Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Физиология.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
830.46 Кб
Скачать

9.8.Қан топтары және қан құю

. Қан топтары деген не және цан қандай негізде топқа бөлінеді?

Адамның немесе бір түр дарақтарының иммунологиялық белгілеріне - эритроциттер құрамында агглютиногендердің, плазмада -агглютининдердің болуы болмауына қарай, - ерекшеленетін қан белгілерінің бірлестігін қан топтары дейді. Австрия ғалымы Кландштейнер (1901) мен чех ғалымы Я.Янский (1907) зерттеулері нотижесінде эритроциттерде А және В деген екі түрлі агглютиноген-дер (антигендер), ал плазмада екі түрлі агглютининдер (антиденелер-жабыстырғыш заттар), - а және р\ болатыны анықталған. Қан құра-мында олар жеке-жеке, қос-қос немесе тіпті болмауы мүмкін. Агглютиноген А(В) мен агглютинин а(р) аттастар деп аталады. а агглютинин А агглютиногені бар эритроциттерді, ал р агглютинин - В агглютиногеш бар эритроцитгерді жабыстырады. Сондықтан бір адамның қанында өр тектес агглютиноген мен агглютинин ғана болады. Адамда олар төрт түрлі бірлестікте немесе топта кездеседі: 1(0) топ қанының эритроциттерінде агглютиногендер болмайды, ал плазма-сында а мен 3 агглютининдері болады. II (А) топта - агглютиноген А мен агглютинин р", ///(В) топта - агглютиноген В мен агглюти-нин а болады. IV (АВ) тобында А және В агтлютиногендері болады да, агглютининдер болмайды. Егер қан құйғанда донор (қан беруші) қанының эритроциттері реципиенттің (қан қабылдаушы) аттас агглютининімен кездессе, эритроциттер агглютинациясы (жабысу) жүреді. Мұндай қандар сөйкес емес қандар деп аталады.

Қаны /топқа жататын адамға тек /топтың қанын құюға болады, ал /топ қанын басқа топтардағы адамдардың барлығына құюға болады. Сондықтан қаны /топқа жататьш адамдарды өмбебап донорцейщ. Қаны /Ктопқа жататыңдарға барлық топ қаньш қүюға болады, олар-ды әмбебап реципиенттер дейді. Ятоп қанын - Яжәне /Ктоптарға, ал Я/тол қанын - /Яжәне /Ктоптарға құюға болады. Қазіргі кезде АЙОжүйесінен басқа 200-ден астам әр түрлі агглютиногендердің болатыны анықталған. Бұл агглютиногендерге қарсы дайын агглютининдер болмайды және организмде түзілмейді, сондықтан оларды ескермейді. Олардың арасында тек бір агглютиноген - резус-факторға (Яһ) ғана көңіл аударады. Дүние жүзшдегі адамдар-дың 85 пайызының қаныңда ре-зус фактор болатын көрінеді (резус оң қан, Ші+), ал 15 пайызында бұл агглютиноген болмайды (резус теріс қан, Кһ-). Теріс резус-фак-торлы адамға оң резус-факторлы қан қүйылса реципиент организмінде қорғағыш денелер - антирезус-фактор түзіледі. Осындай реципиент-ке екінші рет оң резус-факторлы қан қүйылса, дайын антирезус-фактордың әсерімен эритроциттер жабысып, агглютинация процесі жүреді. Теріс резус-факторлы ана оң резус-факторлы бала көтерсе де осындай қүбылыс байқалады.

Қанның тобы мен резус-факгор белгілі заңдыпықпен тұқым қуалады. Мал қанының топтарында өлі күнге дейін белгісіз жәйттер көп. Мал эритроциттеріңде көптеген агглютиногеңдер болады, сондықтан қанды төрт топқа біріктіру мүмкін емес. Әрбір топты бірнеше агглютиногеңдер түзеді, сол себептен мал қаны генетикалық жуйеге бөлінеді. Мәселен, ірі қарада 85 агглютиноген болғандықтан оларды 11 генетикалық жүйеге бөледі. Жылқыда 16 агглютиноген 8 жүйе, қойда -26 агглютиноген 7 жүйе, шошқада 50 агглютиноген 14 жүйе, тауықта 60 агглютиноген 14 жүйе болады.