
- •Пәннің оқу әдістемелік кешені «зоопсихология» пәні бойынша
- •5В050300 «Психология» мамандықтарына
- •Семей 2012
- •1 Глоссарий – түсініктемеер
- •1.Зоопсихология пәні жайлы түсінік.
- •2. Зоопсихологияның міндеттері мен маңызы.
- •3.Зоопсихологияның ғылым ретінде дамуындағы ч.Дарвин мен в.А.Вагнер ролі.
- •Зоопсихологияның негізгі мәселелері
- •1. Жануарлар мінез-құлқын реттейтін қарапайым түрлер. Таксистер мен тропизмдер.
- •2. Инстинктивті әрекеттер мен құрылымы, түрлері.
- •3. Үйрету мен оқыту процестері.
- •Ііі. Конгнитивті процестер
- •1. Психиканың кезеңдік даму концепциясы
- •2. Леонтьев бойынша интеллектуалды әрекет.
- •3. Фабри бойынша интеллектуалды әрекет.
- •2.Күрделі тапсырмаларды шешу қабілеті
- •1. Перцептивті психиканың ерекшеліктері.
- •2. Жүйке жүйесінің құрылымы. Сенсорлық қабілет пен сезім мүшелері
- •3. Заттық қабылдау ерекшеліктері.
- •V. Алдыңғы және артқы сыртқы мүшелерінің дифференциясы және алдыңғы сыртқы мүшелерінің функцияларының кеңеюі.
- •Vі. Кеңістікте алдыңғы мүшелерменқозғалудың функцияларынан толық босатылуы.
- •Vіі. Сөйлеу әрекетін орындауға көмектесетін органдарының дамуы.
- •Сенсорлық қабілеті
- •Омыртқалылардың онтогенезі
- •2.Ерте постнатальды мінез-қылықтың танымдық аспектілері.
- •3.Ерте манипуляцияның танымдық маңызы.
- •Жануарлар ойынына жалпы сипаттама
- •Жануарлар ойындарында іс-қимыл белсенділіктің шешілуі.
- •Қарым-қатынастың қалыптасуы.
- •Жануарлар құралдары менадамдардың еңбек құралдары
- •Еңбек әрекетінің шығуы.
- •Қоғамдық қарым – қатынастардың пайда болуы..
- •3.Семинар сабақтарының сұрақтары:
- •4 Студенттің өздік жұмысы
- •Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)
- •Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
- •4.2. Сөж тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары
- •5.Студенттердің өз бетінше жұмысы
1.Зоопсихология пәні жайлы түсінік.
2. Зоопсихологияның міндеттері мен маңызы.
3.Зоопсихологияның ғылым ретінде дамуындағы ч.Дарвин мен в.А.Вагнер ролі.
4. Зоопсихологияның әдістері мен қазіргі кезеңдегі маңызы.
Зоопсихология жалпы психологияның саласы. Жануарлардың психологиялық әрекетінің онтогенезі мен даму заңдарын, функциясын зерттейтін ғылым саласы. Зоопсихология психиканың басқа формаларының салыстырмалы мәліметтерін жинақтайды. Зоопсихология өзінің ғылыми зерттеу объектісімен дараланады: зерттеу объектісі жануарлар әрекетінің психикалық ерекшелігі мен мінез-құлқының ерекшелігі.
Зерттеу пәні: жануарларда қоршаған орта туралы түсініктерінің психикада бейнеленуі. Психика өзінің даму ерекшеліктеріне қарай бірнеше формаларға бөлінеді. Жануарлар психикасында қоршаған орта мен заттардың бейнеленуі. Ортаға байланысты бейнелеудің ерекшелігі мен жануарлардың тіршілікке қажетті қылық әрекеті қалыптады. Кез келген жануарлардың қылық әрекеті оның психикасының көрінісі.
Зоопсихологияның негізгі міндеттері:
Әр түрлі сатыдағы жануарлардың (амебалардан приматтарға дейін) психикалық әрекетін зерттеу. Барлық тіршілік иелеріне жан тән, түйсік психологиялық құбылыстың төменгі деңгейі, ал интеллект жоғарғы деңгейі болып табылады.
Жануарлар психологиялық әрекетінің онтогенездік даму ерекшеліктерін зерттейді. Жануарлардың психологиялық әрекетін зерттеу үшін олардың даму деңгейін «кезеңін» анықтап алған жөн.
