Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fd2a9180-34bc-11e4-a3cb-f6d299da70eeобщее_03.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
436.22 Кб
Скачать

1. Психиканың кезеңдік даму концепциясы

2. Леонтьев бойынша интеллектуалды әрекет.

3. Фабри бойынша интеллектуалды әрекет.

Жануарлар психикасы мен эволюция жайлы көптеген психологтар зерттеулер жүргізген. Соның ішінде жануарлар психикасының дамуын кезеңдерге бөліп, концепциялық негізін жасаушылар Фабри мен Леонтьев. Леонтьев, Ч. Дарвиннің іліміне – организмнің өзра байланыстылығы формалары мен функциялары жайлы принципті негізге ала отырып жануарлардың психикасының даму концепциясын 3 кезеңдік принцип негізінде жасады. Жануарлардың психикасының дамуын жүйке жүйесі негізінде қарастыра келе жануарлардың мінез-қылығының қоршаған ортамен байланыстылығын дене бітімі ерекшеліктерінің жүйке жүйесімен оларға тән психикалық бейненің деңгейлерін терең зерттеген.

Леонтьевтің пікірінше жануарлардағы белсенділік дамудың қайнар көзі. Жануарлардағы психикалық бейнелеудің мынандай кезеңін ұсынады.

  1. Сенсорлық психиканың қарапайым кезеңі яғни жануарларға жекелеген әсерлердің арқасында түйсіктердің формасы қалыптасады (төменгі жануарлар): тітіркендіргіш, сезгіштік.

  2. Психиканың перцептивті кезеңі - яғни қоршаған ортаны қабылдау формасында пайда болуы: психикалық бейнелер, жануарлар әрекетінің күрделенуі байқалады. Сондай-ақ қозғалыс операциялары қалыптасады.

  3. Интеллект кезеңі – жекелеген заттың ғана емес сондай-ақ қарым-қатынас ерекшелігі психикада бейімделеді. Яғни интеллект қабылданған жағдайлардың жануарлар психикасындағы бейнесі.

Фабри – кезеңдерге бөледі. Анықтамасы бойынша интеллектік әрекет. Фабридің пікірінше интеллектуалдық әрекеттің элементтері немесе белгілері:

1.Омыртқалылардың қимыл-қозғалыс әрекеттері. Омыртқалылардың заттармен қызығушылығы мыс.: бас жәшікті пайдалануы.Мұндай әрекет барысында когнитивті процестің сенсорлық жүйе қызметімен біріге отырып дамуы, көргенін жалпылау, жинақтау қабілеті яғни таным пайда болады.

2.Күрделі тапсырмаларды шешу қабілеті

3.Жаңа жағдайға байланысты қалыптасқан пайдалану қабілеті, яғни кезеңдеп оқыту элементтері.

4.Жаңа жағдайларға байланыс қалыптасқан іс-тәжірибе негізінде жаңа ортаға бейімделу кеңістікті толығымен бағдарлай білу қабілеті. Фабридің айтуы бойынша осындай сатылары бар. Басқа зоопсихологтарға қарағанда Фабри қарапайым биологиялық интеллект пікірін айтқан. Тіпті жоғарғы сатыдағы маймылдардың өзіне елестету қабілеті жоқ. Жануарларда себеп-салдарлы байланыстың болмайтындығы.

6-шы дәріс тақырыбы: Сенсорлық психиканың қарапайым сатысын сипаттау

Сұрақтары:

  1. Жануарлар психиикасының төменгі деңгейіндегі дамуы

  2. Қозғалыстың ерекшелігі (локомоциялар)

  3. Қарапайымдардың кеңістікті бағдарлауы

  4. Қарапайымдардың мінез-қылық икемділігі.

Түйсік пен қабылдаудың арасындағы ортақ қасиеті мен айырмашылығы.

І. Тіршілік иелерінің психикалық даму ерекшелік қасиеті - сезгіштігі. Жануарлар психикасының қарапайым деңгейінің дамуы:

  1. Локомоция – қарапайымдылыр қозғалысы

  2. Қарапайымдылардың кеңістікті бағдарлауы

  3. Қарапайым мінез-қылықтың икемділігі

ІІ. Психикалық деңгейдің жоғарғысы:

  1. Жүйке жүйесінің құрылымы

  2. локомоция

  3. сезім органдары

  4. кеңістікті бағдарлау қабілеті

  5. жоғарғылардың дамуы мен көбеюі.

