- •1 Малды есінен тандыру
- •2 Малды қансыздандыру, тамақтық қанды жинау
- •3 Малдың терісін сыпыру
- •4 Технологиялық жабдықтар туралы түсінік.
- •5 Машиналар және аппараттардың классификациясы
- •6. Малды союға арналған технологиялық жабдықтардың жіктелуі
- •7 Малды сою қызметтері
- •8 Технологиялық жабдықтарға қойылатын негізгі талаптар
7 Малды сою қызметтері
ІҚМ-ды ет комбинаттарында, сою пункттерінде союға ғана рұқсат етіледі. Союға жіберілетін ірі қара малдың әр партиясы үшін ІҚМ басының саны, бағыты көрсетілген, екпелері туралы мәлім еттері бар анықтама қағазы қажет.
Станцияға жіберер алдында ІҚМ-ды ветеринар немесе ветеринарлық-санитариялық қызмет фельдшері тексереді. Ол құжаттарды байқайды, малдың санын анықтайды, денсаулығын тексереді. Бәрін тексерген соң құжатқа белгі соғады. Етті қайта өңдеу зауыттарында ІҚМ-ды қабылдаған кезде барлық ілеспе құжаттамаларды тексереді, малдарды санитарлық жағынан қарайды, осыдан соң малды сою алдындағы базаларға жібереді.
Мамандандырылған ет бағытындағы шаруашылық мал шаруашылығындағы дербес сала ретінде Қазақстанда өткен ғасырдың 30-ы жылдарында құрыла бастады. Жергілікті (аборигенді) малды және калмық малын өсіру және герефордтармен жұтылып шағылыстыру жолымен 1950 жылы қазақтың ақбас тұқымы алынды және сынақтан өтті.
Осы алғашқы отандық мал тұқымы герефордтан алынған тез өсетін еттілігімен, сондай-ақ жергілікті жерге тез бейімделу және аналық қасиеттерімен ерекшеленді. Бұл осы тұқымды республиканың табиғи жайылымы кең барлық өңірлерінде өсіруге мүмкіндік берді.
Нарықтық экономикаға өткенге дейін республикада осы тұқымнан 1 млн. 144 мың бас мал, соның ішінде 440 мың сиыр болды. Қазіргі кезде қазақтың ақбас тұқымды малының саны 650-700 мыңның шамасында. Ресейде қазақтың ақбас тұқымының генефондын пайдалана отырып етті малдың жаңа түрі, ал Монғолияда – селенті тұқымы алынған.
1997 жылы осы тұқымының ішінде комол малының төрт зауыттық түрі сынақтан өтті, олар: республиканың батысында «Шағатай», «Анката», солтүстік-шығысында «Калбатау» және солтүстігінде «Алабота» түрлері.
1992 жылы ет малының тағы бір отандық түрі – Әулиекөл түрі сынақтан өтті, ол күрделі шағылыстырып өсіру жолымен алынды. Бұл үш етті тұқымның негізі – қазақтың ақбас, шароле және абердин-ангусс түрлері болып табылады. Бұл тұқым Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды және Ақмола облыстарында кеңінен тараған.
Аталғандардан басқа, Қазақстанда –Оңтүстік Қазақстанның жартылай шөлді өңірінде шамалы қалмық тұқымды сиырлар бар. Балқаш өңірінде жергілікті селекциялы Санта-гертруда («Жетісу» аймақтық түрі) және облыстың Таулы Алматы ауданында Галловей түрі, Батыс Қазақстан, Ақмола және Алматы облыстарында Герефорд түрлері бар.
Алматы облысы үшін Алатау, Казақтың ақбас, Санта Гертруда, Әулиекөл, Герефорд и Галловей түрлері басымдықты болып табылады. Облыс тың асыл тұқымды шаруашылықтарында отандық селекционерлер елдің оңтүстік-шығыс аймағы үшін Санта Гертруда тұқымының «Жетісу» етті малының аймақтық түрін жасады.
Сүт және сүт-ет бағытындағы ірі қара малды жасанды ұрықтандыруды жақсарту бойынша белгілі жұмыс жүргізілуде. Өткен жылы барлық аналық мал басының 67,6 пайызы жасанды ұрықтандырумен қамтылды.
8 Технологиялық жабдықтарға қойылатын негізгі талаптар
1. Машиналар мен аппараттар өте сапалы өнімді шығаруы керек.
2. Машиналар мен аппаратқа кірген шикізаттан шыққан өнім арасындағы массалы айырмашылық өте аз болуы керек.
3. Машиналардың жұмысты атқаратын құралдары артық түрде қажамау, үгілмеуі керек.
4. Машиналар мен аппараттардың жұмыс атқаратын құралдары тек қана тот алмайтын материалдардан жасалынуы қажет.
