
- •Мазмұны:
- •2.2. Қозу үрдісі, оның даму сатылары
- •2.3. Тітіркендіргіштер, олардың жіктелуі
- •2.4. Тіркендірудің заңдары
- •2.5. Тыныштық потенциалы, олардың пайда болуы
- •2.6. Әрекет потенциалы, оның туындау механизімі
- •2.7. Парабиоз туралы ілім
- •3.2.Ет ұлпасына тән физиологиялық қасиеттер
- •3.3. Бұлшық ет жиырылуының механизімі
- •Орталық нерв жүйесі.
- •4.5. Рефлекс және рефлекторлық доға
- •Торлы ќ±рылым немесе ретикулярлыќ формация.
- •5.6. Вегетативтік нерв жүйесі
- •6.2. Көру анализаторы
- •6.3. Есту анализаторы
- •6.4. Вестибулярлық аппарат, оның атқаратын қызметі
- •6.5. Дәм сезу анализаторы
- •6.6. Иіс сезу анализаторы.
- •6.7. Терінің сезімдік қызметі
- •6.8. Интерорецепция
- •Адамның қажуы, ренжуі немесе нервтік соққыға шалдығуы.
- •8.3. Ішкі секреция бездерінің қызметінің бұзылуы
- •8.7. Қалқанша безі
- •8.8. Айырша без (тимус)
- •8.9. Аралшық без (Ұйқы безі)
- •8.10. Бүйрек үсті бездері
- •8.11. Жыныс гормондарының түзілуі және маңызы
- •9.2. Қан , оның атқаратын қызметтері
- •9.3. Плазма және қан сарысуы
- •9.4. Қанның формалы элементтері, олардың қызметтері
- •9.5. Қанның физикалық қасиеттері
- •9.6. Қанның буферлік жүйесі
- •9.8.Қан топтары және қан құю
8.7. Қалқанша безі
Қалқанша без кеңірдектің алғашқы екі-үш сақинасының вентральдық бетінде, комекейдің қалқанша шеміршегінің артыңда орналасқан жұп без. Оның массасы адамда 20-40 г, жылқы мен сиырда -25-40 г, шошқада - 15-20 г, қой-ешкіде 5-10 г, тауықта 40-100 мг. Без сырт жағынан дәнекер ұлпалы кабықшамен қапталады да, одан тараған перделермен жеке-жеке көпіршіктерден (фолликулалардан) тұратын бөліктерге бөлінеді. Көпіршіктер қабырғасы бір қабат эпителиальды торшалардан құралады да, оның ішінде тиреоглобулині бар біртекті коллоид жинақталады.
Қалқанша без құрамында йод элементі бар тироксин және үш йодты тиронин атты гормондар бөледі. Бұл гормондар организмдегі зат алмасу процесінің қарқынын, организмнің өсіп-жетілуін реттейді, жоғары дәрежелі нервтік қызметке әсер етеді. Тироксин белоктардың, кемірсулардың, майлардың тотығуын күшейтіп, ұлпалардың глюкозаны сіңіру қабілетін жоғарылатады, бауыр мен бұлшық етте гликогеннің ыдырауын жылдамдатады. Қалқанша без гормондары денедегі су мен минералды заттардың алмасуын реттейді, ас қорыту ағзалары қызметін күшейтіп, сүт түзу процесін жандандырады.
Қалқанша без қызметі нашарласа зат алмасу процесінің қарқыны төмендеп, организм әлсіреңді, бұлшық ет болжырал, дене температурасы төмендейді, жыныстық қызмет бұзылып, нерв жүйесінің қозғыштығы нашарлайды, жоғары дәрежелі нервтік қызмет бұзылады.
Бездің гиперфункциясы базед дертіне шалдықтырады. Бұл жағдайда зат алмасу қарқыны жоғарылап, адам қатты арықтайды, жүрек соғады, дене қызуы көтеріліп, адамның жұмыс қабілеті төмендейді, әлжуаздык, тершендік, ашушаңдық байқалады.
