
- •Мазмұны:
- •2.2. Қозу үрдісі, оның даму сатылары
- •2.3. Тітіркендіргіштер, олардың жіктелуі
- •2.4. Тіркендірудің заңдары
- •2.5. Тыныштық потенциалы, олардың пайда болуы
- •2.6. Әрекет потенциалы, оның туындау механизімі
- •2.7. Парабиоз туралы ілім
- •3.2.Ет ұлпасына тән физиологиялық қасиеттер
- •3.3. Бұлшық ет жиырылуының механизімі
- •Орталық нерв жүйесі.
- •4.5. Рефлекс және рефлекторлық доға
- •Торлы ќ±рылым немесе ретикулярлыќ формация.
- •5.6. Вегетативтік нерв жүйесі
- •6.2. Көру анализаторы
- •6.3. Есту анализаторы
- •6.4. Вестибулярлық аппарат, оның атқаратын қызметі
- •6.5. Дәм сезу анализаторы
- •6.6. Иіс сезу анализаторы.
- •6.7. Терінің сезімдік қызметі
- •6.8. Интерорецепция
- •Адамның қажуы, ренжуі немесе нервтік соққыға шалдығуы.
- •8.3. Ішкі секреция бездерінің қызметінің бұзылуы
- •8.7. Қалқанша безі
- •8.8. Айырша без (тимус)
- •8.9. Аралшық без (Ұйқы безі)
- •8.10. Бүйрек үсті бездері
- •8.11. Жыныс гормондарының түзілуі және маңызы
- •9.2. Қан , оның атқаратын қызметтері
- •9.3. Плазма және қан сарысуы
- •9.4. Қанның формалы элементтері, олардың қызметтері
- •9.5. Қанның физикалық қасиеттері
- •9.6. Қанның буферлік жүйесі
- •9.8.Қан топтары және қан құю
6.6. Иіс сезу анализаторы.
Адам мен жануарларда иіс талдағышының қызметі дистанциялық хеморецепциямен байланысты. Иіс талдағышы ең ерте дамыған талдағыштың бірі, ол қоршаған ортадағы биологиялық маңызды химиялық сигналдарды қабылдауды қамтамасыз етеді. Иіс талдағышының жетілу деңгейіне қарай жануарлар макросматиктер және микросматиктер болып бөлінеді. Макросматиктерге - иіс талдағышы жақсы дамығандарға, - сүт қоректілер жатады. Адамда, китте, маймылда иіс талдағышы нашар дамыған. Олар микросматиктер.
Иіс талдағышының шеткі бөлімі мұрын қуысында, кеңсіріктің жоғарғы жолында орналасқан иістік төсемік болып табылады.
Иісті қабылдауды шашақты рецепциялық торшалар қамтамасыз етеді. Бастапқы хеморецепция - химиялық заггардың әсерін қабылдау, - осы торшалар шашақтарының мембранасында жүреді деген болжам бар. Иіс торшалары қос өрісті торша болып табылады. Оларда пайда болған тітіркеніс иіс нервімен иіс жуашығына беріледі.
Иіс жуашығы іші қуыс, немесе қарыншалы, құрылым. Онда топтасқан торшалар алты қабатта орналасады. Бірінші фиброзды қабат иіс нейрондарының өсінділерінен құралады. Осы талшықтар ұштары түрлі торшалар өсінділерімен синапс түзеді. Олардың ішінде негізгісі - митральды торшалар болып табылады. Бірінші реттік иіс нейрондарының терминалдары мен иіс жуашығы торшаларының дендриттері шумақ, немесе гломерула, - деп аталатын екінші қабат құрайды. Осы шумақта қозу процесі жинақталады деген болжам бар. Митральды торшалар төртінші қабат түзеді.Оның бір жағында сыртқы - үшінші, екінші жағында сыртқы - бесінші торлы қабаттар орналасады. Бұл қабаттар нерв торшалары өсінділерінің ұйысқан жері болып табылады. Алтыншы қабат дәнді торшалардың шоғырлануынан түзіледі.
Иіс жуашығынан басталған талшықтар алдыңғы мидың бірнеше құрылымдарына бағытталады (иіс төмпешігіне, алдыңғы иіс ядроларына, препириформды және преамигдалярлық қыртысқа, бадамша кешенінің медиальдық және қыртыстық ядроларына). Мидың аталған құрылымдары мен гиппокамп иістік түйсіктің қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезге дейін иістің түрлері толық жіктелмеген, сол себепті иісті көбінесе иісті шығаратын заттардың атымен атайды. Мысалы, жуа, раушан, сірке иістері. Х.Хенинг иісті иіс шығаратын заттардың химиялық құрамына қарай жіктеген. Д.Эймур жіктеуіне сәйкес жеті түрлі иіс болады. Олар камфора, жупар, гүл, жалбыз, эфир, өткір және шірік иістер.
6.7. Терінің сезімдік қызметі
Тері дененің сыртқы жабындысы болып табылады, сондықтан ол арқылы организм қоршаған ортаның әр түрлі әсерлерін қабылдайды. Теріде температураны, жанасуды, қысымды, ауырсынуды сезінетін рецепторлар болады (57-сурет).
Жылуды терідегі Руффини денешіктері, суықтықты Краузе сауытшалары, жанасуды - Маркель торшалары мен Мейснер денешіктері, қысымды Фаттер-Паччини денешіктері, ал ауырсыну әсерін эпидермистің сыртқы қабатында орналасқан жалаңаш нерв ұштары қабылдайды.
Тері тітіркенісін түйсіну әр түрлі өткізгіш жол арқылы атқарылады. Жанасу мен қысымды қабылдайтын рецепциялық торшалар талшықтары жұлынның дорсальдық бағандары бойымен еш жерде үзілместен сопақша миға барады. Осы жерден екінші нейрон талшықтары импульстерді таламусқа жеткізеді. Ауырсынту жөне температуралық әсерлерді қабылдайтын рецепциялық торшалар өсінділері импульсті жұлынның дорсальдық мүйізіне жеткізеді. Осы жерде ор-наласқан екінші нейрон өсінділері жұлын деңгейінде айқасқаннан кейін импульстерді таламусқа береді. Таламустан тері рецепторларынан келген импульстер үлкен ми жарты шарлары қыртысының қозғағыш аймақтарына жіберіледі.
Теріде рецепторлар біркелкі таралмаған, Оның 1 см ауданында 12-13 суық сезгіш, 1-2 жылу сезгіш нүкте болады.