Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1042____.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
228.86 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе 3

1. Ауаны зиянды заттармен ластану дәрежесі 4

1.1. Атмосфераның газ құрамы 4

1.2. Ауа ластану деңгейінің ауа райына әсері 7

2. Ауаға шығарылатын зиянды заттардың

есебі мен анализі 10

2.1. Павлодар қаласының және оның айналасының

экологиялық жағдайы 10

2.2. Павлодар мұнай химия зауыты – ауаны зиянды

заттармен ластау көзі 15

3. Павлодар мұнай химия зауытында ауаға

шығарылатын зиянды заттарды тазарту шаралары 19

3.1. Мұнай сақтау және құю цехта ауаны тазарту

шаралары 19

Қорытынды 27

Әдебиеттер 28

Кіріспе

Көкейкестілігі. Ауа ластау мәселелері біздің қоғамда өте үлкен мәселе болып шығады. Көптеген өнеркәсіптер ауаға өз қалдықтарын шығарады. Олар атмосфераның құрамына еніп негізгі болік ретінде сақталады. XXI ғасырда жағдай өзгерді қоршаған орта параметірінің мәндерінің қайтымсыз өзгерістері дәлелденді, ол жиірек экологиялық күйзелістерге және локальді деңгейдегі (фотохимиялық смог, қышқылды жауын – шашындар, судың биогендермен ластануы және глобальді масштабта парниктік эффектілерінің түзілуі, стротосферадағы озон қабатының бұзылуына) катастрофаларға әкеп соғады. Мұның бәрі, сондай-ақ, адамның генетикалық бағдарламаларының ыдырауының білінуі, экологиялық кризистің басқа білінулері әлемнің көптеген елдерінде экологиялық тұрғыдан жақсы болуын қамтамасыз ету сұрақтары нақты инженерлік – техникалық бағдарламалар мен шешімдерді қабылдаудың шектерінің сыртына әкеп соғады да одан сайын әлеументтік- экологиялық тұрғыдан шығады, іс әрекеттің жаңа стериотиптерін жасақтайды.

Ауаны тазарту мақсаты ен басты халықтың мақсаты. Қазіргі кезде экологиялық тұрғыдан баға беру жеке заттардың валдық шығарындыларын есептумен ғана шектеліп қоймайды, атмосферада территорияның едәуір ауданында жеке заттардың трансформациясын, адамдардың ауруға шалдығу қауіпін ескере отырып қосындылар концентрациясын анықтау және есептеу мәселесі қойылады.

Зерттеу объекті: Павлодар Мұнай химия зауыты.

Зерттеу мақсаты: Павлодар Мұнай химия зауытында ауаға шығарылатын зиянды қалдықтардың мөлшерің азайтуы.

Мәселелері:

1. Мұнай өнеркәсіптің дамуын, технологияны зерртеу.

2. Мұнай өнеркәсіптің ауаға әсері.

3. Мұнай өнеркәсіпте ауаны тазарту.

1. Ауаның зиянды заттармен ластану дәрежесі

1.1. Атмосфераның газ құрамы

Жер миллиондаған ұсақ бөлшектерден құралған атмосферамен қоршалған. Ол Күннен Жерге келетін жарық тасқынын миллиондаған ұсақ сəулелерге ажыратады. Атмосфера парниктегі шыны сияқты роль атқарады. Ол күн сəулесін жылдам өткізеді, жер бетіндегі жылуды сақтап қалады.

Егер Жердің ауа қабаты болмаса, Куннің коз қарықтыратын ыстык, жарығы жердің бетін куйдірің кургақ, жарылып кеткен тақырға айналдырып жіберер еді. Онда жауын да жаумас еді, жел де соқпас еді.

Атмосфера — Жердің температурасының ауытқып тұруына да ықпал етеді.

Жердің алғашқы атмосферасы сутегінен, метаннан, аммиактан, су буларынан жəне гелий, неон сияқты инертті газдардан құралған. Жерде тіршіліктің пайда болуымен байланысты бұрынғы газдарға жер қойнауынан жəне өсімдіктерден бөлінген күкіртті сутегі мен көмір қышқыл газдарымен толықты. Сөйтіп, екінші атмосфера пайда болды. Алғашқы микроорганизмдер бірте-бірте сутегін, метанды, аммиакты, күкіртті сутегін азайта түсті.

Содан барып атмосфераның газ құрамының өзгеруі, оның оттегімен толығуы бірыңғай саланы екіге — өсімдіктер мен жануарларға бөлді.

Атмосфераның қазіргі газ құрамы биосфераның көп жылғы эволюциясының (дамуының) нəтижесі. Организм қазір оған бейімделіп алды, енді газ құрамының кез келген өзгерісі олардың өмір сүру жағдайына əсер етпей қоймайды.

Табиғи атмосфераның газ құрамы мынадай пайызда: азот (N) - 78,08, оттегі (O2) - 20,95, аргон (Аг) — 0,93, көмір қышқыл газы (СО2) - 0,03, неон (Ne), гелий (Не), ксенон (Хе), родон (Rn) жəне басқалары — 0,01. Бұған қоса ауаның құрамында ұшып жүретін шаң түйіршіктері мен бу болады. Шаң қызған кезде жоғары көтеріледі де, ауа айналысына мүмкіндік тудырады.

