Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айбол.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.9 Кб
Скачать

Кіріспе

ХХI ғасырдың басында әлемнің әр түрлі мемлекеттерінде әлеуметтік-экономикалық сипатындағы терең деңгейдегі қайта құру үрдістері байқалуда. Бұл аймақтың дамуын жетілдіру мәселелерінің маңыздылығын күшейтеді. Посткеңестік кеңістікте соңғы жылдары әр түрлі әлеуметтік-экономикалық жүйелерді басқарудың жаңа тәсілдерін талап ететін тіршілік әрекетінің барлық салаларында түпкілікті өзгерістер орын алғандығы көрініп отыр. Қазіргі жағдайларда аймақтар деңгейіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуды басқарудың ең тиімді құралы болып тұрақты түрде модернизациялауды қажет етіп отыратын аймақтық саясат табылады. Қазақстанда бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері, мемлекетіміз әлеуметтік бағытқа үлкен мән беріп келеді, себебі біз нарықтық әлеуметтік бағытты таңдадық.  Бірақ елімізде жүргізіліп отырған әлеуметтік саясат, әрине мемлекеттің қаржылық мүмкіндігіне, экономикалық дамуға байланысты. Соңғы жылдардағы экономикамыздың қарқында өсуі, ЖІӨ еселеп жоғарлауы әлеуметтік салаға құйылатын қаржының көлемін ұлғайтты. Бұның бәрі түптеп келгенде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекетіміздің сындарлы саясатына байланысты.

Мемлекет түсінігі және мәні

Мемлекет – бұл қоғамды білдіре отырып, осы қоғамды басқаратын және оның интеграциясын (құрылуын) қамтамасыз ететін арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты болатын бұқаралық биліктің саяси – аумақтық, егеменді ұйымы.

Мемлекет оны рулық қауымның  әлеуметтік билігінен ажыратуға мүмкіндік беретін мынадай  негізгі белгілермен сипатталады:

1. Бұқаралық биліктің болуы.

2.Тұрғындарды  аумақтық (территориялық) бөлу.

3.Салық жүйесі.

4. Егемендік..

5. Құқық.

Мемлекеттік билік әлеуметтік биліктің ерекше  түрі болып табылады. Бұл  мемлекеттік мәжбүрлеуге сүйенетін субъектілердің арасындағы үстемдік пен бағынушылықтың  саяси – бұқаралық қатынасы.  Мемлекеттік биліктің ерекшеліктері мыналардан көрінеді:

1. Бұқаралық  (көпшілік ) билік.

2. Аппараттық билік.

3. Легитимдік (заңды деп танылған) билік.

Мемлекет мәнін түсіндіру мемлекет және құқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекет мәні — бұл осы құбылыстағы оның мазмұнын, мақсатын, қызмет етуін  анықтайтын негізгілердің біреуі.

Мемлекет мәнін анықтауда қолданылатын тәсілдер:

— таптық;

— жалпы әлеуметтік.

Мемлекет типі (түрі) тиісті тарихи дәуірде туындаған оның маңызды жақтары мен қасиеттерінің қатаң жүйесін білдіреді. Нақты тарихи дәуірде туындаған  мемлекеттердің барлығының белгілері ортақ болып келеді. Мемлекеттердің типологиясы негізінен екі тәсіл формациялық және өркениеттік тәсілдер тұрғысынан жүргізіледі.

Мемлекет функциялары – бұл мемлекеттің мәнін және мақсат — міндетін білдіретін оның  қызметінің негізгі бағыттары. Мемлекет функциялары оның оның мақсат– міндетімен байланыстырылған, оның мәніне тәуелді және оның өзгеруіне байланысты, басқа тәртіптегі мәнге өтуіне байланысты  өзгеріп отырады. Сонымен, мемлекет функциялары — өзгеріп отыратын категория.

