- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі алматы технологиялық университеті «Экономика және менеджмент» кафедрасы
- •3. Кәсіпорын экономикасы және оның негізгі факторлары
- •Дәріс 3. Кәсіпорынның өндірістік және ұйымдық құрылымы
- •2.Өндірісті ұйымдастыру тәсілдері мен нысандары
- •Дәріс 4. Еңбек ақыны ұйымдастыру
- •Айналым капиталының мәні және құрылымы.
- •Қаражаттың ауыспалы айналымы.
- •Айналым қаражаттарының қалыптастыру көздері.
- •Дәріс 7. Қосалқы өндірісті ұйымдастыру мен жоспарлау
- •2.Көмекші өндiрiстi ұйымдастыру
- •Дәріс 8 Өнім шығындарын және өнімінің өзіндік құнын басқару
- •Дәріс 9. Кәсіпорындардың қызметін және баға саясатын жоспарлаудың негіздері
- •3.Жоспар түрлері және олардың тәртібі
- •Өндіріс бағдарламасын жоспарлау
- •Кәсіпорынның өндірістік қуатын пайдалануды жоспарлау
- •Кәсіпорынның, цехтың, ағынның өндірістік қуатын есептеу
- •Дәріс 15. Бизнес жоспар
- •2. Саланы талдау
Дәріс 3. Кәсіпорынның өндірістік және ұйымдық құрылымы
Өндірістік құрлым түсінігі және оның түрлері
Өндірістік құрылымның негізгі көрсеткіштері және оларды жетілдіру жолдары.
Өндірістік процесстерді ұйымдастырудың негізгі принциптері.
Өндірісті ұйымдастыру әдістері: көпшілік, сериялық, жеке дара.
Өндірісті ұйымдастыру нысандары: мамандыру, бірлестіру, қиыстыру, шоғырландыру.
Өндірісті ұйымдастыру типтерінің ерекшеліктері.
Өндірістік ағын.
1. Өндіріс – қоғамның өмір сүруі және дамуы үшін қажетті материалдарды, өнімдерді шығаратын процесс. Өндірістің дамуын еңбек құралдарынан, еңбек заттарынан және басқада мақсатпен жасалатын жұмыс процесінен тұратын еңбек ету жағдайынан көруге болады. (Еңбек құралы – техникалар өндіретін; Еңбек заты – шығарылатын өнім.)
Кәсіпорынның құрылымы: өндірістік және ұйымдық болып бөлінеді.
Өндірістік бөлімшелер өнімді өндірудегі жалпы технологиялық процестердегі олардың өзара байланысы кәсіпорынның өндірістік құрылымын құрайды.
Құрылым кәсіпорынның дамуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін элементтердің іс-әрекеті. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы оның бөлімшелері арасындағы еңбек бөлінісін сипаттайды. Кәсіпорынның өндірістік құрылымының басты элементі – жұмыс орны, учаскерлер, цехтар саналады. Кәсіпорынның құрылымын қалыптастыру сыртқы (салалы, аймақтық) және ішкі (өнімнің мөлшері мен сипаты, кәсіпорынның негізгі қорларының ерекшеліктері т.б.)факторларына байланысты болады.
Өндірістік құрылымға әсер ететін негізгі факторлар: Шығарылатын өнімнің түрі мен сипаты, мөлшері; Өндірістің ауқымы (көлемі); Кооперациялау деңгейі.
Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы –бұл құрамы және оның ұйымдық бірлік мөлшері(жұмыс орны,бөлім,қызмет),олардың ара қатынасы және өндірістік құрылым жұмысын ұйымдастыратын бөлімшелер.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымының негізгі бөлігі болып цех саналады.
ЦЕХ - әкімшілік жағынан оқшауланған жай өндіріс процесінде белгілі бір жұмысты атқаратын буын. Цехтың үш түрі болады: 1. Негізгі 2. Көмекші 3. Қосалқы
Негізгі цехта сатуға әзірленетін дайын өнімдер шығарылады.
Көмекші цехтарға құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстары, энергетикалық, көлік цехтары жатады.
Қосалқы цехтарға қайта өңдеу цехтары, шығарылған өнімді безендіретін қораптар және басқада жұмыстар жатады, яғни орау, тасымалдау, түсіру жұмыстары.
