
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
- •5В010400 «Бастапқы әскери дайындық» мамандығы
- •Қоршаған ортаны қорғау
- •Өртті болдырмау жүйесіне қойылатын талаптар
- •Өрттен қорғау жүйесіне қойылатын талаптар
- •Төтенше жағдай енгiзiлген кезде қолданылатын негiзгi шаралар мен уақытша шектеулер
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Жаратылыстық ғылымдар факультеті
Денешынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасы
5В010400 «Бастапқы әскери дайындық» мамандығы
СРО
Тақырыбы: «: Төтенше жағдайларда зақымдану кезінде дәргерлі көмек көрсету. Техникалык улы сұйықтықтармен, көмір қышкыл газынан уланғанда, суға батуда, найзағай тускенде, улы саңырауқұлақтар және улы өсімдіктерден уланғанда, жылан шаққанда алғашқы көмек көрсету. Жасанды түрде тыныс алдыру әдістері»
Семей 2014жыл
Тақырып: Төтенше жағдайларда зақымдану кезінде дәргерлі көмек көрсету. Техникалык улы сұйықтықтармен, көмір қышкыл газынан уланғанда, суға батуда, найзағай тускенде, улы саңырауқұлақтар және улы өсімдіктерден уланғанда, жылан шаққанда алғашқы көмек көрсету. Жасанды түрде тыныс алдыру әдістері
әскери бөлiм объектiлерiнiң өрт қаупi ерекшелiктерiн бiлуге, өртке қарсы қорғаныс жоспарын және өрт қауiпсiздiгi талаптарын әзiрлеуге қатысуға; әскери бөлiм бөлiмшелерiнiң офицерлерiмен, сержанттарымен және старшиналарымен өртке қарсы даярлық, өрт сөндiру құралдарын пайдалану бойынша сабақтарды жеке өзi өткiзуге, жеке құраммен өрт қауiпсiздiгi талаптарын орындау жөнiнде түсiндiру жұмыстарын, сондай-ақ өрт сөндiру командасының арнайы даярлығын жүргiзуге, өрт сөндiру нарядына түсетiн жеке құрамға нұсқама беруге және бiлiмiн тексеруге; барлық объектiлердiң өртке қарсы жай-күйiне тексеру жүргiзуге және жеке құрамның өрт қауiпсiздiгiнiң белгiленген талаптарын орындауына және өрт сөндiру нарядының қызмет атқаруына күн сайын бақылауды жүзеге асыруға; V064126 барлық өрт сөндiру құралдарының, өрт дабылдамасын, өрт сөндiрудi сумен жабдықтау көздерiнiң болуына, уақтылы талап етуге, ақаусыздығы мен дұрыс пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыруға және оларды iс-қимылға ұдайы әзiрлiкте ұстау жөнiнде шаралар қабылдауға, өрт сөндiру құралдарын тексерудi және куәландыруды ұйымдастыруға; өрт сөндiру құралдарының болуы мен техникалық жай-күйiнiң есебiн жүргiзуге, сондай-ақ олардың формулярлары (паспорттары) мен техникалық құжаттамаларын уақтылы жүргiзуге; өртке қатысты ақаулы және қауiптi қондырғыларды, жылыту, жарық беру аспаптарын пайдалануға үзiлдi-кесiлдi тыйым салуға; әскери бөлiм командирiнiң тыл жөнiндегi орынбасарына олар анықталған кезде объектiлердiң өртке қарсы жай-күйiндегi кемшiлiктер туралы уақтылы, ал тұтанудың, өрттiң барлық жағдайлары туралы және қабылданған шаралар туралы дереу баяндауға; өрт сөндiруге басшылық жасауға; белгiленген есеп берулердi жоғары тұрған штабқа және жабдықталым органына уақтылы ұсынуға мiндеттi.
Қоршаған ортаны қорғау
Әскери қызметшi табиғатты сақтауға және өзiнiң күнделiктi қызметi барысында оның байлықтарын қорғауға мiндеттi. Бұл үшiн ол әскери бөлiмде (бөлiмшеде) болатын негiзгi ластау көздерiн бiлуi және су ресурстарының, ауаның, жердiң ластануын болдырмау, жануарлар мен өсiмдiктер әлемiн сақтау жөнiндегi ережелермен және нұсқаулықтармен көзделген iс-шараларды қатаң орындауы тиiс. Өзiнiң iс-қимылы немесе әрекетсiздiгi нәтижесiнде қоршаған ортаны ластауға жол беретiн әскери қызметшiлер заңнамаға сәйкес жауаптылықта болады.
Улы саңырауқұлақтармен улану.Улы саңырауқұлактардың улылық дәрежесі әртүрлі; алайда адам үшін қауіптілері бозғылт арамқұлақ, шыбынжұт, алдама томарқұлақ пен тілікқұлақ.
Алғашқы көмек. Асқазанды сумен, әлсіз (қызғылтым) марганец қышқылды калий ерітіңдісімен шаю қажет. Бұны зондтың көмегімен немесе күштеп құсу әдісімен жасауға болады, бұдан кейін айдағыш (зығыр майы және тұзды айдағыш) береді, бірнеше рет тазалағыш клизманы қояды. Бұдан кейін сырқатты жылы қымтап, қыздырғыш қойған соң ыстық тәтті шай, кофе берген жөн. Емдеу мекемесіне жеткізу қажет.
Өсімдік уларымен улану. Өкілдері: цикута, аконит.
Алғашқы көмек.Асқазанды шайған соң активтелген көмірді, танинды және тұздық айдағышты ішу қажет. Емдеу мекемесіне жеткізу қажет.
