
- •Мазмұны:
- •2.2. Қозу үрдісі, оның даму сатылары
- •2.3. Тітіркендіргіштер, олардың жіктелуі
- •2.4. Тіркендірудің заңдары
- •2.5. Тыныштық потенциалы, олардың пайда болуы
- •2.6. Әрекет потенциалы, оның туындау механизімі
- •2.7. Парабиоз туралы ілім
- •3.2.Ет ұлпасына тән физиологиялық қасиеттер
- •3.3. Бұлшық ет жиырылуының механизімі
- •Орталық нерв жүйесі.
- •4.5. Рефлекс және рефлекторлық доға
- •Торлы ќ±рылым немесе ретикулярлыќ формация.
- •5.6. Вегетативтік нерв жүйесі
- •6.2. Көру анализаторы
- •6.3. Есту анализаторы
- •6.4. Вестибулярлық аппарат, оның атқаратын қызметі
- •6.5. Дәм сезу анализаторы
- •6.6. Иіс сезу анализаторы.
- •6.7. Терінің сезімдік қызметі
- •6.8. Интерорецепция
- •Адамның қажуы, ренжуі немесе нервтік соққыға шалдығуы.
- •8.3. Ішкі секреция бездерінің қызметінің бұзылуы
- •8.7. Қалқанша безі
- •8.8. Айырша без (тимус)
- •8.9. Аралшық без (Ұйқы безі)
- •8.10. Бүйрек үсті бездері
- •8.11. Жыныс гормондарының түзілуі және маңызы
- •9.2. Қан , оның атқаратын қызметтері
- •9.3. Плазма және қан сарысуы
- •9.4. Қанның формалы элементтері, олардың қызметтері
- •9.5. Қанның физикалық қасиеттері
- •9.6. Қанның буферлік жүйесі
- •9.8.Қан топтары және қан құю
6.3. Есту анализаторы
Есту деп организмнің дыбысты қабылдау қабілетін айтады. Ол есту мүшесінің күрделі қызметі арқылы іске асырылады. Сүт қоректілерде есту мүшесі сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтан тұраұы. Сыртқы және ортаңғы құлақ есту талдағышының өткізгіш, ал ішкі құлақ - қабылдаушы бөлімі.
Сыртқы қулақ құлақ қалқанынан және сыртқы дыбыс жолынан түрады. Құлақ қалқаны дыбыс тербелістерін қабылдап, оны дыбыс жолына бағыттайды. Дыбыс жолы дыбыс толқынын ортаңғы құлаққа өткізеді. Сыртқы құлақ пен ортаңғы құлақ арасын дабыл жарғағы бөліп түрады. Ол өзіне жеткен дыбыс толқынын ортаңғы құлаққа өткізеді.
Дабыл жарғағының арғы жағындағы дабыл қуысында бір-бірімен буындана байланысқан есту сүйекшелері - балғашық, төс және, үзеңгі орналасады. Балғашық дабыл жарғағына, ал узеңгі - ішкі құлаққа баратын солақша тесікті жауып түратын жарғаққа бекиді. Аталған сүйекшелер арқылы дыбыс толқыны дабыл жарғағынан сопақша тесікті жауып түратын жарғаққа беріледі. Сүйектің ерекше байланысының және үзеңгі ауданының дабыл жарғағы беткейінен көп кіші болуының салдарынан дыбыс толқынының
күші 40-60 есе артады. Дыбыс тым күшейіп кетсе құлақ қуысының еттері жиырылып, дабыл жарғағы керіле түседі де, сүйектер қимылы шектеліп, дыбыстың әсер күші азаяды.
Ортаңғы құлақты ішкі құлақтан бөліп тұратын сүйекгі қалқанда екі тесік болады. Олар жүқа дәнекер үлпалы жарғақпен жабылған дөңгелек және сопақша тесіктер. Дөңгелек тесікті иірім тутіктер (улу) терезесі дейді. Одан сәл төменірек орналасқан сопақша тесікгі -сага (кіреберіс) терезесідт атайды.
Ішкі құлақ, немесе шытырмақ (лабиринт), самайдың қайыршық сүйегінің ішінде жатады. Ол бірінің ішінде бірі орналасқан сүйекті және жарғақты шытырмақтан түзілген. Бұл екі құрылымның арасыңда периаимфа, ал жарғақты лабиринтгің ішіңде эндолимфа (ішкі сұйық) болады.
Сүйекті лабиринт үш құрылымнан - сағадан (кіреберіс), иірімді түтіктен (ұлудан) және жартылай дөңгелек түтіктерден, - түрады. Саға мен иірімді түтік есту мүшесін қүрайды. Ал сағада орналасқан қапшықтар мен жартылай доңгелек түтіктер тепе-тендік (вестибулалық) аппараты болып табылады. Демек, ішкі құлақта есту және тепе-тендік мүшелері орналасқан.
Саға - кішқентай қуыс. Ол сопақша және деңгелек қапшықтарға болінеді. Сопақша қапшық жартылай дөңгелектүтіктермен, ал дөңге-лек қапшық - иірімді түтікпен жалғасады.
Иірімді тутік (ұлу) - орталық білікті бойлай спираль тәрізді екі айнальш жасай орналасқан иірімделген құрылым. Рейснер мембра-насы мен негізгі мембрана арқылы ол үш жіңішке арнаға - сопақша тесіктен басталаіын сага өзегіне, дөңгелек тесікпен жалғасатын дабыл өзегіне және иірімді тутік өзегіне, - бөлінеді. Алғашқы екі өзек иірімді түтіктің төбесінде бір-бірімен тар тесік - геликотрема, - арқылы жалғасады және олардың қуысы перилимфамен толған. Ал, иірімді түтік өзегі эндолимфамен толады да, мұнда дыбыс толқынын қабылдайтын Корти мүшесі орналасады.
Корти мушесі - күрделі құрылым. Ол негізгі мембрананың ішкі беткейін бойлай орналасқан есту жасушалары мен суйеніш жасушалардан құралады. Есту жасушаларының ұшында жіңішке кірпікшелер болады. Олар дыбыс толқынының әсерін қабылдайды. Осы жасушалардың үстінде бір ұшы сүйекті тұлғаға жалғасқан, екінші ұшы бос жататын жабынды табақша орналасады.
Құлақ қалқаны қабылдаған дыбыс толқыны есту жолы арқылы дабыл жарғағын тербелтеді. Бұл тербеліс есту сүйектерінің тізбегімен сопақша тесікке беріліп, саға өзегіндегі перилимфаны толқытады. Одан орі толқын геликотрема арқылы дабыл өзегіндегі сүйыққа тарайды. Осы толқын әсерімен негізгі мембрана тербеліп, оған бекіген есту жасушаларының түктері жабынды мембранамен түйіседі де, бұл жасушаларда қозу пайда болады. Қозу үрдісі ұлу жуйкесінің үштарынан есту жүйкесіне беріледі де, одан әрі есту жолымен сопақша ми, аралық ми арқылы үлкен ми сыңарларының самай бөлігінде орналасқан есту талдағышының қыртыстық бөліміне беріледі.