- •Рахимжанова н.Ж.
- •«Химиялық технологиялық өндірісінің негізгі процестері және аппараттары»
- •2. Процестер мен аппараттар жөніндегі ғылымның пайда болуы және дамуы.
- •2. Процестер мен аппараттар жөніндегі ғылымның пайда болуы және дамуы.
- •3. Негізгі процестердің жіктемесі
- •1. Процестер мен аппараттарды сараптау мен есептеудің жалпы принциптері
- •2. Процестер мен аппараттарды модельдеу және тиімділеу.
- •3. Физикалық шамалар өлшем бірліктерінің әртүрлі жүйелері.
- •3. Физикалық шамалардың өлшем бірліктерінің әртүрлі жүйесі.
- •1. Негізгі түсініктер
- •2.Сұйықтықтардың кейбір физикалық қасиеттері
- •Гидромеханикалық процестер
- •1. Эйлер тепе-теңдігінің дифференциалды теңдеулері
- •2. Гидростатиканың нагізгі теңдеуі
- •3. Гидростатиканың нагізгі теңдеуінің кейбір қолданбалы түрлері
- •1. Эйлер тепе-теңдігінің дифференциалды теңдеулері
- •2. Гидростатиканың негізгі теңдеуі
- •3. Гидростатиканың негізгі теңдеуінің кейбір тәжірибелік қолданылуы.
- •2. Тұрақталған ламинарлы ағын барысындағы жылджамдықтардың таралуы және сұйықтық шығыны.
- •3. Бернулли теңдеуінің кейбір тәжірибелік қолданулары
- •Турбулентті ағынның кейбір сипаттамалары.
- •Бірсәттілік пульсациялық жылдамдық.
- •Турбуленттік масштаб.
- •Тақырып: сұйықтықтардың қозғалысы
- •1. Көлемдік сорғылар
- •2. Көлемдік сорғылардың конструкциясы
Тақырып: сұйықтықтардың қозғалысы
Жоспар:
Көлемдік сорғылар
Көлемдік сорғылардың құрылысы
Ортадан тепкіш күшті сорғылар
Ортадан тепкіш күшті сорғылардың құрылысы
Басқа типті сорғылар. Сифондар.
Сұйықтықтардың қозғалысы құбырлар арқылы іске асырылады. Бұл жағдайда процестің қозғаушы күші құбырдың бастапқы және соңғы кезеңдеріндегі қысымдардың айырымы болып табылады. Жоғары деңгейден сұйықтық төменгі деңгейге өз бетімен жылжи алады, яғни сұйықтық деңгейінің айырымы қажетті жылдамдықты игере алу үшін және барлық кедергілерді жеңу үшін жеткілікті болуы керек.
Ал сұйықтықты төменнен жоғары деңгейге көтеру үшін немесе жазық (горизонталь) бағытта қозғалту үшін сұйықтыққа энергия беріп, қысымды көтеретін сорғылар деп аталатын – гидравликалық машиналар қолданылады.
Сорғының жұмыс принципіне байланысты сұйықтықтың қозғалысы әртүрлі жолмен іске асуы мүмкін:
көлемдік сорғыларда—сорғының жабық бөлігіндегі айнала немесе қайтымды-қайтымсыз қозғалатын денелердің көмегімен сұйықтықты ығыстыру арқылы іске асырылады;
қалақты немесе ортадан тепкіш күшті сорғыларда – қалақты дөңгелектердің айналуы барысында пайда болатын ортадан тепкіш күштің әсерінен іске асырылады;
құйынды сорғыларда – жұмысшы дөңгелектердің айналуы барысында пайда болатын құйындардың интенсивті түрде түзілуі және бұзылуы нәтижесінде іске асырылады;
ағынды сорғыларда – қозғалыстағы ауаның, будың немесе судың көмегімен жылжиды;
газлифтерде – сұйықтыққа газды немесе ауаны беру нәтижесінде көбіктің түзілуімен жылжиды;
монтежю және сифондарда –сұйықтыққа ауаның, газдың немесе будың қысымымен әсер етуі арқылы қозғалады.
1. Көлемдік сорғылар
Көлемдік сорғылардың негізгі түріне поршеньдік сорғылар жатады. Мұндай құрылысты сорғыларда алға және кері қозғалатын поршень немесе плунжер арқылы сұйықтық жабық кеңістіктен ығыстырылады. Көлемдік сорғыларға сондай-ақ, роторлы сорғылар жатады. Бұл сорғыларда сұйықтықтың жылжуы дөңгелектердегі тістердің, винттердің, қозғалғыш пластналардың айналмалы қозғалысы нәтижесінде іске асырылады. Өнеркәсіптік жағдайда көбінесе поршеньдік сорғылар қолданылады.
Поршеньдік сорғылардың негізгі бөліктеріне төмендегілер жатады (сур.III-1):
цилиндр немесе сорғының корпусы;
поршень немесе плунжер, бұл элементтің ілгері және кері қозғалысы нәтижесінде сұйықтықтың цилиндрге сорылуы және одан батыру құбырына өтуі іске асады;
ц
илиндр
кеңістігін сору және батыру кеңістігімен
жалғап отыратын клапандар.
