauar. R:3,Tauar. Name: 15, Tauar. V:9, Tauar. Art:10);

. . .

Бұл мысалда өріс санына сәйкес Tauar идентификаторын бірнеше рет жазуға мәжбүр болдық. Осы қолайсыздықтан құтылу үшін Паскаль тілінде арнайы With операторы қолданылады. Жалпы жазылу түрі:

WITH<жазба типті айнымалы аты> Do <оператор>;

мұндағы <жазба типті айнымалы аты> - жазба аты.

Жазба типті айнымалы WITH операторында бір рет көрсетіледі де осы операторға кіретін басқа операторларда қайталанбайды, тек қажетінше өрістерінің аты ғана көрсетіледі. Жоғарыдағы мысалды WITH операторының көмегімен жазайық:

WITH Tauar do

BEGIN

R:=1;

NAME:=’кездеме’

V:=1860;

Art:=’0199-215’;

WRITE(R:3, Name:15, V:9, Art:10);

END;