
Мазмұны
Кіріспе 1
1. АҚШ-тың банк жүйесі 2
1.2. АҚШ-тың банк жүйесінің ерекшелігі 6
1.3. Коммерциялық банктер 8
2. ФРЖ-ның ұйымдастырылуы 11
2.2. ФҚЖ-ның ұйымдастырылу құрылымындағы ерекшеліктер 15
3.1. Даму болашағы 24
АҚШ Конгресі ерте ме, кеш пе шешім қабылдауы тиіс. Не ол мемлекеттік қарыздың шегін көтереді, не техникалық дефолт жариялайды. Қазіргі уақытта олар төбені әрі қарай көтеруде.Бұл урдіс 2014 жылдың 7 ақпанына дейін созылмақ. Сол кезде Конгресске қайта шешім қабылдау керек болады. Ол шешім әлем экономикасына үлкен әсер етері күмәнсіз. 28
Қорытынды 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі: 37
Кіріспе
Банктік жүйе – банктік операциялардың жалпы жиынын шоғырландырушы несие жүйесінің негізгі буыны.
«Ал банк – банк қызметін атқарушы, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.» «Банк мәртебесі жоқ бірде бір заңды тұлға өзін «банк» деп атай алмайды және банк қызметімен айналыса алмайды».
Экономика саласындағы ақша және банк ісі проблемалары ең бастылардың бірі болып табылады. Кез-келген мемлекеттің экономикасының мықтылығы банк жүйесінің беріктігінен білінеді. Әсіресе жас мемлекеттер үшін банк жүйесінің жақсылап қалыптасуының зор мағыназы бар.
Шет ел экономисттерінің пікірінше: «Банк – басқа іскерлік ұйымдар сияқты,өз кірісін максималды түрде ұлғайту үшін жұмыс істейді».
Мемлекеттің банк жүйесінің дамуына қарап мемлекет экономикасының қарқыны мен әлеуметтік жағдайын бағалай аламыз. Егер банк жүйесі дұрыс әрі тиімді болса, оның халқының да хал – ахуалы жоғарғы деңгейде болады.
«Нарықтық даму жағдайындағы қоғам өмірінің әр алуан әлеуметтікө экономикалық мүдделерінің түйісетін жері банктер жұмыс істейтін банк жүйесінің ауқымы болғандықтан, сондай-ақ осы жүйе арқылы мемлекеттің қаржы, ақша-кредит, оның ішінде валюталық саясатын іске асыру мақсатында түрлі банкілік операциялар жүргізілетіндіктен банктер мен олрдың қызмет аялары банктік құқық құзыретімен қамтылатыны бүгінге көпшілікке мәлім».
«Мемлекет банк жүйесін қалыптастырған кезде, басқа дамыған мемлекеттердің тәжірибесіне сүйенері сөзсіз. Дамыған мемлекеттердің банк жүйесі көптеген даму сатыларынан өтіп, өз экономикасына тиімді жолын таңдайды.» Банк жүйесінің күрделілігін түсіну үшін, АҚШ сияқты алып мемлекеттердің банк жүйелерін қарастырайық.
1. АҚШ-тың банк жүйесі
Даму тарихы
«АҚШ банктік жүйесі 1776 жылы өзінің тәуелсіздігін жариялаған
күннен бастап пайда болды. Банк құрудың бірінші әрекеттері 1781 жылы жасалынды. Ол - Солтүстік Америка Банкі. Бірақ оның өмір сүруі ұзақ болмады. 1971 жылы Англия банкіндей ұйымдастырылған Бірінші банк құрылды, оның өкілеттігі 20 жылға созылды. 1816 жылы Екінші банк құрылды, ол да 20 жыл әрекет етті. Бұдан соң банк анархизмі (басқарусыздық) кезеңі басталып, Азаматтық соғыстың (1861-1865) аяғына дейін созылды. Банктік анархияның аяғын 1863 жылғы Ұлттық банктің акті жалғастырды. Бұл акт ұлттық банктерге, яғни федералдық заңнамаға бағынатын банктерге, банктік эмиссия құқығын берді.»(№4)
«Орталық банктің құрылуы туралы» 1913 жылы қабылданған занға сәйкес, осы уақытқа дейін жұмыс жасап отыған үш деңгейлі – Басқарушылар кеңесінен, Федералды резервтік жүйеге мүше банктерден тұратын Федералды Резервтік жүйенің (ФРЖ) негізі қаланды.»(№1)
«ФРЖ – АҚШ крдиттік жүйесінің өзегі. Коммерциялық банктердің ақша резервтерінің ФРЖ-ға шоғырлануы ақша үнемдеуінің факторы болып табылды»(№2)
Банк ісінің АҚШ-та пайда болуы өте күрделі процесс. «Дүние жүзінің бір мемлекетінде АҚШ-тағыдай күрделі банк жүйесі жоқ. Әдетте басқа мемлекеттерде Орталық банк және 10 – 12 коммерциялық банктері болады.
