Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
A_1178_Sh-ty_1187_bank_zh_1199_yesi.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
517.63 Кб
Скачать

2.1. Фрж пайда болуының құпиясы

Қазіргі уақыттағы ФРЖ құрылмай тұрып АҚШ-та екі рет ұлттық банк құруға талпыныс болды. Бірінші талпыныс Александр Гамильтонның есімімен байланысты. Ол 1791 жылы құрылып 1811 жылға дейін жұмыс атқарды. Екінші талпыныс 1816 жылы болды. Бұл банк 1812 жылы болған соғыстан кейінгі инфляцияны тұрақтандыру үшін конгрестің шешімімен құрылды.

Заң жүзіндегі тарихи мәліметтерге сүйенсек, сіз ФРЖ-ның құрылуы қарсаңында 1910 жылдың қараша айында Джекилл аралында болған құпия кездесу туралы біле алмайсыз. Бұл кездесу туралы мәліметті атақты «Форбс» журналының құрылтайшысы Берти Чарльз Форбс 1916 жылы букілімен бөлісті. Оның айтуынша: «Нью-Йоркті түн жамылып, теміржол вагонында кетіп бара жатқан ең басты банкирлерді көзіңізге елестетіп көріңіз. Қаладан жүздеген миль жерде олар қайыққа отырып, тек қызмет етуші адамдар бар аралға барады. Банкирлер аралда бір жеті тұрады. Бұны ұйымдастырушы Нельсон Олдридж болатын. Ол Генри Дэвисон, Фрэнк Вандерлип, Пауль Варбург және Пайэтт Эндрюді алдын ала ескертіп, сол жерге жету жолын көрсеткен. Бір жеті ішінде АҚШ-қа арналған ғылыми валюталық бағдарлама әзірленген болатын. Дәл осылай Джекилл аралында ФРЖ құрылған болатын.(№5)

1913 жылдың 23 желтоқсанында АҚШ президенті Вудро Вильсон Федеральдық Резервтік Жүйе туралы заңға қол қойды. Оның ең басты мақсаты: «Федеральдық резервтің банктерін құру, ақша жүйесін бір қалыпта ұстау, АҚШ-тың банктерін қадағалайтын жемісті бақылау орнату болды».

Осы заңды қабылдап АҚШ-тың билік басындағы адамдар Америка Құрама Штаттарының ақшасы мен несиесіне байланысты бар билікті Ротшильдтер отбасы басқарған бір топ банкирлер қолына берді. (№6)

Юстас Муллинстің «Федеральдық резервтік жүйенің құпиялары» атты еңбегінде ФРЖ-ның шығу тарихы мен мәнін түсіндіріп,оның әлемдегі құбылыстарға әсерін көрсетті.

Муллинс ФРЖ-ны өте жақсы түрде суреттейді. Оның еңбегіде ФРЖ-ның артында кім тұрғаны «Сұрақтар және жауаптар» атты бөлімінде анық жазылған:

«Сұрақ: Федеральдық резервтік бантердің акциялары кімнің қолында?

Жауап: Ешбір нәсілге де, дінге де немесе ұлтқа да мән бермейтін Әлемдік қалыпты басқарушы династиялық отбасылар, интернационалистер. Бұл Ротшильдтер, Варбургтер, Шиффтер, Рокфеллерлер, Гарримандар, Моргандар және тағы басқа элита есебінде әлемге әйгілі отбасылар немесе «қалың қалталылар».

Әрине бұл тізімде иудейлердің басым екені көрініп тұр. Бірақ Муллинс оған көп мән бермеген. (№7)

АҚШ-тың құл болғанын көрсету үшін мына мәліметтерге зер салайық. 1913 жы АҚШ-та орта айлық жалақы жылына 633 долларды құрады, және де АҚШ үкіметінде қарыз болмады. Алтын унциясы сол кезде 20,67 доллар тұрды. Алтынға қарағанда орта жалақы мөлшері 30,6 унцияны құрады. 2013 жылдың қараша айындағы мәліметтерге қарағанда орта жалақы мөлшері жылына 51,600 долларды құрады. Алтынға қатынасы 51,600/1237,3=41,7 унция. 100 жыл ішінде еңбек өнімділігінің орташа өсіміне қарамастан шын мәнісінде жалақы бірнеше пайызға ғана өсті. Толығымен қарағанда, алтынның бағасының өсуі ақша эмиссиясын қадағалау болмады. Соның нәтижесінде АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 1913 жылғы нөлден 2013 жылы 17,2 триллион долларға өсті. Қызық үшін мынаған назар аударайық, АҚШ-тың мемлекеттік қарызы: 2013 жыл 28 қараша, сағат 11:51:47 секунд кеткенде – 17,224,167,600,000 доллар, сағат 11:51:48 секунд кеткенде – 17,227,167,647,500 доллар.

1-сызба. АҚШ-тың мемлекеттік қарызы

Енді ФРЖ-ны кімдікідеген сұраққа жауап беруге тырысайық.