5. Машиналар мен аппараттардың конструкциялық құрылғы өте жеңіл шұғыл түрде ажыратылып қайта жиналуы керек.
6. Машиналар мен аппараттардың конструкциялық құрылғысында жуатын құрал немесе кісі қолы жетпейтін соңылаулар, шұнқырлар болмауы керек.
7. Машиналар мен аппараттардың құрамына кіретін электроаспаптардың ішіне су тимеуі керек. Сондықтан ондай аспаптар герметикалық түрде орналасуы керек немесе су кіріп кететін жерінде тұрмауы керек.
8. Машиналар мен аппараттар қауіпсіздік технологиясының талаптарына сәйкес болуы шарт.
Қорытынды
Мал сою - малды жансыздаңдырып етін алу. Мал сою кәсіби жұмыс, оған сәйкес білім мен тәжірибе керек. Әр түрлі түлік малын союдың өзіңдік ерекшеліктері бар. Көпшілігіне ортақ мал союдың тәртібі келесідей - малды жығып, аяқтарын бірге байлап, бауыздау, басы мен сирақтарын ажырату, терісін сыпыру, өкпе-бауыр, ішек қарындарын шығару, ұшасын алу, ұшаны мүшелеу (бөлу)
Малды союға жіберер алдында ұстайтын аумақ - оқшаулайтын карантиндік бөлімшеден және оқшаулағыштан, автокөлікті зарарсыздандыратын пункттен, мал союдың тазалық аумағы бар бөліктен. Санитарлық сою орны жеке кіріп шығар жолы болуы керек;
Мал сою орнына: мал тұратын қамау-20 м2; соятын үй-жай (тері жиналатын, өкпе-бауыр, ішек-қарынды өңдейтін учаскелері бар)- 50 м2, екі мұздатқыш камералар (шикі мен жарамсыздар деп табылған еттер)-20 м2, шартты-жарамды етті зарарсыздандыруға арналған бөлме -10 м2;
Шошқаны, ірі және ұсақ қара малды сойғанда және өңдегенде жекелеген қарапайым жұмыстарды орындау;
малды боксқа немесе есінен тандыратын жерге айдап келу;
малдың терісін механикалық түрде ажыратарда шынжырмен қатырып байлау;
механизмдерді іске қосу және жұмысқа сынамалау.
бұлшық, май, жабыстырып тұратын тканьдердің және тері қабатының қасиеттері;
скелет сүйектерді мүшелеу;
қызмет көрсетілетін жабдықты пайдалану ережесі;
малды сою және өңдеудегі өндірістік кемшіліктер.
1) шошқалар – басын сақиналау, алдыңғы және артқы тұяқтарының терісін алу, басының айналасындағы бұлшық еттерді кесу; кеңірдегінде қалдырып, басынан тілді ажыратпай тілінің астындағы етті кесу; ұшаны жидітетін чанға алып келу; элеватормен, шығырмен немесе тальмен аспалы жолға жидіткеннен кейін ұшаны көтеру; артқы аяқтарының сіңірлерін алу, разног қою; ұшаны қайта ілу; алдыңғы және артқы аяқтарын ажырату, шошқа ұшасын газ оттығымен жидіту, пеште үйіткеннен кейін ұша жүндерінің қалдықтарын газ оттығымен немесе жидіту шамымен үйіту;
2) ірі қара мал – бұлшық еттерін омыртқаның қылтықты қалдықтарын бойлай арқасымен кесу; ұшаны созғылау, емшегі мен пенисін алып тастау; ветеринарлық қарау үшін тілін шығару; тілі мен қалтығын кесу;
3) ұсақ қара мал – қанын шығару; лигатура салу; артқы аяқтарындағы теріні сылып тастау және сіңірлерін ажырату; алдыңғы және артқы аяқтарының терісін алу; кеңірдегін байлап өңешін алу, осуға жіберу үшін ұшаны өлшеу; ұшаларды рамаларға, арбаларға немесе люстраларға семіздігіне қарай сұрыптай отырып ілу.
Қолданылған әдебиеттер.
Пелеев А.И. «Технологическое оборудование мясной промышленности». М.: Пищевая промышленность, 1971.
Ш. Тілегенов, Күзембаев, Н. Өсеров «Тамақтану кәсіпорынының жабдықтары» Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 1999 ж., 253 бет.
Сурков В.Д., Липатов Н.Н., Золотин Ю.П. «Технологическое оборудование молочной промышленности». М. «Легкая и пищевая промышленность», 1983. – 431с.
Ивашов В.И. «Технологическое оборудование мясной промышленности» Часть 1. М. Колос 2001 – 552 с.