ФРЖ 12 федералдық резрвтік банктерден және ФРЖ-ға мүше жеке коммерциялық банктерден тұрады. «Федералды резервтік банктер алтын резерві және өз депозиттерінің 35 % заңи төлем қаражаты болуы қажет еді. Федералдық резервтік банктердің пассивтері: а)банк мүшелерінің үлестік жарналарынан құрылған өз капиталынан; ә)банкноттық эмиссиядан; б)банк депозиттерінен тұрады.»(№2)
ФРЖ-ның құқықтық мәртебесі өзгеше, федералды резервтік банктер үкіметі және қаржы министрімен тығыз байланыста болғанымен, ол заңды түрде мемлекеттік институт болып табылмайды. «ФРЖ-ның жарғысына сәйкес, оның капиталы ФРЖ-ға мүше жеке меншік коммерциялық банктердің қосқан жарнасынан құралады. ФРЖ-ның құрылуы туралы заңда оның мемлекеттік басқару жүйесі тұрғысындағы тәуелсіздік қағидалары қарастырылыды. Бұл қағидалар ФРЖ-ның ұйымдастырылу және қызмет ету ерекшеліктерін анықтайтын кейбір заңдылықтарда көрініс табады.
ФРЖ-ның Басқару кеңесі – бұл банктік жүйені басқаратын ең жоғарғы орган болып табылады. Оның құрамына АҚШ-тың Президентімен 14 жылға тағайындалатын (Сенаттың келісімімен) 7 негізгі мүше кіреді. Олар Президенттің келісімінсіз қызметтен босай алмайды.
Басқару Кеңесі Сенатқа емес, ең жоғарғы заң шығарушы орган – Конгрестің алдында есеп береді. Басқару Кеңесінің мүшелері мемлекеттік ұйымдардың, резервтік банктердің және ірі өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, сауда және банктік монополиялардың өкілдерінен сайланады.
ФРЖ-ның Басқару кеңесі АҚШ Конгресіне ФРЖ-ның операциялары туралы жылдық баяндамаларын және жылына екі рет экономика жағдайы мен ФРЖ-ның ақша массасы мен несиелерге қатысты мақсатты бағыттары туралы арнайы баяндамаларын табыс етіп отырады.
ФРЖ-ның қызметі өзінің меншікті қаражат көздерінен қаржыландырылады. Мысалыға, қызметінен алынған табыстарының 80%-ы қазынаға тапсырылыды.
Басқару кеңесі Федералды резервтік банктердің қызметін бақылауға ФРЖ- ның саясатының басты бағыттары бойынша шешім қабылдауға өкілетті мемлекеттік құрылым ретінде құрылған.
ФРЖ- ның басқару кеңесінің басты қызметі – ақша- несие саясатын дайындау. Бұдан басқа бұл Кеңес әр түрлі банктік институттар мен федералды резервтік банктерге қатысты қадағалау және реттеу қызметтерін де жүзеге асырады.
Басқару кеңесі елдің төлем жүйесінің үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз етеді, сол сияқты тұтыну несиесі аумағындағы қызметтерді реттеуге бағытталған (жеке несиелеу туралы, тең неселік мүмкіндік туралы және тұрғын үй ипотекалары бойынша ашық ақпараттар туралы ) федералдық заңдардың орындалуын қатаң бақылап отырады. ФРЖ- ның Басқару кеңесі Федералдық резервтік банктердің қызметін бақылаумен қатар, резервтік банктер мен ФРЖ- ға мүше басқа да резервтік округтерде, сол сияқы шет елдерде филиалын құруы туралы шешім қабылдайды және жылына бір рет резервтік банктердің қызметіне ревизия жүргізеді.
