- •Силлабус
- •1. Жалпы мағлұматтар:
- •1.7.Оқытушылар туралы мағлұматтар
- •1.8.Байланыс мағлұматтары:
- •2.2 Пәнді (3-блок) оқыту мақсаты:
- •2.3 Оқыту міндеттері:
- •2.4 Оқытудың соңғы қорытындысы:
- •2.5.1. Дәйектеме алды:
- •2.6. Пәннің қысқаша мазмұны:
- •2.7. Тақырыптық жоспар (дәрістер, практикалық сабақтар, сөж)
- •Оқытушымен жетекшілігімен студентің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары
- •Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары (сөж)
- •2.8.Студенттердің өз бетінше жасайтын жұмыстарына тапсырмалар
- •Компетенциялардың қалыптасуын бағалау
- •2.9.Әдебиет тізімі
- •2.10. Оқыту және білім беру тәсілдері; дәріс, тәжірибелік сабақ, студенттің өзіндік жұмысы жүргізу формалары.
- •2.11 Білім алушылардың білімін және дағдыларын бағалау критерийлері мен ережелері:
- •Студенттердің білімі және тәжірибелік дағдыларын баллдық-рейтингтік жүйемен тексеру
- •Қорытынды бақылау (ситуациялық есептер шешу) – максималды балл -20 балл
- •2.Практикалық дағдыларды бағалау критерийлері - 100:
- •I.Практикалық дағдыларды меңгеру (тақырыптық науқастарды курациялау, науқасты қарау) – максималды балл - 60 балл Науқасты қарауды бағалау критерилері
- •2.Лабораторлық-аспаптық мәліметтерді талдау – максималды балл -30 Лабораторлық-аспаптық мәліметтерді талдаудың бағалау критерийлері
- •Баға шкаласы
- •Клиникалық диагнозды негіздеу – максималды балл -10 балл
- •2. Коммуникативті дағдыларды бағалаудың критерийлері – 100 балл:
- •Бағалау критерийлері
- •Баға шкаласы
- •4. Құқықтық сұрақтар – максималды 100 балл
- •Құқықтық сұрақтарды бағалау критерийлері
- •Баға шкаласы
- •1. Клиникалық ситуациялық есепті шешудің бағалау критерийлері
- •2. Емдеу жобасын бағалау критерийлері
- •3. Диагноз қою алгоритмін бағалау критерийлері
1.8.Байланыс мағлұматтары:
Мекен- жайы: Алматы қ-сы, Аль-Фараби даңғылы, 146
Педиатрия бойынша №2 интернатура және резидентура кафедрасы, тел: 299-21-26
Студенттерге қойылатын жалпы талаптар: жоғарғы медицина оқу орнының жалпы тәртіптеріне негізделген.
Студент оқу кестесіне сәйкес барлық сабақтарға қатысуы тиіс.
Оқу үдерісіне белсенді қатысу (теориялық материалдарды дайындау, клиникалық ситуациялар мен тесттерді шешу, науқасты курациялау, науқастың клиникалық талдауына қатысу)
Студентің тәртіптің этика-деонтологиялық принциптерін орындау;
Студенттің өзіндік жұмысын міндетті түрде орындау
Сабаққа кешікпей келу керек
Студент сабақта ұялы телефонды сөндіруі тиіс.
Студенттің таза, ақ халаты болуы тиіс.
Студент оқытушыларға және студенттерге құрметпен қарау
Студент ағымды, рубеж және қорытынды бақылаудың барлық шарттарын орындауы керек
Сабаққа қатыспаған жағдайда сол 1 сабақ ұшін 0 балл қойылады
Студент оқылған пән соңында емтихан тапсыруы тиіс.
Студент СЭС рұқсаты бар алған алдын ала егулері жазылған медициналық кітапшасы болуы керек;
Студенттерге ҚазҰМУ территориясында темекі шегіге тыйым салынады;
Студенттерге кафедра мүлігін құртуға тыйым салынады.
2. Бағдарлама.
2.1 Кіріспе
Балаларда тыныс жолдарының аурулары жалпы аурушаңдық көрсеткіштері жүйесінде жетекші орындарды алады. Аурушаңдық құрылымында жасқа байланысты анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері, морфологиялық және функционалдық тыныс мүшелерінің толық жетілмеуі де орын алады. Олар бала организмінің зақымдаушы агенттер мен инфекция қабылдауында жеке реакция түрінде көрінеді.
Тыныс жолдарының инфекциялық емес аурулары әртүрлі жаста ерекше өтеді, сондықтан ерте жастағы, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар бронхиолиті, жедел пневмония жеке қарастырылады. Олардың айырмашылығы бронх өкпеде болап жатқан патологиялық өзгерістерге байланысты ғана емес, сонымен қатар организмнің инфекцияға реакциясына және оның таралу дәрежесіне де байланысты болады.
Балаларда тыныс жүйесінде қатерлі ісіктер сирек кездеседі, бірақ ересектерге қарағанда өкпедегі ауыр қабыну үрдісінің себептері генетикалық негізделген туа біткен даму ақаулары болып табылады, ол балалар патологиясының жеке бөлімін құрайды. Өкпелік синдром муковисцидоз, генетикалық детерминиленген альфа1-антитрипсин иммунды тапшылық жағдайлар сияқты тұқымқуалайтын аурулардың бірінші және негізгі клиникалық көрінісі болады.
Балалар жасындағы тыныс жолдары патологиясының көп бөлігін аллергиялық аурулар алады, олар басқа инфекциялық инфекциялық емес тыныс жолдары патологияларының дамуы үшін қолайсыз жағдай жасайды.
Балалардағы тыныс жолдарының патологиясы ерекшелігі оларға жастарын ескере отырып, өзіндік, дифференциялық жолмен шешім қабылдауды қажет етеді. Сондықтан әрбір дәрігер жасқа байланысты аспектіде диагностикасы және еміне методологиялық жолды білуі қажет, ауруды ерте анықтап сәйкес ем тағайындауы қажет.
2.2 Пәнді (3-блок) оқыту мақсаты:
Балалардағы тыныс жолдары ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алу туралы білімі мен дағдыларын қалыптастыру.
