Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Физиология.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
830.46 Кб
Скачать

6.4. Вестибулярлық аппарат, оның атқаратын қызметі

Ішкі құлақ сағасы мен жартылай дөңгелек түтіктер вестибулалық аппаратты қүрайды. Вестибулалық аппарат дененің жазықтықтағы жағдайын бағдарлауды және тепе-теңдікті сақтауды қамтамасыз етеді.

Жартылай дөңгелек түтіктер бір-біріне перпендикуляр үш бағытта орналасады. Әр түтіктің бір ұшында ампула тәрізді аздап кеңейген бөлік болады. Жарғақты түтіктің осы бөлігінде ескек пішіндес, жартылай мөлдір іркілдек затпен оралып жататын кірпікті үзын рецепторлық жасушалар орын тебеді. Осы құрылым бастың кеңістіктегі жағдайын қадағалап отырады. Бастың кеңістіктегі жағдайы, қозға-лыс бағыты өзгерсе, немесе айналмалы қозғалыс басталса, эндолимфа осы рецепциялық жасушаларды толқытады, қозу тудырады. Осыдан ми құрылымдарына қимыл бағытының езгерістері жайлы ақпа-рат жіберіледі.

Сағаның (кіреберістің) қапшықтарында сезімтал жасушалар шоғырланған дақ деп аталатын дөңестеу бөлік болады, Бұл сезімтал жасушалардың бір бөлігі цилиндр пішшді келеді де, екінші ұшы сүйірлене бітеді. Оның сүйір ұшында бос түрған бір қимылдағыш және бір-біріне жабысқан 60-80 кірпікшелер орналасады. Бул жасушалар ерекше іркілдек зат массасына батып жатады. Осы массаны отолит жарғағы (отолит мембранасы) деп атайды. Оның беткейінде көптеген алты қырлы өте майда фосфор-көмір қышқылды кальций кристалдары - қулақтас (отолиттер), - жатады, ал жарғақ сезімтал жасушалар кірпікшелерін қысып тұрады. Қимыл үдегенде не баяулағанда, дененің, бастың кеңістіктегі қалпы өзгергенде отолит өз салмағымен жасуша кірпіктерін кереді, не басады, не бір бүйірге тартады, Осыдан сезімтал жасушалар тітіркеніп жағдайды орталық жүйке жүйесіне хабарлайды.

Вестибулалық аппараттың рецепциялық жасушалары вестибулалық түйін түзетін қос өрісті жасушалар өсінділерімен синапс арқылы жалғасады. Осы қос өрісті жасушалар аксондары есту жүйкесінің вестибулалық тармағын түзеді. Вестибулалық аппаратта пайда болған имплульстер есту жүйкесінің талшықтарымен сопақша мидағы вестибулалық ядроға беріледі. Осы жерде қимыл сипаты, дене мен бастың кеңістікгегі жағдайы жайлы ақпараттар алғашқы талдаудан өтеді. Сопақша мидың вестибулалық ядроларынан өткеннен кейін вестибулалық аппараттың афференттік жолы айқасады да, таламустың вентро базальдық құрылымдарына бағытталады. Бұл кұрылымдардан афференттік импульстер үлкен ми жарты шарлары қыртысының самай бөлігіне жіберіледі.

6.5. Дәм сезу анализаторы

Дөм сезу талдағышының қызметі арқылы ауыз қуысына түскен қоректің сапасы, сипаты анықталады. Бұл талдағыштың қабылдаушы бөлігі тіл бүртіктерінде, жұмсақ таңдайда, жұтқыншақтың артқы бетінде, бадамшада және көмекей қақпашығында орналасады. Тіл бүртіктері шатырша, жапырақша және орлы болып болінеді. Осы бүртіктер ішінде эпителиальды құрылым – дәм жуашығы, орналасады. Дәм жуашығы сопақша пішінді, жуа төрізді болып келеді. Ол бүйірлі, ұршық пішіндес дәм жасушаларынан және цилиндр пішінді сүйеніш жасушалардан түрады да, тілдің көп қабатгы эпителийі бойында орналасады. Дәм жасушаларының ұшында майда түктер (кірпікшелер) болады. Дәм жуашығы кілегей қабық беткейінде дәм саңлауы деп аталатын кішкентай тесікпен ашылады.