Кеңестің төрағасы халықаралық валюта – қаржы мәселелері бойынша үкіметтің осы төңіректегі саясатын ретке келтіріп отыратын Ұлттық кеңес беру Кеңесінің мүщесі болып табылады.
ФРЖ- ның Басқару кеңесі ФРЖ- ның ақша- несие саясаты аясында кең өкілеттіліктерге ие болып келеді:
Федералды резервтік банктердің бюджетін бекітеді;
Барлық 12 федералды резервтік банктердің есепкп алу мөлшерін бекітеді және қайта қарайды;
ФРЖ- ның ашық нарықтағы операциялары жөніндегі Комитетті арқылы ФРЖ- ның бағалы қағаздарымен жасалатын операциялардағы саясатын анықтайды;
Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға қатысты барлық басты талаптарды реттейді.
1978жылы ФРЖ ның Басқару кеңесі АҚШ- та қызмет ететін шетелдік банктердің филиалдары мен бөлімшелері үшін жоғарғы шекті пайыз мөлшерлемесін және резервтік талаптарды белгілеу, федералды резервтік банктердің оларға несие беру және де басқа да қызметі туралы сұрақтарды шешу, олардың АҚШ аумағында жүзеге асыратын банктік операцияларын бақылау туралы өкілеттілігін алады.
Ашық нарықтағы операциялар бойынша федералды комитет ФРЖ- ның құрылғанына 20 жыл болғаннан кейін, 1933 жылы құрылды. Алғашқы жылдары комитеттің ашық нарықтағы бағалы қағаздармен жаслатын операцияларды әр резервтік банк орналасқан жерде жекше түрде жүргізіледі.
Федералды резервтік банетер мынадай қызметтерді атқарады:
Чектер бойынша қлма- қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асырады;
Айналысқа жаңа банкнотарды шығарады және айналыстан тозған ақша белгілерін алып отырады;
Несиелік мекемелердің қосылу мүмкіндіктерін бағалайды;
Резервтік округтер төңірегіндегі банктерге есептік несиелер береді;
ФРЖ мен бизнесмендер арасындағы байланысты жүзеге асырады;
Штаттағы банктерді тексереді, округтердегі шарушылық қызметтерінің жағдайлары туралы ақпараттар жинайды;
Ақша- несие саясаты туралы мекемелер бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді және аналитикалық журналдар шығарады.
Федералды резервтік банктер ақша- несие саясатын дайындауға қатынасады.
Федералды резервтік жүйеге мүше банктердің жалпы саны 6000- ға жуық жеке коммерциялық банктер, ал қалғандары штаттағы банктерден құралады. Ұлттық банктер федералдық аудандардың шегінде қызмет етеді. Штатардың банктері штаттағы заңдардың негізңнде қызмет етеді. Жіне олардың қызметтерін қадағалауды штаттағы билік ұйымдары жүзеге асырады.
ФРЖ- ға мүше болудың басты бір артықшылығы – ол банктің федералды резервтік банктің клиенті болумен қатар оның қызметтетрін пайдалану мүмкіндігі болады. Егер де жеке банктерден алатын несиелердің мөлшері сол банктің ресурсының көлеміміңен шектелетін болса, ал ФРЖ- ға мүше банктер федералды резервтік банкке несие жайлы сұраныс жасағанда, ондай шектеге кез болмайды.
Себебі федералды резервтік банктің ФРЖ- ның барлық қаржылық ресурстарын пайдалану мүмкіндігі бар. Жеке банктер ФРЖ- ның мүшесі болып табылмайды. Бірақ та олар ФРЖ- ға мүше банктермен іскерлік қарым қатынаста болған жағдайларда ФРЖ- ның несие, чек айналысы, клиринг және тағы да басқа қызметтерін жанама түрде пайдаланады.