Адам ауасыз өмір сүре алмайды. Ол таза болсын, лас болсын ауамен дем алуы қажет. Адам тамақ ішпей 5 апта, су ішпей 5 күн өмір сүре алады. Ал ауасыз 5 минутта тұра алмайды.

Әр бір адам 25 кг, немесе 10-11 мың литр ауаны өкпесі арқылы өткізеді. Ауа жануарлар мен өсімдіктер үшін де қажет.

Ластанған ауа адам организміне, денсаулығына кері əсерін тигізеді, бас айналдыратын заттар улаңдырады.

Таза ауа өнеркəсіп үшін де, əсіресе вакциналар, антибиотиктер шығаруға, жартылай өткізгіштер мен дəл аспаптар жасауға қажет.

Мұндай ауа құрамы атмосфераның томен қабатында. Ал 1000 км-ден жоғары жағында тек қана гелийден (Не), ал 2000 км-ден жоғары тек сутегінен (Н) тұрады.

Ең төменгі Жер бетіндегі қабат тропосфера деп аталады. Ол атмосфералық ауаның 84 пайызын құрайды, барлық метеорологиялық процесс: бұлттардың пайда болуы жəне тұманның, жел мен дауылдың болуы, қар мен жауынның жаууы осы қабатта.

Тропосферадан жоғары шамамен 55 км əрі қарай стратосфера басталады. Оңда 25-30 км қалыңдықта озон қабаты бар.

Озонның Жер бетіңде тipшік ушін маңызы зор. Ол организмді Күннің ультракулгш сәулесінен қорғайды. Мұндай сэулеш оз бойына жұтып, озон қабаты атмосфераның жоғарғы қабатына температураның таралуына жəне Жер климатына əсерін тигізеді.

Озон атмосфераның құрамындағы ең аз газдың бірі. Егер барлық озонды жер бетіне жинап, сығымдаса, ол тек 3 мм қалыңдықта ғана болар еді. Бұл жұқа қабатта ғана болатын, Жер бетіндегі организм ушш аса қажет озонды сақтау керектігін көрсетеді.

Озонның екінші бір ерекшелігі — ол тұрақты емес. Ол тез бұзылып кетеді. Жер бетінде орта есеппен алғанда əрбір секунд сайын 100 тонна озон пайда болып, жоғалып кетеді. Озон молекуласының орташа ғұмыры бір жыл. Ол атмосфераның жоғарғы қабатында басқа газдардың қатысуымен оттегінен, азоттың қос тотығынан Күннің ультра күлгін радиациясының тікелей ықпалымен пайда болады.

Халық шаруашылығында бояу мен лакты ерітуге қолданылатын еріткіштер, əр түрлі аэрозольдар онша зиянды болмағанымен атмосферада 30 км биіктікте ультра күлгін сəуленің əсерінен бұзылады да, хлор, фтор бөліп шығарып, озон қабатын бүлдіруге белсенді араласады.

Сол сияқты озон қабатын бүлдірудегі жоғарылап ұшатын авиацияның, атмосферадағы атом жарылыстарының, зымырандар мен ғарыш аппараттарын ұшырудың əсері мол. Кейінгі кездері озон қабатының бүлінуі жиілеп кеткен соң 1985 жылы 37 ел жəне Европалық Экономикалық Қауымдастық озон қабатын қорғау туралы Халықаралық Вена конвенциясына қол қойды.

Атмосфералық ауаны ластаушы көздер

Атмосфералық ауаның тазалығы адамның жəне басқа да тірі организмдердің қалыпты өмір сүруінің маңызды шарты болып табылады.

Атмосфералық ауа табиғи түрде жəне антропогендік жолмен ластануы ммкін.

Табиғи ластану — шаңмен жəне су буымен т. б. Ол табиғи құбылыстардың əсерінен болады. (Вулкан атқылауы, теңіз суының булануы, кен породаларының шаңдатуы, топырақтарды жел үрлеу, далалар мен ормандардағы өрт жəне т.б.).

Мəселен, желтоқсан жəне ақпан айларында соққан өкпек жел Сахараның құмын мыңдаған шақырым жерге апарып тастайды. 1883 ж. Кракату жанартауы атылғанда оның ұсақ түйіршіктері ауа құрамында бірнеше жыл сақталып, Англия жағалауына дейін барған.

1985 жылы Ашхабад қаласында таңғы сағат 10.00-де аспанды қызғылт бұлт басып, караңғылық орнады. үйлерде шам жағуға тура келді. Сөйтсе, қала аспанында 170 мың тонна шаңды бұрқыратып өте қатты дауыл өткен.

Антропогендік ластану көздеріне өнеркəсіп пен колш кэс1порындары, ауыл шаруашылығы мен құрылыс ұйымдары, коммуналдық-тұрмыстық объектілер жатады.

