Есеп 8,1(22)
54 жастағы әйелдің кеудесінің перкуссиясы кезінде өкпе үстінде перкуссиялық қораб дыбысы естіледі, өкпенің төменгі шегінің қозғалысының шектелуі, әлсізденген везикулярлық тыныс алуы анықталды. Өкпедегі патологиялық өзгерістерді анықтау үшін дені сау адамның өкпесінің респираторлық бөлімінің қандай құрылымдық-қызметтік ерекшеліктері болатынын білу қажет.
анатомия
22.1. Оң жақта бұғана үстінде қандай сегмент кескінделеді?+ ұштық
гистология
22.2. Тыныс алу жүйесінің негізгі құрылымдық-қызметтік элементі не болып табылады?+Ацинус
физиология
22.3. Дені сау адамның тыныс алу көлемі тең болады?+0,3 - 0,8 л
пропедевтика
22.4. Өкпенің төменгі бөлімінің қозғалысының шектелуінде қандай себе негіз болып табылады ?+өкпе тініне ауа жиналудың жоғарлауында
Есеп 23
Пульмонология бөлімшесіне келген 36 жастағы ер адам жөтел пайда болып, шырышты қақырық түсетініне, дене қызуы 37,6оС дейін көтерілгеніне шағымданды. Өкпедегі патологиялық өзгерістерді анықтау үшін дені сау адамның ауа өткізу жолдарының қандай құрылымдық-қызметтік ерекшеліктері болатынын білу қажет.
анатомия
23.1. Сегменттік шеміршек жапырақша қандай бронх қабырғасында пайда болатынын көрсетіңіз:+сегменттік
гистология
23.2 Тыныс алу жүйесінің қандай қуысты мүшесінде талшықты-шеміршекті қабықшасы шеміршек тінінің аралшықтарынан құралған? +Орташа көлемді бронхтар
физиология
23.3. Тиффно және Генслар индексінің қандай өзгерісі обструктивті өзгерістерге әкеледі?
+Тиффно и Генслар индексінің төмендеуі
пропедевтика
23.4.. Тыныс жеткіліксіздігінің рестриктивіне қандай көрсеткіш тән?\+ЖЕЛ төмендеуі
Есеп 24
49 жастағы науқас К. аздаған қақырық түсіретін жөтелге, дене қызуының 38,5° С көтерілгеніне шағымданды. Перкуссия кезінде перкуторлық дыбыстың төмендеуі (притупление) байқалып, аускультация кезінде оң өкпенің төменгі бөлігінде әлсіреген везикулярлық тыныс алу және ұсақкөпіршікті сырыл естілді. Өкпедегі патологиялық өзгерістерді анықтау үшін дені сау адамның өкпесінің респираторлық бөлімінің қандай құрылымдық-қызметтік ерекшеліктері болатынын білу керек.
анатомия
24.1 Кеуде қабырғасында өкпенің көлденең саңлауының кескінін көрсетіңіз: + 4 қабырға
гистология
24.2. Аэрогематикалық тосқауылдың кестесінде респираторлық альвеолоцитті анықтаңыз.+2
физиология
24.3. Қандай заттар тыныс алу жолдарының саңылауын кеңейтеді?+брадикинин
пропедевтика
24.4. Перкуторлы дыбыстың тұйықталуы қандай синдромға тән?+өкпе тінінің тығыздалуы
Тоғызыншы нұсқа Есеп 25
Жанұя дәрігеріне кезекті медициналық тексеруге анасы 12 айлық қыз баласын әкелді. Анасының айтуынша бала белсенді, қимылдауы қалыпты. Тексеру барысында дене қызуы қалыпты, тыныс алу жиілігі минутына 30, өкпенің салыстырмалы перкуссиясында анық өкпе дыбысы, өкпенің аускультациясы тыныс алуы қатты, тыныс алудың екі фазасында да ұзарғаны анықталды. Өкпедегі патологиялық өзгерістерді анықтау үшін дені сау адамның өкпесінің респираторлық бөлімінің қандай құрылымдық-қызметтік ерекшеліктері болатынын білу керек.
анатомия
25.1 Басты және бөліктік бронхтардың қатты өсетіндігі қандай жаста байқалады?+ 1 жаста
гистология
25.2. Көлемі әртүрлі бронхтардың әсіресе қарқынды өсуі қай кезеңде жүреді?+16-18 жаста
физиология
25.3. Қалыпты жағдайда тыныс алудан кейінгі қалыпты тыныс шығаруды не қамтамасыз етеді?+инспираторлы бұлшықеттердің босаңсуы
Пропедевтика
25.4. Перкуссияда қорапты дыбыстың естілуі қандай синдромға тән?+өкпеге ауа жиналуды
