Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пульмо силлабус каз 22.09.2014 (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
130.98 Кб
Скачать

2.3 Оқыту міндеттері:

Когнитивті компонент (білім)

        • тыныс жолдары ауруларының клиникалық симптоматикасы, этиологиясы, патогенезі, семиотикасын меңгеру

        • тыныс мүшелерініңауруларын диагностикалау принциптерін, лабораториялық, функционалды және аспаптық зерттеу әдістерін негізді тағайындау дағдысын қалыптастыру

тыныс мүшелерінің аурулары кезіндегі қазіргі емдеу әдістері бойынша білімін қалыптастыру

Операционды компонент (дағды және қолынан келуі)

        • пульмонологиялық науқасты қарау, перкуссия және өкпе аускультациясын жүргізу дағдыларын жетілдіру

        • параклиникалық науқасты зерттеу әдістерін талдау дағдысын дамыту

        • тыныс жолдарының жедел ауруларын тануға үйрету (бронхит, бронхиолит, пневмония)

        • тыныс жолдарының созылмалы ауруларын тануға үйрету (бронх демікпесі, созылмалы бронхит)

        • тыныс жолдарының тұқымқуалайтын ауруларын тану дағдысын қалыптастыру (муковисцидоз)

        • тыныс жолдарының туа біткен ақауларын тану дағдысын қалыптастыру (Вильямса-Кэмпбэл синдромы, Мунье-Куна синдромы, туа біткен бөліктік эмфизема)

        • бронхит, бронхиолит, пневмонияның дифференциялық диагностика алгоритмін құрастыруға үйрету

        • балалардағы тыныс жолдары созылмалы ауруларының дифференциялық диагностика алгоритмін құрастыруға үйрету

        • тыныс жолдары ауруларымен балаларға этиопатогенетикалық ем жүргізуді негіздеу дағдысын дамыту

        • тыныс жолдары ауруларының профилактика негізгі принциптеріне үйрету

        • студентте құқықтық педиатр қызметін реттейтін құжаттарды қолдану туралы білімі мен дағдысын үйрету

Аксиологиялық компонент (коммуникативті дағдылар)

  • науқас бала және оның ата-анасымен сөйлесу дағдыларын қалыптастыру;

  • өзара қарым-қатынас дағдыларын дамыту;

  • командада жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Құқықтық компонент

  • ҚР-ның ана және баланы қорғау заңына және бала құқығы конвенциясы аясында баланы тексеру мен емдеуде этикалық қалыптарды сақтау, білімін жетілдіру және қалыптастыру.

Өзін-өзі оқыту және өзін дамыту компоненті

  • өз бетінше медициналық әдебиет оқу арқылы, интернетті қолдану, презентация жасау, ситуациялық есеп құрастыру, ажырату диагнозына кесте құру, профессионалды сөйлеу арқылы білім деңгейін көтеру.

2.4 Оқытудың соңғы қорытындысы:

Студент білуі тиіс:

  • тыныс жолдары ауруларының этиологиясы мен патогенезі

  • балалар жасының тыныс жолдары ауруларын тану

  • балаларда тыныс жолдарының аускультация және перкуссиясын жүргізу техникасын

  • балалар тыныс жолдары жедел, созылмалы, тұқымқуалайтын ауруларының диагностика критерийлерін

  • балалар тыныс жолдары аллергиялық ауруларының диагностикалық критерийлері

  • балалар жасындағы тыныс жолдары ауруларының қазіргі клиника-лабораториялық және аспаптық зерттеу әдістерін

  • пульмонологиялық диагнозды негіздеужәне оның жіктелуі

  • балаларда тыныс жолдары ауруларының өту ағымы ерекшеліктерін

  • балалардағы тыныс жолдары ауруларының асқыну түрлерін

  • балалар жасындағы тыныс жолдары ауруларының болжамын

  • балалардағы тыныс жолдары ауруларының қазіргі емдеу принциптерін және алдын алуды

Студенттің қолынан келуі тиіс:

Диагноз қою және емдеу:

  • науқас баладан немесе оны күтушіден анемнез жинау

  • науқасты объективті қарау жүргізу

  • тыныс жолдары мүшелерінің перкуссиясы мен аускультациясын жүргізу

  • науқасты объективті қарау нәтижелерін талдау

  • тыныс жолдарын аускультациялау және перкуссиялау кезінде өзгерістерді түсіндіру

  • тиімді клиника-лабораториялық және аспаптық зерттеу әдістерін таңдау

  • алынған нәтижелерді талдау

  • кеуде қуысы рентгенограммасынан тыныс жолдары ауруларын сипаттайтын өзгерістерді анықтау және оларды нақты бір патологиямен байланыстыру

  • диагнозды негіздеуде клиникалық ойлау қабілетін көрсету

  • тыныс жолдары ауруларының дифференциялық диагнозын жүргізуде клиникалық ойлау қабілетін көрсету

  • науқас баланы реабилитациялау және емдеу жоспарын құрастыру

  • берілген тақырыпқа презентация және реферат құрастыру

  • науқаспен және оның туысқандарымен, ата анасымен сенімді қатынас орнату

  • топта жұмыс істеу, ұжымдастарымен серіктестік, шешім қабылдау дағдыларын көрсету

  • науқасты қарау және зерттеу кезінде алған мәліметтері мен сонымен қатар әдебиеттерден алған мәліметтерін талдау

Студенттің қолынан келетін дағдылар:

Науқас баланың ауру және өмір анамнезін жинау

  • тыныс жолдары ауруларымен балаларды қарау, пальпация, перкуссия және аускультация жүргізу

  • артериялық қысымды өлшеу, пульс және тыныс жиілігін санау

  • науқас жағдайының ауырлығын бағалау

  • тыныс жетіспеушілігі дәрежесін бағалау

  • баланың физикалық дамуын бағалау

Студент коммуникативті дағдыларын меңгеруі керек

  • тыныс жолдарының аурулары бар науқастарды тексергенде және емдегенде этика және деонтология бойынша білімін қолдануы керек;

  • топта жұмыс жасау;

  • әріптестерімен, пациентпен және оның ата-анасымен қарым-қатынаста дағдыларын меңгеру және қалыптастыру.

Студент құқықтың компетенцияларды білуі және қолданыуы керек

  • ҚР-ның ана және баланы қорғау заңына және бала құқығы конвенциясы аясында баланы тексеру мен емдеуде этикалық қалыптарды сақтау, білімін жетілдіру және қалыптастыру.

Өзін-өзі оқыту және дамыту дағдыларын білуі керек

  • өз бетінше медициналық әдебиет оқу арқылы, интернетті қолдану, презентация жасау, ситуациялық есеп құрастыру, ажырату диагнозына кесте құру, профессионалды сөйлеу арқылы білім деңгейін жоғарылату