
ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІ – НОРМА
БІРІНШІ НҰСҚА
Есеп 1
Пульмонология бөлімшесіне келген 36 жастағы ер адам келесі шағымдарын айтты: қарлықпа жөтел пайда болған, шырышты қақырық түсіп, дене қызуы 37,6оС дейін көтерілген. Өкпедегі патологиялық өзгерістерді анықтау үшін дені сау адамның ауа өткізу жолдарының қандай құрылымдық-қызметтік ерекшеліктері болатынын білу қажет.
анатомия
1.1. Кеңірдек бөліктерін көрсетіңіз+ мойындық, кеуделік
гистология
1.2. Тыныс алу жүйесінің қандай қуысты мүшесінде талшықты-шеміршекті қабықшасы артқы аймағы толық тұйықталмаған 16-20 гиалинді шеміршектен тұратын сақиналардан құралған?+Кеңірдек
физиология
1.3. Ересек адамның тыныс алу жолдары тәулік бойы қандай мөлшерде кілегейді бөледі? + 100 мл
пропедевтика
1.4. «Қарлықпа» (лающий) жөтел қандай ауруға тән ?+ларингит
Есеп 2
42 жастағы созылмалы обструктивті бронхитпен ауыратын әйелде жөтел, шырышты қақырық, тершеңдік, демді сыртқа шығаруы қиындаған ентігу және дене қызуының 37,6оС дейін көтерілуі байқалды. Ауырғанына 3 жыл болған. Өкпе аймағында перкуссия кезінде анық өкпе дыбысы, шашыраңқы құрғақ сырыл естіледі. Өкпедегі патологиялық өзгерістерді анықтау үшін дені сау адамның ауа өткізу жолдарының қандай құрылымдық-қызметтік ерекшеліктері болатынын білу қажет.
анатомия
2.1 Оң жақ басты бронхтың үстінде қандай вена орналасқан?+ тақ вена
гистология
2.2 Қақырықты жөтел кезінде бронхтар тармақтарының эпителийлік қабатында қандай жасушалардың саны артады? +Бокал тәрізді жасушалардың
физиология
2.3. Қандай жылдамдықпен трахея мен басты бронхтарда мукоцилиарлы тасымалдау атқарылады?+5,0-20,0 мм/мин
пропедевтика
2.4. Жедел бронхиттің жиі біріншілік қоздырғышы болып табылады+ вирустар
Есеп 3
Жібек комбинатының 28 жастағы жұмысшысында алдымен басының ауыруы, мұрынынан шырышты бөліндінің бөлінуі, түшкіруі пайда болып, кейін жөтел ұстамасы мен экспираторлық тұншықпаға ұласатындығы анықталды. Бұл ұстамалар кейінгі 3 жылда орын алған және көбінесе күндізгі сменада байқалады. Өкпедегі патологиялық өзгерістерді анықтау үшін дені сау адамның ауа өткізу жолдарының қандай құрылымдық-қызметтік ерекшеліктері болатынын білу қажет.
анатомия
3.1 Бронхтық бағананың тармақталуы қандай бронхпен аяқталатынын көрсетіңіз:+үлесшелік
гистология
3.2 Бронхиальдық тұншықпаның (астманың) ұстамасы ауа өткізу жолдарының қандай құрылымдарымен байланысты?+кіші бронхтардың шырышты қабықшасының бұлшықет табақшасының жиырылуымен
физиология
3.3. Тыныс алу жолдарының қандай рецепторлары тітіркендірілгенде тыныс алу тоқтайды және жөтел байқалады? +ирритантты рецепторлар
пропедевтика
3.4. Науқаста бронх демікпе ұстамасы кезінде қандай мәжбүрлік қалыпты ұстанады? +отырып қол саусағымен фиксациялау+
ЕКІНШІ НҰСҚА
Есеп 4
Үрлеме аспаптарда ойнайтын кәсіби музыканттарда кәсіптік ауру ― өкпе эмфиземасының даму қауыпы болады. Өкпедегі патологиялық өзгерістерді анықтау мақсатында дені сау адамның өкпесінің респираторлық бөлімінің қандай құрылымдық-қызметтік ерекшеліктері болатынын білу қажет.