2. Кәсіпорын құрылымын толық сипаттау үшін түрлі көрсеткіштер қолданылады. Соның ішіндегі негізгілері:
оның құрамына кіретін бөлімшелердің жалпы тізімі;
бөлімшелердегі қызметкерлердің саны;
жабдықтардың қуаттылығы;
өндірістік қорлардың құны;
өнім шығару көлемі;
мамандандыру және механикаландыру деңгейі;
күрделі қаржының құрылымы.
Өндіріс құрылымын ары қарай дамытудың жолдары: Кәсіпорындар мен цехтарды ірілендіру; Негізгі, көмекші және қосалқы цехтардың арасындағы тиімді байланысты сақтау; Кәсіпорындарды жоспарлаудың тиімділігін арттыру жолында тұрақты жұмыс жасау; Өндірісті ірілендіру арқылы қуатты ғылыми өндірістік ұйымдар ұйымдастыру. Техника мен жоғары сапалы технологияны дамыту; Өндірістің тиімділігін арттыру.
3. Өндірістік процесс шикізаттар мен материалдардың дайын өнімге айналуына бағытталған еңбек процестерінің жиынтығы. Өндіріс процесінің бірқалыпты жұмыс істеуі үшін ең тиімді еңбек процесінің үйлесуін және өндірістің матиралдық элементтерін белгілі бір жүйеге келтіруін қамтамасыз ету қажет: Технология сәйкес тиімді жабдықтарды қатыстыру, олардың үздіксіз, жоғары өнімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және өндірістің тапсырысын қорғау.
Өндірістік процестерді ұтымды ұйымдастыру мыналарды қамтуы қажет:
Өнімдерді дайындау немесе шығарудағы үздіксіздігі;
Өндіріс учаскілерінің қуаттылығының үйлесімділігі және олардың өзара үйлесуі.
Өңделетін матиралдармен бұйымдар қозғалысының түзу дәлдігі, яғни өндіріс процесінің барлық сатысынан өткен ең қысқа жол.
Өндірістің ырғақтылығы, яғни тең аралық уақытта тең өнім мөлшерін шығару немесе тең аралық уақытта тең жұмыс көлемін орындау.
Сонымен өндірістк процесті тиімді ұйымдастыру принциптері-мамандандыру, үйлесімділік, тік дәлдігі, үздіксіздігі, ырғақтылығы, және техникалық қамтамасыздандыру болып табылады.
Шығарылатын өнімнің түріне, өндіріс көлеміне, жабдықтардың түріне, операцияларға жұмсалған еңбек, өндіріс кезеңінің ұзақтылығына және т.б.факторларға байланысты өндіріс жеке дара, сериялы және жалпы болып бөлінеді.
Кәсіпорын құрылымы:
Негізгі өндіріс;
Көмекші өндіріс бөлімшесі;
Қызмет көрсету, жанама және қосалқы бөлімшесі;
Басқарушылық қызметі және бөлімшесі.
Өндірісті ұйымдастырудың негізгі типтері:
Жеке дара өндіріс шығарылатын өнімнің кең номенклатурасын, сол сияқты көмекші операцияларға уақыт шығындарының көп жұмсалуы, өнімнің өзіндік құнының жоғары боуын сипаттайды.
Сериялы өндіріс жеткілікті көп мөлшерде шығарылатын өнімдердің түпкілікті және көп емес бұйымдардың номенклатурасын анықтайды.
1.Әрбiр кәсiпорын жұмысының негiзiн өндiрiс процесi құрайды. Елiмiздiң экономикасын көтеруде оны интенсификациялау, әрине, маңызды роль ойнайды.Өндiрiс тиiмдiлiгiн жоғарлату, оны интенсификациялау арқылы мүмкiндiк бередi, яғни интенсификациялауға :
жұмыс уақытының жоғалуының қысқарту;
жұмыс уақытты тығыз пайдалану;
еңбек өнiмдiлiгiн көтеру;
жаңа техника мен технология енгiзу;
өндiрiс процесiн рационалды ұйымдастыру және т.б.
Кез келген, өндiрiстік процесс дегенiмiз – технологиялық, табиғи процестердi және бiр-бiрiмен байланысты еңбек процестерiнiң бiрлiгi.
Еңбек процесi дегенiмiз, еңбек затын, оның формасын, көлемiн, физикалық жағдайын, орналасуының, сыртқы түрiн және тағы басқаларды өзгерту.