Поршеннің немесе плунжердің орналасуы бойынша сорғылардың тік және горизонтальды түрлері болады.
Поршненді сорғылар әсер ету механизмі бойынша қарапайым (бір реттік ісер ету) екеулік (бірнеше реттік әсер ету) және дифференциалды деп бөлінеді.
Әсер ету механизмі бойынша бөлінетін сорғылардың құрылысы мен жұмыс істеу принципін қарастыралық.
Қарапайым істейтін сорғылар. Қарапайым жұмыс істейтін сорғыларда біліктің бір рет немесе поршеннің екі рет жұмыс жасауы барысында сұйықтық цилиндрге бір рет сорылады да одан бір рет ығыстырылып шығарылады.
Г
оризонтальды
поршеньді қарапайым жұмыс істейтін
сорғыда (сур.III-1) плунжердің 4 оң жаққа
қарай ығысуы барысында бос кеңістіктік
пайда болады. Сұйықтық атмосфералық
қысымның әсерінен сору құбыры 1 арқылы
көтеріледі. Бұл жағдайда ол ашылатын
клапан 3 арқылы өтіп цилиндрді толтырады.
Плунжердің кері жүрісі барысында (солға
қарай) сору клапаны сұйықтыөтың қысымы
әсерінен жабылады да, батыру клапаны
6 ашылады. Нәтижесінде сұйықтық батыру
құбырына 8 жіберіледі. III-2 суретте
қарапайым жұмыс істейтін тік сорғының
жұмыс істеу принципі келтірілген. Бұл
сорғылардың екі клапаны болады және
олар горизонтальды сорғылар типтес
жұмыс істейді.
Қарапйым жұмыс істейтін сорғыларға өтпелі поршеньді (дискілі) сорғылар жатады. (сур.ІІІ-3)
Сорғының цилиндрінде 1 штанганың 2 көмегімен сақиналы клапанмен 4 жабылып отыратын тесігі бар поршень 3 қозғалып отырады. Поршеннің сору клапаны 5 арқылы жоғары бағытта қозғалуы барысында сұйықтық сорылады да осы уақытта поршеннің үстіндегі сұйықтық ығыстырылады. Поршеннің төмен қарай қозғалысы барысында поршеннің астындағы сұйықтық шығарылады да, батыру клапаны арқылы өтіп, цилиндрдің жоғарғы бөлігіне өтеді.
Сонымен, поршеннің бір жүрісі нәтижесінде сұйықтықтың сорылуы және батырылуы іске асады, ал поршеннің екінші жүрісі нәтижесіз, бос жүріс болып табылады. Осы фактор – мұндай сорғылардың біркелкі жұмыс істемеуінің негізгі себебі болады.
Екі реттік әсер ету сорғылары. Екі реттік әсер ету сорғыларында сору және батыру поршеннің әрбір жүрісі кезінде іске асады. Екі реттік әсер ету сорғыларын екі қарапайым сорғыдан тұрады деп қарастыруға болады.
Олардың төрт клапаны және бір плунжері болады.
Горизонтальды жұмыс істейтін екі реттік әсер ететін сорғыда (сур.III-4) плунжер оң жаққа өарай жылжығанда сұйықтық цилиндрдің сол жақ бөлігіне клапан 1 арқылы сорылады және осы мезгілде батыру 4 клапаны арқылы цилиндрдің оң жақ бөлігінен ағынды құбырға түседі. Плужердің кері қозғалысында керісінше 2 клапан арқылы цилиндрдің оң жақ бөлігінде сору процесі іске асады, ал сол жақ бөлігінде ашық батыру 3 клапаны арқылы сұйықтықтың батырылуы жүреді. Екі реттік әсер ету механизмі бойынша жұмыс істейтін сорғылардың горизонтальды және вертикальды түрлері болады.
Дифференциалды сорңылар. Мұндай түрлі сорғыларда сұйықтықтың сорылуы поршеннің бір жүрісі барысында, ал батырылуы екі реттік қозғалысы нәтижесінде іске асырылады.
Дифференциалды сорғылардың да горизонтальды және вертикалды түрлері болады.
Сур.
III-4.
Екі реттік әсер ету сорғысы: Сур.
III-5.Дифференциалды
сорғы сұлбасы: 1,2
– сору
клапандары;
3,4 – батыру
1 –
сору лапаны
; 2 –
батыру
клапандары
клапаны
Горизонтальды түрлі (сур.III-5) сорғыларда плунжер оң жаққа қарай ығысқанда сұйықтық цилиндрдің сол жағына сорылады да, оң жағынан ығысып шығады. Плунжердің кері жүрісінде (солға) сору клапаны 1 жабылады да сұйықтық, ашылған батыру клапаны 2 арқылы цилиндрдің сол жақ бөлігінен оң жағына қарай ығысаы. Дифференциалды сорғылардың артықшылығына клапандар санының аздығын жатқызуға болады.
