Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Физиология.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
830.46 Кб
Скачать
  1. Адамның қажуы, ренжуі немесе нервтік соққыға шалдығуы.

Қалған екі себебі ауыр науқастанумен байланысты. Летаргиялық ұйқының механизм толық зерттелмеген. Ғалымдардың пікірі бойынша Летаргия құбылысының маусымдық ұзақ ұйқыға ұқсастығы бар. АҚШ-тың Кентукки штатында Олджен басқарған бір топ ғалымдар мынадай зерттеу жүргізген; ұйқы тудыратын зат болуы тиіс деген болжаммен маусымдық ұйқыдағы жануарлардың қанын маймылдарға құйған, сонда олардың температурасы 10 градусқа төмендеп, жүрек соғысы 2 есе азайып, маужырап ұйқыға кеткен. Тексеріп қарағанда қандағы ұлы зат опиумға өте ұқсас болды, - дейді Олджен. Александр Беклианның зерттеулері маусымдық ұйқыдағы жануарлардың қанында белоктың ерекше бір түрі түзілетіндігін дәлелдеген. Ондай белогы бар жануар морфийге тітіркеніп, жауап бермейді. Ал кейін оянғаннан соң морфий оларға әсер етеді. Ұйқы механизмін түсіндіруге көптеген ғалымдар талпынған:

  1. Швед физиологы Гесстің қағидағы бойынша ұйқының орталығы гипотоламуста, себебі ұйқы гипотоламустың аймақтарын тітіркендірген кезде туындайды.

  2. Анохиннің түсінігі бойынша ұйқыныңтуындауы ми қыртысы мен оның астындаға нерв орталықтарының әрекеттесуінен болады. Ұйқының орталығы орталық нерв жүйесінің бір жерінде емес, әр жерінде орналасқан.

  3. Нейрогуморальдіқ гипотеза. Мұны қолданушылардың айтуы бойынша адам қажығанда оның қанында гипотоксиндер жиналады да ми жасушаларында тежелуді туындатады. Екі қоянның қан тамырларын айқастырып тәжірибе жүргізенге, бірінің миындағы микроэлектрод арқылы ұйқы орталығын тітіркендіргенде 2 қоянның екеуі де ұйықтап қалған.

  4. И.П. Павловтың гипотезасы бойынша ми қыртысындағы тежелу иррадияция тәртібімен тарап, мидың төненгі бөліктерін қамтыған кезде ұйқы туындайды, бірақ ұйқы тежелудің ми нейрондарының 80-90 пайызына тараған жағдайда туындайды.

  5. Тәжірибедегі жануардың миының ретикулярлы формациясының қызметін тежеген кезде ұйқы келген, ал қоздырғанда ұйқыдан оянған. Осыған байланысты ретикулярлы формацияда ұйқы орталығы болуы тиіс деген болжамды көптеген ғалымдар ұсынады.

  6. Қазіргі ғалыми гипотеза бойынша гипофиздің, қалқанша бездің, бүйрек үсті безінің гормондарының және нейромедиаторлардың мидың нейрондарына әсер етуінің нәтижесінде ұйқы пайда болады деген болжам бар. Яғни ұйқы механизмін түсіндіретін минайы бірауызды қағижа жоқ.

Ұйқы кезінде түс көруді де ғалымдар толығымен түсіндіре алмады. Көптеген ғалымдардың көзқарасы бойынша адамға күндіз әсер еткен тітіркендіргіштерден мида туындаған қозу ашақтары өшпей, қалып қолды. Соның әсерінен адам түс көреді.

