Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТАЖ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
208.38 Кб
Скачать

Есеп 18

48 жастағы науқаста жөтел пайда болып, дене қызуы 38,8оС дейін көтерілген, аускультация кезінде ылғалды ұсақкөпіршікті биік сырыл естіледі. Өкпедегі патологиялық өзгерістерді анықтау үшін дені сау адамның өкпесінің респираторлық бөлімінің қандай құрылымдық-қызметтік ерекшеліктері болатынын білу керек.

анатомия

18.1. Алдыңғы, ортаңғы және артқы қолтық асты сызықтары бойынша оң жақ өкпенің шекарасын көрсетіңіз:+7, 8, 9 қабырғалар

гистология

18.2 Ацинустың құрылысының кестесінде респираторлық бронхиоланы анықтаңыз.+4

физиология

18.3. Қандай тыныс алу кезінде өкпе альвеолаларының желденуінің эффективтілігі жоғары болады? +терең және сирек

пропедевтика

18.4. Бұл патология кезінде қандай әдіс негізгі мәліметті болады?+кеуденің R-скопиясы

ЖЕТІНШІ НҰСҚА

Есеп 19

46 жастағы науқаста жөтел, дене қызуының 37,8 ос дейін жоғарылағаны байқалады, тыныс алуы қатқыл, өкпенің барлық аймағында шашыраңқы құрғақ сырыл естіледі. Өкпедегі патологиялық өзгерістерді анықтау үшін дені сау адамның өкпесінің қандай құрылымдық-қызметтік ерекшеліктері болатынын білу керек

анатомия

19.1. Кеңірдек пен бронхтарды қанмен қамтамасыз ететін артерияларды көрсетіңіз :+ кеуделік қолқаның бронхиолалық тармақтары

гистология

19.2. Ауа өткізу жолдарының қабырғасында олардың көлемі кішірейген сайын қандай құрылым көбейеді? +Миоциттер

физиология

19.3. Тыныштық жағдайда бір минут аралығында дені сау адам қанша О2 қабылдайды?+250 - 350 мл

пропедевтика

19..4. Қатаң тыныс қандай жағдайда естіледі?бронх тарылуы+

Есеп 20

54 жастағы әйелдің кеудесінің перкуссиясы кезінде өкпе үстінде перкуссиялық қораб дыбысы естіледі, өкпенің төменгі шегінің қозғалысының шектелуі, әлсізденген везикулярлық тыныс алуы анықталды.

Өкпедегі патологиялық өзгерістерді анықтау үшін дені сау адамның өкпесінің респираторлық бөлімінің қандай құрылымдық-қызметтік ерекшеліктері болатынын білу қажет.

анатомия

20.1 Ортаңғы-бұғана, ортаңғы қолтық асты және жауырын сызықтары бойынша оң жақ өкпенің төменгі шекарасын көрсетіңіз:+6, 8, 10 қабырғалар

гистология

20.2. Өкпенің респираторлық бөлімінің құрылымдық-қызметтік бірлігі не болып табылады?+Ацинус

физиология

20.3. Дем алғанда өкпе көлемі қалай өзгереді?+пассивті жоғарылайды

пропедевтика

20.4. Қандай перкуторлық дыбыс өкпеге ауа жиналу синдромының белгісі болып табылады ? +қорапты

Есеп 21

48 жастағы науқаста жөтел пайда болып, дене қызуы 38,8оС дейін көтерілген, аускультация кезінде ылғалды ұсақкөпіршікті биік сырыл естіледі. Өкпедегі патологиялық өзгерістерді анықтау үшін дені сау адамның өкпесінің респираторлық бөлімінің қандай құрылымдық-қызметтік ерекшеліктері болатынын білу керек.

анатомия

21.1. Ортаңғы қолтық асты, артқы қолтық асты және жауырын сызықтары бойынша оң жақ өкпенің шекарасын көрсетіңіз?+8, 9, 10 қабырғалар

гистология

21.2. Ацинустың құрылысының кестесінде альвеолярлық қапшықты анықтаңыз.+3

физиология

21.3. Терморецепторлардың қандай белсенділігі өкпенің желденуін жоғарылатады?+ауру кезінде дене температурасының көтерілуі

пропедевтика

21.4. Перкуторлы дыбыстың тұйықталуы қандай синдромға тән?+өкпе тінінің тығыздалуы

СЕГІЗІНШІ НҰСҚА