Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алгоитмдеу_зертханалык.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.38 Mб
Скачать

КІРІСПЕ

Еліміздің қазіргі әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы компьютерлік технологияны жаппай пайдаланумен сипатталады. ЭЕМ-дер пайда болғаннан кейiн оларға сәйкес әр түрлi есептердi шешуге байланысты бағдарламалық қамсыздандыру да дами түстi.

Бағдарлама дегенiмiз – бұл компьютер орындайтын командалар жиынтығы. Басқаша айтқанда, алгоритмдi машина түсiнетiн тiлде жазу. Машиналық кодпен бағдарламалау деп нақты алгоритмді машиналық бұйрық тілінде сипаттауды айтады. Бағдарламалаушылар машиналық операциялардың барлық кодтарын, олардың қолдану ерекшеліктерін және оларды сақтайтын жадының нақты ұяшықтарының адресін білу керек. Мұндай бағдарламаларды құру кезінде өте қиын болды. Сондықтан, бағдарламалаушылар өздерінің жұмыстарын жеңілдету үшін машиналық кодтарға символдық аттарды аударатын тіл ойлап тапты.

1955 ж. ең бірінші жоғарғы деңгейдегі тіл пайда болды. Мұндай тілде жазылған бағдарламалар жеке машиналар бұйрықтарының жиынтығынан емес, операторлар деп аталатын ірі элементтерден тұрады. Осындай тілдер алгоритмді сипаттауға бағытталған. Сондықтан, олар алгоритмдік тілдер деп те аталады. ЭЕМ тек машиналық тілді түсінетін болғандықтан алгоритмдік тілде жазылған бағдарлама орындалар алдында транслятор деп аталатын арнайы бағдарлама арқылы машиналық тілге аударылады. Трансляторда бағдарламадағы алгоритмдік тілдің барлық ережелері және оны машиналық тілге аударатын құрылғы енгізілген.

Қазіргі уақытта дербес компьютерлерді пайдаланып бағдарламалау негіздерін үйрену үшін жеңіл, әрі мүмкіндіктері мол тіл ретінде Turbo Pascal бағдарламалау тілі қолданылуда. Turbo Pascal – жоғары деңгейлі бағдарламалау тілі болып табылады және өзінің құрамына деректер құрылымының толық жинағын, массивтерді, жолдарды, жазбалар мен файлдарды, деректердің жаңа типтерін құруға арналған құралдарды кіргізеді.

Әдістемелік нұсқаудың негізгі мақсаты – алгоритмдеу негіздерін игеру, әртүрлі алгоритмдерді графиктік тәсілмен бейнелеуді, есептің талабына байланысты қажетті мәліметтер құрылымын ұйымдастыруды үйрету, сонымен қатар Турбо Паскаль программалау тілінде қолданылатын мәліметтер типтерін, операторларын, ішкі функцияларды, жиындарды, жазбаларды қолданып тиімді бағдарлама құруды, бағдарламаны компиляциядан өткізіп, сапалы бағдарламалық құжат дайындауды меңгеру.

Әдістемелік нұсқауда жұмыстың орындалу тәртібі, теориядан қысқаша мағұлматтар, зертханалық жұмыстарды орындауға жеңілдік беретін жұмысты орындалу үлгісі, нұсқалар бойынша жеке тапсырмалар және бақылау сұрақтары қарастырылған.

Орындалған әрбір зертханалық жұмыс және алынған нәтижелер зертханалық дәптерге жазылады. Зертханалық жұмыстар бірін бірі толықтыратын болғандықтан берілу ретімен орындалуы тиіс, яғни алдыңғы жұмысты орындамастан келесі жұмысқа өту мүмкіндігі шектеулі.

1 - зертханалық жұмыс

Сызықтық құрылымды алгоритмді бағдарламалау

Жұмыстың мақсаты: паскаль тіліндегі бағдарламаның құрылымымен танысу, меншіктеу операторын, енгізу-шығару операторларын бағдарлама жазу барысында қолданып, оқып үйрену

Жұмыстың орындалу тәртібі

1. Теориялық мәліметтермен танысу.

2. Жеке нұсқадағы тапсырмаларды орындау.

3. Бақылау сұрақтарына жауап беру.

4. Орындаған жұмыс туралы жазбаша есеп беру.

Теориялық бөлім

Барлық есептеу машиналарының негізгі ерекшелігі оның жұмысына басқарудың бағдарламалық принципі енгізілген. Бұл ЭЕМ нәтиже беру үшін жеңіл есептермен бірге күрделі есептерге де қолданушы орындалуын немесе бұйрықтар тізімін қолдану керек.

Сонымен ЭЕМ-де есептерді шешу үшін алдын-ала әрекеттерді анықтау (алгоритмдеу) керек Алгоритм – ақпараттану пәнінің негізгі ұғымдарының бірі. Алдын – ала анықталған мақсатқа жету үшін, есепті шешу үшін орындаушыға қажетті амалдардың тізбегін анық көрсететін ережелер жүйесін алгоритм деп атайды. Алгоритм әрқашанда орындаушы үшін жазылады. Ол адам, ЭЕМ және т.б. құрылғы болуы мүмкін. Алгоритмді сипаттау орындаушыға жазылған әрекеттер түсінікті болуы үшін соның тілінде жүзеге асырылады. Алгоритмді жасау барысында оны 3 тәсілмен сипаттауға болады:

1) Табиғи тілде;

2) Блок-схема түрінде;

3) Арнаулы тілде.

