- •Мазмұны
- •1. Ауаның зиянды заттармен ластану дәрежесі
- •1.1. Атмосфераның газ құрамы
- •1.2. Ауа ластану деңгейінің ауа райына әсері
- •2. Ауға шығарылатын зиянды заттардың есебі мен анализі
- •2.1. Павлодар қаласының және оның айналасының экологиялық жағдайы
- •2.2. Павлодар мұнай химия зауыты – ауаны зиянды заттармен ластау көзі
- •3. Павлодар мұнай химия зауытында ауаға шығарылатын зиянды заттарды тазарту шаралары
- •3.1. Мұнай сақтау және құю цехта ауаны тазарту шаралары
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
2. Ауға шығарылатын зиянды заттардың есебі мен анализі
2.1. Павлодар қаласының және оның айналасының экологиялық жағдайы
Әp бip адамның, сондай-ақ бүкіл адамзаттың муддесін корғайтын ғылымдық проблемалардың бірі — экология мəселесі болып табылады. Аталмыш мəселеге ынта-ықыластың өсуі қазіргі кезеңде егер қоршаған орта бүліншілікке ұшыраса, қоғам озшщ келешегшде жоятындығын тepeң сезінумен байланысты болып отыр.
Қазақстанның орасан табиғи байлықтар əлеуетін пайдаланумен қатар қоршаған ортанын амандығын сақтау — республикамызда түптің түбінде шешімін табуға тиісті негізгі міндеттердің бірі. Бірақ бұл мақсатты іс жүзіне асыру барынша күрделі, себебі ол үшің әуелі адамның менталитетін, оның моральдық жəне əдептік құндылықтарын түбірімен өзгерту, адам мен табиғаттың принципиальды жаңа қарым-қатынас дағдыларын бойға сіңіруі қажет.
Елімізде жүргізіп жатқан экологиялық саясат əлеуметтік-экономикалық өзгерістердің табыстылығына да көбіне-көп ықпал етпек. Бұл үкімет шешімдерінде жəне Президент бекіткен мемлекетіміздің 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму Стратегиясында жəне оның «Экологиялық жəне табиғи ресурстар - 2030» құрамдас бөлігінде көрініс тапқан.
Республиканың өндірісі өркендеген аймақтарындағы ауа ластануының жоғары деңгейімен байланысты экологиялық мəселелер баршылық. Тұрақты көздерден бөлінетін қалдық заттармен ластанудың негізгі көлемі Қарағанды, Павлодар жəне Шығыс Қазақстан аймақтарында шоғырланған. Мəселен, тұтас республика бойынша 2000 жылы бөлінген зиянды заттар көлемінің 45,6%-і Қарағанды облысына тиесілі болса, бұл Павлодар облысы бойынша - 17,9%-ті, Шығыс-Қазақстан бойынша- 10%-ті құрады.
Павлодар Қарғанды қаласымен бірге — Қазақстанның жетекші өндірістік аймақтарының бірі. Мұнда қара жəне туей металлургияның қуат пен материалға бай өнімдерін өндіруге, көмір мен көптеген бағалы қазба байлықтарын шығаруға мамандаңдырылған онеркәсіп қалыптасқан. Машина жасау мен металл өңдеуші, құрылыс материалдарын өндіруші кəсіпорындар, сондай-ақ жеңіл жəне тамақ онеркәсіптердің өнімдері мен басқа да салалары мейлінше дамыған.
2001 жылы облыс кəсіпорындары атмосфераға 1 млн. 142 мың тонна зиянды заттар тастаған, бұл өткен жылғы 1 млн. 108 мың тоннаға қарағанда 3,1%-ке артық. Өткен жылдан ластағыш заттар тастаушылар қатарындағы 255 шаруашылық субъектілерінде 3868 стационар көз тіркелген болса, олардың 3239-ы (83,7%) ұйымдастырылған болып табылады. Атмосфераға шығатын зиянды заттардың орасан мөлшері едəуір деңгейде қайнар көздердің газ бен шаң ұстағыш қондырғылармен жеткіліксіз жарақтандырылғандығының салдары болып табылады. 2001 жылы жарақтандырылған қайнар көздердің үлес салмағы 40%-ті құрады. Соның салдарынан зиянды заттардың непзп болт (67%-i) атмосфераға тазаланбастан тасталып жатыр.
