Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭЭ новый силл2014.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
73.63 Кб
Скачать

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қорқыт ата атындағы қызылорда мемлекеттік университеті

«БЕКІТЕМІН»

Жұмыс оқу жоспарлары және оқу бағдарламалары комитетінің төрағасы

____________ Шомантаев А.Ә.

«_______ » 2014 ж.

«ФИЗИКА1» пәні бойынша

білім алушыға арналған жұмыс оқу бағдарламасы

(Sуllabus)

Мамандығы: 5В071800-Электр энергетикасы

Қызылорда, 2014 ж

Пән бағдарламасы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы №779 бұйрығымен бекітілген 5В071800 - «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша 3.08.355-2006-Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес Алматы энергетика және байланыс институты әзірлеген және ұсынған физика пәнінен типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.

Пән бағдарламасын дайындаған: п.ғ.м., аға оқытушы Маханова Г.М.

Білім алушыға арналған жұмыс оқу бағдарламасы (Sуllabus) “Математика және қолданбалы механика“ кафедрасының мәжілісінде талқыланды.

хаттама № ___ ''____'' ___________ 2014ж.

Кафедра меңгерушісі: т.ғ.д.,профессор Жанмолдаев Б.Ж.

Білім алушыға арналған жұмыс оқу бағдарламасы (Sуllabus) политехникалық факультетінің жұмыс оқу жоспарлары және оқу бағдарламалары комитеті мәжілісінде қаралып, бекітілді.

хаттама № ___ ''____'' ___________ 2014ж.

Комитет төрағасы: а-ш.ғ.д.,профессор, Шомантаев А.Ә.

1. Негізгі мәліметтер

Факультет

Политехникалық

Мамандық (шифры, аты)

5В071800- Электр энергетикасы

Курс

1

Семестр

1

Пән статусы (міндетті, таңдау)

Міндетті

Кредит саны

4

Сабақ өтетін дәрісхана

5-оқу ғимараты

Оқытушы

Маханова Г.М., п.ғ.м., аға оқытушы

практика, семинар, зертханадан сабақ беретін оқытушы

Маханова Г.М., п.ғ.м., аға оқытушы

2. Пререквизиттер және постреквизиттер

Пререквизиттер

Физика курсы математика және механика курстарымен қатар инженерлер дайындау барысындағы теориялық бiлiм негiзiн құрайды және инженерлер еңбегiнiң жемiстi болуының фундаментi болып табылады.

постреквизиттер

Жалпы физика курсы болашақ инженерлер үшiн қазiргi заманғы технологиялық, автоматтандыру әдiстерiнiң, нарықтық экономика жағдайындағы басқару және ақпарат жүйелермен жұмыс iстеудi игерудiң негiзi болғандықтан бiлiктi инженердiң қалыптастуында ролi зор. Физика студенттердiң шығармашылық қабiлеттерiн ашу, дамытуда да үлкен қызмет атқарады.

3. Пәннің мақсаты мен міндеттері

  • Мақсаты: Негiзгi физикалық құбылыстармен идеяларды оқып-үйрену; Қазiргi және классикалық физика теориясы мен заңдарын, қалыптасқан түсiнiктердi, сондай-ақ физикалық зерттеу әдiстерiн бiлу.

  • Ғылыми көзқарас пен қазiргi физикалық ойлауды қалыптастыру.

  • Физиканың әртүрлi облыстары бойынша нақты есептердi шығару әдiстерi мен жолдарын үйрену.

Міндеттері:

  • Қазiргi ғылыми аппаратуралармен танысу, физикалық эксперименттер жүргiзуге iскерлiктi қалыптастыру.

  • Болашақ мамандығы бойынша қолданбалы есептердi физикалық моделдеуге қалыптасу.

4. Пәннің мазмұны