Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Физиология.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
830.46 Кб
Скачать

9.5. Қанның физикалық қасиеттері

. Қанның қандай физикалық қасиеттері болады?

Қан қызыл түсті, кермек дәмді, қоймалжың, тұтқыр сұйық. Оның түсі құрамында ерекше белок - гемоглобиннің болуына байланысты. Артерия қанының түсі ашық - қызыл, ал вена қаны- қоңыр қызыл болады. Бұл қанның оттегімен қанығу деңгейіне байланысты. Қан құрамындағы минералды тұздар оған кермек дәм береді. Құрамында белоктар мен эритроциттердің болуымен байланысты қан тұтқырлық қасиетке ие болады. Судың тұтқырлығы бір өлшем деп алынса, онымен салыстырғанда плазманың тұтқырлығы 1,7 - 2,2, ал қанның тұтқырлығы - 5,0-ге тең.

Қанның тығыздығы 1,050 -1,060. Ол эритроциттер санына тәуелді өзгереді, себебі эритроциттердің тығыздығы - 1,090, ал плазманың тығыздығы 1,025 -1,034 аралығыңда болады.

9.6. Қанның буферлік жүйесі

Қанның буферлік жүйесі деген не, оның маңызы қандай?

Адам мен жоғары сатыда дамыған жануарлар қанының әрекетшіл ортасы өлсіз сілтілік болады (рН-7,35-7,45). Бұл көрсеткіш сутегі (Н+) жөне гидроксил иондары (ОН ) мөлшерінің ара қатынасымен анықталады. Артерия қанының рН-7,45, ал вена қанының рН-ы ұлпалардан көмір қышқыл газының сіңірілуімен байланысты 7,35 шамасында сақталады. Зат алмасу процесі барысында қанға көмір қышқыл газдың, сүт қышқылының т.б. қышқыл алмасу өнімдерінің бөлінуіне қарамастан қанның әрекетшіл ортасы тұрақты жағдайда сақталады. Бұл қан плазмасы мен эритроциттердің буферлік қасиеті мен денеден қышқылдар мен сілтілердің артық мөлшерін шығарып отыратын бөлу жүйесінің қызметімен байланысты.

Қан құрамында төрт түрлі буферлік жүйе болады.

  1. Бикарбонатты буферлік жүйе; ол көмір қышқылы мен натрий бикарбонаттарынан тұрады.

  2. Фосфатты буферлік жүйе; бір және қос негізді фосфорқыш- қылды натрийдан тұрады.

3.Белокты буферлік жүйе; плазма белоктарынан құралады. Бе- локтар амфотерлік қасиетінің арқасында ортаның әрекетшіл ортасына қарай не сутегі, не гидроксил иондарын бөледі де, қанның сутектік көрсеткішін бір деңгейде ұстайды. 4. Гемоглобиндік жүйе; гемоглобиннің калийлі тұзына (КНвО2) байланысты. Бұл қосылыс көмір қышқылына қарағанда әлсіз қышқыл болғандықтан оған өзінің калий ионын береді де, сутегі ионын қосып алып, баяу диссоциацияланатын (ажырайтьш) қышкылға айналады. Канның буферлік қасиетінің 75 пайызы осы гемоглобинге байланысты.

Қан әрекетшіл ортаның қышқыл жаққа ығысуынан жақсы қорғалған. Оның себебі сілтілік қордың болуында. Қанның сілтілік қоры деп 100 мл. қандағы бикарбонаттар мөлшерін айтады. Қан құрамында қышқылдық және сілтілік эквиваленттер белгілі арақатынаста болады да, қышқыл-сілтілік тепе-теңдік қалыптасады.

9.7.Қанның ұюы, оның биологиялық мәні мен механизмі

. Қанның уюы деген не, оның биологиялық мәні неде?

Қанның физикалық қасиеттерінің өзгеріп, сұйык күйден қойыртпақтанып қатқылдануын ұю деп атайды. Қанның ұюы оның маңызды қорғаныш қасиеттерінің бірі. Ол организмді қансыраудан сақтайды. Қансырауды тоқтатуға (гемостаз) қан тамырларынын қабырғасы, тамыр маңындағы ұлпалар, қан плазмасы құрамындағы ұю факторлары, барлық қан торшалары қатысады. Бұл процесте биологиялық белсенді заттар да маңызды рөл атқарады. Олар физиологиялық әсеріне қарай қанның ұюын жеңілдететін, қанның ұюына кедергі жасайтын және ұйықты ерітетін заттар болып бөлінеді.