Жануарлардың даму кезеңдері:
- эмбрионалдық немесе пренатальдық, құрсақтағы даму кезеңі;
- поснатальдық немесе постэмбриондық туғаннан бастап жануарлардағы эмбриондық дамудың өзіндік ерекшелігі, яғни туа біткен тану құбылысы;
- импритинг – яғни көргенін есте сақтау, бейнелеу (Лоренцтің пікірінше бұл саланы «этологизм» немесе жануарлар тәртібін, мінез-қылығын зерттеу деп атайды);
- ювенилдік – ойын функциялары, ойын процестерінде туа біткен және жүре пайда болатын ерекшеліктердің қатнасы.
Жануарлармен адамның психикалық әрекетін салыстыру. (Ойлау, қарым-қатынас, тілдік қауымдастық ерекшеліктерін салыстыру).
Зоопсихологияның негізгі мәселелері
1. жануарлар түрінің сан жағынан көптігі
2. жануарлардың экологиялық қоректену ортасына қарай ерекшеліктері
3. сан жағынан бағалау күрделілігі;
4. жануарлар мінез-қылық ерекшеліктерін жете зерттеу саналы мінез-құлық әрекеттері мен дағдыларының қалыптасу ерекшеліктері ашып білу.
Зоопсихология көптеген ғылымдармен тығыз байланысты және ғылымдар саласында алатын орны бар:
-салыстырмалы психологияда - Ярошевскийдің анықтауы бойынша жануарлар психикасының даму кезеңін салыстыру адам мен жануарлардың психикалық дамуы мен заңдардың негізін көрсете білу;
-этология – жануарлардың мінез-құлық ерекшеліктерін және жалпы биологиялық негіздерді көрете білу. Этологтар жануарлардың мінез-құлқын зерттейді. Сондай-ақ генетикалық ерекшеліктерді қалыптастырудағы тұрақтығын көрсетеді. Жануарлардың мінез-құлық ерекшеліктері қалыпты табиғи бейнеленген ортасында зерттеледі. Жоғарғы жүйке әрекетінің физиологиясы, яғни жануарлар әрекетіндегі жүйке процесімен жұлын мен бас мидың физиологиясын жете меңгеруде.
Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Бұлармен қатар жүйке жүйесі түрлі дене мүшелерінің, ұлталардың, клеткалардың қызметін, зат алмасу мен қан айналысын басқарып, сыртқы ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына оларды бейімдеп, үйлесітіріп отырады.
Зоопсихологияның қолданылатын салалары және маңызы
1.Жас кезеңдік психологияда зоопсихологиялық зерттеулер балалар психикасы дамуының биологиялық негізін анықтауға көмектеседі. Балалардың мінез-құлқы әсіресе нәрестелік кезеңде негізгі тітіркендіргіштер арқылы қалыптасады.
2.Педагогикалық психологияда зоопсихологияның жетістіктері тәрбиелік маңызын айқындайды, жануарлармен қарым-қатынасқа түсе отырып, әсіресе балалық шақта мінез-құлқы адамгершілік қасиеттері, ақыл-ойы қалыптасады.
3.Антропологияда адамзаттың қалыптасып дамуында антропогенездік қалыптастырылатындығы биологиялық заңдылықтар туралы білімнің қажеттігі.
4.Медицина ғылымында денсаулығы нашар сырқатталған адамдарды емдеуге жануарлар психикасының өзгерістерімен салыстыра отырып, емдеуге қолданылады. Кез-келген химиялық препараттың психикаға әсерін жануарлар психикасына эксперимент жүргізе отырып, тиімділігін қолданады.
5.Ауылшаруашылығында ірі қара малдардың қауымдастықғын білуде, жабайы жануарлардың құрылымын, адамдардың қарым-қатынасы, балық шаруашылығын арттыруда (ихтипсихология). Жануарларды қолға үйрету мекен-жайларын өзгерту; пайдалы жануарларды көбейту (қолға үйрету); жабайы жануарлардың урбанизация мәселесін шешуге зоопсихология ғылымының жетістіктері өте қажет.
Зоопсихологияның зерттеу әдістеріне қойылатын талаптар:
- Жануарларды зерттеу міндеті алдын ала ойластырылуы керек. Жүргізілетін тәжірибелер барысында жануарлардың қимыл қозғалысы арқылы психикалық сапасын дәл анықтайтындай маңызда болу керек.