Гипоз. Гректің «Ұйқы құдайы» деген сөзінен шыққан. Ол ағзаның ерекше психикалық жағдайы. Гипнозды сөзбен шландыру арқылы, не дәрі – дәрмекпен тудыруға болады. Гипноздалған кезде адамның миы, толық тежелмейді. Мидағы сол тежелмей қалған орталық арқылы гипноздаушы мен гипноздалушының арасында байланыс сақталады. Осыны пайдаланып, гипноздаушы адам өзінің әмірін жүргізе алады. Бірақ гипноздаушы адамның әмірі гипноздалушы адамның өмірлік принциптеріне кереғар келетін болса, ол әмір аяғына дейін орындалмайды.

Гипноздың 3 кезеңі бар:

  1. Сомноленция – маужырағанымен ұйықтағысы келмейді, көзін ашқанымен жакжағына қарай алмайды.

  2. Гипнотация – ұйқысырау. Көзі жабық, гипноз жасаушының әміріне бағынышты икемделе бастайды.

  3. Сомнабулизм – жартылай ұйқы. Әміршінің айтқанының көбін орындайды. Сомнабулизм немесе лунатизм жай өмірде де байқалады.

7.6. Естің нейрофизиологиялық негізі

Нейроглияда естің генотиптік, фенотиптік ес деп аталатын түрлерін ажыратады. Генотиптік ес шартсыз рефлекстің, инстинктердің, импритингтің көрініс беруін қамтамасыз ететін туабіткен ес түрін айтады. Фенотиптік ес ағзаның жеке дамуында қабылданған ақпаратты өңдеуді және сақтауды қамтамасың ететін ес түрі. Жалпы ес деген ұғынның өзі белгілі бір ақпаратты есте қалдыру, сақтау, еске түсіру үрдістерінің жиынтығы түрінде көрініс береді. Бұл үрдістер ми нейрондарында ерікті немесе еріксіз «ізжазбасы» (энграммасы) түрінде қалуы мүмкін. Фенотиптік ес есте сақтау қабілеті бойынша бейнелік, эмоциялық, шартты рефлекстік, ерікті және еріксіз деп бөлінеді. Адамның есте сақтау қабілеті қисынды – мағыналық және сезімді – бейнелік деп бөлінеді. Бірінші естің түрі адамның екінші сигналдық жүйесімен өте тығыз байланыста болады. Ол ойлауға, сөйлеуге, қшелдауға қатысы бар ес, ал екінші түрі анализаторлардың рецепторларынан келген мәліметті сақтауға қатысы бар ес. Жалпы көптеген ғалымдардың көзқарастыра бойынша адамның ес үрдісі кем дегенде 4 деңгейден өтеді:

1) сенсорлық ес. Сенсорлық ақпараттың милисекунд аралығында сақталуына және де ол ақпараттың біріншілік талдануымен, жүйеленуімен байланысты. Сексорлық есте ақпарат ізінің сақталуы 0,1-0,5 секундты құрайды, яғни бұл деңгей ақпаратты қысқа мерзімге сақтағанымен, оның сыйымдылығы салыстырмала түрде шексіз, бұл сенсорлық естің негізгі ерекшелігі болып табылады. Оның сыйымдылығының жоғары болуы естің басқа деңгейлерінің сенсорлы естен ақпаратты таңдап алуға, келешекте маңыздысын ғана теріп сақтауға мүмкіндік береді. Сақтауға арналған материалдың тағдыры оның сипатымен анықталады. Сөзге байланыссыз ақпарат (вербальды емес) сенсорлы естен бірден аралық ес деңгейіне түседі. Ол түскен ақпарат сол жерде бірнеше минуттан бірнеше жылға дейін сақталады, ал вербальды (сөзге байланысты) ақпарат аралық еске түспестен бұрын қысқа мерзімді еске өтеді. Қысқа мерзімдік ес сыйымдылығы шекті 7±2 бірліктегі ақпаратты сақтайтын ес болып табылады. Вербальды ақпараттың бірінші қысқа мерзімдік еске өтуі, оның есте жазылуы үшін бірнеше рет сол ақпаратты қайталаумен түсіндіріледі. Аралық естің ерекшеліктерінің бірі ол есте жеке тұлға үшін маңызды ақпараттың жазылуында. Ақпараттың жақсы сақталуын төртінші деңгей, ұзақ мерзімдік ес қамтамасыз етеді. Бұл есте жеке тұлғаның белгілі бір өзіне ғана тән ерекшеліктері (оқу, жазу, профессионалдық дағдылары) сақталады. Бұл ес түрі басқа естермен салыстырғанда ми ұлпасының зақымдалуына тұрақты келеді, яғни амнезия туындаған жағдайда да ұзақ мерзімдік есте жазылған көптеген ақпараттар жазылып қолда. Мида сақталған керексіз ақпарттардың жайылып, естен шығарылуы ұйқы кезінде жүреді деген болжам бар, сонымен қатар ақпараттың логикалық оңделуі бояу ұйқыда өңделген ақпараттың ұзақ мерзімдік еске өтуі жылдам ұйқы кезінде жүреді деп болжанады.