Төменгі деңгейге барлық қарапайымдылар жатады: амёбалар, жасыл эвгленалар, инфузориялар, қарапайым көпклеткалылар.

Қарапайым тіршілік иелеріне, олардың мінез-қылығына тән ерекшеліктері, олардың икемділігі - яғни олардың психикасы қорегін табуға және оның қажеттігін анықтайды. Сондай-ақ жағымсыз ықпалдардан керісінше қашады. Осыдан барып, үйрену, бейімделу пайда болады. Егер жануарлар жаңа тітіркендіргіштікке әсер етсе, онда үйрену, бейімделу пайда болады. Егер әсер етпесе, яғни жануарлардың шаршағаны. Локомоция амебаларда кездесетін қозғалыс, яғни кірпігімен, мұртшалардың арқасында қозғалу. Эктоплазма эндоплазмаға қарағанда қоймалжың сұйық, амебалардың қозғалысында - псевдаподия өте қажет. Псевдоподиялар плазманың ыдырауынан немесе белгілі бір қысымның арқасында ішкі қабатты құрайды. Псевдоподиялар цитоплазмамен тығыз байланысты. Цитоплазманың қозғалысы бұлшық еттің ішіндегі аққуыздың актин, миозиннің кезектесіп тұруын құрайды. Мұндай белоктар бұлшық ет ткандарында болады, яғни цитоплазманың қозғалысты қалыпқа келтіру әрекеті қарапайым тіршілік иелеріндегі мұртшаның қозғалысы ұзын шаш тәріздес келеді және жануарлардың денесін спираль формасына келтіріп, қозғалысқа келтіреді. Ал қарапайымдыларда (кірпік тәрізділер) кірпіктер арқылы қозғалыс мұртшаларға қарағанда әлдеқайда қозғалыс аппаратын құрайды. Кірпіктер өте көп болады. Мұндай кірпіктер денеде ретсіз орналасады. Ал кірпікшелер мен мұртшаның қозғалысың миофибрильдің тартылуы нәтижесінде жүзеге асырылады және бұлшық талшықтары мионемаларды құрайды.

Қозғалыстың ерекшеліктері (локомоциялық): Кинездер – қарапайымдылардының интенсивті қозғалыс әрекеті. Кинездік қозғалыстың мынандай түрі бар:

      1. ортокинез

      2. клинокинез

1. Ортокинез – сыртқы тітіркендіргіштердің әсерінен болатын жылдамдығы өзгеріп отыратын қозғалысы. Негізгі ерекшелігі: қарапайымдалардың жағымсыз ықпалдардан жағымды ортаға ауыспалы қозғалысы немесе қозғалыстың ауыспалығы (өзгермелі қозғалыс ауыспалдығы). Қозғалыстың жылдамдығы - жағымды ортаның орналасуына байланысты, егер жағымды болса, - аз болады.

2. Клинокинез – бұл қозғалыс бағытының өзгеруі, яғни қарапайымдылар өзіне жағымды ортадағы тітіркендіргіштер параметрларын қателесе зертей келе (методы проб и ошибок). Ортокинездің негізгі ерекшелігі жануарлар вектор қозғалысынын өзгертеді.

Қарапайымдылардың кеңістікті бағдарлаудағы негізгі стимулы - сыртқы тітіркендіргіштердің градиенттері (химиялық құрамының әртүрлілігі, заттың тығыздығы).

Таксистер – қарапайымдылардың кеңістікті бағдарлаудағы қозғалыс белсендігінің генетикалық түрі.

Таксистер былайша бөлінеді:

1) Ортотаксис – қозғалыстың жылдамдығына қатысты кеңістікті бағдарлаудағы белсенді қозғалыстар, яғни - байланысты болады.

2) Клинотаксис – қозғалыс бағытының өзгеруіне байланысты кеңістікті бағдарлаудағы белсенді қозғалысы.

3) Тигмотаксистер – жанама ықпал еткендерге бағдары. Жағымсызы клинотаксис деп аталады.