Өткен жылы тазартқыш құрылымдарға түскен зиянды заттардың 92,5%-і тұтылып (2000 жылы - 92,4%-і), зиянсыздандырылды.
920 мың тонна газ тəріздес жəне сұйық тастандылардың құрамында 74,1% аса қауіпті спецификалық заттар болып саналатын куюрги ангидрид бар болса, 21,6%-і көміртегі тотығы. Сонымен қатар, облыстың ауа бассейніне 2001 жылы елеулі мөлшерде азот тотығы (38193,8 тон-на), қорғасын мен оның қосындылары (6732,0 тонна), мыс оксиді (2364,1 тонна), мышьяк (1543,8 тонна) жəне күкірт сутегі (401,7 тонна) сияқты адам ағзасына ықпалдық дəрежесі жөнінен өте-мөте қауіпті заттар түсті.
Тасталған зиянды заттардың басым бөлігі (85,5%) өңдеуші өнеркəсіп кəсіпорындарына тиесілі. Мұнда, 976,7 мың тонна зиянды заттар бөлетін 2502 ластау көздері (жалпы санның 64,7%-і) шоғырланған, бұл 2000 жылға қарағанда 3,4%-ке артық. Ал бұл саладағы барлық тасталған зиянды заттардың 98,1%-і (958,6 мың тонна) металлургия өнеркəсібіне тиесілі.
Heгiзгi қызмет түрі электр энергиясын, газ бен суды өндіру мен тарату болып табылатын ұйымдар ауаға 141,8 мың тонна (немесе жалпы мөлшердің 12,4%-і) зиянды заттар тастаған. Өткен жылмен салыстырғанда тасталған ластағыш заттардың ұлғаюы 0,9%-ті құрады.
Өткен жылы тау-кен өнеркəсібінде 2000 жылмен салыстырғанда тасталған зиянды заттардың 4,6%-ке өскені байқалды. Экономиканың бұл саласына барлық облыс атмосферасына тасталған зиянды заттардың 1,5%-і (16,9 мың тонна) тиесілі.
Облыстың мейлінше ластанған өнеркəсіптік орталықтары Балқаш жəне Теміртау қалалары болып қалып отыр, олардың үлесіне 2001 жылы барлық шығарылған ластағыш заттардың 43%-і жəне 29,3%-і — тиесілі (2000 жылы -40,6% жəне 31,5%), немесе тиісінше 491,6 жəне 334,7 мың тонна. Қалдықтардың басым болт бұл қалаларда атмосфераға тазартусыз түскен, оның ішінде, Балқаш қаласында зиянды заттардың 95,7%-і (2000 жылы -93,3%), Теміртау қаласында — 69,3%-і (2000 жылы — 72,5%) тазартусыз тасталған.
Облыс орталығының атмосферасына таралған зиянды заттар 2000 жылмен салыстырғанда 5,9%-ке ұлғайып, 66,5 мың тоннаны құрады, олардың 12,5%-і тазартусыз тарады.
Жезқазған қаласының аумағына 141,1 мың тонна ластағыш заттар тараған, бұл алдыңғы жылға қарағанда 2,7%-ке кем, олардың 23,9%-і атмосфераға тазартусыз түскен.
Eceптi жылы ластағыш заттардың тасталуын қысқарту жөніндегі шараларды орындауға 4,5 млрд. теңге жұмсалса, 2000 жылы 3 млрд. мың теңге жұмсалған. Бұл қаржының едəуір бөлігін (46%-і немесе 2,1 млн. теңге) кəсіпорындар жаңа тазартқыш құралдар сатып алып, іске қосуға жұмсады. Технологиялық процестерді жетілдіруге 2 млн. теңгесі жұмсалды, бұл ақшалай қаражаттың жалпы үлесінің 44,3 %-ін құрады. Қолданылып жүрген тазартқыш құралдың тиімділігін арттырып, ластағыш көздерді жоюға тиісінше 287,9 жəне 152 мың теңге жұмсалды. Жүргізілген шаралар нəтижесіндегі аталған кəсіпорындар дағы тасталған қалдықтар 21,6 мың тоннаға тең.