Естің физиологиялық негізі өте күрделі. Ғалымдардың көзқарасы бойынша ақпараттың ізі ми қыртыстарында пайда болып, сақталады, ал оларды қабылдап консолидациялауға (бекіту, нығайту, нықтау) ретикулырлық формация мен лимбиялық жүйе қатысады. Есте сақтаудың молекулалық гипотезасы бойынша мидағы нейрондардың уақытша байланыс тізбектері химиялық жолдармен қалыптасады. Қазіргі түсініктер бойынша естің негізгі элементі синапстар болып табылады. Жалпы ес механизмін түсіндіруге тырысқан бірнеше теориялар бар. Солардың ішінде кең тарағандарының бірі реверберация гипотезасы. Бұл гипотеза Лоренто Де Ноның мида тұйықталған Нейрондар тізбегінің бар екендігін дәлелдейтін еңбегіне негізделген. Бұл гипотеза бойынша нейрон тізбегіне түскен ақпарат тізбекте айналып жүріп, өзінің ізін қалдырады, бірақ кейінгі кезде көптеген ғалымдар бұл гипотезаны қолдамайды. Соңғы кезеңде Шнейдер мен Шерманның 1968 ж. жұмыстарының негізінде есті бір кезеңде жүретін гипотезасы өрбіді,. 1984 ж. Корсаков және Корсакова мынадай гипотезаны ұсынды: ес ізінің жазылуы немесе меңгерілуі импритинг типі бойынша бірден жүреді.

Есте сақтау қабілетінің физиологиялық жағын зерттеген академик Ливанов мынадай қорытындыға келді: ес синапстық құрылымдардың дәрежесіне байланысты. Естің механизмін түсіндіруде ортақ бір көзқарас қалыптаспаған, сонымен қатар есте сақтаудың жеке бір орталығы мидың арнайы, бөлігі ми аймағы бар деуге де болмайды, себебі ақпаратты есте сақтауда мидың барлық құрылымдары қатысатын болу керек. Бұнда негізгі рольді үлкен ми сыңарлар қыртысы атқарады.

Мидың зақымдалуына байланысты еске түсіру қабілетінің бұзылуы немесе толық жойылуы толық немесе жартылай амнезия деп атайды.

8 – ТАРАУ ІШКІ СЕКРЕЦИЯ БЕЗДЕРІ

8.1. Ішкі секрециялық бездер және олардың жіктелуі

Маманданған торшалардың биологиялық белсеңді затгарды торша-аралық кеңістікке, одан әрі қанға бөлуін ішкі секреция дейді. Ішкі секреция деген түсінікті ғылымға Клод Бернар енгізген. Ол дененің барлық мүшелері ішкі секрециялық қызмет атқарады деп есептеген.

Бүл түжырымды ғалым дененің барлық мүшелерінен зат алмасу өнімдерінің қанға бөлінетінімен негіздеген. Сондықтан ол ішкі сек-рециялық жүйеге қалқанша безді, айырша безді, бүйрек үсті бездерін, көк бауырды (талак), лимфа түйіндерш жатқызған.