Қапайымдылардың жалпы ерекшеліктері:

    1. қарапайымдылар кез-келген әлсіз тітіркендіргіштерге жағымды әсер етеді. Күшті тітіркендірніштерге жағымсыз әсер етеді.

    2. Барлық қарапайымдыларға жағымсыз ықпалдарға жауап бергеннен гөрі олардан құтылу тән.

Қарапайымдылардың атқаратын функциялары:

  1. геотаксис – жердің тартылыс күшіне байланысты бағдарлауы

  2. жағымсыз геотаксис – қарапайымдылар қашанда жердің тартылыс күшіне қарама-қарсы қозғалады. Қарапайымдылар осындай жағымсыз әсерлерді сезінуде тепе-теңдік органы әсер етеді (ас қорыту ваккуоль).

  3. Фототаксис – қарапайымдылардың жарыққа бағдарлауы. Көптеген қарапайыдыларда жарыққа бағдарлауы әлсіз дамыған. Ал кейбіреулерінде жағымды фотоктаксис байқалады. Мыс: жасыл эвгленада. Ең алғаш жасыл эвгленада фоторецепторлар пигменттік дақтар пайда болған. Бұл пигменттік дақтар жасыл эвгленаның қарын жағына орналасқан, жарық сәулелерді бағдарлауға ықпал етеді. Эвглена өзінің аз осінде айналып жарық түскен жаққа бұрылуы және жарықтың әсер ету реакциясы инстинктивті түрде қарны арқылы жүзеге асырылады. Қарапайымдылардың мінез-құлығы ерекшеліктерінің бірі - әрекетінің икемділігі.

Қарапайым жануарлардың психикасы өзіне қорегін табуға, анықтау, жағымсыз ықпалдан құтылуға бағытталған. Сондай-ақ оларда үйрену- бейімделу қалыптасады: яғни егер қарапайымдылар жаңа тітіркендіргіштерге әсер ететін болса, онда бейімделу қалыптасады. Егер әсер етпесе, онда жануарлардың шаршағаны.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша қарапайымдыларда жүйке жүйесінде ұқсас ерекшеліктер жоқ. Қарапайымдыларда импульстар-цитоплазмадағы бір заттың сапасынан екінші заттың сапасына өту градиенттік өту жүйесіне бағытталған. Қарапайымдыларды үйретудің ең қарапайым түріне үйрену қабілеті дәлелденген, мыс қарапайымдаларды квадрат, дөңгелек, қозғалысы. Қарапайымдыларды үйретуінің ең қарапайым формасы бейімделу. Сыртқы өзгерген шараларға біртіндеп бейімделу, яғни жануарларда туа біткен реакциялар белгілі тітіркендіргіштерде жоғалады. Егерде биологиялық қажетті нәтиже пайда болмаса.

Бейімделу шаршаудан әлдеқайда ерекше. Шаршауы – энергетикалық ресурстардың артық мөлшерде жұмсалуы. Үйрену не бейімделу керісінше энергетикалық ресурстарды үнемдеуге бағытталған белсенді бейімделу реакциясы.

Ассоциативті үйрену (шартты рефлекстің белгілері) жоғарғы қарапайымдыларда биологиялық белгілі және нейтралды тітіркендіргіштер-дің арасындағы уақытша байланыстарды орнату эвгленада, инфузория туфелькаларда байқалған. Психиканың қарапайым формаларындағы тітіркендіргіштік иелеріне мыналар тән: 1) қарапайым тітіркендіргіштік иелердің қарапайым формасы – жеке сезім толықтығы тән. 2) Психикалық бейнеленуге дейінгі және психикалық бейнелеу қарапайымдылығы пигменттік дақтар немесе рецептордың аналогы. Аналогы – бұл ұқсастығы. 3)Қарапайымдыларда примитивтік қарым-қатынас, алғашқы интенситві қылық әрекеттері, мінездермен қөарым үйретудің формалары. 4)Қарапайымдылардың әр түрлі топтарына қарай олардың дамуы да әртүрлі.

7 дәріс тақырыбы: Сенсорлық психиканың жоғарғы формасы

Сұрақтары:

    1. Жүйке жүйесінің типтері

    2. Кеңістікті бағдарлауы

    3. Мінез-қылық үнемділігі

    4. Жоғарғы мінез-қылықтың белгілері.

