Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Босану тарихы.docx111 ЛИЯ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.43 Mб
Скачать

Жүктіліктің мерзімін анықтау.

Босанудың бастамасы мезгілін анықтау, 28 күндік етеккір циклінің 14-15 күнгі овуляциясына негізделген. Жүктіліктің ұзақтығы 280 күн (40 апта) соңғы етеккірдің басынан бастап. Босанудың болжамы мезгілін анықтау үшін, соңғы етекірдің бірінші күніне 9 ай 7 күн қосады немесе соңғы етеккірдің бірінші күнінен 3 ай артқа қарай алып тастап, оған 14 күн қосады. Жүктіліктің және босанудың мерзімін анықтауда жатыр деңгейін, нәрестенің бас өлшемдерін білудің маңызы зор.

  1. Акушерлік 4 айда (16 апта) жатыр деңгейі – қасаға мен кіндік ортасында (қасағадан 6 см жоғары).

  2. 5 айда (20 апта) – кіндіктен екі елі төмен (12 см жоғары).

  3. 6 айда (24 апта) – кіндіктің тұсында (20 см жоғары).

  4. 7 айда (28 апта) – кіндіктен екі-үш елі жоғары (қасағадан 24 см жоғары).

  5. 8 айда (32 апта) – кіндіктен семсер өскінінің ортасында (28-30 см жоғары) жатыр шеңбері 80-85 см.

  6. 9 айда (36 апта) – семсер тәрізді өскіні деңгейінде (қасағадан 34-36 см жоғары) жатыр шеңбері 90 см.

  7. 10 айдың аяғында (40 апта) жатыр деңгейі – сегіз ай кездегі деігейге қайта түсіп, жатыр шеңбері 90-98 см-ге тең, 10 ай аяғында жатыр деңгейінен төмен түсуіне байланыст жүкті әйелдің тыныс алуы жеңілденеді.

Жүктіліктің соңғы айларында оның болжамалы мерзімін М.А.Скульский, И.Ф.Джордания формулалары арқылы анықтауға болады.

X=(Lx2)-5/5

X – жүктіліктің мерзімі.

L – жатырдағы жетілген ұрықтың ұзындығы.

2 –еселеу коэфициенті.

5(алымындағы) – жатыр қабфрғасының қалыңдығы.

5(бөліміндегі) – акушерлік ай. 5-ке көбейтілген, ол жетілген ұрықтың ұзындығына тең.

Джордания формуласы: Х = L+C

Х – жүктіліктің мерзімі.

L – жатырдағы жетілген ұрықтың ұзындығы.

С – бастың тік өлшемі, қосымша тәсіл – нәресте басының тік өлшемін анықтау. Ол үшін жүкті әйелді шалқасынан жатқызады, жамбас өлшеуіштің түймелерін нәресте басының кеңсірік пен шүйде сүйегіне сәйкес көлемін ең алыс нүктелеріне қояды. Әдетте бастың тік өлшемі (кеңсірік пен шүйде бұдыршағының арасы – 12 см) ол 8 айлық мерзімде (32 аптада) 0,5 см тең. 9 айлық мерзімінде (35-36 апта) – 11см-ге тең.

Менің курациямдағы әйелдің болжамды босану мерзімі:

  1. Соңғы еттеккірі бойынша: (5.12.10 – 3 ай) + 14 күн =18.09.11ж

  2. Алғаш ұрық қозғалуы бойынша: 12.04.11ж=16.09.11ж.

  3. УДЗ бойынша:16.09.11ж

Босанудың алдындағы арнайы акушерлік зерттеу.

Айна көмегімен зерттеу:

Жатыр мойнының цианозын және қынаптың кілегей қабатын, жатыр мойнының ауруларын анықтап зерттеуге көмектеседі. Кусна немесе қасық тәрізді айнаны қолдануға болады. Кусна айнасын жабылған күйінде қынапқа енгіземіз, кейін айнаны ашып жатыр мойнын қарауға мүмкіндік аламыз. Қынапты және жатыр мойнын қарауға қасық тәрізді айнаны қолданамыз. Алдымен арткы айнаны кіргіземіз, оны қынаптың артқы қабырғасына орналастырамыз. Одан кейн оған паралель алдыңғы айнаны кіргіземіз, онымен алдыңғы қабырғасын қараймыз. Жатыр мойнын және қынап қабырғасын қарап болғаннан кейін, айнаны алып қынаптың өзін зерттейміз.