Есеп 14
Науқастың бақылау рентгенограммасында оң жақта плевраның қуысында сұйықтықтың деңгейі анықталды. Өкпедегі патологиялық өзгерістерді анықтау үшін дені сау адамның өкпесінің қандай құрылымдық-қызметтік ерекшеліктері болатынын білу керек.
анатомия
14.1. Плевраның едәуір терең синусын көрсетіңіз?+ қабырға-көк еттік
гистология
14.2. Плеврит кезінде қандай эпителийдің қызметі бұзылады?+Бірқабатты жазық (мезотелий)
физиология
14.3. Тыныштық жағдайда дем алу және дем шығару кезінде теріс плеврааралық қысым тең болады?
дем алу дем шығару
+ 6 – 8 мм с.бб. 4 – 6 мм с.бб.
пропедевтика
14.4. Бронхиальды өткізгіштікті анықтау үшін қандай аспаптық әдіс негізгі болып табылады? +спирография
Есеп 15
48 жастағы науқаста жөтел пайда болып, дене қызуы 38,8оС дейін көтерілген, аускультация кезінде ылғалды ұсақ көпіршікті биік сырыл естіледі. Өкпедегі патологиялық өзгерістерді анықтау үшін дені сау адамның өкпесінің респираторлық бөлімінің қандай құрылымдық-қызметтік ерекшеліктері болатынын білу керек.
анатомия
15.1. Ортаңғы-бұғана, алдыңғы қолтық асты және ортаңғы қолтық асты сызықтары бойынша оң жақ өкпенің төменгі шекарасын көрсетіңіз:+6, 7, 8 қабырғалар
гистология
15.2. Ацинустың құрылысының кестесінде альвеоланы анықтаңыз.+1
физиология
15.3. Қандағы газдардың құрамы туралы ОЖЖ қандай нервтер арқылы жеткізіледі?+депрессорлық және синокаротидті
пропедевтика
15.4. Дыбысты ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар қандай патология кезінде анықталады?+ошақты пневмонияда
Алтыншы нұсқа Есеп 16
Дәрігерлік амбулаторияға 7 жасар қыз баланың шешесі келіп, баласында түнгі жөтелдің барын және ысқырғанға ұқсас сырылды еститінін айтты. Бала 3 жастан бері поллинозбен ауырады. Өкпедегі патологиялық өзгерістерді анықтау үшін дені сау баланың ауа өткізу жолдарының қандай құрылымдық-қызметтік ерекшеліктері болатынын білу қажет.
анатомия
16.1. Бронхиалді бағана қандай жаста тез өсетінін көрсетіңіз?.+1 жаста
гистология
16.2. Астма кезіндегі тұншығуға қатысы бар өкпенің респираторлық бөлімінің құрылымын анықтаңыз.+2
физиология
16.3. Аталған заттардың қайсысы бронхтарды тарылтады?+гистамин
пропедевтика
16.4. Бронхиальды ағаштағы аллергиялық процесс кезінде қандай қақырықтың элементтері кездеседі?+барлық аталғандар
Есеп 17
Профилактикалық медициналық тексеру кезінде бронхоскопияның көмегімен 53 жастағы ер адамда субсегментарлық бронхтың шырышты қабықшасында полип тәрізді туынды табылды. Өкпедегі патологиялық өзгерістерді анықтау үшін дені сау адамның ауа өткізу жолдарының қандай құрылымдық-қызметтік ерекшеліктері болатынын білу қажет.
анатомия
17.1. Оң жақ басты бронх үстінде қандай вена орналасқан ?+ тақ вена
гистология
17.2. Ауа өткізу жолдарының қабырғасында олардың көлемі кішірейген сайын қандай құрылым жойылады?+Шырышты бездер
физиология
17.3. Пневмография қандай мақсатта қолданылады? +кеуде қуысының қозғалысын тіркеу үшін
пропедевтика
17.4.. Тиффно индексі бұл-қатынасы:+форсирленген тыныс шығарудың өкпенің өмірлік сыйымдылығына қатынасы