Организмде йод жетіспеген жағдайда без шырышты секретті көп бөліп, көпіршіктер қабырғасы керіліп, бездің көлемі өседі, секрециялық торшалар қысылып, олардың қызметі нашарлайды, гормондардың түзілуі бәсендейді, организм жемсау (зоб) ауруына шалдығады. Без қызметі мүлдем тоқтаса шырышты ісік — мыкседема, байқалады. Мұндай сырқаттың өсуі тоқтап, сүйектің жетілуі тежеледі, жүрек соғуы сиреп, зат алмасу процесі нашарлайды, дене температурасы төмендеп, ас қорыту ағзаларьшың жұмысы бұзылады. Балалар өспей, жарым ес болып қалады. Ересек адамда зат алмасу қарқыны 30-40 пайызға төмендеп, белоктың алмасуы бүзылады, үлпааралық сұйықта муцин мен альбуминнің мелшері көбейіп, онкостық қысым жоғарылайды. Организм ісінеді, жоғары дәрежелі нервтік қызмет нашарлап, адамның ойлау қабілеті төмендейді.
Қалқанша без кызметі жыл маусымына, организмнің физиологиялық күйіне қарай өзгеріп отырады. Қыста бездің белсенділігі жоғарылап, жазда төмендейді. Буаздық, сүтгену кезендерінде бездің физиологиялық гиперфункциясы байқалады.
Қалқанша без фолликуласының сыртында орналасқан торшалар (парафолликулярлық торшалар) тиреокальцитонин гормонын түзеді. Бүл гормон қан қүрамындағы кальцийдің сүйек үлпаларьша жинақтальш, үнемдеп жұмсалуын, бүйрек арқылы фосфордың бөлінуін қам-тамасыз етіп, қандағы кальций мен фосфордың ара қатынасын реттейді.
Қалқанша серік бездер қалқанша бездің арт жағын ала, оған жабыса орналасқан кішкентай қүрылымдар. Бұл бездер балықтан басқа барлық омыртқалы жануарларда кездеседі. Жылқы, түйе, қой-ешкі, ит және қоянда бүл бездер қос жүптан, ал шошқада жалғыз жұптан түрады.
Без негізгі және оксифлльдік торшалардан қүралады. Негізгі торшалар секрециялық қызмет атқарады, ал оксифильдік торшалардың маңызы әлі толық анықталмаған.
Қалқанша серік бездер паратгормон және кальцитонин деп аталатын гормондар бөледі. Паратгормон сүйекте кальцийдің жиналуын реттейді, кальцийдің белокгармен, фосфатгармен қосылыс түзуін шапшаңдатады, кальций мен фосфордың сүйектен шайылуын жеңіддетеді, қан құрамындағы кальций мөлшерін жоғарылатады, бүйректе кальцийдің кері сорылуын жеңілдетеді. Кальцитонин қан қүрамында кальций деңгейін төмендетеді, сүйектен кальцийдің шаймалануын бөгейді. Оның әсері паратгармонға қарсы бағытталған.Бездің гипофункциясы жағдайында организм тынышсызданып, нерв жүйесінің қозғыштығы жоғарылайды, бұлшық ет тартылып, діріл байқалады, тәбет жойылып, шөл лайда болады, жүрек қағып, тыныс жиілейді, ішек қимылы нашарлайды, тыныс еттерінің сіреспе жиырылуы саддарынан организм тұншығып өледі. Без қызметі нашарласа аминсіздеу процесі бұзылып, бауырдың аммиакты несепнөрге айнаддыру қабілеті нашарлайды, денеде белоктың алмасу өнімі - гуанидин мен оның туындыларының мөлшері кебейіп, организм уланады.
Без қызметі күшейсе қандағы кальций мөлшері көбейіп, фосфор деңгейі төмендейді және бұл элементтер организмнен көп мөлшерде бөлінеді. Осының салдарынан сүйек борып, кеуектенеді, ет босаңсып, ішекке қан құйылады.