анатомия
4.1 Ортаңғы бөліктің медиалді сегменті қандай қабырғалардың арасында кескінделеді + 4-6 қабырғалардың
гистология
4.2 Дем алудың белсенді, ал дем шығарудың пассивті өтетіні белгілі. Өкпе тінінде демді сыртқа шығаруды қандай құрылым қамтамасыз етіп, өкпе эмфиземасы кезінде зардап шегеді?+Эластикалық талшықтар
физиология
4.3. Атмосфералық ауадан альвеолаларға ауаның өтуін қамтамасыз етеді?+атмосфералық және альвеолярлық қысымның айырмашылығы
пропедевтика
4.4 Жөтелді шақыратын рефлексогенді зонаны көрсетіңіз?
+аталғандардың барлығында
Есеп 5
42 жастағы әйелде жөтел, шырышты қақырық, тершеңдік, демді сыртқа шығаруы қиындаған ентігу және дене қызуының 37,6оС дейін көтерілуі байқалды. Ауырғанына 3 жыл болған. Өкпе аймағында перкуссия кезінде анық өкпе дыбысы, шашыраңқы құрғақ сырыл естіледі. Өкпедегі патологиялық өзгерістерді анықтау үшін дені сау адамның ауа өткізу жолдарының қандай құрылымдық-қызметтік ерекшеліктері болатынын білу қажет.
анатомия
5.1 Негізгі қызметі бойынша тыныс алу актісіне қатысатын кеуде қабырғасының бұлшық еттерін көрсетіңіз:+ қабырға аралық, көк ет
гистология
5.2 Ауа өткізу жолдарының шырышты қабықшаларының эпителийінің қандай жасушалары детоксикация қызметін атқарады? +Клар жасушалары
физиология
5.3. Тыныс алу бұлшықеттерді жүйкелендіретін мотонейрондар қай жерде орналасқан?+жұлында
пропедевтика
5.4 Қалыпты жағдайдағы тыныс алу мен тыныс шығарудың ұзақтық қатынасын көрсетіңіз?+1 : 1,3
Есеп 6
Жібек комбинатының 28 жастағы жұмысшысында алдымен басының ауыруы, мұрынынан шырышты бөліндінің бөлінуі, түшкіруі пайда болып, кейін жөтел ұстамасы мен экспираторлық тұншықпаға ұласатындығы анықталды. Бұл ұстамалар кейінгі 3 жылда орын алған және көбінесе күндізгі сменада байқалады. Өкпедегі патологиялық өзгерістерді анықтау үшін дені сау адамның ауа өткізу жолдарының қандай құрылымдық-қызметтік ерекшеліктері болатынын білу қажет.
анатомия
6.1 Бронхоспазм ауалы-мұрын жолының қандай құрылымымен байлаысты?+бронхиолдармен
гистология
6.2 Астма кезіндегі тұншықпаның ұстамасымен байланысты өкпенің респираторлық бөлімінің құрылымын анықтаңыз.+2
физиология
6.3. Демалуды дем шығаруға ауыстыратын механизм?+өкпенің механорецепторларынан вагусты афферентация
пропедевтика
6.4. Бронх демікпе ұстамасы кезінде қандай фактор механизмі қатыспайды?+альвеолярлы ісік
ҮШІНШІ НҰСҚА
Есеп.7
Пульмонология бөлімшесіне келген 36 жастағы ер адам келесі шағымдарын айтты: қарлықпа жөтел пайда болған, шырышты қақырық түсіп, дене қызуы 37,6оС дейін көтерілген. Өкпедегі патологиялық өзгерістерді анықтау үшін дені сау адамның ауа өткізу жолдарының қандай құрылымдық-қызметтік ерекшеліктері болатынын білу қажет.
