Табиғи суларды ластаудың негізгі көздері
Судың ластану мәселесі.Ластануға судың барлық категориялары: мұхит, континенттік, жер асты, әр түрлі дәрежеде ұшырайды.
Судың, әсіресе ауыз судың сапасы халықтың денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша судың сапасыеың төмен болуы себепті 5 млн. адам (негізі балалар) өледі де, әр түрлі дәрежеде уланған немесе ауырған адамдардың саны 500 млн – нан 1 млрд – қа дейін жетеді.
Барлық сулардыңқұрамында еріген заттар болады. Судағы көп кездесетін элементтерге кальций, натрий, хлор калий жатады.Судың сапасын бағалау үшін шекті рұқсат етілетін концентрациялар (ЗЖЖК) қолданылады.
Ауыз судың сапасын бағалауда химиялық критерийлермен қатар бактериологиялық және оргонолептік қолданылады.
Судың бактериялық жағдайы төмендегідей анықталады: 1) судағы бактериялардың жалпы саны, ал судың 1 миллиметріне 100 – ден аспауы керек; 2) ішек таяқшасы тобының бактерияларының саны арқылы. Ол коли – индекс: судың 1 литріндегі ішек таяқшасының шамасы (үштен коп болмауы керек) немесе коли – ттрмен анықталады: Бір ішек таяқшасы болатын судың миллиметрмен мөлшері (300 мл – ден кем болмауы керек) анықталады. Оргонептикалық көрсеткіштерге судың судың иісі, түсі, дәмі, мөлдірлігі жатады.
Суды ластаушы заттар. Сулардың ластануы ең бірінші рет су қоймаларына әр түрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты болады. Екінші ретті ластану бірінші ретті ластаушылардың әр түрлі тізбекті реакцияларға түсуі арқылы жүреді. Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдері, минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар және т.б. заттар жатады (азот, фосфор және басқа биогенді элементтер мен олардың қосылыстары, органикалық заттар, пестицидтер, тұрмыстық қолдық, мұнай және мұнай өнімдері).
Ластаушы заттардың басым бөлігін атмосфералық жауын – шашын әкеледі. Сулардың канализация ағысымен, тұрмыстық қалдықтармен, өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен, су транспорттарымен ластану үлесі де жоғары.
Егіншілікпен айналысатын аудандарда ауыл шаруашылығы судың негізгі ластаушысы болып табылады. Су топырақтың бұзылу өнімдерімен, тыңайтқыштармен, улы химикаттармен, мал шаруашылық кешендерінен шайылған сулармен ластанады.
Судың жылулық ластануын да атап өтпеуге болмайды. Жылынған сулардың негізгі көзі жылу және атомдық электростанциялар болып табылады. Осы және басқа объектілерде суды салқындатқыш ретінде қолданады. Жылу электростанцияларында әрбір миллион киловатт энергияны алу
1, 5 – 2 км² суды жылыту арқылы жүреді. Жылытылған сулар арнайы салқындатқыштарда салқындатылып, қайтадан өндірістік процестерде пайдалануы керек. Бірақ, жылы сулардың айтарлықтай мөлшері су қоймаларына төгіліп, олардың жылулық ластануын туғызады.
Сулардың негізгі ластануы көбінесе олардың су объектілерінен тыс су жинағыш бассейндерде, айналымның бұзылуы нәтижесінде орын алады. Мұндай құбылыстар табиғи экожүйелердің (әсіресе орманды және батпақты) қайта құрылуы немесе бұзылуына байланысты.
Судың эвтрофикациясы деп – судың биогенді элементтермен, әсіресе азотпен, фосформен немесе құрамында осы элементтер бар заттармен баюын атаймыз. Эвтрофикация (гр. Тілінен аударғанда эу – жақсы, трофе – қоректену) – судың бай қоректенуі.
Эвтрофикация мысалында экологияның маңызды құбылыстары, тізбекті табиғи реакциялар, шектеулі факторлардың әсері, су және басқа жүйелік қағидаларды көруге болады.
Эвтрофикацияның нәтижесі – болдырлар мен басқа өсімдіктердің қарқынды өсуі, су қоймасында органикалық заттар мен басқа да ағзалардың шіру өнімдерінің жиналуы болып табылады. Бұл өлген органикалық затпен қоректенетін, оны бастапқы минералдық элементтер мен көмірқышқыл газына дейін ыдырататын редуцент – ағзалардың санының артуына әкеледі.
Эвтрофикацияны табиғи және антропогенді факторлар туғызады.
Табиғи эвтрофикация баяу жүреді және су қоймасының маңызды грунт пен тау жыныстарының минералогиялық құрамына және химизміне байланысты болады. Су қоры мол және кристалдық жыныстардың арасында орналасқан су қоймалары эвтрофикацияға сирек ұшырайды. Олар мыңдаған жылдар бойы олиготрофты жағдайда, олай болса таза күйінде қалады. Мысалы: Байкал көлі.
Антропогенді эвтрофикацияға қазір барлық ішкі су қоймалары мен кейбір теңіздер ұшырайды. Оны туғызатын негізгі факторларға минералдық тыңайтқыштар, кейде жуғыш заттар жатады.
Эвтрофикацияны тұрмыстық және өнеркәсіптік шайынды сулар, мал шаруашылық кешендері, жылытылған сулар, рекреациялық әсерлер, ағын суларды ағынсыз суға айналдыру және т.б. адам қызметі туғызады.