Көп жағдайда ішкі секрециялық қызметке тым кең мағына беріледі. Кейбір зерттеушілер бүл түсінікке ішкі секрециялык, бездерге жатпайтын құрылымдарда биологиялық белсенді заттардың (көмір қышқыл газы, гистамин, ацетилхолин, ренин, гепарин т.б.) түзілу процесін де жаткызады. Аталған заттар организм функцияларына гуморальдық жолмен өсер етеді. Дегенмен, ішкі секреция филогенез түрғысында кешірек қалыптасқан және эндокриндік бездердің дамуына байланысты пайда болған реттеу тетігі. Сол себепті ішкі секреция деген түсініктІ мүшелердің, үлпалардьщ, торшалардың алмасу онімдерімен шатастыруға болмайды.Ішкі секрециялық немесе эндокриндік бездер деп безғе тән құрылымы бар және өздері түзген биологиялық белсенді затгарды тікелей қанға немесе сөлге (лимфаға) бөлетін бездерді айтады. Грек тілінен аударғанда эндон деген сөз - ішкі, крино - бөлемін деген мағына береді. Ішкі секреция бездерінің шығару өзектері болмайды, оларда пайда болған заттарды гормондар (грек тілінен аударғанда гормон -қозғаймын деген сөз) деп атайды. Ішкі секреция бездерінің мелшері шағын болады, бірақ олар каымен мол жабдықталады. Безде қан та-мырлары орасан коп капиллярлар торын қүрайды, сондықтан без бөлген өнімдер қанға тез сіңеді.

Эндокриндік бездер қызмет ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлінеді.

  1. тек эндокриндік қызмет атқаратын бездер. Оларға қалқанша, қалқанша серік бездер, бүйрек үсті бездері, серік (плацента), айьфша без, гипофиз, эпифиз және тимус жатады.

  2. аралас қызмет атқаратын бездер. Бұл топқа үйқы безі мен жыныс бездері жатады.

8.2. Биологиялық белсенді заттар . Гормондар, олардың жіктелуі, қасиеттері

Организмде белгілі бір әрекетгерді (функцияларды) реттейтін өзіңдік әсері бар органикалық қосылыстарды биологиялык, белсенді заттар дейді. Оларды төрттопқа бөледі: гормондар, гормоноидтар, парагор -мондар, телегрондар .

Ішкі секреция бездерінің өнімдерін (инсулин, тироксин, гидро-кортизон т.б.) гормондар деп атайды. Олар қан арқылы бүкіл денеге тарап, гормондық реттеу тетігін қалыптастырады. Жеке торшаларда түзіліп, солардың өзіне ғана әсер ететін физиологиялық белсенді зат-тарды торшалық гормондар дейді. Ал торшаларда түзіліп, үлпаларға жайылып, олардың қызметіне әсер ететін физиологиялық белсенді заттарды улпалық гормондар немесе гистогормондар деп атайды.

Парагормондар деп үлпаларда зат алмасу өнімі ретінде бөлініп, физиологиялык белсенділік көрсететін заттарды (мысалы, көмір қыш-қыл газы, мочевина) атайды. Ішкі секреция бездерінен тыс, басқа мүшелер мен үлпаларда түзіліп, организмдегі зат алмасу процесі мен көптеген физиологиялық әрекеттерді реттеуге қатысатын химиялық қүрылымы жағынан әртекті физиологиялық белсенді заттарды (мы-салы, гастрин, серотонин, гепарин, секретин, гистамин, ацетилхолин т.б.) гормоноидтар деп атайды. Олар қысқа мерзім ішінде әсер етеді, үлпа белоктарымен қосылып кетеді, немесе тез бұзылады.