Мемлекет функцияларының  классификациясы:

а) әрекет ету ұзақтылығына байланысты  тұрақты және уақытша;

б) маңызына байланысты  — негізгі және қосалқы;

в) қоғамдық өмірдің қай сферасында  жүзеге асырылуына байланысты —  ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

  1. Мемлекеттің пайда болуы (теориялары)

Мемлекеттің пайда болуы теориялары - мемлекет - көпқырлы құбылыс. Оның пайда болуы, шығу тегі әртүрлі факторлармен түсіндіріледі. Оның пайда болуынан бірнеше теориялар жасалған, алайда оны бір әмбебап теорияның шеңберінде түсіндіру мүмкін емес. Мемлекеттің пайда болуын түсіндіретін алғашқы теориялардың бірі - теократиялық теория. Бұл теорияға сәйкес мемлекет - Құдайдың ісі. Кез келген мемлекеттік билік Құдайдан. Жер бетіндегі Құдай ісін атқарушыларға бағынбау Құдайға қарсы шығумен тең. Келесісі - патриархалдық теория - мемлекет тікелей отбасының кеңеюінен пайда болды деп түсіндіреді. Отбасылардың бірігуі отағаларының мемлекеттің азаматына айналуына, ол өз кезегінде олардың үстінен қарайтын жаңа билік түрін - монархты тудырды дейді. Мемлекеттің пайда болуының табиғи-құқықтық теориясы мемлекеттің адамдардың өзара қоғамдық келісімі нәтижесінде шыққанын айтады. Соғыстан қажыған адамдар қорғану жолында бірігіп, мемлекет құрған деп сенеді. Күштеу теориясы (өкілдері: ДюрингКаутский) мемлекет жаулап алу, күш қолдану негізінде пайда болған дейді. Мемлекеттік билік күш қолданудан туындайды. Органикалық теория мемлекетті тірі ағза ретінде қарастырады. Оның қызметі қалай жүрсе, мемлекет қызметі де солай атқарылады (Г.Спенсер). Психологиялық теориямемлекет адамдардың өзара бірлесіп, қауымдасып өмір сүру қажеттілігінен туындады дейді. Материалистік теория мемлекеттің ең алдымен, экономикалық себептерден туындағанын айтады. Марксистік теория мемлекет қоғамның біріне-бірі қарама-қайшы антогонистік таптарға жіктелуі, жеке меншіктің пайда болу нәтижесінде пайда болған деп түсіндіреді. Қоғамдық келісім теориясы адамдар өздерінің табиғи құқықтарының бір бөлігін мемлекетке беріп, шарт жасасқан, соның нәтижесінде мемлекет пайда болды дейді.

Табиғи құқықтық теория – XVII-XVIII ғғ қалыптасқан теория. Өкілдері: Г.Гроцкий , Т.Гобсс, Д.Локк, Ж.Ж. Руссо,Б, Спиноза, А. Радищев. Теорияның мазмұны: адамдардың өздерінің табиғи құқықтары болады (бостандық, теңдік, еңбек жасау). Оны ешкімде жоя алмайды, оған зиян келтіре алмайды . қоғамның тарихи даму процесінде адамдардың ара қатынасында қайшылықтар басталады. Сондықтан қоғамда бостандықты, әділеттілікті, теңдікті сақтау үшін адамдар өзара шарт жасасып мемелекет құрады. Бұл шарттың мазмұны көп елдердің Конституциясына кірді деп түсіндіреді. Психологиялық теория – XIX ғ.бұл теорияны уағыздаған: Ч. Тард, Л.И. Петражицкий. Қоғам мен мемлекетті бұл теория адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіпп ұжымдық түрде басқаруы. Қоғам мен мемлекет адамдардың табиғи психологиялық даму заңдылық процесінінің нәтижесінде пайда болды деп түсіндіреді. Күштеу теориясы – XIX ғ. Қалыптасқан пікір. Өкілдері: Л. Гумплович, К. Каутский, Е.Дюринг т.б. мазмұны: күшті рулар, тайпалар өздерімен шектес әлсіз руларды, тайпаларды күштеп, зорлыққ озбырлық жасап өзіне бағындырып, бақылауды жақсарту үшін мемлекет құрады деп түсіндіред Тарихи-материалистік теория – Мемлекет құқықтың пайда болуын экономикалық тұрғыдан түсіндіреді. Себептері: қоғамдық еңбектің болінуі, ққосымша өнімнің , жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның қарама-қарсы екі тапқа бөлінуі, қайшылық күресінің басталуы. Мемлекет пен құқықтың мазмұны ның тарихи өзгеріп отыруы қоғамдық мүдде –мақсаттарды қорғауы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]