Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
су ресурстары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
46.52 Кб
Скачать

Су қорының сандық сарқылуының алдын алуға бағытталған іс – шаралар

  1. Суды аз пайдаланылатын технологияларды қолдану:

  2. Өндірістік жағдайда суды бірнеше рет пайдалануға өту;

  3. Өндірістік процестерде ауыз суға арналып берілетін суды пайдаланбау. Бұл ең алдымен сапасы жоғары жер асты суларына қатысты;

  4. Ауыз су, тамақ дайындау және санитарлық – тұрмыстық мақсатта пайдаланылатын суды бөлек беру;

  5. Судың ысырап болмауын және суды өлшеп беруді қамтамасыз ететін тартушы қондырғыларды пайдалану;

  6. Тұтынушыларға жеткізу кезінде және жетуде судың ысырап болуына жол бермеу;

  7. Суға экономикалық тұрғыдан дәлелденген бағаны тағайындау. Ол суды үнемдеуге және қайтадан пайдалануға әкелетіндей блуы қажет. Іс жүзіндегі бағаны қою суды үнемдеуі 1, 5 – 2 есе арттырады;

  8. Су қоймаларын жасау және оның бетінен булануды кеміту. Мұнай шығынды болдырмаудың негізгі жолы – су қоймаларының ауданын жағалаіуларда көтеру мен таяз жерлеріне бөліп тастау. Ірі су қоймаларын жазық өзендерде салу тиімсіз;

  9. Қайтымсыз шығын болатын суды кеміту;

  10. Суармалы егіншілікте суды тиімді пайдалануда жетілдірілген технологиялар мен жаңа суару әдістерін қолданудың мүмкіндіктері зор.

Қорытынды

Жалпы мемлекеттік тұрғыдан алып қарағанда, еліміздің су шаруашылығы мәселелері көп жағдайда әлем қауымдастығымен бірлесіп, ауқымды әрі кешенді тұрғыдан шешім қабылдауды талап етеді.  Бүгінгідей су ресурстарының тапшылығы өсіп отырған және әлемдегі климаттың жаппай өзгеруі жағдайында елді сумен қамтамасыз етуді арттыру ісіне бассейн аралық және бассейн ішілік ағысты қайта бөлу және соған сәйкес оларды тиімді пайдалану жолымен ғана жетуге болады. Осыған орай, экономика саласының одан әрі дамуы елдің су ресурстарын реттеу және басқару стратегиясының дұрыс таңдалуына тікелей байланысты.

Жылына бір адамға 1,0 мың текше метр су ресурсы жұмсалатын елдер мен өңірлер – су ресурстары тапшы елдерге; 1,0 және 1,7 мың текше метр аралығындағылар – су жетіспейтін елдерге жатқызылады; ал 1,7 мың текше метрден жоғары көлемде су жұмсай алатын елдер жеткілікті су ресурстары бар елдер болып саналады.

Егер Еуропада су тапшылығы мәселесі жоқ болса, Орталық Азияда су тұтынуды азайту мәселесі аса күрделі сипатта тұр, өңірдегі су ресурстарының көлеміне әсер етіп отырған климаттың өзгеруі бұл проблеманың мүшкіл халін одан сайын қиындата түседі. Соңғы 50 жылда елді мекендерді су ресурстарымен қамтамасыз ету 3,5 есе азайып кетті.

Сондықтан, өңірдегі су қауіпсіздігі мәселесі әлеуметтік қауіпсіздік мәселесіне айналуда, бұл өз кезегінде өңірде гуманитарлық апаттың өршуіне себеп болуы мүмкін. Осыған байланысты, су ресурстарын басқару міндеттерін күшейтуге стратегиялық қажеттілік пайда болады, бұл БҰҰ-ның Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы конвенциясында расталып отыр, аталған құжат Үкіметтің иығына халықты сапалы сумен қамтамасыз ету міндетін жүктейді.

Әлемдiк су ресурстарының дамуы туралы БҰҰ баяндамасында бұл дағдарыстың екi жағдайда орын алып отырғанына назар аударады. Бiрi  тұщы су қорларының барлық жерде теңдей бөлiнбеуiнен дейдi. Мысалы, судың үлкен қорлары Америка құрлығында немесе Солтүстiк Еуропаның iрi бөлiктерiнде орналасқан көрiнедi. Ал, оның жетiспеуi Таяу және Орталық Шығыста, сондай-ақ Солтүстiк Африкада байқалады. Екiншiсi, су көздерiн шаруашылықта дұрыс пайдалана алмаудан екен. Бұл дамушы елдерге тән. Өйткенi, таза ауызсу тауып, оны пайдалануға қажеттi инфрақұрылым бола бермейдi. Көптеген жерлерде судың ластануы оның тапшылығына әкелiп соқтыруда. Осындай екi фактордан әлемдегi әрбiр алтыншы адам таза судың тапшылығын тартып отырса, әрбiр үшiншi адам санитарлық тазалықтың жетiспеуiнен зардап шегуде.

Гидрографиялық ерекшелігі, су ресурстарын қалыптастырудың және пайдаланудың динамикалығы, елдің мемлекетаралық және халықаралық міндеттері экономиканың әрбір даму кезеңінде уақыттың өзгерісіне бірдей әсер ете алатын су шаруашылығы бойынша өкілетті орган Қазақстан Республикасының Су ресурстарын қорғауды және пайдалануды реттеу жөніндегі агенттігін құруын қажет етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Оспанова Г.С, Бозшатаева Г.Т «Экология»

  2. Оқулық – Алматы: Экономика 2002 ж.

  3. Бродский А.К «Жалпы экологияның қысқаша курсы».Оқу құралы – Алматы: Ғылым 1997 ж.

  4. Мұқаұлы С, Үпішев Е. «Табиғатты пайдалану экономикасы». Оқу құралы – Алматы: Экономика 1999 ж.

  5. Сағымбаев Ғ. «Экология негіздері». Оқулық  Алматы Республикалық баспа кабинеті 1995 ж.