Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
су ресурстары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
46.52 Кб
Скачать

Әлемдік су қоры

Судың түрі

Көлемі

мм³

Әлемдік қордағы үлесі %

Жалпы

қордан

Тұщы су

қорынан

1.Жалпы қоры оның ішінде:

2.Тұзды мұхит оның ішінде:

Әлемдік мұхит

Жер асты

Көл

3.Тұщы оның ішінде: мұздықтар, мәңгі қар

Жер асты

Жер асты мұздары

Көл

Топырақ

Атмосферадағы су

Ағзалардағы су

Батпақтағы су

Өзен суы

1353985

 

1350955

 

1338000

12870

85

350029

 

24064

 

10530

300

91

17

13

1

12

2

100

 

97, 5

 

96, 5

1,0

0,006

2,5

 

1, 74

 

0, 76

0, 022

0, 007

0, 001

0, 001

0, 0001

0,0009

0,0002

 

-

 

-

 

-

-

-

100

 

68, 7

 

30,1

0, 86

0, 26

0, 05

0, 04

0, 003

0, 003

0,006


Қазір адам әр түрлі су көздерінен алып, тұщы судың табиғи қорының 0, 1 – 0, 15%  — ын пайдаланады. Судың болмашы мөлшерінің алынуы сырт көзге судың жетіспеуін туғызбау керек сияқты. Оның үстіне ол сарқылмайтын ресурс ретінде зат алмасуға қатысып, қайтадан су көздеріне қайтып келеді. Бүкіл гидросфера аумағында судың таусылуы мүмкін емес, бірақ бұл мәселе аймақтық тұрғыда болуы мүмкін.

35 млн. км³ тұщы судың шамамен 70% — ы мәңгі мұздықтар мен мәңгі қар түрінде болады. Бұл суды адам іс жүзінде пайдаланбайды. Олар «өлі» су қорын түзеді. Сонымен қатар топырақтағы су, атмосфералық су мен тірі ағзалардағы су пайдаланылмайды. Батпақтардың суын пайдалану шектелген.Жердің терең қабаттарындағы суды игеру қиын. Тұтас алғанда адамзат шамамен 3 млн. км³  суды пайдалана алады. Бұл қоғамның техникалық мүмкіндеріне байланысты.

Табиғи су көздерін пайдаланғанда су ресурстарының қайта қалпына келу жылдамдығын есепке алу қажет

Гидросфераның әр түрлі категориялы суларының қалпына келуі жылдамдығы

 

Сулардың категориясы

Қалпына келу жылдамдығы

Өзен

16 күн немесе 11 – 12 күн

Атмосфера

8 күн

Топырақ грунты

1 жыл

Батпақ

5 жыл

Көл

17 жыл

Әр түрлі горизонттардың жер асты сулары

1400 жыл

Әлемдік мұхит

2500 жыл (араласу 63 жыл )

 

Техникалық және экологиялық жағынан ең тиімдісі жылдам қайта келуі, жеңіл алынуы, территорияда салыстырмалы бірқалыпты дәрежеде өздігінен тазаруға қабілетіне байланысты өзен сулары болып табылады. Қазіргі кездегі суды пайдалану негізінен өзен көлдерінен алынады.

Қазіргі дүние жүзі бойынша пайдаланылатын судың жалпы мөлшері 4000 км³ (4 трлн. м³) жақын. Судың негізгі бөлігі өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында және басқа да салаларда қолданылады.

Судың жетіспеуі өзен ағыстарының біртекті болмауы нәтижесінде де орын алады. Оның негізгі көлемі су тасу кезінде байқалады (қоңыржай белдеудің жазық аудандарында көктемде, тауда – мұздықтардың еруі кезінде, жазда, экватор маңында – жауын кеғзеңде)