Қанның ұюы тізбектелген реакциялардан тұратын күрделі процесс. Оның мәні қан құрамындағы фибриноген белогының физика-химиялық қасиеттерінің өзгеруінде. Ұю процесі барысында фибриноген белогынан қышқыл пептид бөлінеді де, ол ерімейтін белок -фибринге айналады.

. Қанның ұюының механизмі қандай?

Қанның ұю процесі механизмінің негізіне 1871 ж. А.Шмидт ұсынған ферменттік теория алынған. Бұл теорияға сәйкес ұю процесі үш кезеңде өтеді де, плазма құрамындағы 13 фактор мен тромбоцит факторларының (10-нан астам) қатысуымен жүреді. ГІлазма факторлары ашылу ретіне қарай нөмірленіп, рим цифрларымен, ал тромбоцит факторлары араб цифрларымен белгіленеді. Егер плазма құрамындағы факторлардың біреуі жетіспесе, онда қан ұю қабілетінен айырылады (мысалы, УШ-фактор жетіспегенде гемофи-лия дерті байқалады).

Қанның ұю процесі үш кезеңде өрбиді. Бірінші кезең тромбоциттердің белсенділігінің күшеюімен сипатталады, Екінші кезеңде плазма құрамындағы факторлардың белсенділігі артып, үш сатылы тізбектелген ферменттік процесс жүреді. Ұюдың соңғы үшініші кезеңінде ұйық ретракциясы (фибрин талшықтарының тығыздалуы) жүреді (1- схема).

Денедегі жарақат сипатына, зақымданған тамыр табиғатына қарай ұю процесі екі жолмен жүреді: не ол тамыр мен тромбоциттер реакциясымен шектеледі (тамыр-тромбоциттік механизм), не плазма қүрамындағы факторлардың қатысуымен тізбектелген ферменттік процесс басталып, фибрин ұйығы пайда болады (коагуляциялық -ұю механизмі).

Тамыр - тромбоциттік механизм қан қысымы төмен майда тамырлар зақымданғанда іске қосылады. Бұл жағдайда тромбоциттерден бөлінген заттардың әсерімен тамыр тарылады, тромбоциттер зақымдалған жерге жабысып, бір-бірімен желімденеді де, плазма оңай өтетін, тромбоциттерден құралған, борпылдақ тығын пайда болады. Одан әрі тромбоциттердің қайтарымсыз агрегациясы жүріп, олар плазманы өткізбейтін біртекті массаға айналады. Тромбоциттерден бөлінген заттардың әсерімен қан тамыры тарыла түседі, 3-фактор - тромбоцит протромбиназасы арқылы қанның ағуын тоқтатудың коагуляциялық (ұю) механизмі іске қосылады. Осыдан кейін тромбоцит ұйығы тығыздалып, қан ұйығының ретракциясы нәтижесінде тромбоцит тығыны зақымданған тамырға бекиді, қанның ағуы тиылады.

Ірі тамырларда тромбоцит ұйығы үлкен қысымға шыдамайды, шайылып кетеді. Мұндай жағдайда қанның ағуын тек фибрин ұйығы тоқтатады, коагуляциялық механизм іске қосылады. Бұл кезең үш сатыда өтеді.

Кезеңнің бірінші сатысында XII, XI, VIII, VII, IX, IV, V - факгорлар мен тромбоциттердің 3-факторының әрекеттесуі нөтижесінде күрделі процесс жүріп, тромбопластин (ІІ-факгор) пайда болады. Тромбопластин ұлпалар мыжылып зақымданғанда да пайда болады, оны ұлпа тромбопластині деп атайды.

Ұюдың екінші сатысында тромбопластин плазманың IV, V, VI, VII факторларымен әрекеттесіп, тромбоциттердің 1 және 2 факторларының қатысуымен К дәрмендәрісі жетктікгі болған жағдайда бауырда түзілетін бұйығы фермент протромбинге әсер етіп, оны белсенді фермент - тромбинге айналдырады.