анатомия
7.1 Өкпе мен бронхтардан веналық қан қайда ағатынын көрсетіңіз?+ тақ, жартылай тақ веналарға
гистология
7.2. Қандай бронхтарда эпителий басында екіқатарлы, кейін бірқатарлы кірпікшелі, шеміршек және бездер болмайды, ал шырышты қабықшаның бұлшық ет табақшасы басқа қабаттармен салыстырғанда өте жақсы дамыған?+Кіші көлемді
физиология
7.3. Қалыпты ӨТС кезінде 1-і секунд аралығында форсирленген көлемнің төмендеуі көрсетеді?+тыныс алу жолдарының кейбір бөлімдерінің тарылуы
пропедевтика
7.4. Бронхиальды өткізгіштікті анықтау үшін қандай аспаптық әдіс негізгі болып табылады?+спирография
Есеп 8
42 жастағы әйелде жөтел, шырышты қақырық, тершеңдік, демді сыртқа шығаруы қиындаған ентігу және дене қызуының 37,6оС дейін көтерілуі байқалды. Ауырғанына 3 жыл болған. Өкпе аймағында перкуссия кезінде анық өкпе дыбысы, шашыраңқы құрғақ сырыл естіледі. Өкпедегі патологиялық өзгерістерді анықтау үшін дені сау адамның ауа өткізу жолдарының қандай құрылымдық-қызметтік ерекшеліктері болатынын білу қажет.
анатомия
8.1 Өкпенің иннервациясы қанадй өріммен жүзеге асады? +өкпелік
гистология
8.2 Ауа өткізу жолдарының шырышты қабықшасының эпителийінің қандай жасушасы қақырықты түсіруді қамтамасыз етеді? +Кірпікшелі жасушалар
физиология
8.3. Тыныс алудың негізгі ырғағы қалыптасады? +сопақша мидың, варолий көпіршесінің деңгейінде
пропедевтика
8.4. Бронхиальды өткізгіштіктің бұзылуын анықтау үшін қандай әдіс негізгі болып табылады? + пикфлоуметрия
Есеп 9
54 жастағы әйелдің кеудесінің перкуссиясы кезінде өкпе үстінде перкуссиялық қораб дыбысы естіледі (коробочный), өкпенің төменгі шегінің қозғалысының шектелуі, әлсізденген везикулярлық тыныс алуы анықталды. Өкпедегі патологиялық өзгерістерді анықтау үшін дені сау адамның өкпесінің респираторлық бөлімінің қандай құрылымдық-қызметтік ерекшеліктері болатынын білу қажет.
анатомия
9.1 Ацинус қандай артерия бассейінінен қанмен қамтамасыз етіледі: +өкпелік артериямен
гистология
9.2. Өкпенің респираторлық бөлімінде газдың алмасуы қайда жүреді?+Альвеолаларда
физиология
9.3. Қандай әдіс бронхтардың өтімділігін, тыныс алу бұлшықеттердің күшін және өкпенің эластикалық қасиеттерін зерттеуге мүмкүндік береді?+пневмотахометрия
пропедевтика
9.4. Тыныс алу жолдарының обструкциясы кезінде қандай аускультативті мәліметтер тән?+ форсирленген тыныс шығару кезіндегі ысқырықты сырылдар
ТӨРТІНШІ НҰСҚА
Есеп 10
Дәрігерлік амбулаторияға 7 жасар қыз баланың шешесі келіп, баласында түнгі жөтелдің барын және ысқырғанға ұқсас сырылды еститінін айтты. Бала 3 жастан бері поллинозбен ауырады. Өкпедегі патологиялық өзгерістерді анықтау үшін дені сау баланың ауа өткізу жолдарының қандай құрылымдық-қызметтік ерекшеліктері болатынын білу қажет.