«ПМХЗ» ЖАҚ-ы – қазақстаннан шыққан жабық акционерлік қоғам «ПМХЗ» ЖАҚ-ы өндіретін өнімінің сапасы жағынан, еліміздің жанар-жағар майларының дүние жүзілік рыногына қатысуы мен әлемдік деңгейдегі өндірістік компаниялар қатарына енуге талпынады. Қоғамға, акционерлерге, тұтынушыларға және қызметтестерге шынайы құн-дылықтарды дәріптеу - компанияның басты міндеті.
Жетістіктерді бағалау, келесі позициялардан тұрады:
Бизнес нәтижесі - жұмсалған қаражаттан пайда, өндіріс көлемінің ұлғаюы, сауда-саттықтың өсуі;
Адам мүмкіншілігі - қызметкерлердің кәсіби өсуі және олардың қанағат-танушылығы, еңбек ұжымымен тіл табысуы;
Компанияның беделі – «үлгілі азамат, патриот», және қоғамға пайдалы қызмет көрсететін, сапалы да керекті тауарларды өндіретін компаниялардың бірі ретінде қоғамдық пікірді нығайту.
Келешекте біздің еліміздің экономикалық және мәдени дамитындығына біздің сеніміміз мол. Біздің компания қазақстан экономикасының өркендеуі мен дамуына барынша ат салысады. Біз өзіміздің ілгері басуымыз бен өсу жолымызды – қоғамды рухани және материалды жағынан байыту, сонымен бірге іскерлік әдет принциптерінің негізінде серіктестермен ұзақ мерзімді қатынаста болуға талпынуымызға байланысты деп ойлаймыз.
Өндірістің жемісті өрлеуіне қол жеткізу үшін, біз цехтарымыздың әрқайсысына мынадай талап қоямыз:
- Міндеттерін орындау - өрбір қызметкер, ортақ мақсатқа жету жолында біліктілігімен қатар, өзінің ынта-жігерімен істің ыңғайын таба білуі тиіс. Жетекшілер, алға қойған мәселенің тез және жақсы орындалуы туралы өзінің қарамағындағы адамдардың пікірлеріне ілтипатпен және құрметпен қарауға тиіс;
- Сапа - өндірістік процессте творчестволық және мұқият еңбектенуіміздің нәтижесінде, біз ұсынатын өнімнің сапасы өзінің баға категориясынан жоғары болуы шарт, адал бизнес-партнерлерді таңдап, оларды қолдау, олармен бірігіп жұмыс істеу. Тек керекті және сапалы өнімді өндіріп қана, біз шын мәнінде қоғамға пайда келтіреміз;
- Пайда – компаниямыздың тиімділігінің негізгі өлшемі. Біз бос қорларды өндірістің, цехтардың, бөлімшелердің дамуына шоғырландырамыз. Олардың міндеті – шығынды азайту және қызметінің тиімділігін арттыру.
Материалды қорлар – біздің компаниямыздың алға басуының негізгі құрастырушыларының бірі болғандықтан, компанияның мынадай бейматериалды активтерін күшейтуге үлкен назар аударылады:
- Біздің кәсіпорынның беделі;
- Тұтастық пен бірлестігімізді сезіну;
- Бірегей дағды мен тәжірибеміз;
- Компания мен оның қызметкерлері, тұтынушылар мен бизнес-серіктестер арасындағы қарым-қатынасы.
Павлодар мұнай химия зауытының ресми адресінің дүние жүзілік ақпарат желісіне қосылуы - біздің кәсіпорынның алға жылжуының айғағы. Адамзат өмірінің маңызды құрамдас бөлігі ақпарат болғандықтан, уақыт өткен сайын өз дегенін баяндап, өзгерістер енгізеді.
ПМХЗ – айтарлықтай жас кәсіпорын. Ол - СССР-дің алдыңғы қатарлы институттарының жобасы бойынша салынып, кезінде Совет одағының мұнайөңдеу саласының мақтанышы болған. Алайда, экономикалық дағдарыс зауытты тыс қалдырмай, оның жағдайы қиындап, бастапқы ұстанымдарын жоғалта бастады.
2000 жылдың қарашасында мұнай өңдеу комплексі «Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ –ның меншігіне еніп, бүгінгі күні кәсіпорынның әрі қарай дамуына өз үлесін қосты деп біз сеніммен айта аламыз. Компанияның білікті мамандары мен топ-менеджерлерінің талаптылығы, зауытты қысқа мерзім ішінде дағдарыстан алып шықты.