Өндiрiс процестерi бiрқатар белгiлермен анықталады:
1) өндiрiстегi белгiленген мақсатына байланысты – негiзгi және қосалқы;
Жұмысы негiзгi өндiрiс мұқтаждарын қамтамасыздандыруға бағытталған процестер – көмекші деп аталады. Олар негiзгi процестердiң үздiксiз, дұрыс өтуiн қамтамасыз етедi.
Көмекші процестер - өндiрiс құралдарын сақтау және жөндеу, сумен, энергиямен, материал-техникамен қамтамасыз ету.
2) Жұмысшының өндiрiс процесiне қатысу дәрежесiне байланысты:
қол еңбегi процесi;
машиналы-қолды;
машиналық ӨП;
автоматтандырылған ӨП;
аппараттық ӨП.
3) ӨП мазмұны бойынша:
механикалық;
физико-химиялық;
Механикалық процестер – бұл механикалық әсерiмен еңбек затының формасы, көлемi, физикалық жағдайы, орналасуының өзгеруi (шикiзат немесе өнiмдi өндеу және қайта өндеу), еңбек заты әр түрлi құрал жабдықпен массивтен бөлiнiп, одан ары өнделiп, қайта жасалуға, тасымалдауға, сақтауға жiберу процестерi.
Физико-химиялық процестер – бұл материалдардың физико-механикалық және механикалық қасиеттерi және олардың iшкi құрылымы өзгерiске ұшырайтын процестер (химиялық, жылу, диффузиялық, электрохимиялық және т.б. процестер).
4) Өту жағдайына және ұзақтылығына байланысты ӨП:
үздiктi;
үздiксiз болады.
Үздiксiз ӨП барысында бiр операция екiншi операциямен тоқтаусыз алмасады. Үздiктi процестер кезеңдiлiкпен және қайталануымен мiнезделедi.
Әрбiр өндiрiс процесс еңбек операцияларынан құралған майда алажаулы процестерден тұрады. Алажаулы процестердi бiрiктiрудiң үш тәсiлi бар:
кезектi;
параллельдi;
параллельдi – кезектi.
Кезектi бiрiктiру тәсiлiнде әрбiр келесi операция алдыңғы операция аяқталған соң өткiзiледi. Бұл жағдайда өндiрiс мақсатын жету уақыты неғурлым ұзақ болады.
Операциялардың параллельдi бiрiгуi – олардың уақыт бойынша толық бiрiгуiн бiлдiредi. Мұндай бiрiктiру операциялар ұзақтылығы бiрдей болып және әрқайсысы бөлек жұмыс орнында атқарылған жағдайда мүмкiн. Сондықтан, майда процестердi параллелдi бiрiктiру шектелген.
Параллельдi-кезектi тәсiл – операцияларды бiрiктiрудiң мұнайгаз өнеркәсiбiнде неғұрлым кеңiнен тараған тәсiлi. Мұнда операциялардың жарым-жартысы кезектi, жарым-жартысы параллелдi атқарылады.
Кез-келген өндiрiс процесс оның орынды, тиiмдi (рационалды) ұйымдастырылуын қажет етедi. Өндiрiс процестердiң ұйымдастырудың негiзгi принциптерi:
үздiксiздiк; ырғақтылық; пропорциялылық.
Үздiксiздiк принципi еңбек заты үздiксiз өнделiп, дайын өнiм үздiксiз өндiрiлуiн бiлдiредi. Салада технологиялық тiзбектiң өндiру, өндеу, тасымалдау кезендерiнде өндiрiс процестерi үздiксiздiк принцип бойынша ұйымдастырылған. Яғни, өндiру процесі тоқтаусыз, әрi үзiлiссiз өтедi. ӨП үздiксiздiгi негiзгi қорларды неғұрлым толық пайдалануға және айналым қорының айналу жылдамдығын тездетуге мүмкiндiк бередi.
Ырғақтылық принципi кәсiпорынның берiлген жоспары /графигi/ бойынша бiрқалыпты өнiм шығарып отыруын бiлдiредi. Өндiрiс процестерінiң ырғақтылығы кәсiпорынның барлық цехтары мен бөлiмшелерiнде өндiрiстiң бiрқалыпты жүрiп отыруымен қамтамасыз етiледi.
Өндiрiс процестердiң пропорциялылығы операциялардың ұзақтығы бойынша теңдiгiн немесе олардың еселiгiн, яғни бiр орындалғанда толығымен, аяғына дейiн атқарылуын бiлдiредi.
