
- •Актобе 2011 жыл
- •Шағымдары
- •Теріні қарау.
- •Сүйек жүйесі бойынша.
- •Тыныс алу жүйесін тексеру.
- •Асқорыту жүйесі бойынша тексеру.
- •Бауыр және өт жолдары.
- •Зәр шығару жүйесі бойынша тексеру.
- •Эндокринді жүйесі бойынша тексеру.
- •Акушерлік зерттеу әдістері.
- •Сыртқы акушерлік зерттеу. Леопольд тәсілдері ( 3 сурет)
- •Ұрықтың жатырдағы қалпы.
- •Менің курациямдағы әйелдің ұрығының орналасуы:
- •Ұрықтың жүрек соққысын анықтау
- •Жүктіліктің мерзімін анықтау.
- •Қ ынаптық зерттеу
- •Жалпы қан анализі: Қосымша зерттеу әдістері:
- •Акушерлік статус бойынша:
- •Босану ағымы, жүргізу кезеңі
. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
Факультеті: Жалпы медицина
Кафедрасы: Акушерия және гинекология
Кафедра меңгерушісі:.
Ассистент: Бекжанова М.С
Босанушының аты-жөні: Алчурина Айнұр Дүйсембаевна
Жасы: 21 жаста
Клиникалық диагноз: Жедел босану.Ұрықтың ұзына бойы орналасуы.Баспен келуі.I позиция. Алдыңғы түр.
Куратор: Идрисова Л.А.
411 б гр
Актобе 2011 жыл
П а с п о р т т ы қ б ө л і м.
Аты-жөні: Алчурина Айнұр Дүйсембаевна
Туған күні: 02.04.1990.
Жасы: 21-де
Ұлты: қазақ
Ауруханаға түскен күні: 14.09.11. сағ.20.00
Ауруханадан шықты: 19.09.11.
Қан тобы: III оң мәнді
Қалай келді: жедел жәрдеммен
Мекен жайы: Темір ауданы,Шұбарқұдық ауылы
Кәсібі: жұмыссыз
Күйеуінің аты-жөні: Жүмаев Ринат
Кәсібі: Электрасистема
Түскен кездегі диагноз: Жүктіліктің 40 аптасы.Ұрықтың ұзына бойы орналасуы. Баспен келуі.I Позиция. Алдыңғы түрі.
Клиникалық диагноз: Жедел босану.Ұрықтың ұзына бойы орналасуы. Баспен келуі .I позиция. Алдыңғы түрі.
Шағымдары
Алғаш босанушы 21 жаста, қалыпты жамбас өлшемдерімен, жүктіліктің 40 аптасында,қағанақ қабы бүтін, ретті толғақпен,1-сағаттан кейін 14.09.11.сағ 21.00 босану залына келіп түсті.
Anamnesis vitae.
Жүкті әйел, Алчурина Айнұр Дүйсембайқызы 02.04.90ж. Темір ауданы, Шұбарқұдық ауылында дүниеге келген. Дамуы жасына сай.Боткин,венерологиялық,инфекциялық,туберкулез ауруларымен ауырмаған. Тұқым қуалаушылық аурулары жоқ.Гемотрансфузия болмаған. Аллергоанамнезі ерекшеліксіз. Ішімдік ішпейді, яғни зиянды әрекеттерден аулақ, басқа ішкі мүшелерде өзгеріс жоқ. Денсаулығы қалыпты. Зиянды әрекеттері жоқ.
Арнайы анамнез.
Бірінші жүктілік. Алғашқы етеккірі 15 жасында келген, 4-5 күннен 28-30 күн сайын. Орташа мөлшерде, ауырсынбайды. Соңғы етеккірі 02.11.10 -06.11.10 келген. Жыныстық қатынас 20 жастан бастаған.Гинекологиялық сырқаттары жоқ. Тұрмыста.Некесі тіркелген.Жолдасының дені сау.
Объективті жағдайы.
Босанушы әйелдің жалпы жағдайы қанағаттанарлық, сана сезімі анық, төсектегі қалпы активті. Жалпы тексеру барысында: Дене қызуы 36,2 С , салмағы- 70 кг. Бойы 164- см.
Теріні қарау.
Түсі бозғылт, таза, бөртпелер жоқ, шашы, тырнағы қалыпты, терісі нәзік, серпімділігі сақталған. Тері асты шел майы барлық денеге бірдей тараған. Бұлшықет тонусы жақсы дамыған, бүкіл бұлшықеттері ауырсынбайды.
Сүйек жүйесі бойынша.
Аяқ-қолдарының қозғалысы активті, тістерінде кариес жоқ, буындарында деформация жоқ.
Тыныс алу жүйесін тексеру.
Мұрын қуысымен еркін тыныс алады, тіс, жұтқыншақ, бадамша бездерінің кілегей қабығы тегіс, жылтыр, ашық қызғылт түсті,тыныс алу жиілігі минутына- 18 рет.
Пальпация:Қабырға аралық плевральды ауырсынулар жоқ.
Перкуссия: Екі жақта бірдей анық өкпе дыбысы.
Аускультация :Екі өкпеде везикулярлы тыныс естіледі.
Қорытынды: Тыныс алу жүйесі бойыншы патологиясыз, өзгерістер,сырыл,крепитация,плевра үйкелісінің шуы байқалмайды.
Жүрек – қантамыр жүйесі бойынша тексеру.
Пальпацияда :жүрек ұшы соққысы қабырға аралықта, бұғана орта сызығынан 0,5 см ішке қарай орналасады.
Перкуссияда :жүрек шектері ұлғаймаған.
Аускультацияда:жүрек тондары анық, ырғақты. Жүрек соғу жиілігі – 80 рет.
Артериялық қан қысымы оң қолда- 110/70 мм.с.б. ,сол қолда-110/70 мм.с.б.
Қорытынды :жүрек – қан тамыр жүйесі бойынша патологиялық өзгерістер байқалған жоқ.