«Аутсайдерлер» банктері мен ФРЖ- нің арасындағы мұндай байланыстардың болуы,ФРЖ- ғв клирингтік операцияларды жүргізуге құқылы арнайы «клирингтік банктерді» құруға мүмкіндік береді. Сонымен, ФРЖ- ңың ұйымдастырылу және функционалдық жағынан, ФРЖ орталықтандыру элементтерін ескере отырып жергілікті жерлерде өзіндік дербестікті сақтайды.(№2)
1.2. АҚШ-тың банк жүйесінің ерекшелігі
АҚШ-тың федералдық резервтік жүйесі өзінің мәні жағынан басқа елдердің орталық эмиссиялық банктеріне балама болып келеді, бірақ оның ұйымдастырылуында осы елдің федералдық саяси жүйесінің негізі жатыр.
ФРЖ өзінің құрылымы мен басқару қағидалары бойынша басқа елдердің орталық банктерінен өзғешеленеді.
ФРЖ-ні құру кезінде ескерілген негізгі критерийлердің бірі – жергілікті банктердің мүдделерімен санасу және басқарудың шамадан тыс орталықтандырылуын болдырмау. Осыдан ФРЖ-нің құрылымы шығады: Орталық банк бір мекемеден ғана құралмайды, ол Вашингтондағы Басқарушылар кеңесінің басшылығымен 12 регионалды резервтік банктерден тұрады. ФРЖ-нің құқықтық мәртебесі де ерекше: АҚШ үкіметімен және бүкіл мемлекеттік мекемелер жүйесімен тығыз байланыста бола тұрып, федералдық резервтік банктер формалды түрде мемлекеттік болып саналмайды. Өйткені олардың капиталдары коммерциялық банктердің үлес-жарна пұлдары есебінен құралған. Осыган қарамастан ФРЖ өзінің жетекші органдарының құрамы, қызметтері, принциптері және жүргізілетін саясатының критерийлері бойынша АҚШ-тың басты үкіметтік мекемелерінің қатарына жатады.
ФРЖ үш деңгейлі жұмыс органдарынан тұрады – Басқарушылар кеңесі; 12 федералдық резерв банктері; 6 мыңға жуық ФРЖ-нің мүше-банктері. Одан басқа ФРЖ-ге екі комитет кіреді: ашық нарықтық Федералдық комитеті (АНФК) және Федералдық консультативтік кеңес. Барлық ақша және банк жүйелерінің өзегі – ФРЖ-нің Басқарушылар кеңесі. Ол елдегі ақша және банк жүйелерін жалпы басқаруға және жұмысын бақыласуға жауапты. Кеңестің жеті мүшесін конгрестің мақұлдауымен президент тағайындайды. Өкілеттік мерзімі – 14 жыл, әр екі жылда Кеңестің бір мүшесі ауысады. Бұл Кеңес жүйелі түрде жұмыс істеуі үшін, жоғары маман мүшелері болуы, тәуелсіз болуы тиіс.
Басқарушылар Кеңесі ақша-несие саясатының негізгі мәселелерін шешеді және оларды жүзеге асыруға қажетті өкілеттігі бар. 12 федералдық резервтік банктердің үш негізгі белгісі болады: 1) олар орталық банктер болып саналады; 2) квази-қоғамдық банктер болып есептелінеді; 3) «банктердің банкісі»
АҚШ аумағы 12 федералдық резервтік банктерге бөлінген. Осылар арқылы Басқару кеңесінің негізгі саясаттары жүзеге асырылады. Бұлардың ішіндегі ең маңыздысы – Нью-Йорк қаласының Федералдық Резервтік Банкісі.(№3)
Бұл банктер квази қоғамдық банктер болып табылады, яғни олар жеке меншіктің және қоғамдық бақылаудың нысанын бейнелейді. Олар коммерциялық банктердің меншігінде болғанымен, мемлекетпен, яғни Басқарушылар кеңесімен басқарылады.
Федералдық резервтік банктер – «банктердің банкі», өйткені олар орталық банктің барлық қызметін орындайды.
ФРЖ-нің жұмысында АНФК маңызды роль атқарады. Ол ақша және қаржы нарығы арқылы коньюнктураға әсер етудің негізгі оперативті органы болып табылады. Ол ФРЖ есебінен мемлекеттік облигацияларды сатып алу-сатуды жүргізу бойынша инструкциялар береді. Федералдық консультациялық кеңес коммерциялық банктердің 12 танымал басшыларынан тұрады. Ол Басқарушылар кеңесімен кездесулер жүргізіп, банктік саясат туралы өз ойларын айтып отырады.
