
Кәсіпорын және кәсіпкерлік. Кәсіпорын экономикасы
Экономика
-
өнімді өндіруде қоғам шектеулі
ресурстарды
қалай қолданып, өнімді өзара қалай
бөлісетінін оқытатын ғылым
Кәсіпорын
экономикасы осы
мәселені
жеке кәсіпорындар
қалай шешетінін оқытады.
Кәсіпорын
экономикасы – бұл өндіріс факторларының
жиынтығы; яғни өндірістік емес
факторлардың, айналым қорларының, дайын
өнімдердің, ақша қаражаттарының, бағалы
қағаздардың, меншікті мүліктер қорының,
өнімді өткізу немесе қызмет көрсету
арқылы алынған пайда немесе табыстардың
жиынтығы.
Нарықтық
экономика жағдайында экономикалық
қызметтің орталығы экономиканың
негізгі бөлімі – кәсіпорындарға
ауысады.
Кәсіпорында
шығатын өнімнің көлемі, түрі, жеткізушілер
мен сатып алушыларды таңдау, бағаны
қалыптастыру, ресурстарды тиімді
қолдану, кадрларды пайдалану, жоғары
сапалы техника мен технологияны қолдану
мәселелері шешіледі.
Кәсіпорын жұмысының
тиімділігі өндірістің мынадай
ұйымдастыру нысандарын таңдап алуына
байланысты: шоғырландырған,
мамандандырылған, кооперацияланған,
құрамдастырылған.Ел экономикасындағы кәсіпорынның мәні
Кәсіпорын дегеніміз не?
Кәсіпорын дербес
жүйе ретінде қоғамдық өндірістің
бөлімшесі болып табылады, мұнды ұлттық
экономиканың міндеттері нақтылы
шешіледі.
Өнімдерді өндіру
және қызмет көрсету белгілі бір
технлолгиялық процестерді қолдану,
жұмыс құралдырын, адамдардың білімі
мен қабілеті, қоғамның жұмысын
ұйымдастыру нәтижесінде болады.
Кәсіпорын жұмыс
орындарымен қамтамасыз етеді, жалақы
төлейді, салық төлеу арқылы мемлекеттік
әлеуметтік бағдарламаларға қатысады.
Кәсіпорында өнім
өндіріліп, жұмысшы мен өндіріс
құралдарының байланысы орнайды.
Кәсіпорын
өз қызметін дербес атқарып, тапқан
пайдасын
[салық
және басқа
міндетті төлемдерден кейін]
өз еркімен пайдаланады.
Жағдайдың
өзгеруін алдын ала болжай білу және
өзгерістерге бейім болу.
Таңдап алған
қызмет көрсету саласында құзыретті
болу.
Қажетті ерекшелік
сипаттары: мақсаткерлік, табандылық,
сәтсіздікке дайын болу, өз қателіктерінен
үйреніп, қорытынды жасай білу.
Сенімді серіктер
таңдай білу.
Бәсекелік күреске
дайын болу
Кәсіпорын
құратын кәсіпкер
немесе кәсіпкерлер тобы алдарына нақты
және айқын мақсат қоюлары керек.
Бұл мақсаттары
өнімдер мен қызмет көрсету тапсырыстарының
жүйелерімен бекітілуі керек.
Шығарылатын өнім
мен көрсетілген қызмет жұмысшыларымен,
мүліктермен және қаржылық ресурстармен
қамтамасыз етілуі қажет.
Кәсіпорын құру
Кәсіпорын құру
Жаңа кәсіпорынды
құру және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың
көлемін кеңейту факторлары
|
|
|
|
|
|
|
|