
- •Актобе 2011 жыл
- •Шағымдары
- •Теріні қарау.
- •Сүйек жүйесі бойынша.
- •Тыныс алу жүйесін тексеру.
- •Асқорыту жүйесі бойынша тексеру.
- •Бауыр және өт жолдары.
- •Зәр шығару жүйесі бойынша тексеру.
- •Эндокринді жүйесі бойынша тексеру.
- •Акушерлік зерттеу әдістері.
- •Сыртқы акушерлік зерттеу. Леопольд тәсілдері ( 3 сурет)
- •Ұрықтың жатырдағы қалпы.
- •Менің курациямдағы әйелдің ұрығының орналасуы:
- •Ұрықтың жүрек соққысын анықтау
- •Жүктіліктің мерзімін анықтау.
- •Қ ынаптық зерттеу
- •Жалпы қан анализі: Қосымша зерттеу әдістері:
- •Акушерлік статус бойынша:
- •Босану ағымы, жүргізу кезеңі
Акушерлік зерттеу әдістері.
Акушерия тәжірибесіндегі зерттеу тәсілдерінің бірі – жатырды пальпациялау. Ол үшін әйел тақтаға шалқасынан тізесін бүгіп жатады. Дәрігер жүкті әйелдің оң жағынан, бетпе-бет отырып, жатырдың көлемін, тонусын, нәрестенің жатырдағы қалпы бағытын түрін, басының орнығуын анықтайды.
Сыртқы акушерлік зерттеу. Леопольд тәсілдері ( 3 сурет)
I Леопольд тәсілі - екі қолды алақан жағымен жатыр түбіне жайғастырып, саусақтарды жақындастырады. Бұл жағдайда жатырдың деңгейін , оның түбінде қай бөлігі орналасқанын анықтайды. Әдетте жатыр түбінде ұрық жамбасы анықталады.
II Леопольд тәсілі - екі қолды жатыр түбінен кіндікке қарай төмен ығыстырып, жатыр қабырғасына қояды. Бұл әдіс көмегімен жатырды қолмен сипап , оның жазықтау сезілген қабырғасында арқасы, ал бұдырлау болған қабырғасында майда мушелері орналасқанын анықтауға болады. Содан ұрықтың позициясын және түрін анықтайды.
III Леопольд тәсілі - жүкті әйелдің оң жағынан бетпе бет тұрып, оң қолды шаттың жоғарғы жағына қойып, ұрықтың төменгі бөлігіне бас бармақты бір жағына, төрт саусақты екінші жағына орналастырады. Баяу қимыл жасай отырып сол жерде ұрықтың қай бөлігі орналасқанын анықтайды. Тығыз, дөңес, қозғалмалы болса, ол ұрықтың басы болғаны.
IV Леопольд тәсілі - бұл үшінші тәсілдің жалғасы және оны толықтырады. Дәрігер жүкті әйелдің оң жағынан, аяғына қарап тұрады. Ол үшін екі алақанды жатырдың төменгі сегментінің оң не сол жағына орнықтырып, саусақ ұштарын шатқа тірейді. Саусақтар ұшын жамбас қуысына қарай тереңдете отырып, сол жерде орналасқан ұрық бөлігін, оның кіші жамбасқа қатынасын анықтайды.
3сурет
Ұрықтың жатырдағы қалпы.
Қалыпты жағдайда ұрықтың денесі бүгіліп, басы көкірегіне иіліп, аяқтары жамбас, сан, тізе буындарында жиырылып, қолдары көкірек тұсында айқасып жатады. Ұрық ұзындығы 20-25 см тең. Ұрық қалпы - ұрықтың ұзынша осінің, жатыр ұзынша осіне қатысы. Ұрық жатырда ұзынынан, қиғаш, көлденең жатуы мүмкін.
1. ұзынша орналасуда – ұрықтың ұзынша осінің жатыр ұзынша осіне сай келеді.
2. көлденең орналасуда – ұрық ұзынша осі жатыр осіне тік бұрыш жасап орналасады.
3. қиғаш орналасуда – ұрық ұзынша осі жатырдың осіне сүйір бұрыш жасайды.
Ұрық бағыты ( position ) – ұрық арқасының жатырдың оң не сол қабырғасына қатынасы. 1-позицияда ұрық арқасы жатырдың сол жақ қабырғасына ; 2- позицияда оң жақ қабырғасына қарап орналасады.
Менің курациямдағы әйелдің ұрығының орналасуы:
Ұзына бойлы.
I позицияда.
Басымен келіп тур.
Ұрықтың жүрек соққысын анықтау
Ұрықтың жүрек соққысы акушерлік стетоскоп не УДЗ , кардиотокография арқылы анықталады. Ұрықтың көлденең орналасуында жүрек соққысы кіндік аймағында тыңдалады. Жүрек соққысы 120-160 рет минутына, анық және ырғақты болып келеді.
Ұрыктың жүрек тонын жүктіліктің 18-20 аптасында тыңдай аламыз. Тонның айқын шығуы дыбыс өткізілуіне байланысты. Семіз әйелдерде немсе қағанақ суының көп болған жағдайда да жүрек тоны тынық естілмейді. Жүрек соғысын тыңдау ұрықтың төмен түсуі, туріне, позициясына, орналасуына байланысты.
Ұрықтың I позициясында жүрек соғысы сол жақта естіледі, ІІ позицияда орналасса оң жақта жүрек соғысы жақсы естіледі. Баспен келе жатқан ұрықтың жүрек соғысы кіндіктен төмен анық естіледі. Егер ұрықтың жүрек соғысы қайта қалпына келмесе, яғни талақ арасында, онда бұл ұрықтың асфиксия болғанын көрсетеді. Ұрықтың жүрек соғу жиілігін 30 сикунд бойы тыңдаймыз, ал егерде аритмия тондары дыбыс өзгерістерін анықтау үшін 1 минут тыңдаймыз. Егер әйел адам терең тыныс алғанда, пульс жайланады, ал ұрықта жиілігі өзгермейді. Жүкті әйелдің немесе босанушының ішіне аускультация жасағанда кейде кіндік тамырларында шу естіледі. Жүктіліктің екінші ағымында немесе босану кезінде жатыр тамырлары кеңейіп, кіндік тамырларында шу, жатырлық шулар анықталады.
Оның жиілігі анасының пульс жиілігімен сәйкес келеді. Ол көбінесе плацента орналасқан жерде анықталады.
Ұрықтың әр түрлі орналасуындағы жүрек соғысын анықтау:
1.- алдыңғы, І позиция баспен
2.-артқы, І позиция баспен
3.-алдыңғы, ІІ позиция баспен
4.-артқы, ІІ позиция баспен
5.-алдыңғы, І позиция жамбаспен
6.-артқы, ІІ позиция жамбаспен
7.-алдыңғы, ІІ позиция жамбаспен
8.-артқы, ІІ позиция жамбаспен