- Жүргізілетін әдістер мен сыртқы шарт физиологиялық жағдай және сыртқы шарттар есептелуі керек.
- Жануарлардың мінез-құлқын анықтауда сандық бағаланудың болуы.
- Бақылау жүргізушінің байқампаздығының жоғарылығы.
- Өткізілетін әдістермен тәжірибенің биологиялық шарттарға сәйкестілігі.
Зоопсихологияның ғылыми зерттеу әдістері
(Жануарлардың психикасын, мінез-құлық әрекетін анықтауда қолданылатын):
Лабиринт әдісі жануарлардың негізгі міндеті: алдына қойған белгіленбеген мақсатқа жол табу, жол іздеу барысында ауытқушылық туындаса жазалауды жазалау. Жол табу алдайтын элементтерді (приманка) қолдану. Бұл әдіс барысында мақсатқа жетудегі жануарлардың шапшаңдығы, жіберген қателердің саны тіркеледі.
«Жолды айланып өту» әдісі. Жануарлардың мақсаты алдына қойған мақсатқа жету үшін бірінші кедергілерді меңгеру (приманка қолданылады). Бұл әдіс барысында да алдайтын элементтерді іздей отырып, жануарлардың іздену барысындағы шапшандығымен қозғалыс траекториясы тіркеледі. Зерттеуші Крушинский осы әдісті электрополяция тәсілімен алмастырады, яғни Алдауға қолданылатын элементтерді іздестіру негізінде егер де оларды қолданбаса.
Дифференциялық жаттықтыру (дефференциация – жай бөлшектерге бөлу немесе дресировка) негізгі мақсат: бір мезгілде бірнеше объектілер мен олардың белгілеріне қарай жүйелі түрде ажырата білу. Мысалы: жануарларға үлгі ретінде затты көрсету және басқа заттардың ішінен дәл осындай затты табу. Мұндай әдіс приматтарға жиі қолданады.
Проблемалық клетка әдісі - жануарларға арналған «приманканы» тордың ішінен алу, яғни оған жол табу ашу, кіру. Ол жануар үшін оңай емес.
Психикалық пайда болу мәселелері 2 аспектілік бағытта қарастырылады.
1. Психикалық материяның даму деңгейі бойынша қалыптасу аспектісі.
2. Ең алғашқы психика формасының пайда болуы немесе психиканың критериясына қандай негіз болды деген аспекті.
Психиканың дамуы мен қалыптасуын және шығу себептерін зерттеген бірінші бағыттылығы зерттеулер бірнеше көзқарастар деңгейінде дамиды. Олар мынандай көзқарастар:
1. панпсихизм психика барлығында бар;
2. антропропсихизм: психика тек қана адамға тән;
3. биопсихизм: барлық тірі материяда психика болады;
4. фитопсихизм: психика тек қана өсімдіктер мен барлық тірілерде бар;
5. нейропсихизм: психика жүйке жүйесі барларда болады;
6. анималпсихизм: психика барлық жануарларға тән;
7. өсімдіктегі психиканың критерийлары: өсімдіктерге электрлік құбылыстың арасында өсуімен қозғала білу қабілеті.
Өсімдіктер психикасына тән критерийлер мынандай болып бөлінеді (көзқарастың негізінде өсімдіктің қозғалыс түрлері алынады):
тропизм - өсімдікке бағытталған ықпалдарға қозғалысы;
настия - өсімдіктердің қозғалысы оған ықпал етуші факторалрмен сәйкес келуі. Настияның мынандай түрі бар:
- термонастия – (қызғалдақтардың жылы жерде ашылуы);
- ейсмонастия – (сыртқы вибрациялық қозғалыстардан мимоза жапырақтары жиырылады);
- хемонастия (өсімдіктің белоктік табиғатқа әсері)
Психика дамуы критериялар мәселелерін көптеген ойшылдар қарастырып, әртүрлі пікірлер қалыптасқан. А.Н.Леонтьев психиканың критерийіне түйсік жатады (ықпал ету түйсігі жатады), бірақ ықпал ету түйсігі биологиялық тіршілік негізі деген пікірде. А.Н.Леонтьевтің айтуынша мұндай түйсіктер сигналдар деп аталады. Мұндай сигналдар төніп келе жатқан қауіп қатерді немесе жағымсыз биологиялық объектілердің пайда болуын хабарлайды (мыс. жыртқыштың жақындап келе жатқанын білдіретін вибрациялық жағдайлар, жануарлар үшін дыбыс, иіс).
