Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лек 6.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
407.55 Кб
Скачать

Соңғы бақылау

Әдетте техникалық құжаттардың орындалуын тексеруді қамтиды. Жұмысты тапсырғанда ұсынатын техникалық құжатта: тұрақты реперлердің ведомостілері; жер ғимараттарының геодезиялық бөлу актілері, жұмыс өндірісінің барысында және жобалау мекемесі және тапсырушымен келісілген ескертулер кіргізген ғимараттардың жұмыс сызығы; жұмыс журна­лы, жасырын жұмыстардың куәландыру актілері немесе оларды кезеңмен қабылдаған журналы болу керек.

Желі бойлаган жер ғимараттарың әcipece жол үйінділері мен оймаларын жасағанда бақылаудың соңғы кезеңі және алу-тапсыру құрылыс аяқталған учаскеде жүзеге асырылады.

Жұмысты алу-тапсыру: техникалық құжаттардың түгел бар болуын тексеру; орындалған жұмыстың сапасын және жер ғимараттарының геометриялық өлшемдерін іріктеп тексеру; жұмыстың жасырынды түрлерін қабылдау түрлерін тексеру негізінде жасалады.

  1. Жер жұмыстарын орындағанда ҚМжЕ және Ж0Ж-де ескерілген қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау керек. Жер жұмыстары басталуға дейін барлық қазіргі жер асты коммуникацияларының орналасуын тура белгілеу керек. Олардың қасында топырақты өңдеуді тек осы коммуникацияларды пайдаланатын мекемелердің жазбаша рұқсат қағазы болса және жұмыс жүргізуші немесе мастер бақылауымен ғана рұқсат етіледі. Топырақ өңдеуді электр кабелі, қысым су, газ құбырларына тікелей таяулықта соқпа құрал-сайманын қолданусыз жүргізіледі. Жұмыс істеп тұрған экскаватор шөміші немесе жебесі астында тұруға және қазым жағынан жұмыс жасауға рқұсат етілмейді. Экскаватормен топырақты толтырғыш автомобильдердің артқы немесе бүйір жақ ернеуінен түсіреді, экскаватор мен автомашина аралығында адамдар тұруға рұқсат етілмсйді. Топырақты гидромеханикалық тәсілмен өңдегенде бөтен адамдарға су шайған топырақтың өңдеу жеріндс, ал жұмысшыларға гидромонитор ағысының қимыл зонасында болуға рұқсат етілмейді.

Біреуі соқпа тәсілмен қатқан топырақты бұзып, ал қопсытылған топырақты өңдеп жатқан екі экска­ватор 50 м радиусында бip учаскеде қатар жұмыс iстеуге болмайды. Қатқан топырақты жару тәсілмен қопсытқанда жарылудын қауіпті жерден адамдарды, үймереттер мен ғимараттарды және механизмдерді қорғайтын қауіпті қашықтықты сақтау керек.

Әдебиеттер:

  1. Хамзин С.К. Құрылыс өндірісінің технологиясы: Оқулық.-Алматы, 2002-300с.

  2. Хамзин С.К., Әбішев А.К. Құрылыс процестерінің технологиясы: Жоғарғы оқу орындарының құрылыс мамандығындағы студенттерге арналған оқулық.-Алматы: Баспа, 1997.-384б.

Бақылау сұрақтары:

  1. Топырақты механикалық әдіспен өңдеу жүзеге қалай асырылады?

  2. Топырақты өңдегенде қандай жер қазатын және жер қазып-тасымалдайтын машиналар қолданылады?

  3. Топырақты төсеу және нығыздаудың ретін түсіндіріңіз

  4. Топырақты гидромеханикалық әдіспен өңдеу

  5. Сапалық бақылау деген не?

  6. Техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері туралы не білесіз?