Қондырғыларда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, қазіргі заманға сай жаңадан жабдықтар сатып алынды, көптеген катализаторлар ауыстырылып, жаңа аспаптар орнатылды. Сонымен қатар, машиналар мен жүккөтергіш техника паркі толығымен жаңартылды. ПМХЗ-ы, республикамыздың технологиясы қазіргі талапқа сай кәсіпорындар қатарына қосылып, аса шеберлікпен алдыңғы қатарлы ұстанымдарына ие болды. Мұнай (қазақстандық, батыс сібір) қабылдаудағы тұрақтылық, өнеркәсіпті жаңа техникамен жабдықтау, өндірісті жаңғыртуға мүмкіндік туғызып, сонымен қатар жоғары сапалы, бәсекеге жарамды өнімді өндіруге, жұмысшылардың жалақысын көтеруге, қызметкерлерге қосымша әлеуметтік кепілдік беруге жағдай туғызып отыр.
Біздің стратегиялық жоспарға – мұнай химия өндірісінің өркендеуі жатады. Кәсіпорынның ұжымы және бүкіл аймақтың келешегі -кәсіпорынның жаңа, аса күрделі және кең көлемді мәселелерінің жүзеге асуына байланысты. Павлодар мұнай химия зауытының келешекте өркендеуі - оның қызмет аясының кеңеюінен және өндіретін өнім сапасының жақсартылуынан деп, біз батыл айта аламыз. Үлкен же-тістіктерге қол жеткізетінімізге және ойлаған мақсатымыздың жүзеге асатындығына сенімі мол.
Бұл зауыт Қазақстанның алдыңғы қатарлы кәсіпорындарының қатарынан өзіне лайықты орын алуға талпынады. Біздің іс-әрекетіміз еліміздің әл-ауқатын көтеруге, жалпы қоғамымыздың өркендеуіне бағытталған. Біздің стратегиялық жоспарға – кәсіпорнымыздың экономикалық тиімділігін көтеру жатады.
Қазақстан экономикасында серпінді дамып жатқан салалар қатарына, қазіргі кезде мұнай өңдеу саласы да еніп отыр. Еліміздің экономикалық жағдайының жақсаруы мен ауыл шаруашылығының көтерілуінің арқасында жанар-жағар майлардың өндірісі пайдалы болып отыр.
Бүгінгі күні біз үшін стратегиялық артықшылықты салалар мыналар:
- ауыл шаруашылығы;
- Қазақстан республикасының қалалары мен ауылдарындағы ЖЖМ-ын тұтынушылар;
- жақын және алыс шетелдердегі нарық болып отыр.
«ПМХЗ» ЖАҚ-ы үздіксіз даму үстінде. Компанияның стратегиялық дамуы келесі үш деңгейден тұрады:
- Қоғамның дамуы
Компаниямыздың алға қойған мақсаты – Қазақстанды рухани және материалды жағынан байыту. Ол үшін ең әуелі еліміздің экономикасын жаңғырту қажет. Кәсіпорынды технологиялық жағынан қайта жабдықтап, ескірген өндірістік қорларды ауыстыру қажет. Еліміздің қазіргі кездегі өнеркәсібінің басым көпшілігі өндіретін салалар болып отыр, олардың табысы табиғи ресурстардың дүние жүзілік құнына байланысты. Біздің ойымызша өңдейтін салаларды дамыту пайдалы, өйткені олар өнімнің құнын арттырады және одан түсетін пайда да көбейеді;
- Компанияның өркендеуі
Компанияның стратегиялық даму негізіне – оның қызмет көрсету аясын кеңейтуі, процесстерді оңтайландыруы жатады. Компанияның дамуын қаржыландыру – ішкі көздерден алынып отыр. Біздің компания Қазақстанның экономикасы алдыңғы қатарлы компанияларының қатарынан, өзіне лайықты орын алуға ынталанады;
- Қызметкерлерді дамыту
Біздің ойымызша, компанияның өркендеуі оның қызметкерлерінің жеке дамуына байланысты. Сондықтан біздің артықшылығымыздың бірі, өз қызметкерлерімізге көрсететін қамқорлығымыз, олардың кәсіптік деңгейін үнемі көтеріп отыру. Сонымен қатар, кәсіпорындағы қарым-қатынасты жақсартып отыруға тырысамыз.