Тамақтан улану.Сапасыз (инфекцияланған) мал өнімдерінен жасалған тағамдарды қабылдаған кезде (ет, балық, шұжық өнімдері, ет және балық консервілері, сүт пен одан жасалған тағамдары – крем, балмұздақ және т.б.) улану пайда болады. Улануды осы тағамдардағы микробтар мен олардың тіршілік өнімдері токсиндер туғызады. Ет пен балық хайуанаттардың тірі кезінде улы болу мүмкін, алайда бұл көп жағдайда тамақты даярлау барысында және тамақ өнімдерін дұрыс сақтамаудан пайда болады. Әсіресе ұсатылған ет оңай бұзылады (паштет, тартылған ет, қатырылған сіңір). Тамақтан улану кенеттен пайда болуымен жөне өте қысқа инкубациялық үзіліспен сипатталады.
Алғашқы көмек – асқазанды әлсіз сода ерітіндісімен, марганец қышқыл калиймен шаю, айдағыш тазартқыш клизма беру көп ыстық су ішкізу.
Хайуанаттардың уымен улану:Жыланның шағуы. Жыланның шағуының әкелер зардабы да өте ауыр. Сондықтан жылан мекендейтін жерлерге барардың алдында ең алдымен жабық аяқ киімді, ең жақсысы етікті киген жөн.Жыланның шағуынан зардап шегуші жағдайының ауырлығы оның түріне байланысты. Қазақстанда сұр жылан, оқ жылан, сарыбас жылан кездеседі.
Алғашқы көмек.Шаққан жердің уын ауызбен жедел сорып тастау керек. Мұны зардап шегушінің өзі немесе оның серіктерінің бірі жасай алады. Ауыз қуысында жара болмаукерек, өйткені у солар арқылы қанға түсуі мүмкін.Егер уды өз уақытында сорып тастаса, зардап шегушінің улану деңгейі әлсіреп, жылдам сауыға бастайды.
Сонаның, араның шағуы. Сонаның, араның шағуы қатты ауыртады және ине сұғып алғандай сезінеді. Шаққан жер күрт күлбірейді, алайда организмге жалпы әсері елеусіздеу: аратұра бас ауырады, жүрек айниды, қалтырауды сезінеді.
Алғашқы көмек.жедел көмекті шақыру; ол келгенге дейін терідегі ара біздерін (сона бізгек қалдырмайды) оны үлкен саусақтың тырнағымен қыса отырып, алып тастау керек; бұдан кейін жараға суық компресс қою немесе оған антигистаминдік май жағу; адамды аяғы оның басынан биік болатындай етіп жатқызу (жастықты, бүктелген киімді және т.б.
қоюға болады); оның дем алуын жеңілдету (белбеуді, жағаны ағыту) және оны бір бүйірмен жатқызу (құсатын болса); зардап шегушіге көрпе жабу; оған су мен тамақ бермеу,
темекі тартқызбау; есінен танған немесе құса бастаған жағдайда оның жақсы дем алу үшін етпетінен жатқызу керек.
Шаяндардың шағуы. Шаяндардын шағуы Қазақстанның оңтүстік аудандарында жиі кездеседі.
Алғашқы көмек: шаққан жерге кез-келген өсімдік майын жағу; шаққан жерге ыстық қыздырғыш кою; анальгин мен антигистаминдік дәрі-дәрмектер ішу (супрастин, димедрол, пипольфен); зардап шегушінің жағдайын кәсіби бағалау және соған байланысты сырқатты жазу мен жалпы улануды емдеу шараларын таңдау қажеттігінен жедел дәрігер шақыру.
Қарақұрттың шағуы. Қарақұрттың ұрғашысы ғана улы болады.
Алғашқы көмек. Марганецтік калий ерітіндісімен шайылған суық баспаны шаққан жерге қояды, зардап шегушіге көп су, физиологиялық ерітінді, жүрек дәрі-дәрмектерін береді.Жедел көмекті шақырады, немесе оны қарақұртқа қарсы сары су егетін емдеу мекемесіне жеткізеді. Емдеу дәрігердің тағайындауы бойынша жүргізіледі.
Өрмекшінің, бүйеннің, сколопендрдің шағуы. Өрмекшінің, бүйеннің, сколопендрдін шағуы қауіпсіз, алайда олардың шағуы қатты сырқыратады, шаққан жер ісінеді, алайда олар теріден өтіп, улы бездерін енгізе алмайды.
Алғашқы көмек. Шаққан жерге марганец қышкылды калийдің, мүсәтір спиртінің немесе магний сульфатының ерітіндісімен шайылған суық баспа кояды.
Кененің кіруі.Кенеден дұрыс киілген киім қорғай алады, оның барлық ашық жері түймеленіп, қымталуы тиіс.
Кененің шаққаны білінбейді: ол жараға ауыртпайтын затты сіңіреді. Сондықтан кене бірден байқалмайды. Кене көп жағдайда қолтықтың астын, мойынды, құлақтың ішін, шапты сорады. Басқа жерлерді де шағуы мүмкін.
Алғашқы көмек: Қанды сорған кенені қысуға немесе қатты сілкуге болмайды.Бұл тек энцефалитпен зақымдануды күшейтеді. Ең алдымен кене мен терінің төңірегіне май немесе сұйық май құйып, сөлден соң ұшына дәкі байланған пинцетпен немесе саусақпен ұстап, оны теріден баяу қозғалыспен алып тастау қажет.Басқа жағдайда кененің басы терімен түйіскен жерде жіпті ілгекпен байланады. Жіптің ұшын тартқанда оның ілгегі кенені ақырындап тартып шығарады.Кенені алғаннан кейін шақкан жерінен қолды залалсыздандыру қажет.