Бір организмнің сыртқы секрециялық бездерінде түзіліп, басқа дарақтарға әсер ететін физиологиялық белсенді заттарды (ферромондар, алломондар т.б.) телегрондар дейді

т.б.) гормоноидтар деп атайды. Олар қысқа мерзім ішінде әсер етеді, ұлпа белоктарымен қосылып кетеді, немесе тез бұзылады.

Метаболизмдік гормондар организмдегі зат алмасу процесінің қарқыньш реттейді. Зат алмасу процесіне гормондар қажетті ферменттердің түзілуін жандандыру, бәсеңдету немесе тоқтату нәтижесінде әсер етеді. Мысалы, инсулин, глюкагои, адреналин гормондары комірсулардың алмасуын реттейді, өсу гормоны белоктардың түзілуін жандандырып, көмірсулар мен майлардың алмасу қарқынын озгертеді; тирок-син қуаттың өндірілуін күшейтіп, белоктардың, көмірсулардың, майлардың тотығуын жақсартады.

Морфогенездік гормондар торшалардың генетикалық аппараттарына әсер ету арқылы торшалардың өсуін, көбеюін, жіктелуін бағыттап, реттеп отырады. Олар организм мүшелерінің, бөліктерінің, белгілерінің дамуындағы ретгілікті қамтамасыз етеді.

Үйлесімдік гормондар жеке мүшелердің қызмет әрекетін өзгертіп, оларды өзара сәйкестендіреді, үйлестіреді. Мысалы, адреналин жүрек жұмысын күшейтіп, оның жиырылу күшін артгырады, шеткей кан тамырларын тарылтады, қарын мен ішек қимылдарын баяулатады

Атқаратын қызметіне, әсер баеытына қарай гормондар үш топқа бөлінеді. 1) Эффекторлық гормондар - олар тікелей нысана мүшелер-ге әсер етеді. 2) Троптық гормондар - эффекторлық гормондардың түзілуі мен бөлінуін жандандырады. 3) Релизинг гормондар - гипофиздің троптық гормондарының бөлінуін және гапоталамустың нейросекрециялық қызметіін ретгейді.

Гормондарға оларды биологиялық белсенді заттардың басқа топтарынан ерекшелендіретін бірнеше қасиет тән.

1. Алшақ (дистанциялық) әсер - гормондар өздері түзілген бездер- ден алшақ орналасқан мүшелер қызметіне әсер етеді.

2. Өзіндік әсер - әрбір гормон организмде жүретін белгілі бір процеске ғана әсер етеді. Дегенмен, жеке мүшелер қызметіне немесе белгілі бір процесті ретгеуге бірнеше гормон қатысуы мүмкін. Олар- дың әсері не бірыңғай (синергиялық), не кереғар (антагонистік) болуы мүмкін

  1. Зор биологиялық белсенділік. Гормондардың аз мөлшерінің өзі үлкен биологиялық жауап тудырады. Мысалы, 1 г адреналин 10 млн бақаның оқшауланған жүрегінің жиырылу күшін арттырып, жұмысын жиілетеді. 1 г инсулин 125 мың қоянда гипогликемия тудырады.

  2. Гормондар молекулалары ықшам болады, сондықтан олар ка- пиллярлар қабырғасынан оңай өтеді.

  3. Көптеген гөрмондарға туліктік-турлік өзінділік сипат тән бол- майды, сондықтан олардьщ практикада қолданылу аясы кең болады.

  4. Гормондар ұлпаларда ұзақ сақталмай, тез бузылады, сондықтан ішкі секреция бездері оларды толассыз бөліп отырады.

  5. Гормондар тек тірі организмде гана әрекет етеді, олардың әсері тірі торшалар мен қүрылымдарға ғана бағытталған.

Гормондар өз бетінше жеке реттеуші жүйе құрамайды. Олардың түзілуі мен қанға бөлінуі организм функцияларын ретгейтін біртүтас нервті-гуморальдық тізбектің бір ғана буыны болып табылады.