анатомия
10.1 7 жастағы баланың кеңірдегі екі басты бронхтарға қандай деңгейде бөлінеді:
+ IV-V кеуде омыртқаның
гистология
10.2 Бронхиальды тармақтардың қабырғасының құрылымдарының дифференцировкасы неше жаста аяқталады?+7 жаста
физиология
10.3. Тыныштық жағдайда бір минуттің аралығында 7-жасар баланың тыныс алу көлемі?+20-25
пропедевтика
10.4. Қазіргі жағдайдағы ысқырықты сырылдар қандай патология кезінде анықталады?+бронх демікпесі ұстамасында
Есеп 11
Профилактикалық медициналық тексеру кезінде бронхоскопияның көмегімен 53 жастағы ер адамда субсегментарлық бронхтың шырышты қабықшасында полип тәрізді туынды табылды. Өкпедегі патологиялық өзгерістерді анықтау үшін дені сау адамның ауа өткізу жолдарының қандай құрылымдық-қызметтік ерекшеліктері болатынын білу қажет.
анатомия
11.1 Қандай бронхтық қатарда дихомотикалық бронхтарға бөлінетінін көрсетіңіз:+ 4-ші
гистология
11.2 Ауа өткізу жолдарының қабырғасында олардың көлемі кішірейген сайын қандай құрылым жойылады?+Бокал тәрізді жасушалар
физиология
11.3. Дені сау адамда пневмотахометрияны өткізгенде ФӨТС пен ӨТС арақатынастығы қандай болады?+ФӨТС ӨТС төмен немесе тең болады
пропедевтика
11.4. Тыныс алу мөлшерінің қалыпты жағдайдағы көрсеткіш деңгейін белгілеңіз?+350-650 мл
Есеп 12
Үрлеме аспаптарда ойнайтын кәсіби музыканттарда кәсіптік ауру ― өкпе эмфиземасының даму қауыпы болады. Өкпедегі патологиялық өзгерістерді анықтау мақсатында дені сау адамның өкпесінің респираторлық бөлімінің қандай құрылымдық-қызметтік ерекшеліктері болатынын білу қажет.
12.1.анатомия
12.1 Альвеолярлық бағана элементтерін не түзетінін көрсетіңіз:+респираторлық бронхиолалар, альвеолдық жолдар, альвеолдық қапшықтар, альвеолалар
12.2.гистология
11.2. Ацинустың құрылысының кестесінде терминальдық бронхиоланы анықтаңыз.+5
12.3.физиология
12.3. Дені сау адамдарда Штанге сынамасын жасағанда дем алуды тоқтату ұзақтығы неге тең?
+40-60 с
12.4.Пропедевтика
Эмфизема барын анықтайтын қандай пальпаторлы мәліметтерді білесіз? +дауыс дірілінің әлсіреуі
БЕСІНШІ НҰСҚА
Есеп 13
Дәрігерлік амбулаторияға 7 жасар қыз баланың шешесі келіп, баласында түнгі жөтелдің барын және ысқырғанға ұқсас сырылды еститінін айтты. Бала 3 жастан бері поллинозбен ауырады. Өкпедегі патологиялық өзгерістерді анықтау үшін дені сау баланың ауа өткізу жолдарының қандай құрылымдық-қызметтік ерекшеліктері болатынын білу қажет.
анатомия
13.1. Кеңрдек пен пен бронхтардың толық дамып жетілуі қандай жаста аяқталады?+ 7 жаста
гистология
13.2. Көлемі әртүрлі бронхтардың әсіресе қарқынды өсуі қай кезеңде жүреді?+16-18 жаста
физиология
13.3. Тыныс алу жолдарында қандай заттар кілегейдің бөлінуін арттырады?+гистамин
Пропедевтика
13.4. Жайылмалы құрғақ ысқырықты сырылдар қандай патология кезінде анықталады?+бронх демікпесі ұстамасында