Жеке коммерциялық банктермен күнделікті оперативтік байланысты 9 директордан тұратын басқарма жүзеге асырады (6-ы мүше-банктер округынан, 3-і Басқарушылар кеңесімен тағайындалады). Басқармада ірі банктер және өнеркәсіптік компаниялар бар. Федералдық резервтік банктерінің негізгі қызметін: ақша эмиссиясы, банктердің міндетті резервтерін сақтау, коммерциялық банктерді несиелеу, АҚШ қазыналығына қаржылық қызмет көрсету және т.б. атқарады.
Неміс федералдық банкі (Дойче Бундесбанк) 1957 жылы 26 шілдеде шыққан заң негізінде құрылған. Оның алдында Рейхсбанк (1875 ж.) пен Неміс жер банкі (1948 ж.) болған. Банк капиталы – 290 млн неміс маркасы толығымен мемлекетке тиесілі. Бас кеңсесі Франфурт-на-Майне қаласында орналасқан. Банк жүйесіне жергілікті 11 орталық банкі және 195 бөлімшелер мен агенттіктер кіреді. Басқару органдары: кеңес, директорат, басқарма. Кеңес – ақша-несие саясатының қалыптасуына жауапты негізгі орган болып табылады. Кеңесті президент басқарады, кеңеске вице-перзидент мүшелері және жергілікті орталық банктердің барлық президенттері кіреді.
Директорат — жоғары атқарушы орган. Ол кеңестің шешімдерін жүзеге асырады және басқа мемлекеттік ведомствалармен байланыс орнатады, ашық нарықтағы операцияларды, валюталық операцияларды жүзеге асырады. Жер орталық банктері – Неміс федералдық банкінің жергілікті басқармасы. Ол өзінің барлық қызметтерін осы банктер арқылы жүзеге асырды. Бұл дүние жүзіндегі ең тәуелсіз банк болып табылады, ол тек заңдарға бағынады. Бірақ банкі капиталының 100%-ы Қаржы министрлігіне қарағанмен, Қаржы министрлігі банктің қызметіне араласуына құқығы жоқ.
Ағылшын банкі – дүние жүзіндегі көне және беделді орталық банктерінің бірі. Негізінен 1694 жылы құрылған. 1946 жылы жеке иемденушілерден акцияларды міндетті түрде сатып алу арқылы лейбористермен ұлтшылдандырылған. 1971 жылға дейін бұл банк елдегі несиелеу процесін, коммерциялық банктердің қарыздары бойынша есептік мөлшерлемесін өзгерту арқылы бақылаған.
Одан бөлек, банктер кассалық активтер коэффицентін касса және Ағылшын банкі шоттардағы қалдықтарды актив сомасының 8% мөлшерінен төмен емес деңгейде және өтімділік коэффициентін ұстану арқылы орындау керек болатын. Өтімділік коэффициенті, яғни өтімді активтер портфелі активтердің жалпы сомасының 28%-нан төмен болмау керек. 1971 жьілдан кейін коэффициенттер алынып тасталынды. Қарыздар бойынша банкілік мөлшерлемелер енді Ағылшын банкісінің есептік мөлшерлемесіне байланысты қойылмай, әр банк жеке жария ететін базалық мөлшерлемесі негізінде анықталынды.
Коммерциялық банктер үшін резервтік активтер коэффициенті қысқа мерзімді депозиттердің 12,5% мөлшерінде белгіленді. Бұдан басқа, банктер Ағылшын банкіндегі пайызсыз шотта өзінің қысқа мерзімді депозиттерінің 0,5% мөлшеріндегі сомасын сақтауы керек.
Ағылшын банкі екі департаментке бөлінген – эмиссиялық және банктік. Эмиссиялық департамент банктің портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздарды қоя отырып, банкноталарды шығарумен айналысады. Жапон банкі 1882 жылы құрылған. Қазіргі Жапон банкі туралы Заң 1942 жылы ақпанда қабылданған. Ол үкімет мекемесі болып есептеледі, бірақ жарғы капиталының 55%-ы мемлекетке тиесілі.
Банкті басқарма басқарады. Ол орталық банктің барлық қызметтерін атқарады.