Фабри сипаты бойынша психиканың жоғарғы сенсорлық формасына гидралар, медузалар, фналарилар, дөңгелек құрттар:аскоридалар мен астрицалар. Инелілерге теңіз жұлдыздары кірпікшелер, малюскаларға: медиалар, устрицалар, виноград улиткалары жаңбыр құрты, пиавкалар жатады. Сақина тәріздес құрттар: олардың ішкі және сыртқы метометриялары бар. Олардың денесі көптеген сигменттерден тұрады. Олар ішкі органдардың құрылымын құрайтын ерекшеліктері. Осы кезеңдегі жануарларда жүйке жүйесі бар. Жүйке жүйесінің типтері:

  1. Сечаткалық және диффузиялық жүйке жүйесі (гидра)

Сыртқы қабаттарда орналасқан энтодермаларда жүйке клеткалары бар. Олар ұзын, жіңішке өсінділер арқылы топ тәріздес жүйке шоғырын құрап, ауыз қуысымен шеткі аяқтарында тығыздалады.

  1. Сақина тәріздес жүйке жүйесі (медузалар) медузалардың шартырша шетіндегі екі жүйке сақинасы тәріздес жүйке клеткасынан тұрады. Біреуі сыртқы (сезімдік), екіншісі ішкі қозғалыс функциясын атқарады. Сыртқы сақинаның негізгі функциясы - тітіркендіргіш органдарынан алған сигналды қабылдау. Сыртқы сақина - тепе-теңдік органына жарық сезінетін кезеңдермен аяқшалардың негізіне жақын орналасқан. Ішкі сақина мусульдық талшықтың шоғырлап орналасқан - парустың негізінде жатар.

  2. Радиациялық жүйке жүйесі (теңіз жұлдызы) - бұларда орталық жүйке орталықтары бар және олар көмей төңірегінде сақина тәріздес орналасқан. Олардан қозғалыс органына тарайды.

  3. Биотеральдық жүйке жүйесі (симметриялық) яғни жүйке негізі пайда болады. Планариларда жүйке жүйесі денесіне жақын орналасқан жүйке талшықтарынан тұрады. Бұл жүйке талшықтарынан жүйке тканьдарымен жұтқыншақ төңірегінде орналасқан байланыстар тарайды, яғни бас бөлімінің пайда болуы.

Сақина тәріздес құрттарда жүйке жүйесінің күрделі түрі бар. Олар жүйке баспалдағы (ортогон) орналасқан. Жұтқыншақтың астыңғы және үстінде орналасқан жүйке байланыстылар арқылы байланысқан және олардан қарын стволын қамтамасыз ететін қос жүйке байланыстары тарайды. Жұтқыншақтың артындағы жүйке байланыстары қарапайым бас миы. Психикалық дамудың деңгейі бұларда жүйке жүйесінің құрылымымен және тіршілік ету ерекшеліктерімен тығыз байланысты.

Локомоция (қозғалыс) сақина тәріздес құрттарда бұлшық еттің дамуы байқалады. Бұлар тері бұлшық дорбасы тәріздес екі қабаттасқан бөлімнен тұрады.

  1. Сыртқы тері асты қабығы – көптеген сақинаша талшықтардан тұрады.

  2. Ішкі қабығы – көлденең орналасқан бұлшықтардан тұрады.

Көлденең және сақина тәріздес бұлшықтардың кезектесіп жиырылуының нәтижесінде қозғалыс пайда болады.

Сақина тәріздес құрттардағы жұп аяқ-тәріздес өсінділер - параподиялар пайда болған. Олардың - параподияларының негізгі функциялары қозғалыс сезіну және химиялық сезімталғышты қамтамасыз етуі. Яғни сезім органдары дәм сезу органдарынан тарап қалыптасты деген болжам бар.

Сенсорлық психиканың жоғары сатысындағы жануарларда: 1.плюромодания – дамудың эвалюциялық сипатына қарай кейбір органдары рецепторлық ерекшеліктердің пайда болуына әкеп соқты. Мыс: медузалардың көру органдарының ерекшелігі

  1. Көз дақтары жарықты сезінетін клеткалар тері қабығындағы эпителлиялық клеткалардың арасында орналасқан.