Платоновтың пікірінше эмоция және уайымдай білу организмге өте қажет. Егер сыртқы эмоцияны білдіретін ерекшеліктер болса, оның да психикасы болғаны. Яғни психика барлық жануарларға тән.
Ал Гальперин – психиканың қалыптасу негізін эволюциялық процесс барысында түйсіне білу қабілетімен қабылдай білу байланыстылығы негізінде түсіндіреді. Яғни түйсік пен қабылдау бір қалыпта, бір мезгілде болатынын айтқан. Ал жақсы жаман ықпалдарды эмоция арқылы білдіру жеткізу жануарларға да тән.
Симонов – Гальпериннің көзқарасын қолдай отырып, түйсіктің эмоционалдық ерекшелігін енгізген.
Бернштейн мен Вилюнас: жануарлар психикасының ерекшелігін зерттей келе белгілі бір туындаған жағдайға байланысты бағытталған іс-шараның ерекшелігін атайды. Жоғарыда көрсетілгендей психиканың критериялық мәселелері көптеген ойшылдардың көзқарасында орын тауып, зоопсихиканың ғылым ретінде қалыптасуына ықпалын тигізіп отырды. Психиканың даму қалыптасуының критерилары әртүрлі боғанымен, барлығы психикалық бейнелену мәселелерін қарастырады. Жануарлар психикасының даму деңгейі олардың қоршаған ортамен қарым-қатынас деңгейімен тығыз байланысты. Өйткені жануарлардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы өте маңызды. Ғалымның пікірінше жануарлардың қоршаған ортамен тығыз байланыстылығы мынандай топқа бөлінеді:
1. жануарлардың тұрған мекен-тұрағымен байланыстылығы (туған аймағымен байланысты) (ең негізгі сферасы), яғни, тіршілік ету териториясы және оның құрамы;
2. жануарлардың белгілеріне байланысты бағдарлауы;
3. функционалдық аймақтары (қоректену аймағы, аң аулайтын, тіршілік ортасы, қауіп қатерлі). Кейбір жануарлар өзіне тұрақты мекен-жайды таңдайды, бағалайды, ал екінші біреулері тіршілік ортадағы өзгерісті тез байқайды, бағдарлайды.
Психиканың пайда болуы – генезисі және оның дамуы туралы проблемалар өзара тығыз бйланысты. Психика дамуы туралы жалпы көзқарас психиканың туындауы жөніндегі мәселенің тоериялық ерекшеліктерімен сипатталады.
Ғылымда бірнеше теориялық бағыт қалыптасқан.
Зоопсихологияның ғылым ретінде қалыптастырылып дамуы және оның ғылыми маңызы адамзат үшін өте маңызды. Күнделікті өмірде зоопсихологияның ғылыми зерттеулері кеңінен қолданылады. Жануарлардың мінез-құлықтары туралы ұғым, білім адамзат үшін ерте кезден қажет болды. Әсіресе аңға шығуға, аңдарды қолға үйретуде, үй жануарларын ұстауда т.б.
Зоопсихологияның арнаулы салалары бар және бүгінгі күнде олардың маңызы артуда, мысалы, анималтерапия (анималтерапия психологиялық диагностика саласы, жануарлардың адамға әсерін зерттейтін ғалым). Анималтерапия ғылымының жетістігіне сүйене отырып, мынандай мәліметтер анықталған:
1. жануарлармен қарым-қатынас барысында адамның эмоциялық жағдайы жақсарып артады;
2. стресс жағдайы төмендейді;
3. қанның артериялық қысымымен зардап шегетін адамдардың қан қысымы реттеледі (әсіресе гипертоникалық жағдайларда);
4. шизофрениямен ауыратын адамдардағы жануарлармен қарым-қатынас жағымды әсер етеді (ламамен қарым-қатынас);
5. аутизммен ауыратын балалардың эмоциялық жағдайын арттыруда маңызы зор.
Зоопсихологиялық ғылымның жетістіктері бүгінгі күнде басқа да салаларда кең қолданылады. Мысалы балық шаруашылығында, аңдарды көбейту, өсіру жағдайында.
№ 3-ші дәріс тақырыбы: Жануарлардың психикалық әрекеттінің жалпы сипаттамасы
Сұрақтары: