
- •Пәннің оқу әдістемелік кешені «зоопсихология» пәні бойынша
- •5В050300 «Психология» мамандықтарына
- •Семей 2012
- •1 Глоссарий – түсініктемеер
- •1.Зоопсихология пәні жайлы түсінік.
- •2. Зоопсихологияның міндеттері мен маңызы.
- •3.Зоопсихологияның ғылым ретінде дамуындағы ч.Дарвин мен в.А.Вагнер ролі.
- •Зоопсихологияның негізгі мәселелері
- •1. Жануарлар мінез-құлқын реттейтін қарапайым түрлер. Таксистер мен тропизмдер.
- •2. Инстинктивті әрекеттер мен құрылымы, түрлері.
- •3. Үйрету мен оқыту процестері.
- •Ііі. Конгнитивті процестер
- •1. Психиканың кезеңдік даму концепциясы
- •2. Леонтьев бойынша интеллектуалды әрекет.
- •3. Фабри бойынша интеллектуалды әрекет.
- •2.Күрделі тапсырмаларды шешу қабілеті
- •1. Перцептивті психиканың ерекшеліктері.
- •2. Жүйке жүйесінің құрылымы. Сенсорлық қабілет пен сезім мүшелері
- •3. Заттық қабылдау ерекшеліктері.
- •V. Алдыңғы және артқы сыртқы мүшелерінің дифференциясы және алдыңғы сыртқы мүшелерінің функцияларының кеңеюі.
- •Vі. Кеңістікте алдыңғы мүшелерменқозғалудың функцияларынан толық босатылуы.
- •Vіі. Сөйлеу әрекетін орындауға көмектесетін органдарының дамуы.
- •Сенсорлық қабілеті
- •Омыртқалылардың онтогенезі
- •2.Ерте постнатальды мінез-қылықтың танымдық аспектілері.
- •3.Ерте манипуляцияның танымдық маңызы.
- •Жануарлар ойынына жалпы сипаттама
- •Жануарлар ойындарында іс-қимыл белсенділіктің шешілуі.
- •Қарым-қатынастың қалыптасуы.
- •Жануарлар құралдары менадамдардың еңбек құралдары
- •Еңбек әрекетінің шығуы.
- •Қоғамдық қарым – қатынастардың пайда болуы..
- •3.Семинар сабақтарының сұрақтары:
- •4 Студенттің өздік жұмысы
- •Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)
- •Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
- •4.2. Сөж тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары
- •5.Студенттердің өз бетінше жұмысы
Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)
1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.
2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.
5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.
Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;
Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;
Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;
Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;
Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;
Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;
Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;
Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.
4.2. Сөж тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары
Психиканың әлемдегі басқа құбылыстардан айырмашылығы.
Жүйке – жүйесі және психика дамуындағы ролі мен жетілуі.
Жануарлар психикасы дамуының негігі кезеңдері.
Инстинктивті мінез – құлық және үйрету.
Адамдардағы психикалық қарапайым және жоғарғы функциялар.
Психика мен қарапайым мінез – құлықтың қалыптасуы.
Эмбриогенездік мінез – құлықтың тұқым қуалаушылық негізі.
5.Студенттердің өз бетінше жұмысы
Студенттердің өз бетінше жұмысы – көп күш жігер жұмсауды қажет ететін жұмыстың түрі. СӨЖ – арнаны уақыт ішінде оқытушының тапсыруымен, бірақ тікелей көмегінсіз орындайтын жұмыстары. СӨЖ үшін белгілі дәрежеде студенттің ақыл-ойы, күш-жігері, білімі мен қабілеті жұмсалады. СӨЖ-ның түрлері мен типтері, классификациясы педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде бұрыннана қалыптасқан. Жоғары мектептің қазіргі дидактикасы СӨЖ-ның төмендегідей классификациясын тиімді деп есептейді
Үлгі бойынша өз бетінше жұмыс;
Сындарлы-вариативті (конструктивно-вариативный) өз бетінше жұмыс;
Эвристикалық өз бетінше жұмыс;
Ізденушілік өз бетінше жұмыс;
өз бетінше іздену студентке ғылыми көзқарасының қалыптасуына және шығармашылық кәсіптік қабілеттің дамуына негіз салады.
Студенттердің өз бетінше жұмысының түрлеріне:
Оқулық және қосымша әдебиеттермен жұмыс;
Сөздіктермен, энциклопедиялармен жұмыс жасай білу
Коллоквиумда, семинарда өз көзқарастарын ауызша айта білу;
әр пәннің ерекшелігіне сай негізгі ұғымдарды таба білу және қорытынды жасай білу
конспект, шығарма, мәнжазба, баяндама,аннотация жазу;
жаттығулар орындау, кестені толтыру, сызбалар сызу
тезис, жоспар құру, ауызша пікір айту жатады.