  2. Көз шұңқыры – яғни көз құрылымы пигменттік клетканың инвагинация байқалады.

  3. Инвагинация – ішке қарай бағыттау

  4. Нағыз көз – шар формасы тәріздес эпителиялық клеткадан тұратын көз көпіршіктері. Эпители өте нәзік және мөлдір функцияны атқарады. Көз көпіршіктерінің қабығы екі типтен тұрады.

- ретинальды

- пигментті

Сенсорлық психиканың жоғарғы формадағы жануарлардың кеңістікті бағдарлауы.

Жауын құрттарда арнайы жарықты сезінетін органдары жоқ. Негізгі ерекшеліктері жоғарғы фототаксистік ерекшелік. Жауын құрттары жағымсыз әсерлерден құтылуға тырысады. Мысалы. қараңғыға қарай ұмтылу. Жауын құрттарындағы клеткалары дененің жоғарғы қабатында шашырап орналасқан сезімнің түрлері: ауыр нәрсені, температураны сезіну.

Таксистердің кеңістікті бағдарлауы. Сенсорлық форманың жоғарғы сатысындағы жануарлардың сезім органдарының симеттриялық орналасуына байланысты таксистердің жоғарғы формалары пайда болған. А. Кюннің классификацисы бойынша

  1. Тропотаксис симметриялы орналасқан рецепторлардағы қозғалудың әсерінен туындайтын жануарлардың қозғалысы.

  2. Телотаксис – тітіркендіргіштің белгілі қайнар көзін анықтау және соған бағытталған қозғалысы.

  3. Менотоксис – симметриялық емес тітіркендіргіштің симеттриялық рецепторларды тудыратын қозғалысы. Негізгі функциясы кеңістікте тұрақты қалыпты сақтау. Мінез құлықтың икемділігі - бұл кезеңдегі жануарлардың мінез-құлығы ерекшелігі. Олардың қылық әрекетінің икемділігінін және жетекші ролді инстинктер атқарады. Бұл кезеңдегі жануарларды үйретудің түрлері:

  1. Үйрену, бійімделу – қалыптасқан реакцияларын тоқтату

  2. Асоциативті үйрету – классикалық және инструменталды шартты рефлексі.

Фабридің пікірінше үйретудің ерекшелігі бұл топтағы жанураларда асоциативті байланыстар жоқ. Негізгі рөлді суммация заңы орындайды. Көптеген ғылыми зерттеулердің нәтижесінде құрттардың мінез - қылықтарында икемділік бар екендігі байқалған. Т әріпі тәріздес лабиринтке құрттарды жіберіп екі түрлі шарттар жасаған бір жағында жағымды жағдайлар, екіншісінде электр тоғы 120 тәжірибе жүргізгеннен кейін ғана құрттар ұясына жетуді үйренген. Улиткалар 60 тәжірибеден кейін үйренген, тіпті құрттардың алдыңғы жүйке сигменттерін алып тастағандығының өзінде үйрету нәтижелері сақталған. Сенсорлық психиканың жоғарғы сатысындағы мінез-қылықтың жоғарғы формалары мен белгілері байқалған. Мінез-қылықтың жоғарғы формалары немесе күрделі инстинктивті бағдарламалар. Аталған кезеңде екі функцияны ажыратамыз:

  1. белгілі бір тіршілікке қажетті құрастырылуы әрекетінің пайда болуы.

  2. тіршілік етуге қажетті ұмтылу бұл кезеңде қалыптасқан ритуализация жоқ.

Ритуал – коммуникативтік функцияны жүзеге асыруға бағытталған жануарлардың арнаулы қозғалыстары.

Қорыта айтқанда сенсорлық жоғарғы формадағы жануарлар қарапайым сатысымен салыстырғандағы тән ерекшеліктер:

  1. затты қабылдау жоқ, бірақ түйсікке негізделген бағдарлау бар

  2. сыртқы жағымсыз әсерден құтылу, бірақ, жағымды шараларды іздеуге бағыттамайды;

  3. жүйке жүйесінің пайда болуы диффузиядағы биотеральдық;

  4. бас қуысындағы жүйке жүйесінің даралауы.

8-ші дәріс тақырыбы: Перцептивті психиканың деңгейі

Сұрақтары:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]