Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Testy_4-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
586.77 Кб
Скачать

1. 30 жасар ер кісіні тексеру барысында үстіндегі жарылған пустула қара қатты қабыршақпен жабылғаны, оның айналасында күлдіреуіктер орналасқан, қатты ауыратыны сіңбе мен жайылмалы домбығу анықталды. Осы клиникалық көрініс қай ауруға тән деп ойлайсыз?

  1. Шиқанның сіңбелену сатысына.

  2. Беттің абсцесстену сатысындағы шиқанына.

  3. Күйдіргі көршиқанына.

  4. Актиномикоздың терілік түріне;

  5. Терінің тілме қабынуына.

2. Малшылардың арасында сақпанға барған ер кісінің бетіне алдымен дақ пайда болып, одан соң ол папулаға, везикулаға ақыры жараға айналып кетті. 1-2 аптадан кейін жараның орта бөлігінде қабынган тіннің білігімен қоршалған, ауырмайтын қатты, тығыз , қара қабыршақпайда болды. Нақтам қойыңыз.

  1. Бруцеллез (Сарып).

  2. Күйдіргі.

  3. Көршиқан.

  4. Эхинококкоз.

  5. Туляремия.

3. Ауыр улану белгілерімен, терінің, лимфабездерінің, ішкі ағзалардың сарысулы-геморрагиялық қабынуымен ерекшеленетін, спецификалық көршиқан немесе тері өзгерістерімен суреттелетін жедел бактериялық зооноздық инфекциядан қабыну үрдісі қалай аталады?

  1. Бруцеллез (Сарып).

  2. Күйдіргі.

  3. Көршиқан.

  4. Әхинококкоз.

  5. Туляремия.

4. Күйдіргінің қоздырғышы негізінен қалай таралады?

  1. Жанасқан жолмен.

  2. Түрмыстық жолмен.

  3. Ауа-тозаң жолымен.

  4. Ауа-тамшысы жолымен.

  5. Трансмиссиялық жолмен.

5. Күйдіргінің патогенезінде қандай белгі басым болады?

  1. Сары сулы-геморрагиялық қабыну.

  2. Сары сулы-геморрагиялық плеврит.

  3. Ішкі ағзалардың қанға толуы.

  4. Жедел бүйрек жетіспеушілігі.

  5. Геморрагиялық менингоәнцефалит.

6. Күйдіргі кезінде тері өзгерістерінің пайда болу кезеңдері.

  1. Дақ- папула - везикула- қабыршақ.

  2. Дақ- папула - везикула- пустула - қабыршақ.

  3. Дақ- папула- везикула- пустула айналасында майда күлдіреуіктер, ісіну.

  4. Қатты ауыратын шеттері қазылған жара мен қабыршақ.

  5. Ауырмайтын ішін сүр өңез жапқан жара мен жүқа түрткенде қатты қанайтын қабыршақ.

7. Күйдіргіге дәл нақтам қалай қойылады ?

  1. Бактериоскопиялық тәсіл арқылы.

  2. Бактериологиялық тәсіл арқылы.

  3. Аллергиялық тәсіл арқьшы.

  4. Биологиялық тәсіл арқылы.

  5. Цитологиялық тәсіл арқьшы.

8. Күйдіргімен көбінесе кімдер ауырады?

  1. Ауыл шаруашылығы жұмыскерлері.

  2. Негізінен қарт кісілер.

  3. Қаланың тұргындары жиі аауырады.

  4. Негізінен балалар ауырады.

  5. Дала-химиялық жұмыстарындағы кісілер.

9. Күйдіргінің қоздырғыштары қай жерде дамиды?

  1. теріде

  2. лимфа түйіндерінде

  3. бүйректе

  4. қанда

  5. сүйек миында

10. Күйдіргінің қандай түрі болады?

  1. Терілік түрі.

  2. Ішектік түрі.

  3. Өкпелік түрі.

  4. ОНЖ зақыдайтын түрі.

  5. Сыртқы нерв жүйесін зақымдайтын түрі.

11. Күйдіргіге иммунитет қалай әсер етеді.

  1. Түрақты, қайталап ауырмайды.

  2. Түрақсыз, қайталап ауыруы мүмкін.