«Ақшалай элита бейбіт уақытта елде арам тамақтанып және апатты уақыттарда оған қарсы қастандықтар өреді. Ақшалардың билігі монархияға қарағанда қатал, автократияға қарағанда тәкаппар және бюрократияға қарағанда өзімшіл. Ол өзіне кумән келтірген және оның қылмыстарына сәуле шашқандардың барлығын «халық жаулары» сияқты соттайды. Менің екі негізгі жауым бар – менің алдымдағы оңтүстік әскер және менің артымдағы банкирлер. Бұл екеуінің ішінде артымда тұрғаны - менің ең қорқынышты жауым».

Президент Линкольн Авраам –1866(№8)

Банк ісінің төрт салт аттысы (обаны, соғысты, аштықты, өлімді бейнелейтін Апокалипсистің төрт салт аттысына аллюзия): Bank of America, JP Morgan Chase, Citigroup және Wells Fargo мұнайдың төрт салт аттысын билейді: Exxon Mobil, Royal Dutch/Shell, BP и Chevron Texaco. Бірақ олардың монополиясы тек мұнай секторында шектелмейді.

АҚШ-тың ңағалы қағаздар және биржа Комиссиясымен толтырылатын 10K формасына сәйкес, банк ісінің төрт салт аттысы «Fortune 500» тізіміндегі ондықтағы барлық дерлік корпорация иегерлерінің арасында. Сонымен, ғаламдық банктердің акцияларының иегерлері кім?

Осы банктік холдингтерді өз қолында ұстайтын, ғаламдық олигархияның байлығын сақтайтын қор 1953 жылы құрылған - US Trust Corporation, қазіргі уақытта Bank of America-ға тиесілі. Ең соңғы директоры Уолтер Ротшильд (Walter Rothschild). Оған дейін диретор болғандар: Дэниел Дэвисон (Daniel Davison) JP Morgan Chase-тен, Ричард Такер (Richard Tucker) Exxon Mobil-ден, Дэниэл Робертс (Daniel Roberts) Citigroup-тан және де Маршалл Шварц (Marshall Schwartz) Morgan Stanley-ден.(№7)

Ең алғашыңда ФРЖ-ның 203,053 акциясы бар делінген. Солардың 35%(72000 акция) былай бөлінген:

1. Рокфеллерлік National City Bank = 30,000 акция; 2. Банк Chase Manhattan = 6,000 акция (иесі – Дэвид Рокфеллер); 3. Morgan Guaranty Trust = 21,000 акция

4. First National Bank = 15,000 акция (иесі - Морган);

Ал қалған бөлігі шетелдік банктерге тиесілі.(№9)

Мұнай индустриясымен жакқсы таныс және де Араб Әмірліктерінің Хан Сарайымен тығыз байланысы бар Д. В. МакКалистер (J. W. McCallister) Grim Reaper-де жазған, араб банкирлерінен алған ақпараттар бойынша, ФРЖ-ның ең мықты бұтақтарының бірі Нью-Йорктік Федеральдық резервтік банктің 80% акциясы тек сегіз отбасыға тиесілі. Олардың төртеуі АҚШ-та тұрады: Goldman Sachs, Rockefellers, Lehmans және Kuhn Loebs Нью-Йоркте; Rothschilds Парижбен и Лондонда; Warburgs Гамбургте; Lazards Парижде, және Israel Moses Seifs Римде.

Диплом алған бухгалтерлер ассоциациясының спикері Томас Д. Шауф (Thomas D. Schauf) МакКалистердің сөзінің дұрыстығын айтып, оған 12 Федеральдық резервтік банктерді 10 банк басқаратынын қосты. Ол Лондондағы CM Rothschild, Берлиендегі Rothschild Bank, Гамбургтегі Warburg Bank, Амстердамдағы Warburg, Нью-Йорктегі Lehman Brothers, Париждегі Lazard Brothers, Нью-Йорктегі Kuhn Loeb Bank, Италиядағы Israel Moses Seif Bank, Нью-Йорктегі Goldman Sachs-пен JP Morgan Chase Bank-ті атап көрсеткен. Шауф ФРЖ-ның ең негізгі акция пакеті Уильям Рокфеллер (William Rockefeller), Пол Варбург (Paul Warburg), Якоб Шифф (Jacob Schiff) и Джеймс Стиллман-ның (James Stillman) қолында дейді. Шиффтер Kuhn Loeb-пен тығыз байланыста. Ғасыр соңындағы Рокфеллер отбасысының кейбір мүшелерімен некеге отыруына байланысты Стиллмандар Citigroup-пен тығыз қарым-қатынаста.

Юстас Маллинсте осындай ойға келді. Ол да Ротшильд, Варбург жәнеРокфеллер отбасыларының банктерінің ФРЖ-мен тығыз байланыста екенін алға тартады.

Осы банктік отбасылардың әлемдік экономикадағы тәртіпті орнату асыра сілтеу емес, бұл құпияға толы іс-әрекеттер жиынтығы.(№10)

2.2. ФҚЖ-ның ұйымдастырылу құрылымындағы ерекшеліктер

ФРЖ-ның құрылымы оның функционалдық кешенін құрайтын 5 буынға бөлінеді:

1. ФРЖ-ның басқару кеңесі;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]