Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дыхательная система.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
242.94 Кб
Скачать

6 Вариант

Бүйрек артериясының жағдайын бағалауда төмендеберілген қандай сәулелік зерттеу әдісі көбіне ақпаратты болып келеді?    В. ангиография+

Көкірек қуысы мүшелерін зерттеу кезінде төмендеберілген қандай сәулелік диагностика әдістерінің ішінен бірінші таңдау әдісі (өкпе ісінуіне күдіктенгенде)?    С. рентгенография +

Тексеруді мақсатты түрде қандай сәулелік зерттеу әдісінен бастаймыз? C. ЭХО-КС +

Оң жақ қарынша гипертрофиясы төмендеберілген ақаулардың қандайы кезінде байқалады? D. митралді тарылуда +

7 Вариант

Қолқа атеросклерозы кезінде рентгенограммада өзгерістер қалай анықталады? E қолқа кеңейеді және ұзарады +

Қалыпты жағдайда мүшелердің тікелей рентгенограммасында жүрек – тамыр көлеңкесінің оң жақ шетін қандай доғалар құрайды? A. қолқаның жоғарылаған бөлімі, оң жақ жүрекше +

Сау адамның көкірек қуысы мүшелерінің тікелей рентгенограммасында жүрек – тамыр көлеңкесінің сол жақ шетінің доғасын жүрек және ірі тамырлардың қандай камералары құрайды? C. төмендеген қолқа, өкпелік бағана, сол жақ жүрекше құлақшасы, сол жақ қарынша +

Сол жақ контуры бойынша 2,3,4 доғаның үлкеюі, белінің жойылуы, оң жақ атриовазалді бұрыштың жоғарыға ығысуы жүректің қандай патологиясы үшін тән? A. митралді ақауға +

8Вариант

.Гипертониялық ауру кезінде жүректің қандай бөлімдері үлкейеді? A. сол жақ қарынша +

Плевралық қуыста сұйықтықтың болуы қандай патологияға тән? E. венозды тоқырау +

Өкпенің шеткері ісінуі үшін қандай рентгенологиялық белгілер тән (респираторлы дистресс-синдром)? E. «ауалы бронхография»симптомы +

Төмендеберілген жүректі сәулелік зерттеу әдістерінің ішінде қайсысының сәулелік жүктемесі болмайды? C. ЭХО-КС +

9 Вариант

Белдеулік Керли сызығы көбіне қандай патология үшін тән? C. кіші қанайналым шеңберіндегі венозды тоқырау +

ЖСЖ (ХСН) асқынуларын емдеудің тиімділігін бақылау қандай визуалді диагностика әдісімен мүмкін болады (гидроторакс, тоқыраулық пневмония, өкпе артериясының тромбоэмболиясы)? B. рентгенография +

Қалыпты жағдайда көкірек қуысы мүшелерінің тікелей рентгенограммасында оң жақ омыртқамаңы сызығынан бастап жүректің оң жақ бөлімдеріне дейінгі арақашықтық қанша? A. 2-3 см

Митралді тарылу үшін кіші қанайналым шеңберінде қандай гемодинамиканың бұзылысы тән?

C. артериалді гипертензия және венозды тоқырау +

10 Вариант

Кіші қанайналым шеңберіндегі тоқыраулық көріністер мен жүрек өлшемдерінің үлкеюін бірмезгілде анықтауға қандай сәулелік диагностика әдісі мүмкіндік береді? B. рентгенография +

Тәждік жеткіліксіздікте артерияның тарылу сатысы мен орнын анықтауға мүмкіндік беретін қандай сәулелік әдіс көбіне ақпараты диагностикалық тәсіл болып табылады? C. коронарография +

Қалыпты жағдайда көкірек қуысы мүшелерінің тікелей рентгенограммасында қолқа доғасынан бастап төс-бұғана қосылысына дейін арақашыyқтық қанша? D. 1,5-2 см +

1-ші қиғаш бағытта жүрек-тамыр көлеңкесінің алдыңғы контурынан қалыпты жағдайда қандай доғалары шығады? D.қолқа, өкпелік артерия бағананы,сол жақ қарынша +

10