Орындаушы адам болатын жағдайда алгоритм көбінесе сөзбен жазылады. Сөзбен жазылған алгоритмдер ретпен орналасқан сөйлемдерден (нұсқаулардан) тұрады. Қарапайым тілде әрбір адамға түсінікті етіп жазу табиғи тілде жазу деп аталады.

Блок-схема деп әр түрлі геометриялық фигуралар арқылы бағдарламада орындалатын әрекеттер мен олардың орындалу ретін көрсететін графиктік схеманы айтады.

Арнаулы тілде жазу деп ЭЕМ түсінетін тілде (бағдарлама) жазуды айтады. Алгоритмді құрылымына қарай 3 түрге бөлуге болады:

1) Сызықтық;

2) Тармақталған;

3) Циклдік немес қайталау.

Амалдардың бірінен кейін бірі орындалуын сызықтық алгоритм деп атайды.

Мысалы: Герон формуласы бойынша үшбұрыштың ауданын табу. Үшбұрыштың 3 қабырғасы белгілі (3 қабырғаны есепті шешуші пернетақтадан енгізу қажет). Ауданын табу үшін бірінші үшбұрыштың мына формула бойынша периметрін табамыз: . Периметрін тапқаннан кейін, ауданын есептейміз. Ол төмендегідей формуламен жүреді: . Осы есепті табиғи тілде және блок схема түрінде сызу қажет.

І. Табиғи тілде жазылуы:

1) алгоритмнің басы

2) a,b,c мәндерін енгізу

3) периметрдің формуласы бойынша Р табу керек

4) ауданның формуласы бойынша S табу керек

5) ауданның мәнін баспаға шығару керек (периметрдің мәнін де баспаға шығаруға болады)

6) алгоритмнің соңы

ІІ. Блок-схема түрінде көрсету:

Стандартты функциялар.

Стандартты функциялар жиі кездесетін математикалық және басқа да функцияларды есептеу үшін қолданылады. Паскаль тіліндегі кестеде бірқатар стандартты функциялар төмендегі 1.1-кестеде келтірілген.

1.1-кесте.

Стандартты функциялардың жазылуы

Паскальдағы жазылуы

Математикалық жазылуы

Аргументтің типі

Функцияның типі

abs(x)

sqr(x)

sіn(x)

cos(x)

exp(x)

ln(x)

sqrt(x)

arctan(x)

frac(x)

іnt(x)

|x|

sіnx

cosx

lnx

arctgx

санның бөлшегі

cанның бүтіні

3,14159

real не іnteger

real не іnteger

real не іnteger

real

real

real

real

real

real

real

real

real не іnteger

real не іnteger

real не іnteger

real

real

real

real

real

real

real

real

trunc(x)

round(x)

cанның бүтіні

санды дөңгелектеу

real

real

іnteger

іnteger

pred(x)

succ(x)

алдыңғы элементтің

мәнін табу

келесі элементтің

мәнін табу

real не іnteger

real не іnteger

ord(x)

саналатын тип мәнінің реттік нөмірін анықтау

саналатын тип

Іnteger

chr(x)

реттік нөмірі арқылы символды анықтау

іnteger

( 0 .. 255)

Сhar

odd(x)

санның тақ екенін анықтау

Іnteger

Boolean

Арифметикалық өрнектер. Өрнектердің есептелу барысында амалдардың орындалу реті жақшалардың көмегімен өзгертіледі. Қарапайым жағдайда өрнек тек айнымалылардан, тұрақтылардан немесе функциялардан тұруы мүмкін. Турбо Паскаль іске қосылғаннан кейін CTRL+F4 пернелерінің көмегімен сандық өрнек мәнін тікелей есептеуге болады. Терілген өрнек пен оның нәтижесі қосымша терезеде көрінеді.

Өрнектердің немесе функциялардың дұрыс жазылмауы бағдарламалау барысында қателіктер туғызуы мүмкін. Сондықтан бағдарламалауда өрнектер, функциялар жоғарыдағы 1.1- кестеге сәйкес жазылуы тиіс. Кейбір өрнектердің жазылу мысалы 1.2 - кестеде келтірілген.

1.2- кесте.

Арифметикалық өрнектердің Паскаль тілінде жазылуы

Өрнектер

Паскальда жазылуы

1

(a+b)/(a-b)

2

exp(x+1)

3

exp(b*ln(a))

4

(a+b)/(x*y)

5

exp(ln(x)/3)

6

exp(ln(a)*exp((x+1)*ln(b)))

Сызықтық алгоритмді бағдарламалау.

Сызықтық бағдарлама деп реті бойынша белгілі бір тәртіппен орындалатын бағдарламаны айтады. Сызықтық бағдарламаны құру үшін мынадай операторлар қолданылады:

Read, Write, меншіктеу операторы - :=.

Read (ағылшынның “оқу” деген сөзінен алынған) бағдарламаға айнымалылардың мәнін енгізу үшін қолданылады (енгізу операторы). Айнымалы мәндерін енгізу Enter пернесі арқылы жүреді.

Write – бағдарлама нәтижесіндегі айнымалылардың мәнін баспаға шығару үшін қолданылады (шығару операторы).

Айнымалыға мәндерді және амалдарды меншіктеу үшін меншіктеу операторы := қолданылады. Меншіктеу операторы сол жақтағы айнымалы оң жақтағы мәнді өзіне меншіктейді.

Бағдарлама ішінде қосымша ескертулерді, түсініктемелерді орналастыруға болады. Ол үшін апостроф (‘ ‘) қолданылады. Апострофқа жазылған мәтіндер бағдарламаның орындалуына ешқандай әсер етпейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]