Гормондар нысана мүше торшаларына не тікелей, не нерв жүйесі арқылы өсер етеді. Олардың жеке мүшелер мен зат алмасу процесіне тікелей әсері ферменттік жүйе арқылы атқарылады. Гормондар ферментгер концентрациясы мен белсенділігіне өсер ете отырып, торша мембранасының ферментке деген өтімділігін өзгертеді, ферментгің субстратқа әсерін жандандырып, не тежеп, рибосомалар мен поли-рибосомалар белсеңцілігін өзгертеді, митохондриялар мен лизосомаларға ықпал етеді.

Бір гормон бір мезгідде бірнеше ферментгерге ықпал етеді. Мысалы, кортизон митохондриялардағы а-кетоглютаратоксидазаның әрекетін тежеп, бауырда глюкозалы-р-фосфотазаның түзілуін жандандырады, аталық жыныс безінде тестостерон мен гиалуронидаза-ның белсенділігін күшейтеді, қуық безінде қышқыл фосфотазаның түзілуін жандандырады, тыныс ферменттерінің белсенділігін артгырып, ұлпалық тынысты жақсартады.

Гормон әрекетінің механизмі олардың өздерінің құрылым ерекшеліктеріне, қасиеттеріне молекулаларының мөлшеріне және әсер ететін нысана торшалардың ферменттік жүйелері мен беткейлік мембранасының құрылым ерекшеліктеріне байланысты. Гормондар әсері мембраналық және торшалық болып бөлінеді.

Мембраналық әсер белок тектес гормондарға тән. Олар торша ішіне етпей, оның мембранасындағы рецегтгорлық аппаратқа бекиді де, торша ішіндегі биосинтездік процестерге мембрананың ферментгікжүйелері, простагландиндер, кальций иондары т.б. элемегатер арқылы әсер етеді, Гормоңдардың бүл тобы торша мембранасындағы аденшщихлаза (АЦ) ферментінің §£лсеңділігін артгырады. Осы фермент пен торша ішіңдегі фосфодиэстераза ферментінің қосарланған өсерінен аденозинүшфос-фор қышқылы (АТФ) циклдік аденозинді -3-5 — монофосфатқа (цАМФ) айналады. Бүл қосылыс торша ішіндегі алмасу процесінің әмбебап реттеушісі болып табылады жөне екінші медиатордың рөлін атқарады (бірінші медиатор болып гормондар саналады). цАМФ белсенділігін магний иондары, простагландиндер, фосфодиэстераза жандандырады. Аденижщклаза мен фосфодиэстераза цАМФ-пен біріге отырып ядро қызметіне және торша ішінде жүретін процестерге әсер ететін аденилциклазалық жүйе қүрайды.

Торшалық әсер стероидты гормондар мен релизинг - гормондарға тән. Олар торша қабығының беткейлікқүрылымдарымен әрекеттесіп, мембрананың ішілік қабатындағы фосфолипидтермен, натрий тұздарымен, сульфатгармен және глюкоранидтермен байланысады. Осының нәтижесінде суды тартатын қосылыстар мембранасының липидтік қабатын ажырап, торша ішіне өтеді де, ондағы рецепторлық белоктармен байланысқан соң, торшада жүреіін әр түрлі процестерге әсер етеді. Стероидты гормондар торша ішшдегі РНК-полимеразаны жандандырып, белоктың түзілуін реттейді, қуат алмасуын жене биосинтездік процестерді күшейтеді, торша мембранасының амин қышқылдары мен басқа да заттарға өтімділігін жақсартады.

Гормондар әрекеіі антигормондар мен антагонист гормондар әсерімен шектеледі. Организмде олар бауыр мен басқа мүшелер тор-шаларында жойылады. Олар күкірт және глюкурон қышқылдары-мен байланысады да, қосьшыс түрінде өр түрлі экскреттер құрамына енеді. Кейбір гормондар ешқандай өзгеріссіз де белінеді.