  3. Иммунитет 1 жылга дейін тұрақты.

  4. Иммунитет 6 айға дейін тұрақты.

  5. Иммунитет 3 айға дейін тұрақты.

12. Номаға анықтама беріңіз.

  1. Жақ бет аймағы тіндерінің ылғал өліеттенуі.

  2. Жақ бет аймағының құрғақ өліеттенуі.

  3. Жақ бет аймағы тіндерінің дамуының жетіспеушілігі.

  4. Ауыз айналасы тіндерінің шектелген қабьшу үрдісі.

  5. Жақ бет аймағы тіндерінің спецификалық қабыну үрдісі.

13. Номаның грек тілінен аудармасы қалай?

  1. Обыр.

  2. Жайылмалы жара.

  3. Қатерлі ісік.

  4. Қатерсіз ісік.

  5. Ойық жара.

14. Номамен көбінесе кімдер ауырады?

  1. Емізулі балалар.

  2. 30 жастан асқан кісілер.

  3. 2 жасқа дейінгі балалар.

  4. 2-15 жас арасындағы балалар.

  5. 40 тан асқан ересектер.

15. Номамен зақымданқан ошақта қандай бактериялар болады?

  1. Аэробты бактериялар жиынтығы.

  2. Ұшық және тұмау вирустары.

  3. Грам оң таяқшалар мен коктар.

  4. Грам теріс таяқшалар мен саңырауқұлақтар.

  5. Спирохеталар, анаэробты бактериялар.

16. Номамен зақымданқан ошақта қандай бактериялар болады?

  1. Аэробты бактериялар жиынтығы.

  2. Ұшық және тұмау вирустары.

  3. Грам оң таяқшалар мен коктар.

  4. Грам теріс таяқшалар мен саңырауқұлақтар.

  5. Фузоспириаллярлы түрі

17. Ауыздың шырышты қабығында нома қалай басталады?

  1. Жасыл түсті дақтар түрінде

  2. Қара көк түсті өліеттенген дақтар түрінде.

  3. Көпіршік түрінде

  4. Шырышты қабықтың қатты бозаруымен.

  5. Патологиялық үрдіс үртты толық қамтиды.

18. Ауыздың шырышты қабығында нома қалай басталады?

  1. Жасыл түсті дақтар түрінде

  2. Қара көк түсті өліеттенген дақтар түрінде.

  3. Шырышты қабатта геморрагиялық дақ түрінде

  4. Шырышты қабықтың қатты бозаруымен.

  5. Патологиялық үрдіс үртты толық қамтиды.

19. Ауыздың шырышты қабығында нома қалай басталады?

  1. Жарлы-өліеттеген стоматит немес гингивит түрінде.

  2. Қара көк түсті өліеттенген дақтар түрінде.

  3. Жасыл түсті дақтар түрінде

  4. Шырышты қабықтың қатты бозаруымен.

  5. Патологиялық үрдіс үртты толық қамтиды.

20. Номаны неден нақтамалайды?

  1. Паротиттен.

  2. Флегмонадан.

  3. Қатерсіз ісіктен.

  4. Ишемиялық өліеттенуден.

  5. Стоматитпен

21. Созылмалы лимфадениттің жергілікті себептерін көрсетіңіз:

  1. өкпе туберкулезі;

  2. созылмалы периодонтит;

  3. лимфогранулематоз;

  4. созылмалы пульпит;

  5. кариес;

22. Созылмалы лимфадениттің жалпы себебін атаныз:

  1. өкпе туберкулезі;

  2. созылмалы периодонтит;

  3. созылмалы отит;

  4. созылмалы пульпит;

  5. кариес;

23. Созылмалы лимфадениттің жалпы себебін атаныз:

  1. лимфогранулематоз;

  2. созылмалы периодонтит;

  3. созылмалы отит;

  4. созылмалы пульпит;

  5. гайморит;

24. Дәрігер стоматолог-хирург 46 жастағы ер адамды тексерген соң, диагноз қойды: мойынның беткі оң жақ жанының жедел серозды лимфадениті, тонзиллогенді этиология. Ең ықтимал емдеу жоспарын көрсетініздер:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]