Жалпы алғанда антропогендік əсер 5 пайыз ғана орын алады. Бірақ оның химиялық құрамы өте кұрделі болғандықтан адам мен табиғатқа аса қауіпті.

Өнеркəсіптік салада ауаны ластандырушы непзп кез болып табылатындар жылу электр станциялары, қара жəне түсті металлургия, сол сияқты мұнай өңдеу.

Қатты отынды (көмір, торф, ағаш, қамыс жəне т.б.) жаққанда күйе, смола, күкірт, көміртегі тотығын жəне шаң бөліп шығарады. Екібастұз көмірі Қарағандының көміріне қарағаңда күлді көп шығарады. Орта есеппен ЖЭО-ы сағат сайын атмосфераға 5 тонна күкіртті ангидрид жəне 16-17 тонна күл шығарып отырады.

Əр түрлі кəсіпорындар өзінің атқаратын саласына қарай айналадағы ортаға озшщ зияндылыгы жағынан əртүрлі заттар шығарады.

Металлургия өнеркəсібі — металл мен олардың қосыңдыларын (темір, мыс, қорғасын, мырыш, көмір, күкіртті ангидрид жəне т.б.);

машина жасау кəсіпорыны — шаң жəне газ, күйе, қорғасын, т.б.;

мұнай өңдеу жəне вискоз өнеркəсібі — күкіртті сутегі;

химия енеркэнбшщ кәсшорындары — азот тотығы т.б;

құрылыс материалдарын шығару кəсіпорындары — əр түрлі қосындылары бар шаң мен газ;

автомобиль заводтарын да қала сыртына ғана салуға рұқсат етіледі;

автомобиль көлігі — əлемдік ластандырушылар қатарында ерекше орын алады. Жыл сайын автомашиналар атмосфераға 380 млн тонна көміртегі тотығын, 56 млн тонна көмірлісутегін, 28 млн тонна азот тотығын таратады. Автомобильден шығатын газ құрамы өте күрделі — оның құрамында 200-ден астам зат бар. Оның ішінде 75 пайызы көміртегі, 15 — көмірлі сутек жəне 7 пайызы азот тотығы.

Автомобиль 1 тонна бензин жақса —12,3 кг, І тонна дизель отынын жақса — 24,5 кг азот тотығын шығарады.

Ауыл шаруашылығында кейінгі 30-40 жыл бойы өсімдіктерді қорғау жəне минеральдық тыңайтқыш үшін пестицидтерді қолданып жүр. Олар ұшақпен шашқанда ұнтағы желмен ұшып, ауа мен суды, топырақты ластандырады. Сондықтан да мұндай препараттарды есеппен, дұрыс қолдану қажет.

Мал шаруашылығы кешендері атмосфераны аммиакпен, микрофлорамен ластайды.

Коммуналдық - тұрмыстық шаруашылық та да от жағу, пеш түтіні, үй маңындағы қоқысты уақытымен жинамау, қоқыс төгетін жерді ретке келтіріп отырмау да атмосфераны бүлдіреді.

Негізінен алғанда атмосфераны ластандырушы заттар жер бетшдеп уш шақырымға дей1нп абатта ғана болады. Ол жүздеген шақырымға дейінгі қашықтыққа тарайды. Ірі түйіршіктер желсіз күндері шоғырланып қалады да, бірте-бірте жер бетіне шөгеді. Мəселен, жыл сайын Париж бен Чикагоға — 260, Нью-Йоркке -300, Лондонға - 390, Алматыға — 125 тонна шаң шөгеді. Бүкілəлемдік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) дерегіне қарағанда дамыған елдердің халқының 20 пайызға жуығы атмосфералық ауаның ластануына байланысты əр түрлі аллергиялық ауруға ұшыраған. Ауада шаңның көп болуы өкпе ауруларын тудырады.

Қоршаған ортаға көміртегі тотығының (СО2) да зияны мол. Оны иіс газы деп те айтады. Ол адам мен жануарлар қанының құрамындағы гемоглобинмен қосылады да оттегін (О2) қабылдауға бөгет жасайды. Организмге шамалы салмақ (ауырлық) түссе адам жүрек талмасына ұшырауы мүмкін.

Қалаларда, тар көшелерде, туннельдерде, бағдаршам маңыңда i тотығы жоғары болып, 25-125 мг/м3-ке дейін жетеді.

Ал негізгі норма — 3 мг/м3.

Көмірлі сутегінің де зияны мол. Оның құрамыңда қаныққан метан (СН4), этан (С2Н6), пропан (С3Н3), қанықпаған этилен (С2Н4), пропилен (С3Н4), бутилен (С4Н3) бар.

Күкіртті газ (SО2) оттегімен қосылып, күкіртті ангидридке айналады. Ол су буымен қосылып, күкірт қышқылын (Н2О4) түзеді.

Ол тұман болып ауада тұрып алады да, жауынмен жерге түседі. Сол кезде ол металды, матаны, бетонды, бояуды бүлдіреді, адамдардың денсаулығына (өкпе мен тыныс жолдарына) зиянын тигізеді.

Бұдан басқа да зиянды заттар толып жатыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]