
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі алматы технологиялық университеті «Экономика және менеджмент» кафедрасы
- •3. Кәсіпорын экономикасы және оның негізгі факторлары
- •Дәріс 3. Кәсіпорынның өндірістік және ұйымдық құрылымы
- •2.Өндірісті ұйымдастыру тәсілдері мен нысандары
- •Дәріс 4. Еңбек ақыны ұйымдастыру
- •Айналым капиталының мәні және құрылымы.
- •Қаражаттың ауыспалы айналымы.
- •Айналым қаражаттарының қалыптастыру көздері.
- •Дәріс 7. Қосалқы өндірісті ұйымдастыру мен жоспарлау
- •2.Көмекші өндiрiстi ұйымдастыру
- •Дәріс 8 Өнім шығындарын және өнімінің өзіндік құнын басқару
- •Дәріс 9. Кәсіпорындардың қызметін және баға саясатын жоспарлаудың негіздері
- •3.Жоспар түрлері және олардың тәртібі
- •Өндіріс бағдарламасын жоспарлау
- •Кәсіпорынның өндірістік қуатын пайдалануды жоспарлау
- •Кәсіпорынның, цехтың, ағынның өндірістік қуатын есептеу
- •Дәріс 15. Бизнес жоспар
- •2. Саланы талдау
Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі алматы технологиялық университеті «Экономика және менеджмент» кафедрасы
Лекциялар кешені
ТК ТОEU 4304 – «» пәні бойынша
5В070100– Биотехнология мамандығы үшін
Тақырып 1. Кәсіпорын - экономиканың негізгі мақсаты
Кәсіпорынды дамыту, құру және оның негізгі мақсаты
Кәсіпорынның түрлері мен ұйымдық құрлымы
Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметтерінің
экономикасының сапасын қалыптастыру факторлары
1.Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын экономикасының барлық негізгі бағыты, өндіріс салаларының тиімділігін арттыру, өндірілетін өнім көлемі, тұтыныушылардың сұранысы, өнімнің саны мен сапасы жағынан жоғарғы көрсеткіш деңгейіне жеткізуге бетбұрыс жасау. Бұл тұрғыда кәсіпорынға ресурстарды үнемді пайдалану жоғарғы еңбек өнімділікке істейтін техника және технологияны меңгеру қажет.
Біздің елімізде кәсіпорынның экономикалық өмірі мемлекеттік, акционнерлік, кооперативтік, аралас кәсіпорын және кооперация туралы заңдар арқлы және басқада кооперативтік ұйымдардың жарғылары арқылы реттеліп отырады. Кәсіпорынның қай түрі өз ісінің нәтижесіне жауап беретін заңды шаруашылық орны. Әр кәсіпорын шаруашылық, коммерциялық есептің негізінде қоғамдық және ұжымдық, оның мүшелерінің мүддесін көздейді. Матриал, еңбек, қаржы ресурстарын тиімді жұмсап өз шаруашылығын нәтижелі ұйымдастыру шарт.
Қоғамдық еңбек бөлісінің орын алуы және кәсіпорынның экономикалық жағынан бөлектенуінен олардың өндірген өнімі тауар формасын алады. Ол айырбас, сату, сатып алу сатысынан өте отырып қоғамдық тұтынуды қанағаттандырады.
Кәсіпорын бұл өнім өндіріп оны өткізетін, істелген жұмыстар мен көрсетілген қызметтер нәтижесін сата алатын заңды құқы бар дербес шаруашылық.
Кәсіпорын экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі болып табылады. Себебі кәсіпорында қоғамға қажетті өнім шығарылады және жұмысшы мен жұмыс құралдарының арасында байланыс орнатылады.
Өндірістік жүйе ретінде кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы болады. Сыртқы ортаға экономикалық саясат құқықтық жағдай, әлеуметтік, экологиялық, технологиялық жағдай жатады.
Ішкі ортаға еңбек ресурстары бәсекелестік, техника және технология, маркетинг және т.б. жатады.
Кәсіпорынның нарықтық экономикадағы негізгі мақсаты бәсекелесуге қабілетті өнім шығару арқылы неғұрлым көп пайда табу және ең аз шығын мен жоғарғы сұранысқа ие өнім шығару болып табылады.
Кәсіпорынның негізгі атқаратын функциялары:
Өндіріске және жекеше тұтынылатын өнім шығару;
Тұтынушыға өнімді жеткізу, сату;
Кәсіпорындағы өндірістік материалды техникамен жабдықтау;
Кәсіпорын жұмысшыларының еңбегін ұйымдастыру және басқару;
Кәсіпорындағы өндіріс көлемін жан-жақты дамытып ұлғайту.
Кәсіпкерлік
Салықтарды төлеу, қаржы ұйымдарының міндетті және міндетті емес төлемдерін орындау;
Мемлекеттік заңдарды нормативтер мен стандарттарды орындау.
Кәсіпорынның басқару функциялары:
Статистика және есеп. Талдау. Жоспарлау. Шешім қабылдау.Ынталандыру.Бақылау. Реттеу.
2. Дүниежүзілік практикада кәсіпорындардың әр түрлі ұйымдық және құқықтық формалары пайдаланылады, оны елдің ұлттық заң органдары анықтайды. Оларға заңды сататус беріледі, осыған сай мүліктері болады, міндеттемелерге сәйкес оған жауапкершілігі болады, сөйтіп кәсіпорындар азаматтық процесте, сотта, шаруашылық сотында және орталық сотта өз мүдделерін қорғайды.
Қазақстанда қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кәсіпорынның мынадай ұйымдық – құқықтық формалары бар:
1. Мемлекеттік кәсіпорын;
2. Серікестік: жауапкершілігі шектеулі серіктестік ЖШС, толық жауапкершілікті серіктестік, аралас жауапкершілікті серіктестік.
3. Акционерлік қоғам: Ашық акционерлік қоғам және жабық акционерлік қоғам.
Мемлекеттік кәсіпорындар – бұл негізгі қорлары мемлекеттің меншігінде болатын және басқару органдарын мемлекет тарапынан ұйымдар тағайындайтын кәсіпорындар болып табылады.
Егер мемлекеттік кәсіпорын бюджеттік болса, ол мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Ал кәсіпорын мемлекеттік ұйымның қарамағында болса, ол кәсіпорын қазналық болып есептеледі.
Кәсіпорын түрлі белгілеріне қарай келесідей түрге бөлінеді:
Сала түріне байланысты.
Шаруашылық іс-әрекеттік түрлеріне байланысты;
Құқықтық жағдайына байланысты;
Меншік жағдайына байланысты; (мемлекеттік, ұжымдық, жеке шаруашылықтар)